Еңбек өнімділігі және оларды өлшеу әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 20:28, реферат

Описание

А.Смит еңбек пен жұмыс күші арасындағы айырмашылықты ашып көрсеткен емес.Оның пайымдауынша,еңбек табиғи бағасы бар «тауар» деп саналады. Ал,табиғи баға өндіріс шығындарымен анықталады,яғни жұмысшының және оның отбасының тіршілігіне қажетті құнмен есептеледі. А.Смит «табиғи жалақы» деп жұмыс күшінің құнын түсінді. Еңбек ақы мөлшері жұмысшының тіршілігіне қажетті құн минимумымен анықталады. Осыдан басқа жалақы тарихи және рухани элементтерді қамтиді, осымен байланысты Смит еңбек ақы мөлшерінің ұлттық айырмашылығы болатынын түсіндірді.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1 Өнім түсінігі 4
1.2 Еңбек өнімділігі 6
1.3 Еңбек өнімділігінің көрсеткіштері 8
1.4 Еңбек өнімділігін жоспарлау 9
1.5 Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері 10
2 Еңбек ақы түсінігі 11
2.1 Еңбек ақының экономикалық мәні 12
2.2 Қызметкерлермен есеп айырысу есебінің негізгі міндеттері 16
2.3 Бухгалтерлік есепте еңбек ақы төлеудің нысаны 16
2.4 Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақыны есептеу 18
2.5 Қосымша еңбек ақыны құжатпен рәсімдеу және есептеу 19
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 25

Работа состоит из  1 файл

еңбек өнімділігі.doc

— 184.50 Кб (Скачать документ)

      Еңбек өнімділігі төмендегі формуламен анықталады:

                        Еө=Өк/Е

        Мұнда Еө-еңбек өнімділігі;

                     Өк-өндірілген өнім көлемі;

                      Е-өнімді өндіруге жұсалған еңбек  шығыны;

          Немесе Ес =Е/Өк,

      Мұнда Ес- еңбек сиымдылығы.

      Интелектуалды өнім- адамның ой еңбегі (лат.Intellectus-таным, түсінік,пайым-бұл ойлау қабілеті, тиімді таным).

      ″Интелект″  термині нус (″ақыл″)-ежелгі грек ұғымының латынша аудармасы (ПЛАТОН МЕН Аристотельдің нус туралы  ілімінде адам жанының ойлау білетін бөдігі; ақыл әлем эманациясының шамлық деңгейі, неоплатанизмнің бірыңғай басы, т.б.).

      Бұл термин ортағасырлық схоластикада құдай  бейнелі,(″ratio″) ″ақыл-ойға″ қарсы  ″интеллект″ термині ретінде  қолданылды.Ал И.Кант мұны керісінше (нем.Versant-пайым) түсініктерді құру қабілеті, яғни ақыл-ой (нем. Vernunft)-метафизикалық идеяларды құру қабілеті деп түсіндіреді.Гегель пайым және ақыл-ой тұжырымдамасында абстракциялық-талдау қабілеті алғашқы ″ақыл-ойлық″ нақты-диалектикалық түсінік деп пайымдайды.

      Қазіргі экономика қызметкердің интеллектуалдық  еңбегімен ерекшелінеді, одан логикалық  ойлау қабілеті, өндіріс технологиясымен  жұмыс істей алуы талап етіледі.  

    1. Еңбек өнімділігінің  көрсеткіштері
 

      Еңбек өнімділігі- еңбек шығындарының нәтижелігінің тиімділігін сипаттайды және орындалатын жұмыс немесе өндіретін өнімнің бірлігіне еңбек шығындарының және жұмыс уақытының бірлігіне өндірілген өнім саның анықтайды. Еңбек өнімділігі тірі және қоғамдық жиынтық болып бөлінеді.

      Тірі  еңбек өнімділігі - әрбір жеке өндірісте  жұмыс уақытының шығындарымен анықталады.

      Қоғамдық  еңбек өнімділігі – тірі және бұрынғы  еңбек шығындарымен анықталады.Қоғамдық еңбек өнімділігінің есебі өте  күрделі бұл көрсеткіш материалды өндіріс саласында бір жұмыс бастығы ұлттық кіріс ретінде есептеледі. Кәсіпкерде еңбек өнімділігі тек тірі еңбек шығындарының тиімділігі ретінде анықталады. Өндірудің 3 әдісі бар, олар келесідей;

      1.  Натуралдық көрсеткіш- дұрыс нақты  және көпшілігіне оның мәніне  сәйкес келеді бірақ олардың қолдану аумағы шектеулі.Наатуралдық көрсеткіш көбінесе өндіруді анықтау кезінде газ, мұнай, көмір, энергита, орман сиақты салалары бар кәсіпорында қолданады.

      2.  Өндіруді анықтаудың құндық әдісі-  тек ғана тірі еңбек шығындарын  анықтауды ғана ескермейді сол сяқты бағаның әсері шығарылған өнім материалының өндірістік бағдарламада құрлымдық жылжымалық әдісі ерекше ескеріледі.

      3.  Еңбек өнімділігін өлшеудің әдісі  - өнімділікті өлшеу ретінде еңбек  сиымдылығының көрсеткішінің қолдануын  көздейді.

      Өнімнің еңбек сиымдылығы өнім бірлігіне  өндіруге тірі еңбек шығындарын көрсетеді.  Өндіру көрсеткішіне қарағанда еңбек  сиымдылық көрсеткішіне бірқатар артықшылықтар  бар. Ол өндіру көлемі және еңбек шығындар арасында тура байланысты көрсетеді. 

1.4  Еңбек өнімділігін жоспарлау 

      Еңбек өнімділігінің жоғарлауы тірі еңбектің өнім дайындаудағы үлесі төмендейді, ал өткен еңбек үлесі артады, осыдан абсалюттік биіктік тірі және қоғамдық еңбек шығыны өнім бірлігіне  қысқаруы анықталады.

Еңбек өнімділігін өндіру көлемі немесе еңбек сиымдылығының нақты кезендегі көрсеткіші келесі формуламен анықталады.

Iпт=В0/Вб  немесе Iпт=Тб/Т0

ПТ=(В0/Вб)*100 немесе ПТ=(Тб/То)*100

ПТ=((Во-Вб)/Вб)*100 немесе ПТ=((Тб-То)/То)*100

      Еңбек өнімділігін жоспарлау жұмыс  орны цех пен учаскісі бойынша жоғары өрлеген формула бойынша нақты әдіспен өндіріледі. Кәсіпорынның мақсаты бойынша еңбек өнімділігін жоспарлау келесі тәртіппен техникалық-экономикалық фактордың негізінде жузеге асады.

      Кәсіпорын және оның мүмкіндігі бойынша еңбек  өнімділігнің деңгей  фактор қатары және өсу факторында еңбек өнімділігінсіз өзгеру деңгейі түсіндіріледі. Резерв өсуінде кәсіпорын еңбек өнімділігі еңбек ресурысының үнемдеудің нақты әлі қолданылмаған мүмкіндіктері көрсетіледі. Еңбек өнімділігінің өсу факторы кәсіпорынның қажеттілігі және т.б. себептерге байланысты болады, бірақ ол бүкіл қабылдау бойынша келесі факторларға бөлінеді.

      Жалпы, еңбектің капиталмен қарулануы орташа жылдық еңбекақының өсуіне әкеледі. Еңбекақының артуымен еңбек өнімділігі және капиталдың өсуі тікелей байланысты. Ал еңбек өнімділігінің артуына көбінесе адам басына шаққандағы ЖІӨ-нің артуы сәйкес келеді. 

 1.5 Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері 

      Еңбек өнімділігі- алынған өнім көлемінің  оны дайындауға жұмсалған еңбекке  қатынасы (еңбектің өндіріс үдерісіндегі тиімділігі).Уақыт өлшемінде өндірілген өнімнің мөлшерімен (өндіріммен) немесе өнім өлшеміне жұмсалған  уақыт шығынмен (еңбек сыйымдылығымен) тұлғаланады. Жеке және қоғамдық еңбек өнімділігі бөлінеді. Біріншісі нақты еңбек шығынын, екіншісі нақты және өткендегі (заттандырылған) еңбек шығынын көрсетеді.

      Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері- еңбек  өнімділігінің деңгейін көрсету  тәсілдері. Өнеркәсіпте еңбек өнімділігінің  деңгейі жұмыс уақытының бір өлшеміне шаққанда өндірілген өнімнің санымен (тікелей көрсеткіш) немесе өнімнің бір өлшемін дайындауға жұмсалған жұмыс уақытының мөлшерімен (кері көрсеткіш, яғни еңбек сыйымдылығы) өлшенеді. Өнімді өндіруге  жұмсалған еңбек шығыны адам-сағат, адам-күн, адам-ай (тоқсан, жыл) есебімен көрсетіледі, мұның өзі сағаттық, күндік, айлық еңбек өнімділігі көрсеткіштеріне сай келеді,  оның деңгейін бір жұмысшыға, бір жұмыскерге т.б. шағып белгілеуге болады. Өнім шығару (жұмыстарды орындау) көлемінің қабылданған өлшеуіштеріне сәйкес еңбек өнімділігін өлшеу заттай, еңбек,құндық әдістеріне бөлінеді. Заттай әдісте еңбек өнімділігінің  деңгейі заттай өлшеммен (т,м, дана т.б.) есептелетін өнім мөлшерінің жұмыс уақытының шығынына  не месе жұмыскерлердің орташа тізімдік санына қатынасымен айқындалады.

      Еңбек әдісінде өнімнің алуан түрлері олардыөндіруге жұмсалған еңбек шығыны бойынша өлшенеді немесе еңбек сыйымдылығының деңгейлері салғастырылады.Құндық әдісте еңбек өнімділігі орта есеппен бір қызметкерге шаққандағы немесе жұмыс уақытының белгілі бір  өлшемінде дайындалған  өнімнің құнымен көрсетеді.

Затқа айналған еңбек шығыны- өндірістің бастапқы кезеңінде жанды еңбектеніп,жанды  еңбектің материалды жағдайын көруге қызмет атқарып,жанды еңбек өнімділігіне қатыспайды.

      Қоғамдық  еңбек өнімділігінде ғана жинақталған  қорытындыны, тиімділікті анықтағанда жанды және затқа айналған жалпы еңбек шығындары бірге есепелінеді.

      Еңбек шығынын азайтып,еңбек өнімділігін  арттыру арқылы өнімнің өзіндік  құнын азайтуға болады.Өнім өндіруде еңбек шығыны азайған сайын, өнімнің  өзіндік құны арзандап, кәсіпорынның пайдалылығы өседі.

      Еңбек өнімділігі- бір жұмысшының белгілі  бір уақытта (сағат, күн,ай, тоқсан, жыл) істеген мезгілінде өндірілген өнім саны немесе өнімді өндіру  бірлігіне  жұмсалған еңбек шығынымен өлшенеді.

2. Еңбек ақы түсінігі

     

      Еңбек ақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектестін маңыздық экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Еңбекақы тұтынушы кіріснің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді. Еңбек ақының номаиналды және шынай түрлері болады.

      Номиналды еңбек ақы дегеніміз -жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды жалақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл – ауқаты жайлы айту мүмкін емес.

      Шынайы  еңбек ақы – алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны. Ол номиналды жалақыға тікелей қатынаста және тұтыну заттары мен ақылы қызметтердің бағасы деңгейімен кері қатынаста болады.

      Жалақы  өнімінің өзіндік құнының негізгі  элеметтерінің бірі болып табылады, сондықтан да жалақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы еңбек өнімділігінің артуына, өнімнің өзіндік құнының кемуіне және еңбеккерлердің өмір деңгейінің жақсаруына себепші болады.

      Еңбек ақының мәні. Осы мәселеге байланысты экономикалық теорияда 2 тұжырымдама бар:

  1. Еңбек ақы еңбек бағасы,оның дәрежесі мен динамикасы рыноктық факторлар- сұраныспен және ұсыныспен анықталады.
  2. Еңбек ақы жұмыс күші-тауардың бағасы,еңбектің бағасы емес, өйткені еңбек тауар бола алмайды,еңбек ақы өндіріс жағдайымен де,рыноктық факторлар сұраныс,ұсыныспен де анықталады, олардың ауытқуы еңбек ақының жұмыс күші құнынан бірде жоғары,бірде төмен болатындығын көрсетеді.

      Еңбек ақының екі тұжырымдамасы да ағылшынның саяси экономикасының классиктері  А.Смит пен Д.Рикардоның теориясына негізделген.

      А.Смит еңбек пен жұмыс күші арасындағы айырмашылықты ашып көрсеткен емес.Оның пайымдауынша,еңбек табиғи бағасы бар  «тауар» деп саналады. Ал,табиғи баға өндіріс шығындарымен анықталады,яғни жұмысшының және оның отбасының тіршілігіне  қажетті құнмен есептеледі. А.Смит «табиғи жалақы» деп жұмыс күшінің құнын түсінді.

      Еңбек ақы мөлшері жұмысшының тіршілігіне  қажетті құн минимумымен анықталады. Осыдан басқа жалақы тарихи және рухани элементтерді қамтиді, осымен байланысты Смит еңбек ақы мөлшерінің ұлттық айырмашылығы болатынын түсіндірді. Рикардо еңбек ақы теориясын Мальтустың халық өсімі теориясымен байланыстырды. Еңбек ақы, осы теория бойынша, халықтың табиғи өсуіне сәйкес күнкөріс заттарының минимумына ұмтылады. Маркстік тұжырымдамаға сәйкес еңбек ақы еңбек бағасы емес, өйткені еңбек тауар емес, олай болса оның құны да жоқ. Жұмыс күші тауар бола алады, ал еңбек ақы осы тауардың бағасы, оның құнының ақшалай көрінісі. Жұмысшы еңбек ақы түрінде бүкіл еңбегі үшін емес, тек қажетті еңбек мөлшерінің құнын алады.

      Еңбек ақының экономикалық маңызы мынада, осы  табыс арқылы өндірістің жеке факторының орны толтырылады, адамның материалдық  және рухани қажеттіліктері қанағаттандырылады, білім алуы, еңбекке дайындығы  жүзеге асырылады. К.Маркс жұмыс күшінің құны мен еңбек ақы күнкөріс заттарының физикалық минимумымен емес, күнделікті қажетті тұтыну заттарының құнымен анықталады деді.Еңбек ақының мөлшері жұмыс күшінің құнына әсер ететін еңбек өнімділігіне, еңбке қарқындылығына, еңбектің күрделілігіне тәуелді.Еңбек рыногында сұраныс пен ұсыныс тепе-тең болғанда жұмыс күшінің құнына тең еңбек ақы бөлінеді.

    

    2.1 Еңбек ақының экономикалық мәні 

      Еңбек адамның мақсатқа сай қызметі. Еңбектің көмегімен адам өз қажетін өтеу үшін табиғатты өзгертеді, өзіне лайықтап икемдейді.Адамның тіршілік етуінің негізгі шарттарының бірі де еңбек. Адамды адам еткен деп айтудың өзі де жайдан-жай емес. Адам еңбек арқылы хайуанаттар дуниесінен бөлініп шықты, табиғат күштерін игере отырып, оны өз муддесіне пайдаланды, еңбек құралдарын жасауды игерді, қабілетін дамытты, білім алып, оқу өнер, ғылымды игерді.

      Еңбек туралы айта отырып, еңбек өнімділігі мен еңбек қарқындылығы деген  ұғымдарда да тоқталған дұрыс  болар. Еңбек қарқындылығы –белгілі бір уақыт ішінде жұмсалған еңбектің мөлшері мен еңбек пәрменділігі. Конвейерлі (тізбекті) жұмыс әдісін шапшандатқанда,бір мезгілде жұмыс істейтін жабдықтарды көбейткенде, уақыт ұтып еңбек қарқындылығын арттыруға болады.Ғылыми-техникалық революция жағдайында, өндірісті кешенді механизациялау  және автоматттандырумен байланысты жұмысшының дене күшін жұмсауы азаяды,есесіне ой- ми энергиясын жұмсауы ұлғаяды.

      Жұмыс күнінің ұзақтығы қысқартылса, еңбек  қарқындылығы  артады, керісінше, жұмыс күнінің ұзақтығы артатын болса, еңбек қарқындылығы төмендеуі мумкін.Ғылыми-техникалық  революция еңбек сипатын өзгертті. Еңбектің мамандық  дәрежесі өсті, кадрларды кәсіптік жағынан даярлауға кететін уақыт көбейді, өндірісте күрделі машиналар мен механизмдерді пайдаланумен байланысты адамдардың дене еңбегінің үлесі барған сайын азаюда, жұмысшы технологиялық процестің мәнін ұғынып, қымбат та күрделі жабдықтармен жұмыс істей алатын, өздігінен бастама көрсететін дәрежеге көтерілді. Жұмыс куні бойынша еңбек қажетті және қосымша болып бөлінеді.

Информация о работе Еңбек өнімділігі және оларды өлшеу әдістері