Кәсіпорын шығындарын басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 21:44, курсовая работа

Описание

Мемлекет экономикасының нарықтық қатынастарға өтуімен бірге кәсіпорындардың өздігінен жұмыс істеуі, сонымен қатар олардың экономикалық және заңгерлік жауапкершіліктері артуда. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық тұрақтылығының мәні, сонымен қатар олардың бәсекеге қабілеттілігі жылдам артады. Шарушылықты тиімді жүргізе білу кәсіпорынның бәсекелестік жағдайында алға шығу шарты болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Касипорын шыгындарын баскару.docx

— 125.57 Кб (Скачать документ)

 Кесте   2011 ж 31 желтоқсанына арналған «ҚазТрансОйл» АҚ-ның жеке қаржылық есептілігі.[8]

        Жоғарыдағы кесте бойынша екі жылда да шығындардың ең көп үлесі 53,99% үлесі табыс салығына төленген, одан кейінгі үлесті тиісінше жалпы және әкімшілік шығындар, операциондық шығындар (негізгі емес басқа қызметтерден шығындар) және қаржылық шығындар алып отыр. Дегенмен 2010 жылы қаржылық шығындар үлесі негізгі емес басқа қызметтер шығындарынан 1,1% пайызға артқан.Бұның себебі 2011 жылы несиелер  мен займдардың проценттік шығындары мен қызметкерлер мен еншілестерге берілген алғашқы займдар бойынша шығындардың болмауы және 2010 жылы тауарлы-материалдық запастарды іске асыру шығындарының, қаржылық шығындардағы басқа да пайыздық шығындардың болмауы деп қарастыруға болады. Енді осыған толықтай тоқталсақ:

 

Көрсеткіштер 

2010 жылғы факт

2011 жылғы факт

2010 ж. фактіге ауытқу

% орындалуы

мың. тг.

Барлық  шығын,оның ішінде:

88 740 236

89 189 869

101%

449 633

Өндірістік  өзіндік құн

68 322 050

80 330 110

118%

12 008 060

Жалпы және әкімшілік шығындар

5 287 515

4 725 247

89%

-562 268

Қаржылық  шығындар

779 179

237 832

31%

-541 347

Негізгі емес басқа қызметтерден шығындар

14 351 492

3 896 680

27%

-10 454 812


Кесте 2011 жылға «ҚазТрансОйл»  АҚ-ның жылдық есебінен алынған

    Компаниядағы жалпы шығындар 2011 жылы 89 189 869 мың теңге болды, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 1% жоғары. Өсімге өндірістік өзіндік құн шығыстарының 18% немесе 12 008 060 мың теңгеге өсуі ықпал етті.

Өсім мынадай  баптар бойынша байқалды:

  • «Еңбекақы қоры», бұл өндірістік қызметшілерге құнсыздану коэффициентіне жалақының көтерілуімен бацланысты;
  • «Амортизация», «Салықтар», негізгі құралдарды қайта бағалаудың және мүлік салығы бойынша салық салынатын базаның артуының салдары.Бұдан басқа, 2011 жылы «Туймазы-Омбы-Новосибирск 2» мұнай құбыры қазақстандық бөлігі инфрақұрылымының ілеспе нысандарымен және жер телімдерімен компанияның орналастырылатын акциялардың төлемі есебіне 1 701 149 мың теңге сомаға теңгерімге алынумен бацланысты;
  • «Күзет шығыстары», күзет қызметтеріне тарифтердің көтерілуімен байланысты: - ведомстводан тыс күзет бойынша (1 орын-сағат 316 783,8 теңгеден 426 320 теңгеге дейін, 1 ұтқыр топ 950 527 теңгеден 1 315 000 теңгеге дейін);
  • «Авиақызметтер», қызметтер құнының өсуімен байланысты, ұшу сағаттарының саны 2010 жылғы деңгейде;

    Жалпы және әкімшілік шығыстар 2010 жылғы деңгейдің 89% -ын құрады,мұның себептері:

  • ҚР салық комитетінің салық кінәраттары бойынша құрылған салық бойынша резервтен есепті кезеңде 3 718 848 мың теңге алынды, ол соттарда жеңіспен қайтарып алынды;
  • Іссапар шығыстары,байланыс қызметтері,кадрлар даярлау,ақпараттық қызметтер,банкілер қызметтері шығыстарының кемуі.

     Қаржыландыру шығындары 2011 жылы 2010 жылғы деңгеймен салыстырғанда 69% төмендеді. Бұл ауытқу 5 жылдық клубтық қарызды 2010 жылы мерзімінен бұрын өтеумен бацланысты.

    Негізге емес қызметтерден болған басқа шығындар (операциондық шығындар) 2011 жылы 2010 жылғы деңгеймен салыстырғанда 27% болды және мыналармен байланысты болды: актуарийлік залалдар 1 540 000 мың теңге, еншілес ұйымдарға инвестициялардың құнсыздануынан залалдар – 1 804 355 мың теңге, бағамдық теріс айырма (сальдолау) – 348 759 мың теңге. 2010 жылдың басқа шығыстарында негізгі құралдарды қайта бағалау салдарынан активтердің 13 435 254 мың теңге құнсыздануынан болған залал көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Кәсіпорын шығындарын басқару жүйесін жетілдіру, тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар

3.1 Кәсіпорында шығындарды есептеу әдістерін жетілдірудің негізгі бағыттары

 

Шығындарды  тиімді басқару шығындар жіктелімі  басқару объектісінің мәнін толықтай ашумен қатар, оларды есептеудің рационалды әдісін таңдауымен қамтамасыз етіледі. Осы немесе басқа да бір әдістерді  қолдану өндіріс спецификасын, оның техникалық және технологиялық ерекшеліктерін, функционалдау шарттары мен басқа  да маңызды факторларды ескере отырып жүзеге асырылады,  ол кәсіпорын  қызметінің нәтижесін есептеудің нақтылығын, оның өндірістік және экономикалық тиімділігін  жоғары деңгейде анықтайды. Шығындарды есептеу жүйесін дұрыс таңдау шығындар туралы максималды ақпарат  алуды, бақылау, талдау жүргізуді және олардың негізінде басқарушылық шешім қабылдауды қамтамасыз етеді.

Отандық кәсіпорындарда шығындарды анықтау  мен есептеу жүйесі орталықтан басқарылатын экономика талаптарына толықтай жауап береді. 
Ол өндіріс процесінде пайда болған барлық шығындар туралы ақпарат алуды, негізінен мемлекеттік орталықтандырылған баға қалыптастыру мақсаты үшін өнімнің, қызмет және жұмыстың  нақты өзіндік құнын толықтай калькуляциялауды қамтамасыз етті. Шығындар туралы ақпарат алу әдістері айтарлықтай тиімді болды деп айтуға болады. Бірақ, осы шарттар бойынша кәсіпкерлер алдында тұрған мақсаттар шығындарды басқару қызметін жүзеге асыруды, олардың деңгейін азайтуды ынталандырмады. Сол себептен ақпараттың үлкен бөлігі сұраныссыз болып қалды. Шығындарды есептеу әдістерін жетілдіру теориялық негізделген болса да, бірақ тәжірибелік қолданылыс таппады.  Қазіргі таңда нарықтық қатынастар кәсіпорындар алдына жаңа міндеттер қойды. Оларды шешу үшін отандық теория мен осы сала бойынша жинақталған практикалық тәжірибе үлкен құндылықты көрсетеді.  Бірақ оларды қалыптасқан экономикалық шарттарға бағыттау қажет. Сонымен қатар, мақсатқа сай халықаралық тәжірибеге жүгіну қажет.

Шетелдік  экомиканы жарақтандыратын материалдарды  зерттеу шығындарды басқару қолданылатын әдістердің үлкен әртүрлілігіне  негізделетінін көрсетті. Нарықтың қатаң  тәртібі шартында қызмет ететін компаниялардың тәжірибесінде әрқашан баға, өнім сапасы, сатылым көлемі өзгереді, шығындарды анықтаудың және қалыптастыру жолдарының санының көптігі соншалық, оларды санау бірталай уақытты алады. 
Шығындарды есептеудің базалық әдісі көп болмаса да, компаниялар алға тартатын әр түрлі мақсаттар үлкен тәсілдердің қиыстырылуының пайда болғанын шарттастырды. Демек, менеджерлер толық шығындарды есептеуді (absorption – cost system) қолдана отырып, стандартты шығындарды есептеуіне (standart –cost system ) болады және осылардың барлығын араластырып немесе тапсырыстық тәсілмен (job order – cost system)  немесе процестік тәсілмен (process – cost system ) қолдануы мүмкін. [3]

Қазіргі таңда шығындарды есептеудің бір  ғана әдісін, оны басқа әдістермен араластырмай қолданатын кәсіпорындардың  үлесі айтарлықтай азайды. Халықаралық  тәжірибеде бар шығындарды есептеудің әр түрлі схемалық тәсілі төменде  2-ші суретте көрсетілген.

 

Actual – cost system

Absorption cost system

Process – cost system

Standart – cost system

Direct – cost system

Job order – cost system

 

 

Сурет 2.  Халықаралық тәжірибедегі шығындарды есептеу тәсілдері

 

Суреттен  көріп отырғанымыздай, қалыптасқан  көп түрлі шығындарды есептеу  жүйесінде қоланылатын әдістерідің  ішінде алты түрі базалық болып келеді. 

Стандарт-кост жүйесін енгізу отандық кәсіпорындарда оның нормативтік тәсілін қолданылып көруімен жеңілдетіледі. Меніңше, отандық экономикаға стандарт-кост жүйесін енгізу таныс нормативті тәсіл шеңберінде жүргізілуі қажет, бірақ оны алдын ала қарастыру қажет. 
Мысалы, белгіленген нормалардан ауытқулар есебін жеңілдету керек, атап айтқанда, ауытқуларды норманың өзгеруіне байланысты болған және нормадан жай ауытқу нәтижесінде болған деп бөлмей. Бұл есептік операцияларды қиындатады.  Стандарт-кост жүйесінде бір ғана ауытқулар көлемі есептеледі, оның талдау мен бақылау үшін мақсаты есепте немесе сәйкес құжаттарда көрсетіледі.

Кәсіпорынды басқаруда нормативті тәсілге қарағанда  стандарт-кост  жүйесінің мәні мен  рөлі айтарлықтай жоғары. Шығындарды басқару саласында зерттеулер жүргізген  экономистер стандарт-кост жүйесінің  келесі артықшылықтарын көрсетеді:

  • өнімді өндіру мен ұйымдастыруға қажетті шығындар сомасы мен өнім бірлігіне келетін шығындарды уақытылы есептеу және фирманың кірісі мен шығыны туралы есепті құру мүмкіндігі;
  • басқа тәсілдермен салыстырғанда өндіріс шығындарын есептеудің айтарықтай қарапайымдылығы, оған есептудің жеңілдетілген түрлері мен тәсілдерінің нәтижесінде қол жеткізіледі;
  • өндірісті автоматты басқаруды  «стандарт-кост» жүйесімен араластырып қолдану стандарттардан болған қандай да бір ауытқулар мен басқарушылық шешім қабылдау арасында уақыт интервалын белгілейді.

      Тұтынушыларына қатысты шығын көлемі бойынша олар толық шығындарды есептеу (absorption-cost system) мен жекелеген шығындарды есептеу (direct-cost system) болып бөлінеді. Осы тәсілдер арасындағы негізгі ерекшелік калькуляциялық кезең арасындағы тұрақты шығындардың бөлу реті. Бірінші жағдайда барлық шығындар (негізгі және қосымша) өнім өндірісіне жатқызылады, ал екінші жағдайда өндіріске тек ауыспалы шығындар жатады, олардың тұрақты бөлігі қай кезеңде жоспарланды және қай кезеңде ауысқан болса, сол кезеңде қызмет нәтижесінен ескеріледі. Бухгалтерлік көзқарас тұрғысынан бұл әдістер дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс қалдығын бағалау тәсілі бойынша ажыратылады. Тұрақты шығындар шығындарды толық орналастыру барысында қалдықты бағалау кезінде ескеріледі, ал жекелеп орналастыру барысында тұрақты шығындар ескерілмейді. Шығындарды  толық жабу тәсілін қолдану өнім өндірісінде жұмсалған барлық шығындарды есептеуді білдіреді. Отандық кәсіпорындардың тәжірибесінде осы тәсіл дәстүрлі болып келеді, сол себепті жақсы танымал.[3][5]

       Шығындарды тұрақты және ауыспалы деп, ал тұрақты шығындарды – пайдалы және пайдасыз деп бөлудің құндылығы пайда туралы мәлімет алудың оперативтілігін арттыру мен есепті жеңілдетуінде. Шығынның ауыспалы бөлігінде өнімнің өзіндік құнын азайту тұрақты шығындарға бөлінетін назардың жоқ екенін білдірмейді.  Тұрақты шығындар басқарудың жоғары  деңгейін бақылайды, сол себепті ауыспалы шығындар бойынша өзіндік құнды калькуляциялау қағидаларын қолдану барысында оларды шектеу басшылар тарапынан оларды тиімдірек басқаруға ықпал етеді.

      Шығындарды толық және бөлшектеп есептеу тәсәлдері арасындағы айырмашылықты өндіріске қатысты шығындар құрамына қарап ғана байқауға болмайды, ол пайданы есептеуде де жақсы көрінеді. Демек, егер есепті кезең аралығындағы өндіріс көлемі сатылым көлеміне тең болса, онда екі әдіс те бірдей пайдамен қамтамасыз етеді. Ал егер өндіріс көлемі өткізу көлемінен жоғары болса, онда шығындарды бөлшектеп орналастырудан қарағанда, толық орналастыруда пайда көп болады.  Бұл бірінші тәсілде тұрақты шығындардың бір бөлігі қорлар құнына ауысады және есептелінетін пайда қорлардың өзгерісі әсеріне ұшырайды. Өндіріс көлемі сатылым көлемінен аз болатын кезде шығындарды бөлшектеп орналастыру тәсіліне  қарағанда, толық орналастыру аз пайда әкеледі. Біздің ойымызша, шығындарды есептеудің толық емес тәсілінде  пайда көлемі сатылым көлемінің өзгеруіне байланысты болады.

   Кәсіпорын бір қалыпты дамыса (ішкі және сыртқы факторлардың жағымсыз әсері болмаса) және өндірістік күштердің жүз пайыздық қолданылуын иеленсе, тұрақты қаржылық жағдайдың, өндірістің өсіңкі және тұрақты рентабельділігін орнатса, өнімге жоғары нарық бағасын орнатса, тауарлы материалдық құндылықтардың үлкен қорын иеленсе шығындарды есептеудің толық орналастыру тәсілін қолдану айтарлықтай мақсатқа сай  болып келеді.  Жиі өзгеріп отыратын нарық құрылымындағы жағымсыз ішкі процестр мен қатаң бәсекелестік жағдайында басшылар вэрибл-кост жүйесін қолдану арқылы шаруашылық сұрақтарды шешу барысында үлкен нәтижеге қол жеткізеді.

 

3.2 «ҚазТрансОйл» АҚ-дағы шығындарды басқарудың тиімділігін жоғарылату

 

Қазақстанда өндірілетін мұнайдың 57 пайызына дейін  тасымалдауды жүзеге асыратын отандық  ірі мұнай құбыры кәсіпорны болып  табылатын «ҚазТрансОйл» жалпы  еліміз бойынша мұнай тасымалын  бақылауды және басқаруды жүзеге асырады. Алдын алу, диагностикалық және жөндеу шараларын жүргізеді. Компанияның  жыл сайын өндірістік көрсеткіштерін қарқынды арттырып келе жатқанын жоғарыда айтып өттік.

«ҚазТрансОйл» АҚ ұдайы даму үстіндегі кәсіпорын  ретінде бағаланса, оның қызметі  мұнай тасымалдау саласындағы заманауи ағымдарға сай келеді.«Өткен жылдың қорытындысына біздің көңіліміз толады, компания алдына қойылған барлық стратегиялық міндеттерді жүзеге асыра білді. Кеңесшілер мен жалғыз акционеріміз «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ бекіткен межеге сай мемлекетіміздің азаматтарына акцияларды ұсынуға дайын боламыз деген үміттеміз» деп «ҚазТрансОйл» АҚ (басқарма төрағасы) бас директоры Қайыргелді Қабылдин өз сөзінде айтқан болатын. Дегенмен де қай кәсіпорын болмасын бір жеткен жетістікпен тоқтап қалмайды, ол қашан болмасын қалай “аз шығын жұмсап, көбірек пайда табады екенмін?” деген ойда болады және соны мақсат етіп қояды.Осыған орай, әрбір кәсіпорын алдында өндірістің өнім көлемін ұлғайту факторларымен қатар, өндіріс шығындарын үнемдеу проблемасы туындайды.[12]

Шығындарды  үнемдеудің маңызды жолдары еңбек  және материалдық өндірісте тұтынылатын  ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу  болып табылады.  Өндіріс шығындарының құрылымының маңызды бөлігін  еңбек өтемақысы алады. Сол себепті  шығарылатын өнімнің еңбек сыйымдылығын төмендету, еңбек өндірілімділігінің өсуін, әкімшілік-қызмет көрсететін персоналдың санын төмендету сияқты міндеттер өзекті болып отыр.

Өнімнің еңбек сыйымдылығын төмендетуге, еңбек  өндірімділігінің өсіруге әр түрлі  тәсілдермен қол жеткізуге болады. Солардың ішіндегі ең маңыздылары - өндірісті механизациялау мен автоматтандыру,  прогрессивті, жоғары өндірістік технологияларды құру және қолдану, ескірген құрал-жабдықтарды ауыстыру және модернизациялау. Бірақ, еңбек және өндірісті ұйымдастыруды жақсартусыз қолданылатын техника мен технологияларды жетілдіру шараларын жүргізу қажетті нәтиже бермейді.

Еңбек өндірілімділігін жоғарылату үшін маңызды жағдай оны  ұйымдастыру, яғни жұмыс орынын дайындау, алдыңғы қатарлы әдістерді қолдану және  жұмысты қабылдау және т.б.

Өнім  өндірісінде шығындар құрылымында  материалдық ресурстар 3/5 бөлігін құрайды. Бұл жерде ресурс жинақтаушы технологиялық прооцестерді қолдану мәселесі орын алады. Жеткізіп берушілерден келіп түсетін шикізат пен материалдардың, бұйымдардың сапасын бақылау және талаптарды күшейту де маңызды мәселелер болып отыр.

Информация о работе Кәсіпорын шығындарын басқару