Кәсіпорынды маркетингтік жоспарлау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 15:56, курсовая работа

Описание

Қазақстан әкономикасында маркетингті қолданудың ерекшеліктері мен серпіні және әкономикалық субьектілердің қоршаған орта факторларының қағидаларын пайдалану барысына ықпал ету сипаты көбіне өтпелі кезең жағдайына орай анықталады.Қазақстанда маркетинг ғылым бағыты, шаруа-шылық қызмет аумағы және өндірістік-өткізу қызметін ретінде республика-ның нарықтық қатынастарға өтуінен бастап қалыптасты.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................8

1. Маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны.................................................10
1.1.Жоспарлаудың мәні, методологиялық негіздері және көрсеткіштері............10
1.2.Маркетинг жүйесіндегі стратегиялық жоспарлау............................................11

2. Кәсіпорынның жұмысын жоспарлау...................................................................20
2.1. «Қант»ААҚ жалпы сипаттама...........................................................................20
2.2. «Қант»ААҚ-ның маркетингтік мүмкіндіктерді талдау.................................25

3. Кәсіпорынның стратегиялық жоспарын әзірлеу................................................32
3.1.Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі бөлімдері мен
көрсеткіштері.............................................................................................................32
3.2.Фирма өсу жолының стратегиялары..................................................................33

Қорытынды.................................................................................................................36

Работа состоит из  1 файл

Кәсіпорын жұмысын маркетингтік жоспарлау.doc

— 387.50 Кб (Скачать документ)


Мазмұны

 

Кіріспе...........................................................................................................................8

 

1. Маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны.................................................10

1.1.Жоспарлаудың мәні, методологиялық негіздері және көрсеткіштері............10

1.2.Маркетинг жүйесіндегі стратегиялық жоспарлау............................................11

 

2. Кәсіпорынның жұмысын жоспарлау...................................................................20

2.1. «Қант»ААҚ жалпы сипаттама...........................................................................20

2.2. «Қант»ААҚ-ның маркетингтік мүмкіндіктерді  талдау.................................25

 

3. Кәсіпорынның стратегиялық жоспарын әзірлеу................................................32

3.1.Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі бөлімдері мен

көрсеткіштері.............................................................................................................32

3.2.Фирма өсу жолының стратегиялары..................................................................33

 

Қорытынды.................................................................................................................36

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................37

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазақстан әкономикасында маркетингті қолданудың ерекшеліктері мен серпіні және әкономикалық субьектілердің қоршаған орта факторларының қағидаларын пайдалану барысына ықпал ету сипаты көбіне өтпелі кезең жағдайына орай анықталады.Қазақстанда маркетинг ғылым бағыты, шаруа-шылық қызмет аумағы және өндірістік-өткізу қызметін ретінде республика-ның нарықтық қатынастарға өтуінен бастап қалыптасты.

Нарықтық қатынастар әкономикалық дамуды жетілдірудің үлкен по-тенциалын өзінде жасырады.Бұл нарықта шаруашылық етуші субьектілерді жеке кәсіпкерлік қызметіне шексіз бостандық беруіне байланысты.Жоғары тиімді жұмысқа барлық өсуші өлшемдерде табыстарды немесе пайданы алуға нақты мүмкіндіктер себепші болады.Ең үлкен пайданы алуға ұмтылу кәсіп-керлерді нарықты зерттеуге және сұраныс бар салаларға өз ақшаларын және еңбектерін салуға мәжбүрлейді.

Қазіргі жағдайда көптеген ірі және орта кәсіпорындарда, сондай-ақ банктерде маркетинг қызметі,ал олардың кейбіреуінде департаменттер іс-әрекет етеді.Бұлардағы маркетинг бөлімдерін ұйымдастырудың нақты сызба-лары мен түрлері әр түрлі болуы мүмкін,бірақ олар:нарықты маркетингтік зерттеу,сұраныс жағдайын,тауарлық өткізу,баға және коммуникация ұйым-дастыру сияқты жалпы міндеттерге негізделеді.

Еліміздегі көптеген компаниялар маркетингті жоспарлаумен шұғыл-данбайды.Шағын фирмалардың менеджерлері тек ірі корпорациялар ғана маркетингті жоспарлаумен айналысады деп есептейді.Қазақстандық компа-ниялардың кейбір мамандары нарық өте жылдам өзгереді,сондықтан оны жоспарлау қажет емес деген көзқараста.Мұндай тұжырым қате,жоспарлауды қолданатын компаниялардың жеткен жетістіктеріне көз жүгіртсек,жоспарлау қажет екендігі айқын аңғарылады.Нарықтағы қарқынды өзгерістер шын мә-нінде жоспарлау барысын қиындатады,алайда фирма басшылығына өзгеріс-терді болжауға,оларға әрі қарай қимыл-әрекет жасауға  тек мұқият жоспарлау ғана көмегін тигізеді.

Америкалық төрт жүз жетекші компанияны зерттеу мәліметтері жос-парлауды жүйелі жүргізетін компаниялардың сату көлемдері мен пайдасы жоғары қарқынмен өсіп тұратынын көрсеткен.

Көптеген фирмаларға өздерінің ресми қабылдаған жоспарлау мен бақы-лау жүйелерін жетілдіру қажет екені айдан анық.Әртүрлі шешімдерді үздіксіз қабылдау жоспарлауды алмастыра алмайды.Фирма үшін жоспарлау көп жағ-дайда өткізу және табыс көрсеткіштерін жақсартатын жоғары сатылы жұмыс болып саналады.

Фирманың жақсы талқыланған бағдарламалық мәлімдемесін құрастыру өте жауапты іс.Жоспарлау-фирма өзінің құрамына кіретін әрбір өндірісті ба-ғалап,оларды кеңейту,сақтау,доғару не олардың жемістерін жеу туралы қо-рытынды шығаруды талап етеді.

Берілген жұмыстың тақырыбы кәсіпорындағы маркетингті жоспарлау болып табылады.Нарықтық әкономика заманында әрбір кәсіпорын  өз жұмы-сының тиімділігін арттыру үшін әртүрлі жоспарлар жасайды.Өйткені жос-парлау-басқарудың маңызды бір функциясының әлементі болып табылады. Сондықтан да курстық жұмыстың тақырыбы маркетингті жоспарлаудың теориялық негіздері мен «Қант»ААҚ-ның жұмысын тиімді жоспарлаудың маңызы зор.Ол үшін курстық жұмыстың бірінші бөлімінде барлық осы жос-парлаудың тиімділігі және де оның қажеттілігі толық ашылып көрсетілген.

Жалпы курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады:

1.Теориялық:бұл бөлімде маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны тура-лы түсініктемелер берілген.

2.Зерттеліп отырған «Қант»ААҚ-ның жалпы қызмет жағдайына талдау жүр-гізілген.

3.Кәсіпорынның қызметінің тиімділігін арттыруда стратегиялық жоспарын әзірлеу.

Курстық жұмыстың осы бөлімдерден кейін қорытынды жүргізіліп,қолданыл-ған әдебиеттер тізімі беріледі.       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны

 

1.1.     Жоспарлаудың мәні, методологиялық негіздері және көрсеткіштері

 

Нарықтық әкономикада өнеркәсіпптің тиімді еңбек етуі кәсіпорын жұмысын дұрыс жоспарлауға байланысты болып келеді. Кәсіпорынның негізгі жоспарларына кәсіпорынның даму жоспары, өндірістік багдарлама , кәсіпорынның әлеуметтік - әкономикалық даму жоспары жатады.

Қазіргі уақытта кәсіпорынның даму жоспарын жасау барысында, жоспарлау методологиясын әрі қарай жетілдіруге көп назар аударылады.

Жоспарлау методологиясына жоспарларды жасаудың барысында, жоспарлау методологиясын дамытудың негізгі бағыттары:

-    жоспарларды        дамыған        ғылыми-техникалық    және        есептік   -әкономикалық негіздеуді үлғайту;

-    қажетті нормалар мен нормативтерді қолдану;

-    өндірісті техникалық - әкономикалық негіздеу;

-    баланстық есептеулер жүргізу;

-    өндірістің тиімділігін арттыру көрсеткіштерінің жүйесін жақсарту;

-    материал сыйымдылығын, қор сыйымдылығын азайту;

-    еңбек өнімділігін арттыру;

-    жоғарғы сапалы өнім шығаруды үлғайту;

-    жоспарлардың  ыңғайлылығын, ықшамдылығын   қамтамасыз   ету  және т.б.

Кәсіпорынның даму жоспарын прогрессивті  техникалық - әкономикалыкг нормалар  мен  нормативтерді  қолдаігу  арқылы  негіздейді. Норма   дегеніміз қандай   да бір   өнімді   шығаруға   кететін   қажетті шикізат, материал, отын әнергияның ең көп кеткен шығыны, ол абсолюттік шама болып есептеледі.

Норматив дегеніміз - салыстырмалы шама, еңбек құрал-жабдықтарының қолданылуын көрсетін көрсеткіш.

Нормалар мен нормативтерді жасаған кезде, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін, технологияның өндірістік қуатын кеңінен қолдануды және алғы өнеркәсіптік тәжірибені есепке алып отыру керек.

Техникалық - әкономикалық нормалар мен нормативтер мынадай топтар бойынша жасалынады:

- нақты  еңбек шығындары (өнімді  шығаруға кеткен  уақыт шығыны, қызмет ету нормасы, жұмысшылар санының нормативі)

-    нақты   еңбек   шығындары   (өнімді   шығаруға   кеткен   уақыт шығыны, қызмет ету нормасы, жұмысшылар санының нормативі);

-    материалдық шығындар    нормасы    (шикізат, материал    отын, жылу, әнергия, жабдықтарын үлестік нормалары);

-    еңбек   құрал - жабдықтарын   қолдану нормативтері (машиналарды, ірі құрал - жабдықтарды, механизмдерді, құрал - саймандарды    қолдану нормативтері);

-    өндіріс   процесін   ұйымдастырудың   нормативтері   (өндіріс   циклының Ү-зақтығы, аяқталмаған өндірістің көлемі, шикізат, материалдар, отынның қорлары);

-    іске  қосылатын  кәсіпорын,  өндірістер,  цехтар     мен     агрегаттардың жобада    берілген    өндіріс   куатын   игерудің    нормасы. Бұл   арқылы өндіріс қуатының қаншалықты көлемде қолданылуы есептелінеді.

Нормалар мен нормативтер әртүрлі жағдайларда қолданылады. Тірі еңбек шығындарының нормасы еңбек өнімділігінің деңгейін, жұмыс уақытының қолданылу деңгейін, еңбекақының көлемін анықтауға қолданылады. Материалдық материалдың жеке түрлері анықталады.

Нормалар мен нормативтер өнімнің өзіндік қүнын анықтау үшін қолданылады.

Жоспарларды техникалық - әкономикалық негіздеу арқылы олардың көрсеткіштерін анықтайды.

Жоспарлар мынадай көрсеткіштерді қолдану арқылы жасалынады:

-    сандық;

-    сапалық;

-    көлемдік ;

-    үлестік.

Сандық көрсеткіштерге - жалпы өнім мен тауар өнімнің көлемі; сатудың көлемі; жүмысшылардың саны; жалақының қоры; пайда көлемі, әртүрлі өндірістік шығындардың мөлшері жатады.

Сапалық көрсеткіштерге - өндірістің әкономикалық тиімділігі, еңбек өнімділігінің өсуі; өзіндік құнды азайту, өндіріс түрақтылығы, қор сыйымдылығы; өнімнің сапасы жатады.

Сандық және сапалық көрсеткіштер бір-бірімен тығыз байланысты болады.

Көлемдік көрсеткіштерге - өндірістің жалпы көлемі, жеке процестер мен факторлардың көлемі жатады.

Үлестік көрсеткіштерге - бір-бірімен байланысты бірнеше көрсеткіштердің арақатынасы жатады; мысалы: бір өнімді шығаруға кеткен металл шығыны.

Өнеркәсіптің жоспарлық көрсеткіштерін есептеу үшін табиғи, еңбек және құндық өлшемдер қолданылады.

Табиғи өлшемдер - өндірістің көлемін, материалды ресурстарды жоспарлағанда қолданылады. Олар сапалық және сандық көрсеткіштерді қамтиды.

Еңбек өлшемдері - еңбек өнімділігін есептегенде, жалақының мөлшерін, өнім нормасын есептегенде қолданылады. Әдетте норма - сағатпен белгіленеді.

Құн өлшемдері - көрсеткіштердің қүнын көрсетеді. Құн өлшемі арқылы өнімді сату көлемі, тауар және жалпы өнім жоспарланады.

 

 

1.2 Маркетинг жүйесіндегі стратегиялық жоспарлау

 

Көптеген фирмалар ресми қабылданған жоспарсыз жұмыс атқаруда. Жаңадан құрылған фирмалардың басшылары жұмыспен сонша көп айналысатындығьшан олардың - жоспармен айналысуға уақыты жоқ. Кемелденген фирмаларда, көптеген басқарушылардың айтуынша, олар осы уақытқа дейін формалъды, жоспарлаусыз да жұмыстарын орындап келе жатқандықган, оның онша маңызы болмағаны ғой деп санайды. Олар жоспарды жазбаша дайындауға уақытын алғызғысы да келмейді. Олардың айтуынша, нарықтағы жағдай соншама тез өзгеретіндіктен, жоспарлаудан онша пайда болмай, ол ақыр аяғында шаң болып сатыда жатады. Міне, сондықтан және де басқа бірқатар себептерден кептеген фирмалар өздерінде формальды жоспарлаумен айналыспайды.

Дегенмен, формалъды жоспарлау бірталай пайдалардан дәмелендіреді. Ол пайдаларды Мелвшіл Бранч мьгаадай ретімен атап өтеді:

1. Жоспарлау басшыларды турақіы түрде келешекті ойлауға итермелейді.

2.   Ол  фирманы   алдын  ала жасалған  әрекеттеріне  тура үйлестіруге мүмкіншілік береді.

3.  Ол келешекте бақылауға болатьш жұмыс көрсеткіштерін белгілеуге мүмкіншілік береді.

4.  Ол фирманың ез міндетгерін және саяси нұскауларын дәл анықтауға мәжбүр етеді.

5. Фирманың төтенше езгерістерге дайыңдығын жоғарылатады.

6.  Ол барлық лауазымды адамдардың міндеттерінің өзара байланысын көрнекті керсетеді.                                                   

Стратегиялық жоспарлау фирма шегіндегі басқа жоспарлар үшін плацдарм болатын болғандықтан оны ең алдымен қараймыз. Стратегиялық жоспарлауға бьшай деп анықтама береміз:

Қазіргі кезде қазақстандық кәсіпорындар негізінен стратегиялық жоспарлауда қарағанда, жедел жоспарлауды көбірек пайдаланады. Стратегиялық жоспарлау нарықтағы бәсекелестік курестегі басты фактор болып табылады.

Стратегиялық жоспарлаумен айналысатьш фирмалардың жетістіктері жоғары болатындығы зерттеулер нәтижесіяде анықгалған. Стратегаялық жоспарлаудың мәні болашақга технологиялық әкономикалық және әлеуметтік-мәдени өзгерістерге байладшсты өсіп отырады.

              Маркетинг стратегиясы – бұл маркетингтік іс-әрекет логикасы, соған сәйкес ұйымның СШБ-гі өз маркетингтік мақсаттарына жетуге ұмтылады. Маркетингтік стратегия мақсаты нарықтардағы іс-әрекеттің нақты стратегия-ларын, қолданылатын маркетинг жиынтығын және маркетингке кететін шығындарды қамтиды. Әр бір нарықтық сегмент үшін өңделген стратегияларда жаңа өнімдер, жарнама, бағалар, өнімдер қозғалысы, өнімді тұтынушыға жеткізу қарастырылуы қажет және стратегия қауіптер мен мүмкіндіктерге қалай жауап беретіні көрсетілуге тиісті.

Информация о работе Кәсіпорынды маркетингтік жоспарлау