Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 18:47, курсовая работа
Экономикалық саясаттың атап өтілген бағыттары бір-бірінен дербес емес. Кей жағдайда ол бір-бірімен тығыз ықпалдасып, бір-бірін қайталап, баска да бағыттардың құрамына кіреді. Мәселен, тұрактандыру саясаты бюджет-салык, несие-ақша, валюта саясаты және бірқатар баска бағыттар арқылы іске асырылады. Бұл жағдайда ұлттық экономиканың жұмыс істеуі мен прогрессивтік дамуының тиімділігін арттыру мақсатында экономикалық саясаттың барлық бағыттары мен нысандарын кешенді пайдалану мемлекеттің ең маңызды міндетіне айналады.
Нарыктық экономиканың калыптасуы мен трансформация жағдайында оның институттарының кұрылу шамасына орай бюджет-салық және несие-ақша саясаты нысандарының рөлі мен маңызы артады.
КІРІСПЕ 3
І ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ, МАҚСАТТАРЫ, ҚАЙШЫЛЫҚТАРЫ...............................................................................................5 1.1 Экономикалық саясаттың қалыптасуы және субъектілері 5
1.2 Экономикалық реттеудің әлеуметтік-экономикалық мақсаттары 9
1.3 Экономикалық саясат мақсаттарының қайшылықтары және оларды шешу әдістері 13
ІІ ШАРУАШЫЛЫҚ МЕХАНИЗМІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ...................................16 2.1 Экономикалық реттеу әдістері мен құралдары 16
2.2 Қаржы-қаражат жүйесі және оның шаруашылық механизмі 19
ІІІ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН МЕХАНИЗМІ.........................................................................................................24 3.1 Мемлекеттік мекемелер жұмысын жаңаша ынталандыру және реформалау 24
3.2 Мемлекет монополист болмау қажет және адамдарға жақын болу қажет 26
ҚОРЫТЫНДЫ 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 30
1.3 Экономикалық саясат мақсаттарының қайшылықтары және оларды шешу әдістері
Экономикалық саясат концепциясын қабылдаған кезде, мемлекет оның негізінде, мақсаттары нақты анықталған жұмыс бағдарламасын да жасап шығаруы қажет болады. Бағдарламада мақсаттар байланыстарының иерархиялық жүйесі мүмкін болғанша толық зерттеліп, оның ішкі құрылымдық қисыны (логикасы) нақты анықталуы тиіс. Абстрактілік-болжамды түрде осындай экономикалық саясаттың мынадай құрылымы болуы мүмкін: негізгі түпкілікті мақсат (қоғамның тұрмыс деңгейіне байланысты анықталған) нақтыланған мақсаттық міндеттер жүйесі ретінде өрістейді.
Бірақ іс жүзінде мұндай абсолютті үйлесімді мақсаттар жүйесі негізінде құрылған экономикалық саясатты қалыптастыру өте қиын. Бұл негізінен екі жағдайға байланысты.
Біріншіден, нақты мақсаттың өзін анықтау – тым қиын іс. Қоғамда әрқашан мақсат туралы түсінік әр түрлі болады. Дәл осы байланысты оларды анықтағанда және іске асырғанда қоғамда әр түрлі қайшылықтар мен келіспеушіліктер пайда болады.
Екіншіден, экономикалық саясатты іске асыру кезінде, оның мақсаттары бір-біріне қайшы келіп, бірінің іске асырылуы екіншісінің шешіміне кедергі болып, тіпті оның іске асуын болдырмай да тастауы мүмкін. Осыған байланысты, кез келген экономикалық процесс әрқашан да қайшылықты түрде жүретінін айта кету қажет.
Демек, мәселе - өзара
байланыстағы, бірақ сонымен бірге
өзара қайшылықтағы экономикалық саясат
мақсаттарының оптималды
Толық жұмыспен қамтылу жағдайына жету және бағалар тұрақтылығын қамтамасыз ету. Жұмысқа жарамды тұрғындардың еңбекпен қамтылу деңгейі қаншама жоғарыласа, соншалықты жиынтық жұмыс күшінің еңбекақы ауқымы артады, бұған сәйкес жалпы сұраным көлемі де көбейеді. Нәтижесінде бағалар деңгейі өспей қоймайды. Бұл жағдайда өнімдер мен қызметтер өндірісі де өседі, бірақ экономиканың өсу фазасында еңбекақының өсу қарқыны еңбек өнімділігінің өсімінен артып кетуі әбден мүмкін. Экономиканың өрлеп-өсу фазасында жұмыс күшіне сұраным өседі, сондықтан еңбекті жалдаушылар кәсіподақтардың ықпалыменен жұмысшыларға жоғарылаған еңбек тарифін төлеуге мәжбүр болады. Кәсіпкерлер одағы экономиканың құлдырау жағдайында кәсіподақтардың талаптарын қабылдамайды, әрине. Ал экономиканың өрлеу жағдайына кәсіпкерлер пайда нормасының төмендеуіне қарамастан, қосымша еңбекақы шығындарына келіседі; олар қосымша шығын жұмсап қосымша пайда табуға ұмтылады. Нәтижесінде қоғамда жалпы табыс деңгейі артады.
Өз кезегінде табыс жағынан қалыптасқан инфляция өндірістің құлдырауын қалыптастыруы әбден мүмкін, нәтижесінде жұмыстылық (занятость) қысқарады.
Осыдан келіп мынадай
Экономикалық өсу және қоршаған ортаны сақтау.
Бұл мақсаттардың бір-біріне қайшы келетіні айқын көрінеді. Сондықтан «Нольдік өсу» теориясының пайда болуы кездейсоқ емес. Тіпті қарқынды емес, бірақ тұрақты экономикалық өсудің өзі де табиғи ресуртардың сарқылуынан құтқара алмайды.
Бұдан шығу жолы қандай? Ол екі жақтан байқалады. Біріншіден, қоғамда тұрғындардың тұрмыс деңгейі өсіп, белгілі бір қабылдауға болатындай дәрежеге жеткен соң, экономиканың өсуімен байланысты мәселелерді абайлап шешу қажет болады. Адамзат ешқашан игіліктің барлығын толық ала алмайды. Бұл – ақиқат. Сондықтан, бәлкім, мәселенің шешімін осыдан бастаған жөн шығар. «Игілік» деген ұғымның өзі екі ұшты және субъективті. Адамдарға қолында барға риза болуды, оны бағалауды үйрену керек. Дамыған елдерде қоғамдағы молшылыққа қарамастан, тұрғындар өз қолдарындағы заттарды өте ұқыпты пайдалануға, барлығын үнемдеуге әбден үйренген, бұл олардың мінез-құлқына сіңген.
Бұл проблеманың екінші шешімі мынадай: экономикалық қуат пен мүмкіншіліктерді табиғатқа зиянсыз, үнемі де таза технология түрлерін шығаруға, оларды барлық өндіріс салаларына енгізуге жұмсау керек. Қоршаған ортаны, су, жер ауаны тазартатын техника мен технология түрлерін көптеп шығару да өте маңызды.
Келтірілген мысалдарда қайшылықты мақсаттар құрамалары қаралды. Сонымен бірге, экономикалық саясат, «тыныш», оншама қайшылықты емес мақсаттық арақатынастармен де айналысуы мүмкін: бағалар тұрақтылығын сақтау және қоршаған ортаны қорғау; табыстарды әділетті бөлу және сыртқы экономикалық тепе-теңдік. Мұндай мақсаттарды қатар, бір кезде іске асыру ерекше проблемалар тудырмайды.
Бірақ, ондағы таңдалған бағыттар бір-біріне жағдай жасап, бірінің орындалуы екіншісінің шешіміне көмектесетін болса ғана мақсаттық құрамдардың ең сәтті түрі сондай болмақ. Мұндай мақсаттар қатар, бір кезде орындалады. Мысал ретінде, жұмыспен қамтылу мен экономика қарқынын айтуға болады. Қорыта айтқанда, экономикалық саясаттың нақтыланған моделін жасау көзінде мақсаттық белгілер арақатынастарының тепе-теңдік жағдайын қалыптастыруға ұмтылу қажет.
2.1 Шаруашылық механизмінің құрылымы
Экономикалық саясат тек мемлекеттің экономикаға ықпал ету шаралар жүйесі мен механизмін пайдалану арқылы ғана іске асуы мүмкін. Мемлекеттің ықпалы негізінен үш бағытта шоғырланады: экономикалық, құқықтық және әкімшілік. Оларды нақты түрде белгілеместен бұрын экономикалық жүйе мен оның қызмет атқару механизмінің бірнеше заңдылықтарына тоқтала кеткен жөн.
4.Тізімделіп көрсетілген
жағдайлар экономикалық
Тікелей ықпал ету
әдістері экономика субъектілерін
мемлекеттің жарлығына
Экономика көптеген субъектілержиынтығы ретінде көрінеді. Олардың арасында тұрақты байланыстар жүйесі қалыптасқан. Егер субъектілердің бірі сырттан күштеп өткізілген шешім қабылдауға мәжбүр болса, бұл нарық субъектілерінің арасында қалыптасқан тұрақтылықты бұзуы мүмкін: басқа нарық агенттеріне де осы сыртқы ықпалға жауап беруге тура келеді. Басқаша айтқанда, тікелей әдістер нарық процестерінің табиғи дамуын бұзады.
Жанама ықпал жасау
әдістерін қолданғанда мемлекет
экономика субъектілерінің
Жанама әдістер шаруашылық
субъектілеріне әртүрлі деңгейде ықпал
етеді. Бірқатар құралдар (мысалы, жанама
салықтар, кеден салықтары) біршама
белсенді ықпал жасайды. Ал басқа
бір шаралар, айталық, нарық секторын
қажетті мәліметтермен қамтамас
Енді тағы бір маңызы өте зор әдістер тобына назар аударамыз. Бұл әдістер ұйымдық – институционалдық белгісіне қарай топтастырылған. Бұл тізімге әкімшілік, экономикалық және институционалдық әдістер кіреді.
Экономикалық саясаттың
әкімшілік әдістері. Әкімшілік
әдістер жиынтығы құқықтық қызмет көрсету
құрылымдардың әкімшілік
Әкімшілік іс-шараларының қолданылу деңгейі оларды пайдалану аясына сәйкес әртүрлі болады. Оларды бүгінгі күні қоршаған ортаны қорғауда және табысы шектеулі, тұрмыс деңгейі төмен тұрғындарды сақтандыруда белсенді түрде кең қолданылады.
Экономикалық әдістер. Экономикалық құралдарға нарық процестерін қажетті арнаға түсіретін мемлекеттің ықпал жасау іс-шаралары жатады. Жеке алғанда, экономиканың жалпы сұранымы мен ұсынымына, капиталдың шоғырлану деңгейіне, әлеуметтік және құрылымдық жақтарына ықпал жасау әдістері туралы сөз қозғалып отыр. Экономикалық шаралар құрамына қаржы және ақша-несие (монетарлық) саясаты; бағдарламалау (программирование) мен болжамдау (прогнозирование) кіреді.
«Қаржы саясаты» - өте ауқымды да көп қырлы ұғым. Бір жағынан, ол экономикалық саясаттың бюджеттік-қазыналық және алым-салымдық мақсаттарын іске асыру шаралары жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Екінші жағынан, жалпы экономикалық саясаттың бір бөлігі, қаржы шараларының іске асырылуы ретінде анықталады.
«Ақша-несие саясаты» деген категория да бір мазмұнды емес. Қаржылық әрекеттетерге қарағанда ақша-несие әрекеттері жанама әдіске жақындау. Жеке алғанда, қаржы саясатын үкіметке тікелей бағынышты құрылым - Қаржы министрлігі жүргізеді, ал ақша-несие саясатын Үкіметке тікелей бағынбайтын - Орталық (Ұлттық) Банк іске асырады.
Осы күнгі нарықтық экономикада,
бірінші кезекте ақша-несие
Институционалдық әдістер. «Институционалдық» деген ұғым отандық ғылыми айналымда әлі сирек кездеседі деуге болады. Бірақ экономиканың нарықтық-құқықтық нұсқа бойынша дамуы бұл ұғымның қолданылу ауқымын кеңейтпей қоймайды. Дәл осы ұғым арқылы әлемдік экономика теориясында дамыған құқықтық елдердің экономикасы осы күнгі кездейсоқтық даму сипатынан арылған, толық реттелген, ұйымдастырылған және заңдастырылған, әлеуметтік жағынан қамсыздандырылған нарықтық шаруашылық жүйесі ретінде көрсетіледі. Экономикалық саясаттың өзі ұйымдық жағынан толық қалыптасқан жүйе ретінде көрінеді. Осыған байланысты, жалпы алғанда мемлекеттік іс-әрекеттердің барлығы осы күні институционалдық формаға ие болғанын айта кету керек.