Экономикалық Саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 18:47, курсовая работа

Описание

Экономикалық саясаттың атап өтілген бағыттары бір-бірінен дербес емес. Кей жағдайда ол бір-бірімен тығыз ықпалдасып, бір-бірін қайталап, баска да бағыттардың құрамына кіреді. Мәселен, тұрактандыру саясаты бюджет-салык, несие-ақша, валюта саясаты және бірқатар баска бағыттар арқылы іске асырылады. Бұл жағдайда ұлттық экономиканың жұмыс істеуі мен прогрессивтік дамуының тиімділігін арттыру мақсатында экономикалық саясаттың барлық бағыттары мен нысандарын кешенді пайдалану мемлекеттің ең маңызды міндетіне айналады.
Нарыктық экономиканың калыптасуы мен трансформация жағдайында оның институттарының кұрылу шамасына орай бюджет-салық және несие-ақша саясаты нысандарының рөлі мен маңызы артады.

Содержание

КІРІСПЕ 3
І ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ, МАҚСАТТАРЫ, ҚАЙШЫЛЫҚТАРЫ...............................................................................................5 1.1 Экономикалық саясаттың қалыптасуы және субъектілері 5
1.2 Экономикалық реттеудің әлеуметтік-экономикалық мақсаттары 9
1.3 Экономикалық саясат мақсаттарының қайшылықтары және оларды шешу әдістері 13
ІІ ШАРУАШЫЛЫҚ МЕХАНИЗМІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ...................................16 2.1 Экономикалық реттеу әдістері мен құралдары 16
2.2 Қаржы-қаражат жүйесі және оның шаруашылық механизмі 19
ІІІ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН МЕХАНИЗМІ.........................................................................................................24 3.1 Мемлекеттік мекемелер жұмысын жаңаша ынталандыру және реформалау 24
3.2 Мемлекет монополист болмау қажет және адамдарға жақын болу қажет 26
ҚОРЫТЫНДЫ 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 30

Работа состоит из  1 файл

631 Экономикалық саясат.doc

— 265.50 Кб (Скачать документ)

Түпкі нәтижеге бағытталған, қызметтердің мақсаттары нақты айқындалған  және жауапкершілігі жоғары деңгейде белгіленген мемлекеттік ұйымдар  құру тенденциясы күшеюде. Бақылау  – тексеру механизмі әлсіз  және ресурстары шектеулі елдерге бұл жүйеге бірден көшу мүмкін емес. Мемлекет мекемелеріне экономикалық еркіндік беру сыбайлас жемқорлықты асқындырып жіберуі мүмкін. Мемлекет секторының шеңберінде алдымен қаржылық есеп жүргізу мен есеп беру тәртібі қамтамасыз етілуі тиіс; олардың мақсаттары мен міндеттерін нақты анықтап алу керек және қызмет нәтижелерін өлшеп – бағалау жүйесін енгізу қажет. Түпкі нәтижелерді өлшеп-бағалау әдістерінің жетілуіне қарай әртүрлі мемлекеттік құрылымдардың жауапкершілігін анықтап, экономикалық іскерлік еркіндігін кеңейтуге болады.

Осы күнгі мемлекет секторында жұмыс істейтіндердің саны бюджеттің  мүмкіншілігіне сай келмейтіндігін және қызметкерлердің санын қысқарту қажет екенін билік орындары жақсы  біледі. Қызметкерлердің санын жай  ғана қысқарту мәселені шешпейді, керісінше қызмет көрсету деңгейі бұрынғыдан да төмендеп кетуі мүмкін. Мәселе қызметкерлердің санында емес, мекемелердің құрамында жатыр. Мемлекеттік сектордың тиімділігін арттырып, қызмет деңгейін көтеру үшін оның ұйымдық құрылымын жетілдіру қажет. Қызметкерлердің жалақысы күрт қысқарған: еңбекақының төменгі деңгейі өмір сүру деңгейінен әлдеқайда төмен, ал ең жоғары жалақы алатындардың табысы олардың жеке сектордағы табысымен салыстыруға келмейді. Жалпылама ереже ретінде алғанда, кәсіби мемлекет қызметкерлерінің жалақысы кем дегенде ЖҰӨ-нің адам басына есептелген мөлшеріне тең болуы керек. Егер осы нормативті пайдалансақ, онда «мамандардың» жалақысын екі есе көтеру қажет болар еді.

Еңбекақы коэфициентінің шектік арқатынасы бүгінгі күні, бұл да дәлелсіз, кемітілген. Сондықтан, қалыптасқан жағдайда барлық қызметкерлердің жалақысын көтеру қажет. Жалақыны бұлай көтеру үшін штатты қысқарту және тиімді кадр саясатын жүргізу қажет. Осы кезде жалақы қоры бюджеттегі жалпы шығын сомасының 15%-ін құрайды. Бұл орташа және жоғары табысты елдердің көрсеткішінен аспайды. Бірақ бюджет тапшылығы жағдайында бұл шығынның ЖҰӨ-дегі үлесі күрт қысқарған. Бұл көрсеткіш кез келген халықаралық стандарттан әлдеқайда төмен. Оның үстіне, жалақыға бөлінген бұл сома саны тоқтаусыз өскен қызметкерлерге бөлінеді.

Бүгінгі күні, өкінішке орай, мемлекет мекемелерінің құрылымын  және ауқымын нақты анықтау қиын.

Кадрларды таңдау және оларды мемлекет тарапынан жалпы басқару  мәселесі мемлекеттік мекемелерді  реформалаудың маңызды бағыты болып саналады.

Әлем тәжірибесінде  мемлекеттік мекемелерде қызметтік  орын жүйесі, дәрежелік жүйе және аралас жүйе қалыптасқан көрінеді.

3.2 Мемлекет монополист болмау қажет және адамдарға жақын болу қажет

 

 

Мемлекет инфрақұрылымдық, әлеуметтік сипаттағы қызметтерді және басқа да қоғамдық өнімдерді қамсыздандырушы монополист болған жағдайда, ол өзінің қызметін жақсы атқара алмайды. Сонымен бірге, технологиялық және ұйымдық жаңалықтар бұрын мемлекеттің қолында болып келген қызметтерді жеке компаниялардың жүргізуіне мүмкіндік беріп отыр. Мемлекеттің шектеулі қорларын үнемдеу мақсатында әлемнің көптеген елдерінде мемлекет инфрақұрылымдық объектілерді салу мен тікелей қызмет көрсетудің орнына оларды қаржыландыруға көбірек назар аударып отыр.

Бұған қоса көптеген елдерде энергия қуатын тасымалдау жүйесін және тұрмыстық қызмет көрсету шаруашылығын монополиядан тазарту процесі жүргізілуде. Реформаларды жақтаушылар әлеуметтік сақтандыру бағдарламаларын әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламасынан бөліп алып жеке – дара жүргізуге  күш салуда. Әлеуметтік сақтандыру бағдарламасына кепілді мемлекеттік, тегін медициналық жәрдем беру мен еңбек қатынастары жүйесіндегі жұмыскерлердің құқығын қорғау жатады. Ал, әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламасына тек қана тұрмысы төмен топтарды қорғау іс-шаралары жатады.

Мемлекет тұрғындар  мен іскерлер қауымдастығының пікірлерін ескеретін болса және олармен  әріптестік қатынас орнатса ғана өз қызметтерін тиімді атқарады. «Әлем  дамуы туралы есеп беру» тобының  тұжырымы бойынша «тұрғындардың пікірімен санаспау мемлекетті жалпы тұрғындар мұқтажына, ал жеке түрде, қоғамның аз мүлікті мүшелерінің және аз ұлттардың қажеттіліктеріне шұғыл түрде жауап беру мүмкіншілігінен айырады». Әріптестік жағдайында халықтың кедей және тұрмысы төмен топтары даму саясатын жүргізуде бірінші кезекте тұруы керек.

Жариялық пен ашық-қоғамдық пікір алысуда және халықтың мемлекетке сенімін нығайтуда өмірлік мазмұны  бар фактор болып саналады.

Қытайда, Үндістанда, Латын  Америкасында және әлемнің басқа  да елдерінде бүгінгі күндері мемлекет жүйесінің демократиялануы өзінің жемісін беруде.

Орталықтанған жүйені демократиялау  мемлекеттік басқарудың сапасын  арттыруға көмектеседі және тұрғындар  мен іскерлік қауым мүдделерінің өкілеттігін арттырады.

Жеке аймақтар, қалалар  мен жергілікті әкімшіліктер арасындағы бәсекелестік тиімді саяси-әлеуметтік шаралар мен бағдарламаларды жасаудың катализаторы болады.

Кез келген қоғамда мемлекет өзінің қызметінің негізгі бағыты ретінде экономиканың субъектілері мен жалпы ұлттык экономиканың тиімді жұмыс істеуі, халыктың әл-аукатының артуы, бәсекелестікті жоғарылату мен еліміздің экономикалық қауіпсіздігінқкамтамасыз ету үшін жағдай жасауға бағытталған өзінің экономикалық функцияларын аткарады. Мемлекеттің осы функциялары адамдардың экономикалық мүдделерімен тікелей байланысты болса да (салық функциясы, еңбек қатынастарын реттеу, бюджетті калыптастыру мен пайдалану және т.б.) алайда мемлекет оларды да мемлекеттік баскару жүйесі арқылы, сонымен бірге заңнама актілерін шығарып, олардың орындалуын бақылау, мемлекеттік институттар құрып, оларды реформалау және т.б. аркылы да іске асырады. Мемлекет өзінің функцияларын орындау барысында ұлттың экономишның мақсаттарын іске асырады, яғни еліміз бен оның халқының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етеді, мемлекеттің біртұтастығын сақтайды, еліміздің бәсекеге қа-білеттілігін арттырып, әлемде оның экономикалық және саяси мүдделерін қорғайды. Ол қоғамның қоғамдық тұғырдың элементі ғана емес, сонымен бірге экономикалық базистің қажетті кұрамдас бөлігі, экономиканың микросубъектілерімен қатар оның ерекше субъектісі ретінде экономикалық жүйенің аралас түрін қалыптастырады. Бұл өндірістің қоғамдастырылуы артқан (өндіріс пен капиталдың шоғырлануы), шаруашылық байланыстар мен жалпыэкономикалық тыныс-тіршілік күрделеніп, дағдарыстар мен әлеуметтік қарама-қайшылықтар тереңдеген, халыкаралық бәсекелестік ушыққан нарықтық-капиталистік экономиканың (тарихта XX ғасырдың басы) дамуының белгіленген сатысының заңды салдарына айналды.

Сөйтіп, мемлекет өзіне тән тәсіл мен әдістермен даму кезеңіне қарамастан бүкіл елдің мемлекет пен ұлттық экономиканың мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған қызметін ұйымдастыруды жүзеге асырады. Осы орайда ол «қоғамдық мүдденің» өкілінің рөлін атқарады.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Рынокқа өту процесінде жоғары серпін беру үшін қандай негізгі шараларды орындау керек?  Білетініміз, бұл жол жеңіл емес, өтпелі кезеңнің ауыртпалықтарын жеңу де оңайға түспейді. Реформалар үшін терең ойластырылған және ғылыми негізделген іс-әрекеттің өте қажеттілігін, оған шешімділік пен табандылықтың керектігін өткен жылдар тәжірибесі көрсетті. Өтпелі кезеңде пайда болған жаңа заңдар, ең алдымен осы уақытқа дейінгі қоғам жинақтаған жақсы тәжірибені, нақты бекіген, өміршең қатынастарды (адамдар, ұйымдар, мекемелер арасында) қорытындылауы қажет, содан кейін ғана жаңа қатынастарды орнықтыра бастау керек. Өтпелі кезеңді бастан кешіре отырып, белгілі нақыл сөзді естен шығармау маңызды: « Қирату (бұзу жаңадан жасау емес) ».

Экономикалық көзқарас тұрғысынан рынокқа өту ең алдымен  меншік қатынасына байланысты және осы негізде жаңа кәсіпкерлік құрылымдарды дамыту мәселесін шешуді қажет етеді. Меншіктің дәстүрлі формаларымен қатар мемлекеттік кооперативтік жеке меншік те іс жүзінде орнығуы тиіс. Жеке меншік туралы пікірталастар мен қорқытушыларға, ізгі ойлармен ғана тойтарыс беріп қоймай, жеке меншік негізінде дамыған, гүлденген елдар тәжірибесінде де сүйену керек.

«Меншік» түсінігіне объективті ақиқат тұрғысынан қарау  адамдардың іс-әрекетін жаңаша бағалауға  мүмкіндік береді. Өйткені, меншік-адамның  жеке қасиеттерінің материалданған көрінісі, меншікті пайдалану арқылы ол қоғамға тартылып, басқа меншік иелерімен қатынасқа түседі. Міне, осы жерде әлеуметтік байланыстардың игі әсері ретінде дәстүрлі өнегелілік қалыптасып, бекиді. Тіпті меншікті иелену адамдар арасындағы қатынастарға шынайылық пен әдеттілік сипатын береді. Жеке меншік басқа меншік түрлерінің өмір сүруін шектемейді, қайта барлық меншік түрлері өзара бәсекеге түсу арқылы өздерінің тиімділігін іс жүзінде дәлелдейді.

Осы замандағы қалыптасып отырған ғаламдық процестер мемлекеттік құрылымы тұрақсыз, демократиясы әлсіз елдер үшін қауіпті болады. Сонымен бірге, тиімді де қатты тәртіп қалыптасқан мемлекеттер үшін бұл процесс экономикалық дамуға жаңа жол ашады. Әлем экономикасына жол ашуда жеке мемлекеттердің сақтығын түсінуге де болады. Әлем шаруашылығына қосылу – артықшылықтармен бірге қосымша қайшылықтардың пайда болуын білдіреді. Бұл мемлекеттің рөлін және жауапкершілігін арттыра түседі. Мемлекеттің міндеттері мен жауапкершілігі әсіресе өтпелі экономика жағдайында ерекше болады. Өтпелі кезеңде ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттікті нығайту – ұзақ мерзімдік қоғамдық стратегиялық басымдылық деп түсінген дұрыс.          

 Экономикалық саясат  теориясы өмірде кездесетін кез  келген жағдайлардың бәріне дәлме-дәл келетін, дайын шешімдерін табуға ұмтылмайды және бұл мүмкін де, қажет те емес. Мақсат басқада: нақты қалыптасқан жағдайларды жан-жақты ескере отырып, оңтайлы шешім қабылдауға көмектесу. Ал бұл үшін, анықталған қалыпты жағдайларды терең де нақты түрде зерттеп ұғыну қажет болады; бұл әдісті экономикалық процестердің бастапқы кезінде қолдану ерекше маңызды: онда факторлардың саны аз, сондықтан процестің болашақ дамуын болжап, нақты іс-әрекеттерге бару мүмкіншілігі жоғары. Кеңейіп, өріс алған жағдайлар бойынша экономикалық саясат кеңістік немесе уақыт шеңберінде өзара байланысты және бір-біріне қарама-қайшы келетін қоғамдық-әлеуметтік күштерді жан-жақты зерттеп, олардың дәлелденген сипаттамасын жасауға бағытталады. 

  Бұл жұмыстың негізгі мақсаты — экономикалық саясаттың қалыптасу заңдылықтарын, тәртіптерін және принциптерін айкындап көрсету. Бірак, экономикалық өмірде қалыптасқан проблеманың идеалды шешімі болмайтынын естен шығармау керек: әрбір шаруашылық шешімнің оңды және теріс жақтары болады.

Экономикалық саясат теориясы өмірде кездесетін кез келген жағдайлардың бәріне дәлме-дәл келетін, дайын шешімдерін табуға ұмтылмайды және бұл мүмкін де, қажет те емес. Мақсат басқада: нақты қалыптасқан жағдайларды жан-жақты ескере отырып, оңтайлы шешім қабылдауға көмектесу. Ал бүл үшін, анықталған қалыпты жағдайларды тереңде нақты түрде зерттеп ұғыну қажет болады; бұл әдісті экономикалық процестердің бастапқы кезінде қолдану ерекше маңызды: онда фак-торлардың саны аз, сондықтан процестің болашақ дамуын болжап, нақты іс-әрекеттерге бару мүмкіндіктері жоғары. Кейде, өpic алған жағдайлар бойынша экономикалық саясат кеңістік немесе уақыт шеңберінде өзара байланысты және бір-біріне қарама-қайшы келетін қоғамдық-әлеуметтік күштерді жан-жақты зерттеп олардың дәлелденген сипаттамасын жасауға бағытталады.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1) Назарбаев Н.Ә. Қазақстан  Республикасының ұзақ мерзімдік  (2030 ж. дейінгі) даму стратегиясы.  – Алматы, 1997.

2) Назарбаев Н.Ә. Елдегі жағдай, ішкі және сыртқы саясат негізгі бағыттары туралы: Жаңа ғасырда қоғамды демократияландыру. экономикалық және саяси реформа. ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. - Алматы, 1998.

     3) Дорбнуш Р., Фишер С. Макроэкономика: Оқулық. Алматы: ҚазМБА, 1997ж

4) Әубәкіров Я.Ә., Нәрібаев К.Н., Жатқанбаев Е.Б., ж.б Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Алматы: ҚазМҰУ, 1998

5) Корнаи Я. Путь к свободной экономике. М.: Экономика, 1990

6) Сәбден О. ХХІ ғасырға қандай экономикамен кіреміз. – Алматы, 1997

7) Ойкен В. Основные принципы экономической политики. – М., 1998

8) Осипов Ю. Основы теории хозяйственного механизма. – М.: МТУ, 1994.

9) В. Сидорович, Ә.Ә. Әбішев «Ұлттык экономика» - Алматы 2010.

10) Д.Қ. Қабдиев, Т.Қ. ОралтаЕв, Ә.Е. Ескендіров, С.Қ. Бекмолдин, Б.Х. Хабибуллин, А.Б. Темірбекова, А.Т.  Белеков. Экономикалык  саясат: Лекциялар. Алматы:  Экономика, 2002.

11) Соколинский В., Исалова М. Экономическая политика. Спец курс. Росс. Экон. журнал, 1995.

12) Жатқанбаев Е.Б. Аралас экономика негіздері. - Алматы, 1997.

13) Исаксен А., Гамильтон К., Гилфасон Т. Экономика переходного периода - 1993.

    1. Мэнкью Н.Г. Макроэкономика. - МГУ, 1994.

15) Макроэкономика. Оқулық / Р. Дорнбуш, С. Фишер - Алматы, 1997.

16) Қазақстан экономикасы. Оқулық / Нұрғалиев Қ. Р. - Алматы, 1999.

17) Шеденов Ө. Қ., Сағындықов Е. Н., Жүнісов Б. А., Байжомартов Ү. С., Конягин Б. И. Жалпы экономикалық теория - Ақтөбе: А-Полигра, 2004.

18) Экономикалық саясат. Оқу-тәжірибелік құрал /Жанағұлов А.Ш., Сүйіндіков Ж.С.,Байгуренова М.А., Есдәулет М.А., Қуаныштаева А.Е.-Қарағанды 2006

19) Экономикалық теория. Акимбеков С.А./Астана, 2002.

20) Бердалиев К. Б. Қазақстан экономикасын басқару негіздері. Оқу құралы - Алматы: Экономика, 2001.

 

 

 


Информация о работе Экономикалық Саясат