Еңбек өнімділігі және оларды өлшеу әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 20:28, реферат

Описание

А.Смит еңбек пен жұмыс күші арасындағы айырмашылықты ашып көрсеткен емес.Оның пайымдауынша,еңбек табиғи бағасы бар «тауар» деп саналады. Ал,табиғи баға өндіріс шығындарымен анықталады,яғни жұмысшының және оның отбасының тіршілігіне қажетті құнмен есептеледі. А.Смит «табиғи жалақы» деп жұмыс күшінің құнын түсінді. Еңбек ақы мөлшері жұмысшының тіршілігіне қажетті құн минимумымен анықталады. Осыдан басқа жалақы тарихи және рухани элементтерді қамтиді, осымен байланысты Смит еңбек ақы мөлшерінің ұлттық айырмашылығы болатынын түсіндірді.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1 Өнім түсінігі 4
1.2 Еңбек өнімділігі 6
1.3 Еңбек өнімділігінің көрсеткіштері 8
1.4 Еңбек өнімділігін жоспарлау 9
1.5 Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері 10
2 Еңбек ақы түсінігі 11
2.1 Еңбек ақының экономикалық мәні 12
2.2 Қызметкерлермен есеп айырысу есебінің негізгі міндеттері 16
2.3 Бухгалтерлік есепте еңбек ақы төлеудің нысаны 16
2.4 Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақыны есептеу 18
2.5 Қосымша еңбек ақыны құжатпен рәсімдеу және есептеу 19
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 25

Работа состоит из  1 файл

еңбек өнімділігі.doc

— 184.50 Кб (Скачать документ)

      Жұмысшы жұмыс уақытының бір бөлігін  өзін қажетті өнімдерді өндіруге  жұмсайды.Бұл уақыт ішінде жұмсалған еңбек болып табылады. Алайда жұмысшы тек осындай көлемде өнім өндірумен шектелсе, қоғам одан әрі дами  алмаған болар еді.

      Өндіріс көлемін ұлғайту және барған сайын  жетілдіру, ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз ету, еңбекке жарамсыз адамдарға көмек көрсету, материалдық емес өндіріс салалары қызметкерлерінің қажеттіліктерін өтеу қоғамның міндеті. Сондықтан жұмысшыға қажетті жұмыс уақытынан тыс  еңбек етуге де тура келеді. Мұндай уақыт ішінде жұмсалған еңбек-қосымша еңбек деп аталады. Бір ескеретін жәйт еңбектің қажетті және қосымша болып бөлінуі маркстік әдебиеттерге ғана тән, ал қазіргі батыстық экономикалық әдебиеттерде бұл жоқ.

      Шаруашылық  үрдістері жабдықтау, өндіру және сату деп алдыңғы тауарларда айтып өткен болсақ, осы өнім өндңіру үшін қажеттілер еңбек заттары, еңбек құралдары, сондай – ақ жұмысшы күші екендігі белгілі.

      Тауарлық  – материалдық қорлардың есебін қарастырғанда еңбек заттарының, негізгі құралдардың есебін қарастырғанда  еңбек құралдарының есебі қалай жүргізілетіндігіне тоқталып өткен болатынбыз. Ал кез келген кәсіпорындар мен ұйымдардағы жүмыстарды орындап, қызметтерді атқарып жүрген адамдардың еңбегін дүрыс бағалап, олрдың сіңірген еңбегіне қарай әділ еңбекақы төлеу қай кәсіпорынның болмасын күрделі мәселелерінің бірі.

        Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің  бірі болып табылатын қызметкерлер  мен еңбекақы бойынша есеп  айырысу тақырыбы өз алдына  бөлек тарау болып қарастырылатындығы осыдан.

      Еңбек пен еңбекақы есебінің негізгі міндеттері :

  1. Өндірілетін өнімдер мен істелетін жұмысқа кеткен еңбек пен оған төленетін,еңбекақы мөлшерін дұрыс анықтау.
    1. Еңбек өнімділігінің өсімін бақылау.
    1. Жұмсалған еңбектің саны мен сапасын бақылау.
  1. Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін еңбекақы қорынан, қоғамдық тұтыну қорынан және тағы басқа қорлардан бөлінетін қаржыларды бақылау.
    1. Жұмысшы және қызметкерлермен уақтылы дұрыс есеп айырысу.
    2. Өндіріске жедел басшылық жасау үшін тиісті мәліметтер алу.
  1. Еңбек және еңбекақы жайлы статистикалық және бухгалтерлік қорытынды есепті беру.

      Сонымен қатар еңбек пен еңбекақы есебін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру  үшін мынадай жағдайлар қажет :

  1. Еңбектің өнімділігі мен орындалған жұмыстың көлемін ұлғайтуға ынталандыратын еңбекақының тиімді түрлерін кеңінен қолдану.
  2. Еңбек пен өндірісті басқарудағы ғылыми жолмен басқарудың типтелген прогрестік құрылымын қолдану.
  3. Еңбекақы төлеудің сыйлық беру жүйесімен басқа да түрлерін жұмыстағы жетістіктермен тығыз байланыстыра отырып дұрыс қолдану.
  4. Еңбек пен еңбекақы есептеуде осы күнгі талаптарға сай есептеу мен ұйымдастыру техникаларын қолдану, алғашқы есеп жүйесін жетілдіру мен жеңілдету.

      Жалақы-еңбек  құнының (бағасының) ақшалай өлшемі. Қазақстан Республикасының аралас әлеуметтік бағытталған наықтық экономикаға көшу кезінде минимальды деңгейдегі еңбек ақыны мемлекет кепілдендіреді және жоғарғы деңгейдегі еңбек  ақыға шек  қойылмайды. Бұл еңбекті материалды ынталандырудың және еңбек өнімділігін арттырудың басты құралы ьолып, қоғамдық өндірісті тиімді дамытуға ықпал етеді.

      Жалақыны  дифференциялау және оның принциптері. Еңбек ақы деңгейі халық шаруашылығы  саласына қарай өзіндік ерекшелігімен  айқындалып, ол бес прнципке негізделген.

      Түнгі уақыттағы  жұмыс және оның еңбекақысы:

      Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 129-бабына сәкес сағат 22-ден  сағат  таңғы 6-ға дейінгі уақыт түңгі  уақыт болып табылады. Жүкті әйелдер  түнгі уақыттағы  жұмысқа тек  олардың  келісімімен ғана жіберіледі.

      Түңгі уақыттағы жұмысқа он сегіс жастан кіші тұлғалар  және мидициналық анықтамасында  түңгі уақытта жұмыс істеуге тиім салынған кейбір тұлғалар жіберілмейді.Түңгі жұмыс уақытындағы әр сағат үшін бір жарым мөлшерден кем өленбеуі керек.

      Жұмыс уақытының есеп табілінде түңгі  уақыт бір айдағы қорытынды сандармен тіркеледі. Түңгі уақыттағы барлық жұмыс кәсіпорында бекітілген бастапқы  құжаттармен ресімделген және кәсіпорынның (ұйымның) ұжымдық келісімшартында (Еңбекақы туралы ереже) бекітілген жоғары мөлшерде төленеді, ол заңды қарастырылған мөлшерден төмен болмауы керек.

      Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 128-бабына сәйкес:

- қызметкерлерге  демалыс күндері (апта сайын үзіліссіз демалыс уақыты)   беріледі;

- бес күндік жұмыс аптасында қызметкерлерге аптасына демалуға екі күн беріледі, ал алты күндік жұмыс аптасына бір күн;

- жексенбі жалпы демалыс күні болып табылады.Бес күндік жұмыс аптасының екінші демалыс күні жұмыс берушінің актісінде немесе жұмыс кестесінде бекітіледі. Екі демалыс күні, тәртіп бойынша қатар беріледі;

- жұмыс күндері мереке күндері мен қатар келген жағдайда  және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында  Қазақстан Республикасы  Үкіметі демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыра алады. Жұмысшылар демалыс күндері жұмысқа мына жағдайларды қоспағанда  ғана олардың келісімімен жіберіледі;

- төтенше жағдайларды болдырмау немесе дүлей апат,  өндірістік апаттың алдын алу немесе олардың салдарын дереу залалсыздандыру үшін;

- қайғылы оқиғалардың (жағдайлардың ),мүліктердің опат болуының алдын алу және олардың себеп-салдарын тексеру үшін

- тұтас ұйымның немесе оның жекелеген бөлімшелерінің қалыпты жұмысістеуіне ықпалын  тигізетін, жылдам орындалуын талап ететін, бұрын байқалмағандықтан шұғыл істелетін жұмыс үшін.

      Тікелей кесімді еңбекақы жүйесінде жалақы дайындалатын өнімнің кез келген санына белгіленгенкесімді баға бойынша орындалған жұмыс (дайындалған өнім) үшін есептеледі. Еңбекақы жұмысшының дайындаған өнім санына арналған белгіленген бағаларға көбейту жолымен анықталады.Сонымен бірге еңбекақы әрбір өндірілген бұйым бірлігі үшін ғана сол бағалау бойынша төленеді.

        Сыйлықақы кесімді еңбекақы жүйесінде жұмысшының жалақысы нақты өнімділік үшін есептелетін негізгі (тікелей) кесімді бағалау бойынша еңбекақыдан құралады  және белгіленген сыйлықақы көрсеткіштерін  (өндірістік жоспарды, нормаланған тапсырманы және өнімділік нормасын орындау; өнімнің сапасын көтеру; шикізатты, отынды,энегияны, материалды  үнемдеу; жабдықтау құрылысының технологиялық тәртіптемесін) сақтағаны үшін есептелетін сыйлықақы төленеді.

      Үдемелі-кесімдіеңбекақыдан жалақы өнімдердің жоспарлы саны үшін, тікелей кесімді бағалау бойынша емес,өнімді нормадан тыс өндіргені үшін үдемелі өсу бағасы бойынша есептеледі.

      Жанама-кесімді  еңбекақыда қосалқы және басқа өндірістегі  жұмысшылардың еңбекақы көлемі олардың  негізгі өндіріс жұмысшыларына қызмет етудегі жұмысқа жанама әсерін тигізетін еңбек нәтижесіне  байлаысты есептеледі.

      Өнеркәсіптегі өнім сапасын бақылау тәсіліне, ұйымдастыру  мен еңбекақы жүйесіне, өндіріс сипатына қарай мынадай бастапқы есеп құжаттарының  нндары қолданылады: кесімді ңбекақыны жұмысқа жүктелім, бағыттық құжат, ауысым үшін жұмысқаа қабылдау және өнімділік туралы рапорт, өнімділік есебінің тізімдемесі, мерзімдік еңбекақыдағылар  мен басқалардың орындаған жұмыстары мен нормаланған тапсырмасын қабылдау туралы акт.

      Көтеріңкі еңбекақы жүйесі әр түрлі мамандықтағы ұрылысшылардан құралатын бригаданың  жөндеу және басқа жұмыстард орындау барысында қолданылады.Бұл жүйеде жалақы алдын ала белгіленген нормаланған тапсырма (уақыт нормасы, өнімділік нормасы) бойынша барлық жұмыс көлемінің орындалуымен анықталады.

      Еңбекақы  жұмыстың ең жоғары мерзімде орындалуы  қоса көрсетілетін түпкілікті өнімнің  өлшеу бірлігіндегі белгіленген  бағалау бойынша барлық жұмыс  көлемі үшін жүргізіледі.Бухгалтерия  нақты еңбекақыны жұмыс  істелген әр бір уақыт ішіндегі сағат санына және жұмысшылардың разрядына сәйкес бригада мүшелеріне бөлінеді. Бұл жағдайда сыйлықақы сапаны сақтау барысындағы жұмысты орындау уақытын қысқарту үшін жүргізіледі.Көтеріңкі еңбекақы  жүйесі материалдық мүдделілікті тудыру және жұмысты   орындау мерзімін қысқарту  мақсатында жеке жұмысшылар тобына еңгізілуі керек. Көтеріңкі еңбекақы жүктеліммен ресімделеді. Бригада  мүшелерінің өтініші бойынша көтеріңкі еңбекақы оларға тең бөлінуі мүмкін. 

      2.2 Қызметкерлермен есеп айырысу есебінің негізгі міндеттері:  

  1. Еңбектің  саны мен сапасы, шығарылм нормасының орындалуына, жұмыс уақыты мен жалақы қорының пайдалануына бақылау жасау;
  2. Субъектінің әрбір қызметкеріне еңбек ақыны дер кезінде және уақытылы есептеу;
  3. Еңбек ақыдан дер кезінде және дұрыс ұстап қалу;
  4. Белгіленген мерзімдерде қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысуды жүргізу;
  5. Есептелген жалақыны өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дер кезінде және дұрыс енгізу;
  6. Өндірістік процеске басшылық жасау операцияларына қажетті еңбек пен еңбек ақы туралы деректерді алу;
  7. Еңбек және еңбек ақы бойынша статистикалық есептемені жасау;
 

    2.3 Бухгалтерлік есепте еңбек ақы төлеудің 2 нысаны бар: 

      1-нысаны – мерзімдік;

      2-нысаны - кесімді;

      Мерзімдік нысан кезінде еңбек ақы төлеу жұмыспен өтелген уақыттағы тарифтік ставкалар немесе қызметақылар бойынша жүргізіледі. Еңбек ақы төлеудің мерзімдік нысаны мынадай жағдайларда қолданылады:

  1. Жұмысшы өнім шығарудың артуаны тікелей әсер ете алмайды;
  2. Ксімді бағалауға қажетті шығарылымның көрсеткіштері толық емес;
  3. Жұмыс уақытын пайдалануға қатаң бақылау ұйымдастырылған, нақты жұмыспен өтеген уақытына қатаң есеп жүргізіледі;
  4. Жұмысшыларды дұрыс тарифтендірген кезде, яғни жұмысшының біліктілігі орындалатын жұмыстың разрядына сәйкес келу;
  5. Қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін;

      Мерзімді  еңбек ақы жай және мерзімді – сыйақылар болып бөлінеді.

Жай мерзімдік  еңбек ақы тек жұмыспен өтелген уақытпен және қызметкерлердің тарифтік ставкасымен немесе қызметақысымен анықталады. Практикада осы табыстарды есептеудің 3 түрлі әдісі қолданылады:

      1. Сағаттық;

  • 2. Күндік ақы;
  • 3. Айлық ақы;

      Мерзімдік – сыйақылық еңбек ақы кезінде тек нақты жұмыспен өтелген уақыт қана ескеріліп қоймай, сондай – ақ еңбектің соңғы нәтижесі ескеріледі (белгілі бір көрсеткішьерге қол жеткізгені үшін сыйақы көзделеді).

      Кесімді еңбек ақы шығарған өнімін ескеруге болатын жұмыскерлерге ғана (токарьлар, тігіншілер, тас қалаушылар) қолданылады.Бұл нысанда еңбек ақы төлеудің 5 жүйесі бар:

  1. Тікелей кесімді жүйе;
  2. Кесімді- сыйақылақ жүйе;
  3. Ілгерішіл – кесімді жүйе;
  4. Жанама – кесімді жүйе;
  5. Аккордық жүйе;

      Тікелей кесімді төлемде еңбек ақының мөлшері тек шығарылған бұйымның саны мен өнім бірлігі үшін белгіленген бағалауға тәуелді болады.

      Кемісді – сыйақылық төлемде кесімді еңбек ақы сомасынан басқа, белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін сыйақы есептейдә.

      Ілгерішіл – кесімді төлемде өндірілген өнімді белгіленген нормалар шегінде тікелей бағалаулар бойынша төлеу көзделген. Ал нормадан тыс бұйымдарды шығару көтермеленген бағалар бойынша (2 есе кесімді бағалаудан аспайтындай төленеді).

Информация о работе Еңбек өнімділігі және оларды өлшеу әдістері