Еңбек өнімділігі және оларды өлшеу әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 20:28, реферат

Описание

А.Смит еңбек пен жұмыс күші арасындағы айырмашылықты ашып көрсеткен емес.Оның пайымдауынша,еңбек табиғи бағасы бар «тауар» деп саналады. Ал,табиғи баға өндіріс шығындарымен анықталады,яғни жұмысшының және оның отбасының тіршілігіне қажетті құнмен есептеледі. А.Смит «табиғи жалақы» деп жұмыс күшінің құнын түсінді. Еңбек ақы мөлшері жұмысшының тіршілігіне қажетті құн минимумымен анықталады. Осыдан басқа жалақы тарихи және рухани элементтерді қамтиді, осымен байланысты Смит еңбек ақы мөлшерінің ұлттық айырмашылығы болатынын түсіндірді.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1 Өнім түсінігі 4
1.2 Еңбек өнімділігі 6
1.3 Еңбек өнімділігінің көрсеткіштері 8
1.4 Еңбек өнімділігін жоспарлау 9
1.5 Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері 10
2 Еңбек ақы түсінігі 11
2.1 Еңбек ақының экономикалық мәні 12
2.2 Қызметкерлермен есеп айырысу есебінің негізгі міндеттері 16
2.3 Бухгалтерлік есепте еңбек ақы төлеудің нысаны 16
2.4 Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақыны есептеу 18
2.5 Қосымша еңбек ақыны құжатпен рәсімдеу және есептеу 19
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 25

Работа состоит из  1 файл

еңбек өнімділігі.doc

— 184.50 Кб (Скачать документ)

        Жанама - кесімді жүйе жабдықтарға және жұмыс орындарына қызмет көрсетуші жұмыскерлердің еңбек өнімділігін өсіруге ынталандыру үшін қоланылады. Мұндай жұмыскерлердің еңбегі олар қызмет көрстетін негізгі жұмысшылар өндіретін өнімнің есебінен жанама – кесімді бағалаулар төленеді.

      Аккордық жүйеде орындалатын жұмыстың көлемі алдын ала белгіленіп, бағалау белгіленеді. Жұмыс орындалу мерзімін көрсету арқылы бағаланады. Жұмысты орындауға наряд жазылады да, онда табыстың жалпы сомасы, жұмысты аяқтау мерзімі, көрсеткіштер мен сыйақының мөлшері көрсетіледі.

      Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 128–бабына  сәйкес мереке және демалыс күндерінде істелген жұмыстың еңбекақысы әдеттегі жұмыс күнінің еңбекақысы мөлшерінен екі есе  жоғары болуы керек.

Бөлімше басшысының еңбекақы мәселесін қарастырғанда  демалыс күндерінде мыналарды есте ұстау аса  қажет : бастық өзінің қызмет міндетіне сәйкес жұмыстың ұйымдастырылуы мен оған сеніп тапсырылған бөлімшенің қызмет етуіне толық жауапты. Оған әдеттегіше нормадан тыс жұмыс күні белгіленеді (еңбек туралы жаңа заңды ″нормадан тыс″ деген термин қолданылмаса да ) және оған басқалардан гөрі көп еңбектенгені үшін  айлығы жоғары қызметақы төленеді.

      Қызметкердің  бекітілген жеке  еңбек келісімшартындағы нормадан тыс жұмыс күнінің мағынасы  мынаған саяды: бұл ерекше еңбек жағдайы нақты санаттағы қызметкерлерге арналған және басқа күндері өндірістік қажеттілік туған жағдайда олар әкімшіліктің ұсынысымен немесе өз бастамаларымен мезгілсіз уақытта жұмыс істейді.   

 

    2.4 Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақыны есептеу.

 

      Сырқаттанғанда, отбасы мүшесі ауырғанда және оған күтім жасау қажет болғанда, карантинде, кәсіби ауырғанда ауру күндері белгіленеді. Аурулық куәлік (еңбеккке жарамсыздақ қағазы) жәрдемақы тағайындауға негіз болады. Еңбек ақының 100% мөлшеріндегі жәрдемақы мертіккенде, кәсіби аурумен ауырғанда, 8 жыл және одан астам үздіксіз жұмыс стажы бар қызметкерлерге, сондай – ақ асырауында 16 жасқа жетпеген (18 жасқа дейінгі оқушылар) 3 және одан көп балалары бар қызметкерлерге беріледі: 80% - ті мөлшерінде – үздіксіз жұмыс стажф 5-8 жыл болса; 60% - үздіксіз стажы 5 жыл болса беріледі. Орташа еңбек ақыны есептеген кезде мынадай төлемдер ескерілмейді (ҚР Үкіметінің 26.03.97ж. №419 қаулысы):  

      - пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;

      - материалдық көмек түріндегі ақшалай жәрдем ақы;

      - тәулік ақынаң орнына жалақыға қосылатын қосымшалар мен үстемелер;

      - арнайы киімнің, арнайы аяқ-киімнің, арнайы тамақтың құны;

      - біржолғы көтермелеу төлемдері;

      - бағалы қағаздар бойынша дивидендтер;

      - оқушылардың, студеттер мен аспираттардың степендиялары;

      - қызметкерге келтірілген залалды, оның жұмысқа байланысты ертігуі немес өзге жарақаттануын төлеу және өтемақы беру.

      Кешенді бағалауды қолданған кезде бригаданың кесімді табысы анқталады. Ол бригада мүшелерінің арасында еңбек ақы тарифіне пара – пар бөлінеде (жұмысшы разрадының тарифтік ставкасын нақты жұмыспен өтелген сағаттарға көбейту арқылы). Еңбек ақы КТУ ескерілген тариф бойынша (КТУ еңбек ақысы) есептелінеді, содан кейін бөлу коэффициенті анықталады (бригаданың кесімді еңбек ақысы КТУ ескерілген тариф бойынша бригада еңбек ақысына бөлінеді). Әрбір жұмысшының айлық еңбек ақысы тариф бойынша еңбек ақыны бөлу коэффициентіне қайта көбейту арқылы анықталады. 

       

 

    2.5 Қосымша еңбек ақыны құжатпен рәсімдеу және есептеу   

      ҚР  еңбек заңдарына сәйкес жұмысшылар мен қызметкерлердің мынадай жұмыспен өтелмеген уақыттары төленеді:

1. Мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындау уақыты;

2. Жасөспірімдердің жеңілдік сағаттарын төлеу;

3. Нәрестені тамақтандыруға араналған қосымша үзілістерді төлеу;

4. Кезекті және оқу демалыстарының уақытын төлеу;

5. Пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;

6. Жұмыстан босаған кездегі шығу жердемақысы.

      Жұмыспен  өтелмеген уақыт орташа еңбек  ақы бойынша төленеді. ҚР Еңбек  және әлеуметтік қорғау министрлігінің 5.09.97 ж. №3 және ҚР Қаржы министрлігінің 16.09.97 ж. №17/8340 бұйрықтарымен бекітілген Ұйымдардың қызметкерлеріне орташа еңбек ақыны есептеудің тәртібі туралы Нұсқаулыққа сәйкес ұйымдардың қызметкерлеріне орташа еңбек ақы есептеу үшін төлемдердің алдындағы 12 күнтізбелік ай есепткі кезең болып табылады (1 жылдан кем уақыт жасаған қызметкерлер үшін орташа жалақы нақты жұмыспен өтелген уақыт үшін белгіленеді).

        Орташа еңбек ақыны анықтау  үшін:

1. Күндік орташа еңбек ақыны (жұмыс істелмейтін және мереке күндерін қоспағанда);

2.  Орташа сағаттық еңбек ақы пайдаланылады;

Күндік  орташа еңбек ақы, еңбеккке ақы төлеу  мен демаыс үшін өтемақы төлеуден басқа барлық жағдайда есепті кезеңде  есептелген еңбек ақы сомасын  жұмыс күндерінң сомасына бөлу жолымен  анықталады.

      Нақты жұмысшының орташа еңбек ақысының мөлшері  күндік орташа еңбек ақыны төленуге тиіс күндер сомасына көбейту жолымен  анықталады.

      Күндік  орташа еңбек ақы есепеті кезеңде  есептелген еңбек ақы сомасын  жыл сайынғы жұмыс уақытының  балансына сәйкес осы кезеңдегі жұмыс сағаттарына бөлу жолымен есептеледі. Нақты қызметкердің орташа еңбек ақысынң мөлшері орташа сағаттық еңбек ақыны төленуге тиіс кезеңдегі жұмыс сағатының санына көбейтілу жолымен анықталады. Егер:

1. Қызметкердің орташа еңбек ақысы төленсе немесе сақталса (ҚР заңына сәйкес);

2.  Қызметкер мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бойынша жәрдемақы аласа (жүктілігі мен босануы бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық) және басқадай болса орташа еңбек ақыны есептеуге арналған есептік кезеңнен уақыт, сондай - ақ төленген сомалар аланып тасталынады.

      Ынталандырушы сипаттағы сыйақылар мен басқа  төлемдер есептеу уақыты бойынша  ораташа еңбек ақыны есептеген  кезде қосады, жылдық сыйақылар мен  сыйлықтар есепті кезеңнің әрбір  айы үшін 1/12 мөлшерінде ескеріледі.

  

 

        1. Мемелекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындау уақыты. Төлем орташа сағаттық немесе орташа күндік міндеттемелерді орындаған мекеменің табелінің, анықтамасының немесе құлықтандыруының негізінде жүргізіледі.

      2. Жасөспірімдердің жеңілдік сағаттары. 5 күндік жұмыс аптасы кезінде 16 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін күніне 7 сағат 12 минуттан апауы керек (16-дан 18 дасқа дейін – аптасына 36 сағат, 15 –тен 16 жасқа дейін – аптасына 24 сағат). Олар:

а) кесімді ақы алушы жасөспірімдерге кесімді ақы алушының тарифтік ставкасы бойынша;

б) мерзімдік ақы алушы жасөспірімдерге тиісті разрядтың ставкасы бойынша төленеді.

      Қосымша жалақыға- еңбек заңдылықтарына сай  жұмыс уақыттарынан басқа мезгілдерде  – еңбек демалыстарында, бала күтіміндегілерге, жеңілдік пайдаланатын жасөспірімдерге, мемлекеттік және жауапты қызметтер атқарған және жұмыстан шыққан кездерде берілетін жәрдемақылар т.б. енеді.

      Жалақы  есептеуде кейбір ерекше жағдайларда  әрбір жұмыскердің жеке еңбек  үлесін бүкіл еңбек бригадасының , цех жұмыскерлерінің келісімімен – еңбекке қатысу коэффициенті (ЕҚК) деген шама қолданылады. Егер жеке жұмыскердің үлесі көп болса, ЕҚК жоғары болады, еңбек ақысы да көп болады.

      Еңбек ақы есептеуде жұмыс орнының  қолайсыздығы да жұмыс жағдайына  кері әсерін тигізетін кездері де болады.Бұл ретте ол үшін қосымша шығындар жұмсауға тура келеді. Жалақы есептеудің түрінде- түн мезгілдерде де жұмыс атқару кіреді,ол сағат 22-ден 6- ға дейінгі мезгіл болады. Түн мезгілдерінде жұмыс жасаған үшін жұмыскерге көтеріңкі ставка бойынша ақы есептеледі, оның мөлшері ұжымдық шартта белгіленуі тиіс.

      Мереке  күндеріндегі еңбекақы барлық қызметкерлерге мереке күндерінде сағаттарына қарай  төленеді. Жұмыс ауысымы сағаты  мереке күндеріне дәл келсе, мереке күндерінде істелінген сағаттарға екі  есе мөлшерде төленеді (0-ден 24 сағатқа дейін).

      Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 129-бабына сәйкес сағат 22-ден  сағат  таңғы 6-ға дейінгі уақыт түнгі  уақыт болып табылады.Жүкті әйелдер  түңгі уақыттағы жұмысқа тек  олардың келісімімен ғана жіберіледі.

      Түңгі уақыттағы жұмысқа он сегіз жастан кіші тұлғалар және медициналық анықтамасындағы түңгі уақытта жұмыс істеуге  тыйым салынған  кейбір тұлғалар жіберілмейді.

      Жұмыс күші,яғни құны. Бұл қызметкердің өміріне  қажет және оның еңбек қабілетін  қалпына келтіруге жәрдемдесетін заттардың жинақ құны. Бұларға жататындар:

-  жұмыскердің қажеттілігін қанағаттандыратын мүлік құны;

-   оны мамандыққа оқытуға кеткен шығындар;

-   оның  отбасының өмір сүруіне қажетті заттардың құны.

      Нақтылы жұмыс күнінің құны қажетті өнім көлемін анықтайды. Оның өзіндік жұмыс күшінің құны әр елде әр түрлі және уақыт өткен сайын өзгеріп те отырады.

      Жұымскердің  еңбек өнімділігінің өсуі. Ол еңбекақыны ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бірақ  оның өзінде еңбек өнімділігінің өсуі еңбекақының өсуіндей шапшаң болады.

      Жұмыс күшін біліктілеу және еңбектің түрі.Мысалы, күрделі,қиын жұмыстардың ақысы  неғұрлым жоғары болады. Ал сирек және қауіпті мамандық немесе рекше таланттыадамдардың шығармашылық еңбектері және т.б. жоғары бағаланады.

      Қажетті өнімнің әлеуметтік дәрежесі. Қазіргі қоғамда қажетті өнімнің барлығы жұмыскерге жеке еңбекақы түрінде берілмейді.Қажетті өнімнің бір бөлігі әлеуметтенеді және әр түрлі салық, есептеп беоу арқылы мемлекетке қоғамдық тұтыну қорына  кетеді (денсаулық сақтау, білім беру, зейнетақы қорларын қамтамасыз ету және т.б.)

      Жалақы- атаулы және нақты жалақы болып бөлінеді.

Атаулы  табыс жалақы- бұл қызметкердің белгілі  кезеңдегі істеген еңбегі үшін есептелген және берілген жалақысы.

      Нақты жалақы- бұл тауарлар мен қызмет көрсетуге ие болуға кететін атаулы табыс жалақысы; нақты жалақы- бұл атаулы табыс жалқының «сатып алуға жарамдылығы». 

    

           Сурет 2.5.1 Жалақының  жүйелері және нысандары

 

       Кәсіпорында жалақы саясатын әзірлеуге  және оны ұйымдастыруда жалақының мына төмендегі принциптерін еске алу керек:

-  әділдігі, яғни тек еңбекке, тең жалақы ;

-  стелмеген жұмыс есебінің қиындылығы және еңбек біліктілігінің деңгейі;

-  зиянды еңбек жағдайының және ауыр дене еңбегінің есебі;

- еңбек сапасына және еңбекке қатыстылығының  адалдығы үшін ынталандыру;

-  ақаулық жібергені және өзінің міндетіне жауапсыздықпен қарағандығынан жағымсыз жағдайлар болғаны үшін материалдық жазалау;

- еңбек өнімділігінің өрлеу қарқыны орта жалақының өрлеу қарқынына қарағанда озық жүруі,

-  инфляциянң деңгейіне сай жалақыны индекстеу;

- өндірістің қажеттілігін ең үлкен деңгейде қамтамасыз ету үшін үдемелі нысанына және жалақы жүйесін қолдану.

      Мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындарындағы жалақылардың айырмашылықтары мынадан тұрады:

- мемлекеттік иелігіндегі кәсіпорында рда жалақы үкімет актілерімен реттеледі, ал жеке кәсіпорындарында кәсіпорын әкімшілігі шешімімен (бірақ, ең аз жалақы жөніндегі белгіленген заңнан кем болмауы керек);

-  мемлекеттік кәсіпорындарда жалақы тіркеледі, яғни тұрақты болады (арту индекстеу есебінен тұрады);

- мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс орны мен жалақы кепілді, ал мемлекеттік емес кәсіпорындарда олар оның экономикалық жағдайына қарай анқталады.

Информация о работе Еңбек өнімділігі және оларды өлшеу әдістері