Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2012 в 15:57, дипломная работа
Дипломдық жүмыстың мақсаты кәсіпорындардың қызметтерін жан-жақты зерттей отырып, олардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқару және оларды қолдану бойынша нақты ұсыныстар жасау.
Кіріспе.................................................................................................3
I. КӘСІПОРЫННЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.......................................................................6
1.1. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруының мәні мен мазмұны ........................................................................................................................6
1.2. Дағдарысқа қарсы басқару - кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін камтамасыз етудің негізі ретінде................................................................16
1.3 Дағдарыстарды мемлекеттік реттеу: шетел және отандық
тәжірибелері...........................................................................................22
ІІ. ТОҚЫМА ЖӘНЕ КІЛЕМ ӨНЕРКӘСІБІ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУЫН БАҒАЛАУ .........................38
2.1. Қазақстан Республикасындағы тоқыма және кілем өнеркәсібінің
дамуын талдау....................................................................................38
2.2. «Алматы кілем» АҚ-ның қаржылық сипаттамасы және дағдарысқа
қарсы басқаруын талдау....................................................................58
Қорытынды....................................................................................77
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.....................................81
8. Кредиторлардың таратылған банкрот мүлкінің кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелері бойынша талаптары қамтамасыз ету сомасы шегінде үшінші кезекте қанағаттандырылады.
9. Салық және бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешек төрттінші кезекте орындалады.
10. Бесіншіден, басқа кредиторлармен есеп айрылысады.
Әрбір кезек талаптары алдыңғы талап толық қанағаттандырылғаннан кейін орындалады. Банкрот мүлкі жетпегеннен орындалмай қалған, сонымен қатар сотпен тарату балансы бекітілгенге дейін жарияланбаған талаптар өтелген деп саналады. Көрсетілген сомалар кредиторлармен дебиторлық борыштан есептен шығарылуы керек .
Әлемнің нарықтық экономикасы әртүрлі деңгейде дамыған елдерінің дағдарысты мемлекеттік реттеу аспектілерін салыстыра отырып, біз дағдарысты мемлекеттік реттеуді бірнеше белгілері бойынша жіктедік. Дағдарысты мемлекеттік реттеуді түрлі белгілері бойынша жіктеуді келесі кестеде келтіріп отырмыз.
1-кесте - Дағдарысқа қарсы мемлекеттік реттеуді түрлі белгілер бойынша жіктеу
№ | Жіктеу белгілері | Дағдарысқа қарсы мемлекеттік реттеу түрлері |
1. | Тараптарды қорғау | кредиторлар мүдделерін қорғайтын; бейтарап; кәсіпорын мүдделерін қорғайтын |
2 | Кәсіпорынның төлемқабілетсіздігін Тану | төлемдер сомасы; төлемдер мерзімі |
| Сауықтыру мерзімінің ұзақтығы | үш айға дейн; үш айдан алты айға дейн; алты айдан бір жылға дейін. |
4. | Конкурстық салмақты өткізуі | әлеуметгік бағьггталған; әлеуметтік бағытталмаған. |
5. | Төлемқабілетсіздік диагностикасын өткізуі | жедел диагностика; терең талдау жүргізу. |
Бұл кестеде келтірілген белгілер бойынша Қазақстандағы дағдарысты мемлекеттік реттеуді кредиторлар мүддесін қорғайтын, төлемдер мерзімі бойынша төлем қабілеттігін анықтайтын, оңалту мерзімі алты айға дейінгі, әлеуметтік бағытталған, жедел диагностикалы заңдылық деп қарастыруға болады.
Төлем қабілеттілікті анықтау диагностикасы ҚР-сы заңдылығы бойынша тек қана екі коэффициент арқылы жүргізіледі де, әр саланың кәсіпорындарын өз ерекшеліктеріне қарамай өткізіледі. Ал, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі үшін дағдарысты реттеудің жедел диагностикасы кәсіпорын қызметін жан-жақты көрсетпейді. Осы мәселенің әдістемелік тұстарын біз толығырақ қарастыруды жөн көрдік.
3 - сурет – Ұлттық экономиканы дағдарысқа қарсы басқару механизмі
Ұлттық экономиканы дағдарысқа қарсы басқару механизмін құруда келесідей негізгі ережелер сақталуы қажет:
дағдарысқа қарсы басқарудың ұйымдық құрылымы мен процесі үздіксіз қозғалыс пен өзгерісте болып тұрады, дағдарысқа қарсы басқару жүйесі барлық процестері өзара байланысты бірегей тұтастықтан тұрады;
дағдарысқа қарсы басқару ескі мен жаңаның арасындағы күресте туындайтын ішкі қарама қайшылықпен сипатталады;
дағдарысқа қарсы басқару процесі нақты тұрақтылықпен сипатталатын белгілі бір ұйымдық формада жүзеге асырылады;
дағдарысқа қарсы басқару ел экономикасын динамикалы және пропорционалды түрде дамуын қамтамасыз етеді;
дағдарысқа қарсы басқару шешім қабылдауда инерциялық тәсілді және потенциалды мүмкіндікті қолдану мен білімге негізделген қазіргі әдістерді сипаттайды.
Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы басқару механизмі келесі негізгі элементтерден тұруы мүмкін:
11. Қаржы жағдайының диагностикасы;
12. Кәсіпорынның бизнесін бағалау;
13. Маркетинг;
14. Ұйымдастырушы - өндірістік менеджмент;
15. Персоналды басқару;
16. Қаржылық менеджмент;
17. Инвестициялық саясат;
18. Дағдарысқа карсы бизнес-жоспарлау;
19. Бизнесреинжиниринг үрдісі;
20. Кәсіпорынның таратылуын ұйымдастыру.
Кәсіпорындағы экономикалық кауіпсіздікті қамтамасыз ету оның құрылған мезетінен басталады. Дәл осы мезетте кәсіпкерлік қызметті жүргізуші, таңдалған миссиялы фмрманың қызмет ету үрдісі барысында, мүмкін болатын потенциалды мүмкіндіктер мен қауіп-катерлерді анықтайтын факторларды тереңінен зерттеу және болашақ фирманың бағытын, яғни қызмет саласын бір жағынан, өзінің жеке мүдделері мен мақсаттарына, екіншіден, оның объективті пайда болатын үлкен қауіптерді кейін қайтарудың потенциалды мүмкіндіктеріне сәйкес анықтау болып табылады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Диплом жұмысын қортындылай келе, экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етуге берген анықтамаларын зерттей келіп, Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік, мемлекет деңгейіндегі экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды күнделікті өмірге терендеп енген түсініктер болса, кәсіпорын деңгейіндегі экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етуді көпшіліктің еті үйрене қоймаған термин болып саналады. Ғалым-экономистердің кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етуге берген анықтамаларын зерттей келіп, кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды — кәсіпорындағы барлық ресурстарды (өндірістік, технологиялық, еңбек, ғылыми-инновациялық, қаржылық, кәсіпкерлік) ұтымды пайдалана отырып, дағдарыстардың алдын-алу және ұдайы даму шаралары механизмінің тиімді қызмет ету жағдайы деп пайымдаймыз. Үдемелі дамып отырған қоршаған ортада қызмет ететін кәсіпорын басшылығына қатердің, дағдарыстың алдын-алатындай көреген болуы қажет. Тоқыма-кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының қызмет ету ерекшеліктерін ескере отырып, экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету үрдісін бірнеше кезең бойынша кұру керек. Біріншіден, қатерлердің жіктелуі, себептері анықталуы; екіншіден, экономикалық қауіпсіздіктің дәл қазіргі жағдайы бағалануы; үшіншіден, қысқа және ұзақ мерзімге даму бағдарын дайындалуы оң қадам болады.
Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету - кәсіпорынның күнделікті өмірінде қолданылып, стратегиялық сипат алатын, менеджменттің бар мүмкін болатын әлуетін кешенді, жүйелік негізде қолданып, уақытша қиыншылықтырды жеңетін және нарықтағы өз орындарын бекітіп, ары қарай дамытуға арналған дағдарысқа қарсы басқару іс-шараларының жиынтығы ретінде көрсете отырып, біз дағдарысқа қарсы басқару кэсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізі дегенге тұжырымға келдік. Шетелдік және отандық ғалым-экономистердің және өз көзқарастарымызды қорытындылай келе, кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін, біздің ұсынымыз бойынша, екі тұрғыда қарастыру керек. Тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету механизмінің бір қыры мемлекет тұрғысында, макро деңгейде көрінсе, екінші қыры кәсіпорын шеңберінде, микро деңгейде бекітілуі тиіс. Мемлекет деңгейіндегі кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету тетіктеріне: монополияға қарсы және баға саясаты, салықтық реттеу, өнім және қызмет сапасын мемлекеттік реттеу, импортты алмастырудың және отандық кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік саясаты, мемлекеттік инвестициялық саясат, кәсіпорындарды оңалту және санация жатса, кәсіпорын деңгейіндегі тетіктеріне: шығындарды басқару, өнім сапасын және бәсекеқабілеттілікті басқару, өндірістік әлуетін оңтайландыру, еңбек ресурстары мотивациясы, контроллинг, кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру, маркетинг және логистика, инвестицияларды және инновацияларды басқару, бизнес реинжиниринг жатады.
Экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды барлық құрамдас бөліктерін талдай келіп, кәсіпорын басшылығына дағдарыстың, катердің алдын-алып, болжай алуы және оң жолға бүра білуі керек деген
ұйғарымға келдік. Осы ретте, біздің ойымыз бойынша, келесі
шаралар алгоритмі тиімді болар еді: мүмкін болатын экономикалық
қатерлерді талдау; қарсы шараларды жоспарлау; қабылданған
шаралардың орындалуын бақылау; экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды жүйесінің тиімділігін талдау.
Шетелдік және дағдарысқа қарсы мемлекеттік реттеу
аспектілерін салыстыра зерггеп отырып, біз дағдарысқа қарсы
мемлекеттік реттеуді бірнеше белгілері бойынша жіктедік. Осы
жіктелу бойынша Қазақстандағы дағдарысқа қарсы мемлекеттік
реттеуді кредиторлар мүддесін қорғайтын, төлемдер мерзімі
бойынша төлемқабілеттілігін анықтайтын, реабилитация мерзімі
алты айға дейінгі, әлеуметтік бағытталған, жедел диагностикалы
завдылық деп қарастыруға болады. Экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету жүйесі үшін дағдарысқа қарсы реттеудің жедел диагностикасы толық суретті жан-жақты көрсетпейтінін анықтадық.
Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету біз Германия дағдарысты реттеу әдістемесін толықтырып, кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету 8 топтан тұратын көрсеткіштер жинағы
ретінде қарастыруды ұсынамыз: өндірістік бағдарламаның
орындалуы; өнім сапасы және бәсекеқабілеттіліктің көрсеткіштері;
өндірістік әлует көрсеткіштері; Еңбек әлуетінің көрсеткіштері;
қаржылық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету көрсеткіштері; іскерлік белсенділік көрсеткіштері; инвестициялар және инновациялар көрсеткіштері; шығындар жөне өнімнің өзіндік құнының өрсеткіштері; маржиналдық талдау негізіндегі басқару шешімдерінің көрсеткіштері. Осы ретте, біз кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін анықтау диагностикасын экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің микродеңгейдегі жүйесінің бағыттарымен ұштастыруға тырыстық. Микродеңгейдегі экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету қамтамасыз ету жүйесі 9 бағыттан тұрады. Дегенмен, маркетинг және логистика көрсеткіштері сапа және бәсекеқабілеттілік көрсеткіштерімен қайталанып отырады, бизнес-реинжиниринг міндеті алдыңғы міндеттер оң шама бермегенде қосылады деп ойлаймыз, себебі бизнес-реинжинирг кәсіпорын қызметін қайтадан жобалауды білдіреді. Бүл көрсеткіштердің нормативті шамалары экономикалық әдебиеттерде анықталған деңгейлерден немесе саладағы орташа деңгейден кем болмауы тиіс. Өтімділік коэффиценті 1 шамасында болса, кәсіпорын қаражаттары қолайлы, 2 шамасында болса қатаң орналасқан деп есептеуге болады. Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету осылай бағалау арқылы ғана экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету механизмінің диагностикасын толыққанды етіп көрсете аламыз.
Қазақстандағы тоқыма және кілем өнеркәсібінің дамуы жалпы өнеркәсштің дамуымен салыстырғанда 2003 жыл мәліметтеріне сүйенсек, көп кейінде қалып отыр: Тоқыма және кілем өнеркәсібінің дамуы жалпы өнеркәсіптің дамуымен салыстырғанда 2004 жыл мәліметтеріне сүйенсек, көп кейінде қалып отыр: рентабельділік деңгейі өнеркәсіп бойынша—16,6%, тоқыма және тігін өнеркәсібі бойынша -2,5%; жұмыскерлердің орташа айлық еңбек ақысы өнеркәсіп бойынша—27759 теңге, салада—9095 теңге, Алматы қаласы бойынша—15647 теңге; негізгі құралдардың тозу деңгейі жалпы өнеркәсіптік кешенде - 41%,салада -51%, Алматы қаласы бойынша - 65,4%-ды құрайды. Осы көрсеткіштердің даму сипаты тоқыма және тігін өнеркәсібінің экономикалық дағдарыс жағдайында тұрғанын көрсетеді.
Алматы қаласында тіркелген жеңіл өнеркәсіп саласының
кәсіпорындарының 73%-ы киім өндірісінде шоғырланған (бұл жерде киім ательелері де бар), тоқыма бұйымдарын шығаруға барлық тіркелген кәсіпорындардың 18%-ы, былғарыдан бүйымдар жасауға және аяқ киім өндірісіне 9%-ы ғана маманданған (басқаша сөзбен айтқанда, тұтынушылардың аяқ киімінің барлығы дерлік импортталған тауарлар). Тұтыну тұрғысынан экономикалық дағдарыс жағдай қалыптасқан, себебі Қытайдан, Түркиядан, Қырғызстаннан импортталатын тоқыма тауарларының сапасы көп жағдайда көңілге қонымды емес. Бірақ, бағалары арзан болғандықтан сол импорттық тауарларды тұтынамыз.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Анализ хозяйственной деятельности в промышленности: Учебник/ И.А. Богдановская, Г.Г. Виноградов, О.Ф. Моргун и др.: Под. общ. ред. В.И. Стражева. – Минск: Вышэйшая школа, 1999.
2. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. Учебник./ В.В.Ковалев, О.Н.Волкова. – М.: Проспект, 2000.
3. Финансовый анализ: Управление капиталом. Выбор инвестиций. Анализ отчетности. / В.В.Ковалев. – 2-е изд. – М.: ИНФРАМ, 1999
4. Системный анализ финансовой отчетности. Учебное пособие./ Н.Н.Погостинская, Ю.А.Погостинский. Учебное пособие. – Санкт-Петербург, 1999.
5. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: Учебник.5-е издание./ Г.В. Савицкая. – Минск: ООО «Новое знание», 2001
6. Анализ финансового состояния предприятия . А.В. Титаева, 2002. www.titaeva.ru
7. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Оқу құралы/ К.Ш.Дүйсенбаев, Э.Т. Төлегенов, Ж.Г. Жұмағалиева. Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2001.
8. Методика финансового анализа. / А.Д. Шеремет, Р.С. Сайфулин. – М.: ИНФРАМ, 1999.
9. Анализ финансового положения предприятия. Учебное пособие./ К.Ш.Дюсембаев. – Алматы: Экономика, 1998.
Информация о работе Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы басқару «Алматы кілем» АҚ