Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 21:44, курсовая работа
Мемлекет экономикасының нарықтық қатынастарға өтуімен бірге кәсіпорындардың өздігінен жұмыс істеуі, сонымен қатар олардың экономикалық және заңгерлік жауапкершіліктері артуда. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық тұрақтылығының мәні, сонымен қатар олардың бәсекеге қабілеттілігі жылдам артады. Шарушылықты тиімді жүргізе білу кәсіпорынның бәсекелестік жағдайында алға шығу шарты болып табылады.
Кіріспе
Мемлекет экономикасының нарықтық қатынастарға өтуімен бірге кәсіпорындардың өздігінен жұмыс істеуі, сонымен қатар олардың экономикалық және заңгерлік жауапкершіліктері артуда. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық тұрақтылығының мәні, сонымен қатар олардың бәсекеге қабілеттілігі жылдам артады. Шарушылықты тиімді жүргізе білу кәсіпорынның бәсекелестік жағдайында алға шығу шарты болып табылады.
Қатаң бәсекелестік
жағдайы кәсіпорындардың шығындарды
басқару процесіне, оларды есептеу
мен мониторинг жүргізудің жетілдіру
жолдарын іздеуге үлкен қызығушылық
тудыруына әкеледі. Кәсіпорында
шығындарды басқару процесін ұйымдастыру
шығындардың жалпы деңгейін төмендетуге
көмектеседі. Бұл кәсіпорынға қосымша
бәсекелік артықшылықтарды
Тақырыптың өзектілігі:Кәсіпоры
Барлық кәсіпорындарда да шығындарды рационалды деңгейге дейін төмендету үшін резервтер қалыптасқан, ол кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігінің өсуіне, бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға қол жеткізуге көмектеседі. Өнім бірлігін шығаруға шығындарды төмендету кәсіпорынға айтарлықтай төмен және икемді баға орнауға көмектеседі, ол бәсекелестер алдында маңызды артықшылық береді. Сол себепті әрбір кәсіпорын үлкен экономикалық нәтижеге қол жеткізу үшін шығындарды талдау мен оларды тиімді басқарудың маңызы зор.
Соңғы жылдары шикізат құнының, материалдардың, энергияның өсуіне, сонымен қатар, несиені тұтыну үшін пайыздық ставкалардың, жарнамаға деген шығындардың өсуіне байланысты өндіріс шығындарының өсуі тенденциясы бақылануда. Нарықтық қатынастардың қалыптастыру халықаралық тәжірибе мен нарықтық экономика кезеңіне өту ерекшеліктерін ескере отырып, өндіріс шығындарын басқару тәжірибесін жетілдіруді талап етеді. Бұл кәсіпорынға бәсекелестік жағдайында өмір сүруіне, пайданы максималдау мен шығындарды минималдауға, кәсіпорын қызметінің рентабельділігін қамтамасыз етуге көмектеседі.
Шығындарды басқарудың мақсаты - ылғи да шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және сонымен бір мезгілде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын ұстап тұру. Шығындарды басқару кез-келген басқару процесіне сай кезеңдерді өзіне қосады.
Шығындарды дұрыс басқару үшін, біріншіден, оның мәнін сипаттайтын анықтама беру қажет, екіншіден, оларды нақты белгілері бойынша топтастыру қажет, ол олардың басқару объектісі бойынша шығын деңгейін белгілеуге көмектеседі және де кәсіпорында шығындарды басқарудың негізгі әдістерін зерттеп, жоспарлау, есептеу, бақылау, талдау жүргізу қажет.
Курстық жұмыстың мақсаты - шығындарды басқару жүйесінде тиімділікті арттыратын және өндіріс шығындарының оңтайлы деңгейін қамтамасыз етуге ықпалын тигізетін шараларды өңдеу, пайданы максималдау арқылы кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Осы
мақсатқа сәйкес келесідей
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі - «ҚазТарансОйл » АҚ-ның қаржылық-шаруашылық қызметі.
Курстық жұмысымның құрылымы үш бөлімнен құрылған.
Бірінші бөлімде жалпы шығындардың экономикалық мәні және олардың жіктелімі, кәсіпорын шығындарын басқару, талдау қарастырылған.
Екінші бөлімде шаруашылық субъектісінің қызметі барысында қалыптасатын жағдайды және шығындарын талдау, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен өтімділігін талдау, шығындарды калькуляция баптары бойынша талдау толық қарастырылған.
Үшінші бөлімде қазіргі таңда кәсіпорын шығындарын басқару жүйесін жетілдіру, шығындарды есептеу әдістерін жетілдірудің негізгі бағыттары, шығындарды басқарудың тиімділігін жоғарылату бойынша шаралар қарастырылған.
1 Кәсіпорындағы шығындар
1.1 Шығындардың
экономикалық мәні және
Шығындар
өндіріске және өнімді шығаруға
қолданылатын белгілі бір кезеңдегі
қорлардың ақшалай көлемін
Шығындар
өндірісте жұмсалатын ресурстар (табиғи,
еңбек,
құрал-жабдықтар, техника, ақпараттық
және т.б.) жиынтығынан тұрады.
Өндіріс
шығындары өндіріске қажетті
факторлардың төлемін көрсетеді. Осы
өндіріске қажетті факторларды
зерттеу дайындалған өнімді сатудан түскен
пайда көлемінің шығындарды жабуы мен
жағымды пайда әкелуіне жеткіліктілігін
қамтамасыз етуі қажет. Пайда кәсіпкерлік
қызметтің дамуының кепілі болып табылады.
Бірақ, аталған мақсаттарға қол жеткізу
жұмсалған шығындар көлеміне тәуелді
болады. Сол себепті өндіріс шығындары
экономикалық талдаудың маңызды бөлігі
болып табылады.
Кәсіпкердің шығындар мен пайдаға деген
өз көзқарасы болады. Белгілі бір шығындарды
жапқаннан кейінгі пайда өндірістің жақсы
мүмкіндіктерін қамтамасыз етуі қажет.
Айтарлықтай тиімді өндірісті қамтамасыз
ету үшін шығындар пайдадан аз болуы қажет.
Кәсіпорынның шығындары туралы түсінік үш маңызды жағдайға негізделеді:
Кәсіпорынның
өндірістік шешімдері нарық
жағдайлары мен шығындар арқылы
анықталады. Өнім көлемінің өзгеруі
фирмалардың ұсынатын тауарлардың
мөлшері және оның бағасымен
байланысты. Өндірістің шығындары
бухгалтерлік және экономикалық
шығындар болып бөлінеді. Бухгалтерлік
шығындар бұл өнімнің өзіндік
құнының құрамына кіретін нақты
шығындар. Бұлар шикізат, материалдар,
жалақы, амортизация, салықтар
және т.б. Экономикалық шығындарға
барлық шығындар жатады. Соның
ішінде кәсіпорынның өз меншігіндегі
сатып алынбайтын өндіріс факторларын
пайдаланбағандағы айқынсыз шығындар.
Кәсіпорын шығындары өндірістік белгісіне қарай 3 түрге бөлінеді:
Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, материалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді.
Аталған
шығындар, өнім және қызмет
көрсетуге аударылған, өзіндік
құнға қосылғандар оларды өткізу
бағасында өткеріледі.
Осылайша, өзіндік құн - кәсіпорында
өткізу мақсатында өндірілген өнім
мен қызмет көрсетулерге кеткен
шығындардың ақшалай түрдегі
сомасын көрсетеді. Өзіндік құн - өнім
өндіруге жұмсалған барлық шығын.
Өндірілген өнімнің өзіндік құнына
барлық жұмсалған шығындар: шикізат,
материал, электр энергиясы, амортизациялық
жарна, еңбекақы т.б. кіреді. Өзіндік
құн сол кәсіпорын шығынының
жиынтық көрсеткіші, ол әрбір
өнімге жұмсалған жалпы шығын
сомасын өнім көлеміне бөлу
арқылы анықталады.
Сонымен, кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып өнімнің өзіндік құны саналады, ол өндірістегі өнім өткізілуінің ақшалай нысандағы шығындар жиынтығын құрайды және барлық өндіріс тиімділігін анықтайды.
Өзіндік
құнның экономикалық міндеті - жұмсалған
шығындардың орнын толтыру және
соның негізінде өндірістің
барлық элементтерін қайта өндіру:
өндірістік қорлар және жұмыс
күші.
Осы жерде кәсіпорынның өзіндік
құнның негізгі элементі
болып амортизация, яғни шығындалған
материалдық ресурстар құны, еңбекақы
- ол шығындардың бөлімдері болып
табылады. Сонымен қатар кәсіпорында
басқа да шығындарды жүзеге
асырады: өз жұмысшыларына
сыйақылар төлейді, банк несиелеріне
пайыз төлейді, әлеуметтік объектілерді
ұстайды, бюджеттік емес қорларға
аудрымдар жүргізеді - бұл шығыстар
кәсіпорынның қосымша шығыстарын
құрайды.
Шығындар жиынтығы пайда көлемін анықтайды, олардың көбейуі екі түрлі факторға байланысты болады. Олар бағаның өсуі және өнімнің өзіндік құнының төмендеуі. Соңғысы тиімдірек болып табылады.
Өнімнің өзіндік құны - синтетикалық, кәсіпорын қызметінің барлық жағын бірлікте және өзарабайланыста сипаттайтын жалпылама көрсеткіш болып табылады. Ол кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің сапалы көрсеткіші. Оның деңгейі мен динамикасы бойынша өндірістің басқару, жоспарлау, еңбек пен еңбекақының ұйымдастырылуы, техника мен технология деңгейін анықтауға болады. Өзіндік құнның мағынасы сонымен қатар оның атқаратын қызметтерімен де анықталады:
Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар екі түрлі негізгі белгілер бойынша жіктеледі:
Шығындарды
экономикалық элементтері бойынша
жіктеу өндіріс шығындары сметасын
дайындағанда қолданылады. Бұл жіктеу
негізі шығындардың әрбір элементінің
экономикалық сипаты бойынша біртекті
шығындарда біріктіріледі, олар
жиынтық өнімнің өзіндік құнын
құрайды. Сонымен қатар шығындардың
келесідей элементтері
Қарастырылып
отырған шығындар тобы заттай және
тірі еңбек шығындары қатынасын
бекітуге, өнім өндірісіне барлық шығындар
бағасын анықтауға мүмкіндік
береді. Шығындардың бұл тобы айналым
құралдарын жоспарлауға, материалды шығындар
сомасын анықтауға
Шығындарды калькуляциялық баптар бойынша жіктеу оларды өз алдына өндірістік бағдары бойынша топтау, яғни өндіріс процесінде пайда болу орны және өнімді өткізуді көрсетеді.
Шығындарды калькуляциялық баптар бойынша жіктеудің негізі ол тікелей шығындарды өз алдына тәуелсіз бірыңғай экономикалық элементтері
шығындар бабы түрінде ерекшеленсе, ал қосымша шығындар кешенді шығындар бабында көрсетілген:
Шығындарды
калькуляциялық жіктеу мағынасы - оның
негізінде әртүрлі өнім түрлері
бірлігінің өзіндік құнын есептеуді
білдіреді.
Ол өндірістің әр түрлі учаскелерінде
өзіндік құнды төмендету резервтерін
іздестіруге мүмкіндік береді. Калькуляция
- өнімнің, жұмыстың өзіндік құнын
шығындардың түр-түрі бойынша есептеу.
Шығынның түр-түрі бойынша өндірілген
өнімнің бір өлшеміне немесе орындалған
жұмыстың әр түрлі көлеміне жұмсалған
қаржының мөлшерін анықтау.[2][3]