Депозиттің теориялық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 17:56, курсовая работа

Описание

Алғашқы банктер тек қана саудаға қызмет еткендіктен, олардың клиенттері саудагерлер болып табылады. Сондықтан да, бұл банктерді «коммерциялық банктер» деп атап кеткен. Банк ісінің пайда болуы Италиядағы орта ғасырлық айырбастаушылар қызметінен басталады. «Банк» сөзі итальянша «banco» cөзінен шыға отырып, «айырбас үстелі» деген ұғымды білдіреді. Банктердің алғашқы клиенттері ақша сауда қызмет өкілдері болған.

Содержание

Кіріспе
І Депозиттің теориялық негізі
1.1. Депозиттің экономикалық маңызы мен мәні
1.2 Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты.
1.3 Қазақстан Республикасындағы салымдарды сақтандыру мәселелері
ІІ Қазақстан Халық Банкінің экономикалық мазмұны.
2.1 2006 жылғы Халық Банкінің негізгі операцияларының қаржылық көрсеткіштері.
2.2 2006 жылғы Халық Банкіндегі қысқа және ұзақ мерзімді несиелердің үлесі.
2.3. Халық Банкінің қызметтерінің қаржылық көрсеткіштері.
ІІІ Қазақстан Республикасындағы депозиттердің ұйымдастырылуы және даму жолдары.
3.1 Қазақстан Республикасындағы депозиттік операциялардың ұйымдастырылуын талдау
3.2. АҚ «Халық Банкінің » депозиттік операциялары
3.3 АҚ «Қазақстан Халық Банкінің» депозит операцияларын дамыту жолдары.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

депозиттік операция.docx

— 185.72 Кб (Скачать документ)

Соңғы жылдардың  тәжіребесі көрсеткендей экономиканы  мемлекеттік реттеу бойынша іс-шаралар  ғылыми, әдістемелік және ұйымдастырушылық негізде органикалық бірігуді қажет  етеді. Осы үш бөлімнің біреуінің  әлсіреуі экономикалық-әлеуметтік процестерді  реттеуде кері әсерін тигізеді және ақша-несиелік, әлеуметтік сонымен бірге халықаралық  байланыстардың бұзылуына әкеліп соқтырады.

2000 жылы өткен  қаржыгерлерден конгресінде “Қаржыгерлер  ассоциациясының” төрағасы Д.  Сенбаев 400 млн. доллардан астам  ақшалай қаражат халық қолында  қалып отыр, оны экономикаға банк  жүйелері арқылы тарту халықтың  банктердегі салымдарын сақтандыру  қорын ашуменен іске асады  десе, Қазақстан Республикасы Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев осы қаржыгерлердің конгресінде халық қолында 1 миллиардтан астам қаражат бар, ол қаражаттарды сақтандыру қаражат иелеріне де, ел экономикасына да тиімді дей келе, Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердегі жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру-банктердің өздерінің шешетін мәселесі, бірақ мемлекет тұсынан көмек пен реттеуді қажет етеді деп тұжырымдады.

Екінші деңгейдегі банктердегі тұрғындардың және ұйымдардың салымдарын банктердің төлем қабілетінің  болмай қалуынан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банкке екінші деңгейдегі ірі банктерімен бірлесе отырып қысқа мерзімде тұрғындардың депозиттерін ұйымдық сақтандыру жүйесін құруды және оны іске қосуды тапсырды. Көп ұзамай, 1999 жылдың 5 қарашасында Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктермен банктер ассоциациясымен және қаржыгерлер ассоциациясымен бірлесе отырып екінші деңгейлегі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарын міндетті түрде ұжымды сақтандыру ережесін енгізді. Осы сақтандыру жүйесі шеңберінде жарғылық қоры 1 миллиард теңгені құраған “Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) кепілдендіру (сақтандыру) қоры” ЖАҚ құрылды.

Бұл қорға қаржы  жағдайы тұрақты халықаралық  стандарттар негізінде қызмет көрсетуші  тұрғындардың мерзімді салымдарының 90% мөлшерін өздеріне жинақтаған 17 банк алғашқыда  мүше болып отыр. Бұл банктер: “Тұран-Әлем Банкі”, “ЦентКредит Банкі”, “Қазақстанның  Халық жинақ Банкі”, “Алматы  Сауда Қаржы Банкі”, “Темір Банкі”, “Көмір Банкі”, “Демір Қазақстан Банкі”, “КазКоммерцБанкі”, “Цесна Банкі”, “Нұр Банкі”, “Евразия Банкі”, “Каспий  Банкі”, “Қазақстанның Сити Банкі”, “Қазақстанның HSBC Банкі”. Қазақстанның жеке тұлғаларының салымдарын сақтандыру Қоры “Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктеріндегі жеке тұлғалардың  салымдарын міндетті түрде ұжымды кепілдендіру (сақтандыру) Ережесі” негізінде және басқа да Қазақстан Республикасы Конституциясына, Заңдарына нормативті актілеріне сүйене отырып қызмет ететін қаржы мекемесі. Бұл қордың негізгі  мақсаты – қатысушы-банктердің еріксіз  жойылуы жағдайында жеке тұлғалардың  салымдарын кепілдендіру жолымен салымшылардың  мүддесін қорғау. Қор салымшымен банктің  арасындағы қатынаста салымның сақталуының  кепілі ретінде үшінші тұлға болып  қызмет атқарады. Салымшылырдың мүддесін қорғау банктерге деген тұрғындардың сенімін қайта қалыптастыруға бағытталған. Өйткені халықтың банктерге, қорларға, басқа да қаржы мекемелеріне деген  сенімі соңғы бес-алты жылда өте  төмендеп кетті.Бұған себеп аталып отырған мекемелердің өз қызметтерін  дұрыс атқара алмауы нәтижесінде  жабылып қалуы, банкротқа ұшырауы, міндеттелерін өз уақытында орындамауы, оған мемлекеттің қолданатын шараларының  болмауы және тағы басқа көптеген жағдайлар.

Өз жұмысын жаңадан  бастап отырған Депозиттерді сақтандыру қоры тәжірибесі көп шетелдердің  депозиттерді сақтандыру қорларының жеке тұлғалардың сұранымды, мерзімді салымдарын және жеке фирмалардың шотарындағы  ақшалай қаражаттарын сақтандыру мүмкіндігін  өз қаржы жағдайы күшейіп алғаннан кейін енгізуіне болады. Нарықтық экономикасы жақсы дамыған елдердің  банк жүйесінің бірден-бір бөлінбес бөлігі – салымдарды сақтандыру қоры болып табылады. Өйткені салымдарды сақтандыру жүйесі салымшылардың сеніміне жауапты және олардың салымдарының жоғалмауына, тәуекелден қорғалуына кепілдік береді. Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру жүйесі шет ел тәжірибелеріндегі сақтандыру жүйелерінің Қазақстан экономикасы  жағдайына қолайлы, тиімді жақтарын алып, қалыптасуда. Қор бүгінгі күні өз Ережесін бойынша қаржы жағдайы нашарланған банкті банкрот деп сот шешімінің жариялануымен агент-банк арқылы оның салымшылырына сақтандырылған салым сомасын төлеуді ғана міндеттеніп отыр. Қаржылық қиыншылық көріп отырған банкке қаржылық көмек көрсету немесе келесі бір қаржы жағдайы тұрақты банкке осы банктің активтерін сату туралы ешқандай сөз қозғалмайды. Қор өз қызметінде қатысушы-банктердің сақтандыру жарнасының жоғарылмауы жағдайын ескеріп өз Ережесіне шетелдер сақтандыру жүйелерінің озық нәтижелерін енгізуі керек.

Қазақстанның салымдарды сақтандыру қорының қарамағында  әр уақытта өсіп отыратын қордың резервін құрайтын сақтандырылған салымдар бойынша  өтеу үшін төлеуге арналған ақша сомасы бар. Әр тоқсан сайын қатысушы-банктердің күнтізбелік жарналарды аударуымен қордың резерві толығып отырады. Егер қатысушы-банктің бірінің жойылуы барысында сақтандырылған салымдар сомасын өтеуге арналған қордың активтері жеткілікті болмай жатса, онда жетпеген ақша сомасының жартысы қатусышы-банктердің қосымша жарна төлеуі есебінен төленеді. [11.14-19б]

Салымдарды өтеу қордың қатысушы-банктер арасынан тендр  өткізіп анықтаған агент-банкі  арқылы іске асады. Осы агент-банк арқылы салымшылар өз салымдарын алуына болады. Ал қордың алған қарызы, төлеген  қосымша жарна сомасы және өтелінуге  жұмсалынған алғашқы қордағы  бар резервтік активтер сомасы жойылып  жатқан банкке регрестік талап қою  есебінен қайтарылады. Қордың алған  қарызы және жарғылық қор есебінен сақтандырылған салымдар сомасын өтеуге жұмсалынған қаражаты қатысушы-банктердің күтілмеген жарнасы есебінен өтелінуі мүмкін. Мұнан түсінетініміз –  салымдарды сақтандыру жүйесі ұжымды болып табылады. Сондықтан да қатысушы-банктер  еріксіз жойылып жатқан банктің  салымдарын өтеу (қайтару) бойынша бірлесіп жауапкершілік жүктейді. Ақшалай  қаражаттарын банк депозиттеріне салу барысында салымшы ол банктің  сақтандыру жүйесінің мүшесі ме, әлде жоқ па екен білуі керек. Салымдарды сақтандыру жүйесіне мүше болып табылатын  банктердегі мерзімді депозит қана сақтандыру объектісі болып табылады, ал басқа депозиттер сақтандыруға жатпайды.

2006 жылдың шілде  айына дейін депозиттерді сақтандыру  келесі мазмұнда болды: егер  қатысушы-банк еріксіз жабылатын  болып жатса, онда Қор банк-агент  арқылы салымшыға 200 000 теңгеге дейінгі салымы бойынша 100% өтеу жүргізеді, ал одан ары қарай бекітілген ережелер бойынша өтелінеді. Қатысушы-банктегі бір салымшыға салымы бойынша максималды өтеу көлемі 1 000 000 теңгені құраған. Бұл салымдарды өтеу жағдайы жеке тұлғалар үшін кейбір жағдайларды түсініксіз және сақтандыру қоры мен банктер үшін көп жұмыс уақытын алатын тиімсіз болғандықтан, бұл жағдайды өзгерту мәселесі көтерілді.

Кесте 1.1

Салымдарды кепілдендірудің  өсу көрсеткіштері.

 

2007 жылдың 1 қаңтарына  дейін

2007 жылдың 1 қаңтарынан  бастап

 

Кепілдендірілген  депозиттер

Мерзімді депозиттер 7 млн.теңгеге дейін;Талап етуге  дейінгі депозиттер;Карт-шот пен  ағымдағы шоттардағы ақша қалдықтары;  

Жеке тұлғалардың  барлық депозиттері

Кепілдендіруді  қамтамасыз етудің максималдық көлемі

400 000 теңге

700 000 теңге

Кепілдендірудің қамтамасыз ету төлемі төленеді

Депозиттік валютада

Теңге бойынша

Кепілдендірудің қамтамасыздығының  төленуінің басталуы

сот шешімінің күшіне енуінен бастап 7 жұмыс күн ішінде

сот шешімінің күшіне енуінен бастап 14 жұмыс күн ішінді

Кепілдендірудің қамтамасыз етілуінің төленуі банк-агент  арқылы

Төлем басталғаннан кейін 3 ай мерзім ішінде

Төлем басталғаннан кейін 6 ай мерзім ішінде

Кепілдендірілген  депозиттер бойынша сыйақының максималдық  көлемі

Қормен бекітіледі

Қормен бекітілмейді (әр банк өз бетінше бекітеді)


 

 

7 шілде 2006 жылы  Қазақстан Республикасының Президенті  бекіткен «Қазақстан Республикасының  екінші деңгейдегі банктерінің  депозитті міндетті сақтандыру  » заңы бойынша, депозиттік  кепілдендірудің жүйесін жаңарту  және салымшылар алдында кепілдендірудің  тартымды түрлерін ұсыну туралы  құқықтық негіз құрылды. 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір салымшыға  деген сақтандырудың максималдық  көлемі 700 000 теңгені құрайды.

Ал қазіргі уақытта  жеке тұлғалардың депозиттерінің көлемін  сақтандыру деңгейі теңге бойынша 700 000 теңге, ал шетел валютасы бойынша 360 000 теңге немесе 90 пайыз мөлшерінде және депозит сомасының пайызы Ұлттық банктің қайта қаржыландыру ставкасын 50% есебінде қайтарылу жағдайыменен қайта қаралып, бекітілді.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкінің басқармасының бекіткен “Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі жеке тұлғалардың  салымдарын (депозиттерін) міндетті ұжымды кепілдендіру (сақтандыру) Ережесі” Қорды  басқарудың негізгі құжаты болып  табылады.

Ұлттық банк қормен бірлесе отырып, салымдарды сақтандыру жүйесін жетілдіре түсу мақсатында жұмысын жалғастыруда.

Депозиттер нарығындағы  ерекше жыл, негізінен, 2006 жыл болып  табылады. Өйткені, бұл жылы халықтың қолындағы айналысқа түспей отырған  ақшалай қаражаттарын Банк жүйесіне тарту мәселесі бойынша көптеген қызметтер атқарылды. Олар: депозиттің әр түрлерін ашу; депозиттер түрлері  бойынша ұтыс ойнату; салымдарды сақтандыру қоры тарапынан жарнамалардың көптеп жүргізілуі және ең басты мәселе –  мемелекет тарапынан Қазақстан  Республикасы азаматтарының шетел  банктерінің шоттарында сақталынып жатқан заңдастырылмаған (легализацияланбаған) және көлеңкелі нарықта айналыста  жүрген ақша қаражаттарын легализациялық процесті жариялау арқылы еліміздің  экономикасына тарту.

 

2 – бөлім.  Қазақстан Халық Банкінің экономикалық  мазмұны. 

 

Халық Банкінің тарихы – бұл Қазақстан аумағындағы  жинақ жүйесінің құрылу және даму тарихы. «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік  қоғамының негізі қайта құрылған Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында қаланған.

Еліміздегі алғашқы  жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс жылдарынан кейінгі жаңа экономикалық қарым – қатынастар қалыптаса  бастаған кезеңде, Ақтөбе қаласында  ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру  және индустрияландыру науқандары жүргізілген  тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ банкінің бөлімшесі ашылды. Ақтөбедегі жинақ кассасы ашылғаннан кейін небәрі төрт жылдың ішінде республикадағы мұндай кассалар саны 335 – ке жетті. 1929 жылы Республикалық жинақ кассасы  құрылып, ол Қазақстандағы барлық кассалар қызметіне жалпы басшылықты іске асырды. Касса салымшыларының қатарына жұмысшыларды, қызметкерлер мен колхозшыларды  неғұрлым көбірек тарту мақсатында жинақ кассаларын тікелей зауыт  фабрикалардың өзінен, колхоз -  совхоздарда, байланыс мекемелері мен кәсіпорындардан ашу қолға алынды.

Социалистік қоғамда  қалыптасқан әлеуметтік – экономикалық және қаржылық қатынастардың өзі  әрбір кеңестік азаматтың Жинақ  банкі салымшыларының қатарына қосылуына  ықпал етті. Халыққа қызмет көрсетудің орасан зор ауқымдағы жүйесі қаражат  жинақтау мен банк ісінің қалыптасқан  тарихи дәстүрлерін Қазақстан аумағында  да бекітуге қолайлы жағдай туғызды.

Жинақ кассалары  сонымен қатар мемлекеттік қарыз  облигацияларының, басқа да бағалы қағаздарының кепілдігімен мерзімдік  несиелер берумен айналысты. Сондай – ақ оларға қор операцяларын, басқа  да бірқатар қаржылық және банктік  операциялар жүргізуге рұқсат етілді. Бұл кезеңдегі жинақ ісінде мемлекеттік  несие беру қалыптасып, біртіндеп  дами бстады. Ол жылдары сегіз рет мемлекеттік қарыз шағарылды, оның үшеуі – натуралдық түрде болса, екеуі алтынмен есептелген болатын.

1960 жылдың аяғына  қарай жинақ кассаларындағы салымшылар  саны 1 770 мың адамға жетті, ал салым ақшаның көлемі 322,7 млн сомды құрады, салымның бір адамға шаққандағы орташа мөлшері 182 сом болды. Жинақ кассаларының саны 1950 – 1960 жылдар арасында 1,8 есеге өсіп, 1960 жылдың аяғында 2805 – ке жетті.

Қазақстандағы жинақ  ісі мен жинақ кассалары желісінің  кеңінен қанат жаюы ең алдымен  еліміздегі тың және тыңайған жерлердің  игерілуі нәтижесінде халық шаруашылығының қарқынды дамуымен, еңбекшілердің материалдық  тұрмыс жағдайының айтарлықтай жақсаруымен  байланысты болды. Тек 1955 жылдың өзінде еліміз бойынша салымшылар шоттарының 44,1 пайызы, ал салымдар қалдығының 44 пайызы тың жерлерді игеру жаппай жүргізілген  солтүстік өңірдегі Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының үлестеріне тиді 1960 жылдардың  басында жинақ кассаларында тұрғындардан пәтерге, коммуналдық қызметтерге  төлейтін төлем ақыларын қабылдау операцияларын  жүргізу қолға алынды. Сонымен  бірге жинақ кассаларының құзырына зауыт – фабрикалардың, жергілікті кәсіподақ комитеттерінің, өзара  көмек кассаларының және шаруашылықпен  айналыспайтын қоғамдық ұйымдардың ағымдағы шоттарын жүргізу берілді.

Жинақ жүйесінің  одан әрі дамуы үшін ақша бірлігін күшейтудің маңызы зор болды. Алайда 1961 жылы жүргізілген реформа айналымдағы  ақша массасын бақылау және ақша шығаруды шектеу шарасы ретінде ойластырылғанымен, көздеген мақсатқа қол жеткізілмейді, ол үшін бүкіл шаруашылық құрылымы қайта өзгертілуге тиіс еді, сондықтан  аталған реформа ақша белгілерін ауыстырумен және сомның жаңа бағамын  белгілеумен шектелді.

1963 жылдан бастап  жинақ кассалары Қаржы министрлігінің  құрамынан шығарылып, Мемлекеттік  банк қарамағына берілді, халық  салымдарының қаржысы бұдан былай  банктің несие ресурсын толықтыруға  жұмсалатын болды. 1960 – жылдардың  аяғында жинақ ісінің нағыз  даму шегіне жетіп, көркейген  кезеңі болды: дәл сол жылдары  халық шаруашылығына несие беруге  күрделі капитал қаражаты жіберілді,  ал оның негізгі көзін тұрғындардың  кассалардағы жинақ салымдары  құрады.

1988 жылғы банктік  реформа бойынша банк жүйесін  екі деңгейге көшіру көзделді: орталық банк және арнаулы  банктер. Мемлекеттік еңбек жинақ  кассалары КСРО Жинақ банкінің  айналдырылып, халыққа және заңды  тұлғаларға қызмет көрсететін  мемлекеттік арнаулы банк болып  құрылды.

Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тәуелсіздік пен  егемендікке қол жеткізуімен  жинақ ісінің дамуында үшінші қайта  құру кезеңі басталды – дәл осы  кезден бастап Қазақстан Халық Банкінің құрылымдық банкингке және функционалдық  қайта бағдарлауға негізделген  ісі қолға алынды.

Информация о работе Депозиттің теориялық негізі