Экономикалық Саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 18:47, курсовая работа

Описание

Экономикалық саясаттың атап өтілген бағыттары бір-бірінен дербес емес. Кей жағдайда ол бір-бірімен тығыз ықпалдасып, бір-бірін қайталап, баска да бағыттардың құрамына кіреді. Мәселен, тұрактандыру саясаты бюджет-салык, несие-ақша, валюта саясаты және бірқатар баска бағыттар арқылы іске асырылады. Бұл жағдайда ұлттық экономиканың жұмыс істеуі мен прогрессивтік дамуының тиімділігін арттыру мақсатында экономикалық саясаттың барлық бағыттары мен нысандарын кешенді пайдалану мемлекеттің ең маңызды міндетіне айналады.
Нарыктық экономиканың калыптасуы мен трансформация жағдайында оның институттарының кұрылу шамасына орай бюджет-салық және несие-ақша саясаты нысандарының рөлі мен маңызы артады.

Содержание

КІРІСПЕ 3
І ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ, МАҚСАТТАРЫ, ҚАЙШЫЛЫҚТАРЫ...............................................................................................5 1.1 Экономикалық саясаттың қалыптасуы және субъектілері 5
1.2 Экономикалық реттеудің әлеуметтік-экономикалық мақсаттары 9
1.3 Экономикалық саясат мақсаттарының қайшылықтары және оларды шешу әдістері 13
ІІ ШАРУАШЫЛЫҚ МЕХАНИЗМІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ...................................16 2.1 Экономикалық реттеу әдістері мен құралдары 16
2.2 Қаржы-қаражат жүйесі және оның шаруашылық механизмі 19
ІІІ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН МЕХАНИЗМІ.........................................................................................................24 3.1 Мемлекеттік мекемелер жұмысын жаңаша ынталандыру және реформалау 24
3.2 Мемлекет монополист болмау қажет және адамдарға жақын болу қажет 26
ҚОРЫТЫНДЫ 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 30

Работа состоит из  1 файл

631 Экономикалық саясат.doc

— 265.50 Кб (Скачать документ)

Мемлекет экономикалық саясат субъектісі ретінде.

Мемлекеттің билігі елдегі әр түрлі өндірушілер мен тұрғындар топтарының мүдделерін келістіріп, олардың еңбек пен іскерлік әрекеттерінің белсенділігін белгіленген біржақты мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдалануы қажет. Экономиканың мемлекеттік реттелуі кейде иерархиялық жүйе ретінде құрылады. Ең жоғарғы мемлекеттік деңгейде Заң шығарушы және оны атқарушы билік тармақтары ажыратылып, олардың қызмет атқару шектері айқындалған. Парламентте экономикалық саясаттың негізгі бағыттары талқыланады және қабылданып бекітіледі немесе қайта қайтарылады. Қабылданған экономикалық саясаттың өмірге енгізіліп, оның іске асырылуына атқарушы билік тармағы – үкімет жауап береді. Үкімет өз кезегінде саясат мақсаттары мен тапсырмаларын іске асыру құқықтарын мемлекеттің әртүрлі мекемелеріне бөліп береді.

 Қызметтерді бөлісу  принципі мемлекеттің ұйымдық-саяси  типіне байланысты. Соңғысы федерациялық  немесе орталықтандырылған мемлекет  болуы мүмкін. Федеративті құрылымда  экономикалық саясаттың үш субъектілік  деңгейлері анықталады: федералдық, аймақтық және жергілікті.

Батыстың құқықтық жүйесі жағдайында мемлекетке жақын тағы да бірталай құрылымдар қызмет атқарады және олар да экономикалық саясаттың  субъектілері ретінде танылады. Оларға «қоғамдық-праволық» деп аталатын мәртебесі бар құрылымдар жатады. Олар жеке меншік фирмалар сияқты толық ерікті емес, сонымен қатар, мемлекеттің басқару аппараты құрамына да кірмейді. Оларға мемлекеттік басқару құрылымдарының құзырынан белгілі бір қызмет түрлері алынып берілген. Мысалы, ГФР-да осындай құрылымдар қатарында аймақтық (регионалдық) сақтандыру басқармалары, жергілікті емдеу мекемелерінің касса (төлем төлеу) жүйелері бар; Швейцария – қоғамдық транпортты қолдау агенттігі, өрт қауіпсіздігін сақтау ұйымдары бар.

Осындай институционалдық ұйымдар мемлекет пен жеке сектор арасындағы аралық орындарды иеленеді. Олар экономиканың жеке меншік секторы мемлекеттің тікелей және белсенді реттеу рөліне қарсы болатындығына байланысты құрылған. Экономиканы мемлекет тарапынан реттеу механизмінде олардың атқаратын қызметтері шектеулі.

Экономикалық саясаттың мемлекеттік емес субъектілері.

Оларға белгілі бір  әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіретін  және қорғайтын әр түрлі бірлестіктер жатады. Бұл, ең алдымен, кәсіподақтар және кәсіпкерлердің әртүрлі одақтары.

Экономикалық саясатта кәсіпкерлер одақтарының рөлі, өзінің маңыздылығы бойынша, мемлекеттік буындардың рөлінен кем емес. Мұның себебі – белгілі топтардың экономикалық саясатты анықтап, оны жүргізетін билік құрылымдарына салмақ салып, тіпті қысым жасау мүмкіншілігінде. Жеке меншік экономика секторының мүдделері мен мемлекет арсында ашық айтыстар жиі болып тұрады. Олардың әрқайсысы өз мүддесін экономикалық саясатта іске асыруға ұмтылады. Бұл тартыста мемлекеттің жағдайы әрқашан өзгелерден артық бола бермейді. Кәсіпкерлер одақтары қоғамдағы өздерінің атақ-беделін, тамыр-таныстық байланыстарын астыртын жұмсап және реклама, газеттер мен телевидение арқылы мамандардың жеке пікірлерін тез әрі кең түрде таратып, өз мүдделеріне сәйкес қоғамдық пікір қалыптастырып, жалпы мемлекеттік саясатқа күшті ықпал жасайды.

Мемлекет пен жеке экономиркалық одақтардың мүдделерін келістіру нұсқаларының бірі – белгілі  қызметтік міндеттерді шешу құқығын  осы одақтарға бөліп беру. Мысалы, Батыс Европа елдерінде ауыл шаруашылық одақтарына аграрлық саясатты нақты  іске асыру міндеті жүктелген.

Экономикалық саясатты жүргізу процесіне тікелей қатысатын  мемлекеттік институттар мен  экономикалық одақтардан басқа, саяси-экономикалық шешімдердің қабылдануына жанама ықпал  жасайтын қоғамдық құрылымдар мен ұйымдады да айтуға болады. Бұл жерде саяси ұйымдар, партиялар, ақпарат құралдары, қоғамда белгілі және беделді тұлғалар, сарапшылық кеңестер және қоғамдық пікір туралы сөз қозғалып отыр. Осы субъектілердің экономикалық саясатқа ықпал жасау сипаты мемлекеттің саяси құрылымына, елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты келеді.

Сонымен, «экономикалық  саясат» ұғымы «мемлекеттік реттеу»  ұғымынан кеңдеу. Экономикалық саясатты жүргізу барысында, мемлекет оның бастаушысы және негізгі орындаушысы ретінде  қатар көрінеді. Дамыған елдердің тәжіребесі көрсеткендей, жалпы экономикалық реттеудің жемісті болуы мемлекеттің тоталитарлығында емес, керісінше, өткізіліп отырған саясатқа мүмкін болғанша қоғамдағы барлық әлеуметтік топтардың өкілдерін тартып, олардың өзара бірігіп жұмыс істеуін ұйымдастыруды.

1.2 Экономикалық реттеудің әлеуметтік-экономикалық  мақсаттары

 

 

Экономикалық саясат дегеніміз – белгіленген бір  мақсаттарды анықтау және соларды  іске асыру. Қоғамның дамуында көптеген міндеттер мен мәселелерді қатарластыра шешіп отыру қажет болады. Осы проблемалар шешудің алғышарты – оларды алдын-ала анықтап, бір жүйеге түсіру. Ғылымда мәселелерді шешудің мынадай тәртібі ұсынылады.

Алдымен, ең жалпылама  деңгейде экономикалық дамудың түпкі  мақсаты анықталады. Теорияда экономикалық дамудың түпкі мақсаты – қоғамның тұрмыстық деңгейі жоғарылауы делінеді.

Экономика теориясында  «жақсы тұрмыс»  ұғымы АҚШ–та және Англияда белсенді зерттелді, осы елдерде  тіпті «жақсы тұрмыс экономикасы» деген  ғылыми концепция да қалыптасты. Бастаушы мақсат ретінде бұл ұғым бұрынғы жоспарлы экономика теориясында да орын алғаны белгілі.

«Жақсы тұрмыс» ұғымы  туралы сөз болғанда, бір мәселе: оны нақты түрде, яғни оның өлшемдік көлемін анықтап көрсету қиынға соғатыны айтылады. Бұл көрсеткіш  көбінесе шартты және салыстырмалы түрде  анықталады. Бірақ осы ұғым экономикалық саясаттың және экономикалық дамудың түпкілікті және жалпылама мақсатының мазмұнын дұрыс жеткізетініне күмән жоқ.

Осы түпкі мақсаттан  кейін екінші анықтау деңгейіндегі міндеттер шығады. Оларды шартты түрде  негізгі мақсаттар  тобы деп анықтауға болады. Экономикалық әдебиеттерде олар мемлекеттің функциялары ретінде түсіндіріледі. Осы жерде мынадай әдістемелік жағдайға назар аудару жөн болады: әртүрлі міндеттердің арақатынастары диалектикалық байланыста болады, яғни төменгі деңгейдегі міндеттерді орындау – түбегейлі жалпылама мақсатқа жақындаудың құралы және оған жетудің әдісі мен жолы.

Осы күнгі әлеуметтік құрылымның негізгі мақсаттарына қоғамның еркін дамуы, құқықтық тәртіп, ішкі және сыртқы қауіпсіздік жатқызылады. Негізгі мақсаттар құрамы сыртқы және ішкі жағдайға байланысты өзгереді. Олардың ең алғашқы «классикалық» анықтамалық градациясын А.Смит ұсынған еді. Ф.Бэкон және У.Петти еңбектеріне сүйене келе, ол қызметтердің келесі тізімін ұсынады;

  1. Сыртқы сфераға қатысты қауіпсіздікті қамтасыз ету;
  2. Құқықтық тәртіп орнату
  3. Мемлекет тарапынан нарық инфрақұрылымын бастау.

Кейіннен экономистер  бұл анықтамалық тізімді ары  қарай дамытып толықтырды, оның ауқымын  анағұрлым кеңейте түсті.

Осы күні «қоғамның еркін  дамуы»  негізгі мақсат ретінде бірінші орынға шығарылып отыр. Еркіндік ұғымын бірқалыпты түрде сипаттап беру мүмкін емес, мұнда көп нәрсе қоғам топтарының мүдделеріне байланысты. Бұл ұғымның мазмұнын философиялық, әлеуметтік және экономикалық категория ретінде тұтас қарастырып анықтауға болады. Қоғамды жеке адамның еркіндігі қаншалықты жоғары бағаланатын болса, мемлекетте экономикалық еркіндік соншалықты маңызды даму факторы ретінде қабылданады. Осыдан келіп «нарықтық экономиканың дамуына мемлекеттің қандай да бір араласуы экономикалық еркіндікті шектейді» деген пікір қалыптасқан. Экономикада еркіндіктің нақты деңгейі әрбір кезде саяси ымыраға келудің нәтижесі ретінде көрінеді.

Экономикалық еркіндік туралы түсінік әр елде ондағы қалыптасқан  экономикалық жағдайға және экономикалық мүмкіншілікке байланысты. Экономикалық еркіндік құқығы заң түрінде анықталғанымен, оның нақты іске асуы үшін экономикалық мүмкіншілік және жағдай қажет болады. Еркіндіктің экономикалық мүмкіншілігі жеке адамның қолындағы ресурсына байланысты келеді немесе мемлекеттің экономикалық мүмкіншілігіне тіреледі. Әрине, экономикасы жоғары дамыған елдерде жеке адамдардың еркіндіктері де, өзіндік және мемлекеттік экономикалық мүмкіншіліктері де жоғары. Бірақ, өзіндік экономикалық мүмкіншіліктері шектеулі әлеуметтік – экономикалық құрылымда мемлекеттің, оның жүргізіп отырған экономикалық саясатының маңыздылығы мен жауапкершілігі арта түседі.

Құқықтық тәртіп орнату проблемасы бойынша да дамыған елдердің мүмкіншіліктері жоғары болғанымен, нарық жүйесі әлі толық қалыптаспаған, экономикасы өтпелі жағдайдағы елдер үшін бұл мәселенің де мәні мен маңыздылығы өте жоғары екенін айтуға болады.

Мемлекеттің кез келген экономикалық  шешімі және оның құқықтық дәлелденуі қоғамдағы әлеметтік  топтардың мүдделеріне сәйкес анықталады. Бұл жерде реттеу стратегиясы әртүрлі қоғамдық топтардың заңдылық туралы түсініктеріне сәйкес болғаны дұрыс. Заңдылық пен құқықтық тәртібі әртүрлі әлеуметтік топтардың экономикалық мүдделерінің объективті түрде бір-біріне жақындауына да байланысты.

Құқықтық тәртіп орнату экономикалық саясаттың негізгі мақсатының бірі ретінде қаралады; ал қоғамдағы құқықтық тәртіптің негізгі түрлері: жеке меншік құқығы мен оны қорғау тәртібі; кәсіпкерлікқұқығы мен оны қорғау тәртібі; тұтынушы құқығы мен оны қорғау тәртібі ж.б. Осы тұста А.Смиттің айтқанын еске түсіру орынды: өндіріс пен сауданың өркендеп дамуы құқықтық тәртіпке, сенім мен тұрақтылыққа байланысты.

      Экономикалық саясаттың негізгі мақсаттарын қарастырғаннан кейін, енді оның практикаға нақтыланған мақсаттарын анықтаймыз. Бұларды іске асыру – жоғарыда айтылған түпкі мақсат – ұлттың жақсы тұрмысын қамтамасыз ету жолында жасалған белгілі қадам.

Экономикалық болмыста соңғысы  ЖҰӨ - нің  максималды өсуіне ұмтылыс ретінде көрініс алды. Бірақ, практикада осыған бағыттану толық сенімді емес; ЖҰӨ көрсеткіші барлық жағдайдағы тұрмыс-тіршілік деңгейі мен сапасы дәлме-дәл өлшеп көрсете алмайды, ол көптеген қосымша жағдайларды есепке алуды қажет етеді (керісінше болғанда бұл көрсеткіш істің шын жағдайын бұрмаланған түрде сипаттап көрсетуі әбден мүмкін). Басқкша айтақанда, экономикалық саясаттың негізгі мақсаты «тұрмыс денгейінің өсуі» деп алынған болса, онда бұл мақсатты нақты бір интегралды көрсеткіш ретінде қолдану дұрыс болмайды; ол нақты стратегияның дәлме-дәл бағытын анықтай алмайды. Сондықтан да практикада іске жарамды түрде нақтыланып айқындалған мақсаттық тапсырмалар жүйесін енгізу қажет болады.

Дамыған елдерде экономикалық саясаттың стратегиясын жасау және оны іске асыру практикасы көрсеткіштердің  үлгілік тобын анықтап берген; олар мемлекеттің экономикаға араласу мақсаттарын жеткілікті дәлдікпен көрсетеді. Әрине, жеке елдерде белгілі уақыт мерзімінде бұл көрсеткіштердің құрамы анықталған мақсаттардың санына байланысты немесе оларды жоғарыдан төмен қарай анықтау әдісіне сәйкес өзгеруі мүмкін; бірақ, жалпы алғанда, олар тұрақты біртұтас жүйе ретінде қызмет атқарады. Экономикалық әдебиеттерде әдеттегі мынадай қолданбалы мақсаттар бөліп көрсетіледі:

1. Экономикалық өсу;

2. Толық еңбекпен қамту;                                        

3. Баға мен ұлттық  валюта;

4. Сыртқы экономикалық тепе теңдік.       Экономикалық өсу мақсатына байланысты тағы бір маңызы зор міндет – жұмыс күшін толық еңбекпен қамтамасыз ету мәселесі. Мұның мәні – еңбекке жарамды тұрғындарды мүмкін болғанша максималды көлемде және ұзақ мерзімде тұрақты түрде пайдалану. Нақты бұл міндетжаңа жұмыс орындарын ашу арқылы және басқа да жұмыссыздықпен күресу әдістерімен шешіледі. Осындай іс-әрекеттер батыс елдерінде «жұмыспен қамтамасыз ету» саясаты деп аталады.

Өндіріс ауқымын елдегі бар өндірістік потенциалды толық пайдалану негізінде ғана неғұрлым жоғары арттыруға болатыны түсінікті. Бірақ, экономикалық өсу қаншама маңызды болғанымен, шындыққа сүйену қажет  - қоғам жұмыссыздықтың кейбір түрлерінен толық құтыла алмайды. Нарықтық экономика әрқашан жұмыссыз жүрген адамдардың белгілі бір үлесі болады. Қалыптасқан пікір бойынша, егер жұмыссыздық деңгейі 1.5-4% - тен аспаса, онда қоғамда толық жұмыспен қамту жағдайы орын алды деп саналады. Сірә, осы нормадан арту қауіпті әлеуметтік кезең болғаны ғой. Сөз болып отырған осы көрсеткіштің нақты қауіпсіз деңгейі әрбір елдегі қалыптасқан саяси-әлеуметтік жағдайға байланысты.

Егер инфляция деңгейі  жылына 1-2%-тен аспаса, баға деңгейі  бір қалыпты және ұлттық валюта тұрақты  деп саналады. Мұндай инфляйия батыс әдебиеттерінде «баяу инфляция» деп аталады. Бірде-бір экономика абсолютті баға деңгейін орната алмайды; сұраным мен ұсыным көлемдері тоқтаусыз өзгереді; тауарлар мен қызметтерді өндіру шығындарына да көптеген факторлар ықпал етеді. Бағалардың өсу қарқыны көрсетілген тұрақтылық нормасын асып кеткенде, ұлттық валютаның тұрақтылығы бұзылады. Ал, бұл, түптеп келгенде, нарықтың барлық қызмет атқару жүйесіне кері ықпал жасауы мүмкін. Экономикадағы тұрақты ақша айналымы тірі организмнің қан айналым жүйесіне ұқсас. Сондықтан да экономикалық саясаттың бұл мақсаты мемлекеттік реттеудің маңызды бағыты деп саналады.

Экономикалық саясаттың  маңызды міндеті – халықаралық  экономикалық талас-тартыста ұлттық экономиканы  қолдап-демеу, басқа елдермен есеп айырысу жүйесінде тең құқықтық жағдайды қамтамасыз ету. Атап айту керек, бұл проблеманы шешу күрдене түсуде,неге десеңіз, сыртқы экономикалық қатынастардың теңесуі өте тығыз экономикалық кеңістік жағдайында өтеді. Сондықтан да сыртқы экономикалық балансты ұстап қалу үшін байсалды білім, тәжірибе және іскерлік қажет. Көптеген экономистер осы қарастырылып отырған қолданбалы мақсаттар тобына табыстардың әділетті болуы мәселесін қосады. Бұл проблеманың экономикалық қана емес, сонымен бірге саяси әлеуметтік те мазмұны бар. Оның практикалық шешімінің қиындығы да осыдан туындайды.

Соңғы кездері табиғатты  қорғау мәселесі өте жиі қайталанып, талапты түрде айтылып келеді. Мамандардың пікірінше, бұл проблеманы нақты экономикалық мақсаты ретінде  әрбір ұлттық шаруашылық жүйесінде есепке алып, практикаға енгізу қажет.

Сонымен, экономикалық саясат – бұл ең алдымен өзара иерархиялық  байланыстағы кең ауқымды мақсаттар  спектрі. Осы күнгі теорияда бұл  мақсаттар жүйесі «мақсаттар пирамидасы»  деп аталады.

 

Информация о работе Экономикалық Саясат