Сатып алынатын
шикізаттардың, материалдарың легі
қаншалықты көп болса, орташа жылдық
қор көлемі және де осы шикізат
пен материалды қоймаға орналастырумен
байланысты болатын (қойманы жалға
алғаны үшін төлемдер, ұзақ уақыт бойы
сақтаудан болған жоғалтулар, инфляциямен
байланысты және т.б. ) шығындар көлемі
де соншалықты көп болады. [6]
Аз шығындар жұмсай отырып көп пайда
табу, еңбектік, материалдық және қаржылық
ресурстарды үнемдеу - кәсіпорынның
өнімнің өзіндік құнын төмендету сұрақтарын
шешуімен байланысты болады.
Соған сәйкес «ҚазТрансОйл» компаниясының
2011 жылғы өнімнің өзіндік құны
жалпы шығындар көлемінің 90% -ын құрауы
және 2010 жылмен салыстырғанда 18 % артуына
қарап, келесі шараларды қолдануға болады:[12]
- Өндірістің техникалық деңгейін арттыру. Бұл жаңа прогрессивті технологияларды енгізу, өндірістік процестердің механизациялануы мен автоматизациялануы; шикізат пен материалдардың жаңа түрлерін қолдану мен тұтынуды жақсарту; өндірістің техникалық деңгейін жоғарылататын басқа да факторлар.Өзіндік құнды төмендету басқарудың автоматтандырылған жүйесін құру, ЭЕМ қолдануда, қалыптасқан техника мен технологияларды модернизациялау мен жетілдіруде барысында болуы мүмкін.
- Қалдықтарды толық қолдану, экономикалық алмастыруларды қолдану және шикізатты кешенді қолдану нәтижесінде шығындарды азайтуға болады;
- Еңбек пен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру. Өзіндік құнды төмендету өндірісті ұйымдастырудағы өзгерістердің, өндірісті мамандандырудың дамуындағы еңбек формалары мен әдістерінің, өндірісті басқаруды жетілдіру мен оған кететін шығындарды азайтудың, негізгі қорларды пайдалануды жақсартудың, материалдық-техникалық жарақтануды жақсартудың, транспорттық шығындарды азайтудың, өндірісті ұйымдастыру деңгейін жоғарылататын басқа да факторлар нәтижесінде жүруі мүмкін.
- Ағымдағы шығындарды төмендету негізгі өндіріске қызмет көрсетуді жетілдіру нәтижесінде жүргізіледі (мысалға, нақты өндірісті дамыту, өзгеру коэффицентін жоғарылату, технологиялық жұмыстарды ретке келтіру, құрал-жабдықты шаруашылықты жақсарту, өнім мен жұмыс сапасына бақылауды ұйымдастыруды жетілдіру).
- Өнім көлемі мен құрылымының өзгерісі, олар шартты-тұрақты шығындардың (амортизациядан басқа) салыстырмалы азаюына, амортизациялық аударымдардың қатысты азаюына, өнімнің ассортименті мен номенклатурасының өзгерісіне және оның сапасының артуына алып келеді. Шартты-тұрақты шығындар шығарылатын өнімнің санына байланыссыз болады. Өндіріс көлемін арттыру арқылы олардың өнім бірлігіне деген саны азаяды, ол оның өзіндік құнының төмендеуіне алып келеді.
- Табиғи ресурстарды қолдануды жақсарту. Бұл жерде мыналар ескеріледі: шикізаттың сапасы мен құрамының өзгерісі; табиғи шикізатты алу әдістері, шикізат пайда болғ<span class="Body_0020Text_