Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 18:47, курсовая работа
Экономикалық саясаттың атап өтілген бағыттары бір-бірінен дербес емес. Кей жағдайда ол бір-бірімен тығыз ықпалдасып, бір-бірін қайталап, баска да бағыттардың құрамына кіреді. Мәселен, тұрактандыру саясаты бюджет-салык, несие-ақша, валюта саясаты және бірқатар баска бағыттар арқылы іске асырылады. Бұл жағдайда ұлттық экономиканың жұмыс істеуі мен прогрессивтік дамуының тиімділігін арттыру мақсатында экономикалық саясаттың барлық бағыттары мен нысандарын кешенді пайдалану мемлекеттің ең маңызды міндетіне айналады.
Нарыктық экономиканың калыптасуы мен трансформация жағдайында оның институттарының кұрылу шамасына орай бюджет-салық және несие-ақша саясаты нысандарының рөлі мен маңызы артады.
КІРІСПЕ 3
І ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ, МАҚСАТТАРЫ, ҚАЙШЫЛЫҚТАРЫ...............................................................................................5 1.1 Экономикалық саясаттың қалыптасуы және субъектілері 5
1.2 Экономикалық реттеудің әлеуметтік-экономикалық мақсаттары 9
1.3 Экономикалық саясат мақсаттарының қайшылықтары және оларды шешу әдістері 13
ІІ ШАРУАШЫЛЫҚ МЕХАНИЗМІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ...................................16 2.1 Экономикалық реттеу әдістері мен құралдары 16
2.2 Қаржы-қаражат жүйесі және оның шаруашылық механизмі 19
ІІІ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН МЕХАНИЗМІ.........................................................................................................24 3.1 Мемлекеттік мекемелер жұмысын жаңаша ынталандыру және реформалау 24
3.2 Мемлекет монополист болмау қажет және адамдарға жақын болу қажет 26
ҚОРЫТЫНДЫ 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 30
МАЗМҰНЫ
Экономикалық саясатты жүзеге асыру -- мемлекеттің экономикалық саясатының аса маңызды бағыты. Экономикалық саясат ерікті нәрсе емес. Ол ұлттык экономикалық жүйенің мәнімен және мазмұнымен байланысты.
Экономикалық саясат пен оның дәреже сатысының нысанын аныктайтын елелі факторға сондай-ақ даму тұрпаты (теңесетін, өтпелі, салыстырмалы артыкшылықтар негізіндегі); үкіметтің экономикалық бағытының сипаты экономиканы эволюциялық кайта құру; түбегейлі қайта кұруды жылдамдату; экономикалық дамудың бір бағытын бір жақты ұстану; дамуға елдің ішкі және сырткы шектеулерін ескере отырып жан-жақты қарау және т.б. жатады.
Жалпы экономикалық саясат коғамда өктемді ететін сол немесе басқа экономикалық және қоғамдық идеяға байланысты таңдалады. Аталмыш байланысы саяси факторлар ыкпал етеді.
Нарыктық қатынастарға негізделген экономикалық жүйеде экономика субъектілерінің қызметіне барабар экономикалық саясаттың нысандар басымдық еді. Осындай саясат жүйесіндегі құралдар негізінен экономика субъектілерінің экономикалық мүдделеріне жанама ықпал жасайды, сол себептен экономикаға ықпал ететін тікелей әдістер де бір уақытта пайдаланылады.
Экономикалық саясат, әдетте, қайсыбір тұжырымдамаға негізделмейді, ол орныкты даму жағдайында нарықтық-тұжырымдамалық механизмдерге (әр түрлі елдерде бір уақытта немесе бір елдің дамуының әр түрлі кезеңдерінде) ерекше назар аударылатын либералдық саясатты немесе дағдарыстың даму жағдайындағы мемлекеттің экономикасына мемлекеттің экономикаға көбірек аласуына басымдық берілетін дирижизмге негізделуі мүмкін. Экономикалық саясат таза экономикалық теориядан осылайша ерекшеленеді. Экономикалық саясатқа көптеген ішкі және сырткы, экономикалық және экономикалық емес факторлар ықпал етеді, көп жағдайда ол әртүрлі саяси күштердің ымыраға келуіні нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттің экономикалык саясатының нақты бағыттары мен нысандарын былайша жүйелеуге болады. Экономикалық саясатты экономиканың деңгейі мен экономикалық саясатқа ықпал ету тәсілі бойынша келесідей бөлуге болады:
Экономикалық саясатты уақыт аралығы бойынша
келесі екі түрге белуге болады:
Саясат нысандарының осы жіктемесімен қатар саясаттың нысанын басқа өлшемдер, атап айтқанда экономикадағы функционалдық рөлі (функционалдық нысандар) бойынша жеке бөлуге болады. Осыған байланысты әлеуметтік даму және әлеуметтік салаларды жетілдіру міндеттерін шешуге бағдарланған әлеуметтік саясат; инвестиция тарту мен оларды пайдалануға бағдарланған инвестициялық саясат; инфляцияны тежеу мен орнықты теөмен деңгейін қамтамасыз етуге бағдарланған инфляцияға қарсы саясат; салық жүйесін жетілдіріп, әртүрлі салықтарды тиімді қолдануға бағдарланған салық саясаты, инновациялық саясатқа жеке бөлінеді.
Мемлекет өзінің экономикалыҚ рөлін іске асыра отырып, қабылданған экономикалық бағыттың негізінде саясаттың басымды нысандарын ғана емес, сонымен бірге оның нақты бағыттарын немесе функционалдық нысандарын да белгілейді.
Экономикалық саясаттың атап өтілген бағыттары бір-бірінен дербес емес. Кей жағдайда ол бір-бірімен тығыз ықпалдасып, бір-бірін қайталап, баска да бағыттардың құрамына кіреді. Мәселен, тұрактандыру саясаты бюджет-салык, несие-ақша, валюта саясаты және бірқатар баска бағыттар арқылы іске асырылады. Бұл жағдайда ұлттық экономиканың жұмыс істеуі мен прогрессивтік дамуының тиімділігін арттыру мақсатында экономикалық саясаттың барлық бағыттары мен нысандарын кешенді пайдалану мемлекеттің ең маңызды міндетіне айналады.
Нарыктық экономиканың калыптасуы мен трансформация жағдайында оның институттарының кұрылу шамасына орай бюджет-салық және несие-ақша саясаты нысандарының рөлі мен маңызы артады. Нарықтық экономика дамыған жағдайда макроэкономикалық саясаттың осы нысандары экономикалық процеске ықпал етуде анықтаушы рөл атқарады.
1.1 Экономикалық саясаттың қалыптасыу және субъектілері
Нарықтық экономика, оны біртұтас жүйе ретінде алғанда, тұрақты да тоқтаусыз өзгеріп дамиды және күрделене түседі. Нарықтық экономика дамыған сайын, оның бір-бірімен байланысты, экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, технологиялық, экологиялық, тіпті, саяси және халықаралық т.б. даму факторлары және ішкі ұйымдық-экономикалық құрылымдары (объективтілері мен субъективтілері) қалыптасып-өзгеріп, бір-біріне ықпал жасап, әр түрлі қайшылықтарды өмірге әкеледі. Мезгілі жеткен кезде олар шешімі күрделі әлеуметтік, экономикалық, саяси қиыншылықтарға соқтыруы мүмкін, бірақ осының жалпы басым нәтижесі – нарық механизмі тиімділігінің артуы болады. Бұл заңдылық нарықтық экономиканың барлық тарихи даму кезеңдерінде, оның қарапайым тауар айырбастау формаларының пайда болуынан бастап, ұлттық-мемлекеттік шеңбердегі нарықтық шаруашылықтардың қалыптасуын қоса, осы күнгі күрделі халықаралық нарық түрлеріне дейін тоқтаусыз жалғасып келеді.
Мысал ретінде ХVIII ғ. соңы – ХIХ ғ. бас кезінде Батыс елдерінде болған процестерді алуға болады. Бұл кезең адамзат тарихында әлеуметтік-экономикалық прогрестің мәнін терең түрде өзгерткен, өнеркәсіптік революция деп танылған процеспен сипатталады. Нәтижесі – экономикалық дамудың қарқынды өсуін тудырған жаңа сапалық даму деңгейі. Экономикалық өсу қарқыны артуы және нарықтық қатынастар ауқымының кеңеюі нәтижесінде тауарларды көптеп (жаппай) өндіру әдісі машиналық-индустриялық өндірістің негізгі белгісі болады. Тауарларды жаппай (көптеп) өндіру бір өнімге (өнім өлшеміне) кеткен өндіріс шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Өнімнің арзандауы, өндіріске тартылған халық санының өсуі және табыстардың артуы нарық айналымын елеулі түрде кеңейтті.
Өндірістің техникалық дамып өсуі – кездейсоқ болған уақиға емес. Оны тек адамзат қоғамындағы білімнің қордалануымен ғана түсіндіруге болмайды. Ғылыми-техникалық жаңалықтардың ашылуы экономикалық қажеттіліктен туындайды. Сауданың өсіп-кеңеюі, айналымдағы тауар-ақша массасының артуы бәсекелестікті өршітті. Оның үстіне Европаның шектеулі аумағында халықтың саны өсіп, экономикалық кеңістік тарыла түсті; бұл жағдай да бәсекелестікті одан әрі асқындырып жіберді. Бір-бірімен қарсыластық, басқалардан жоғары экономикалық нәтижеге ұмтылу, өндірістегі өз орнын сақтап қалу мақсаты іскерлер қауымының көптеген өкілдерін жаңа техникалық және технологиялық шешімдер іздестіруге итермелеп, ынталандырды.
ХVII-ХIХ ғғ. Экономикалық өзгерістер көптеген басқа әлеуметтік-экономикалық процестердің өзара байланыстарына, нақты айтқанда, нарық механизмі мен мемлекет арасындағы байланыстарға жаңаша негізг қалады. Шаруашылық жүйенің күрделенуі мемлекеттің қолдау, түзету, үйлестіру әректтерін арттыруға мәжбүрледі. Мемлекеттің міндеті нарық инфрақұрылымын құру болды, немесе экономикалық дамуды құқықтық институттар мен тәртіп нормаларымен қамтамасыз ету, экономикалық дамудың ішкі және сыртқы қауіпсіздігін, ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтау. Осындай инфрақұрылым нарық механизміне, оның тиімдірек қызмет атқаруы үшін қажет болды.
Осы айтылған экономикалық ақиқаттылықтардың өзара қабысу (нарық-өндірістік революция, нарық-мемлекет) тиімділігінің жоғары болғаны сондай, ХХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарында экономиканың өсу қарқыны тіпті шамадан тыс артып кетті. Ол кезде шаруашылық жүйенің жалпы экономикалық тепе-теңдікті сақтап қалу механизмі әлі жоқ еді. 1929-1933 жылдардағы бүкіл әлемдік экономикалық дағдарыс – соның қасіретті айғағы. Осыдан кейін: мемлекеттің экономикаға қатысуы жаңа деңгейге көтеріп, шаруашылық механизмі мен мемлекеттің өзара байланыстарының тиімділік нұсқасын табу қажет деген тұжырым жасалды. Экономика мемлекеттің жан-жақты және тұрақты қолдауы қажет ететін болды. Осылай «экономикалық саясат» деп аталатын құбылыс пайда болды.
Өзгеріп кеткен жағдайда мемлекет инфрақұрылымдық сипатты шаралар жүйесін күрт кеңейтті. Бірақ нарық механизмінің жаңаша өзгерген түрінің негізгі қажет еткен – нарықтық экономиканы сырттан реттеп үйлестіру әдістері болды. Нарық механизмінің өзін-өзі іштен реттеу мүмкіншілігін шектеулі екені айқындалып, оны енді сырттан түзетіп-реттеу қажеттігі артты.
Сырттан реттеп-түзету шаралар жүйесіне үздіксіз дамитын нарықтық экономиканың жалпы экономикалық тепе-теңдігін сақтап тұру жатады. Тепе-теңдік ұғымының өзі экономикалық қана емес, сонымен қатар, әлеуметтік реңк алды. Әлеуметтік сақтандырудың көп тармақты жүйесін жасау қажет болды.
Экономикалық саясат
элементтерінің алғашқы жасалған кезеңін
ХІХ ғ. соңынан бастаған дұрыс. Мысал
ретінде бұл жағынан
Алғашқы экономикалық саясаттың ерекше сипаттық белгісі – оның жеке-жеке қалыптасқан жағдайларды түзетуге бағытталған стратегиясы. Мұндай экономикалық саясат теорияда «нүктелік» стратегия деп аталады. Оның шеңберінде экономикғалық саясаттың келесі жекелеген түрлері практикада қолданылды: кедендік, аграрлық, өндірістік, әлеуметтік. ХХ ғ.бас кезінде осындай «шашыранды» саясаттың орнына оның жаңа нұсқасы келді.
Кең ауқымды да кешенді экономикалық саясат жасап, оны жүргізуге қуатты ықпал жасаған және мәжбүр еткен 1-ші және 2-ші д.ж. соғыстар болды. Соғыс қоғам өмірінде өте өткір саяси-әлеуметтік және экономикалық проблемалар жүйесін қалыптастырды.
Бірақ сонда да нарықтық экономиканың өзін-өзі реттеу мүмкіншілігіне деген сенімді түпкілікті үзген – жоғарғы айтылған, 30-шы ж. әлемдік экономикалық дағдарысы болды. Мемлекеттің араласуы аймақтық қана емес, жалпы экономикалық, ал кеңірек – халықаралық сипат алды.
Арнайы әдебиеттерде экономикалық саясаттың көптеген анықтамалары кездеседі. Солардың ішінде ГФР елінің белгілі ғалымы Х.Гирш қысқа, бірақ мазмұны терең анықтама бегген еді. Гирштің пікірінше, мемлекеттің экономикалық саясаты – экономикалық процестердің бағытын бір арнаға түсіру үшін жасалған, оларға ықпал ету, немесе олардың ағымын алдын ала анықтап тікелей реттеу шараларының жиынтығы.
Мемлекеттік реттеудің іс-шаралары жүйесінде оның әр түрлі, мысалы, практикалық және ғылыми, жақтарын бөліп анықтауға болады. Практикалық жағы – бұл мемлекеттік реттеудің нақты іс-шаралар жиынтығы. Теориялық жағы – бұл ұлттық экономиканың ең тиімді дамуына ықпал жасайтын жағдайларды, себептерді және іс-әрекеттерді жүйелі түрде зерттеу; оның ғылыми аспектісіне экономикалық саясаттың үлгілерін және болжау бағдарламасын жасау да жатады.
Экономикалық саясатта жалпы-экономикалық прогрестерге ықпал жасаушы және нақты шаруашылық салаларын реттеуші әдістер бөліп көрсетіледі. Соңғыларына мемлекет қызметкерлерінің еңбек ақысын реттеу, жоғары және жалпы білім беру мекемелерін қаржыландыру, ұсақ кәсіпкерлікті қолдау, т.б. жатады.
Институционалдық және
сапалық анықтау принциптеріне
сәйкес аграрлық, өндірістік, сыртқы экономикалық,
әлеуметтік саясат түрлері анықталады.
Функционалдық анықтау
1. Экономикалық саясат
әрқашан да екі фактордың:
2. Дамыған елдерде
қалыптасқан тәжірибе
3. Экономикалық саясат елдің саяси бағытын қолдан нығайтатын маңызды құрал болады.
Экономикалық саясат
Бұрынғы Кеңес әдебиеттерінде экономикалық саясаттың субъектісі ретінде тек қана мемлекет алынған. Бұл, әрине, шектеулі идеологиялық көзқарас. Экономикалық саясат субъектілері бірнешеу. Оларға мемлекеттің өзі (оның құрамындағы аймақтық және жергілікті институционалдық құрылымдарын қосқанда) және мемлекеттік емес қоғамдық одақтар мен бірлестіктер жатады. Осы саяси-экономикалық субъектілердің іс-әрекеттік сипаттары әр түрлі. Мемлекеттің саяси және экономикалық билігі бар. Қоғамдық одақтар мен бірлестіктер тек өздерінің мүмкіншілігіне ғана сүйене алды, олардың заң қабылдау билігі жоқ.