Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 15:56, курсовая работа
Қазақстан әкономикасында маркетингті қолданудың ерекшеліктері мен серпіні және әкономикалық субьектілердің қоршаған орта факторларының қағидаларын пайдалану барысына ықпал ету сипаты көбіне өтпелі кезең жағдайына орай анықталады.Қазақстанда маркетинг ғылым бағыты, шаруа-шылық қызмет аумағы және өндірістік-өткізу қызметін ретінде республика-ның нарықтық қатынастарға өтуінен бастап қалыптасты.
Кіріспе...........................................................................................................................8
1. Маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны.................................................10
1.1.Жоспарлаудың мәні, методологиялық негіздері және көрсеткіштері............10
1.2.Маркетинг жүйесіндегі стратегиялық жоспарлау............................................11
2. Кәсіпорынның жұмысын жоспарлау...................................................................20
2.1. «Қант»ААҚ жалпы сипаттама...........................................................................20
2.2. «Қант»ААҚ-ның маркетингтік мүмкіндіктерді талдау.................................25
3. Кәсіпорынның стратегиялық жоспарын әзірлеу................................................32
3.1.Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі бөлімдері мен
көрсеткіштері.............................................................................................................32
3.2.Фирма өсу жолының стратегиялары..................................................................33
Қорытынды.................................................................................................................36
Сурет 3. Өнімнің өмірлік циклының әр түрлі кезеңдері үшін маркетинг құралдарының икемділігі.
П
Сурет 4. Өнімнің өмірлік циклы
1. Алаңдық сынаулар. Компания өз стратегияларын нақты жағдайда сынай алатын болса, жақсы болатын еді. Әдетте әр түрлі стратегияларды бірдей жағдайда сынау мүмкін болмайды. Сондықтан сатулар үшін бастапқы жағдайлар көзқарасынан ұқсас болатын екі немесе одан көп нарықтарды іздеп, бір стратегияларды соларда іске асырады. Сонымен қатар, фирма әр нарықта әр түрлі стратегияларды сынап, кейіннен алынған нәтижелерді салыстыра алады.
Алынған нәтижелерді салыстыру, бақылау және талдау өте қиын және қымбат.
Сонымен бірге, бәсекелесуші фирмалар алынған нәтижелерді пайдалануы мүмкін.
2. Математикалық талдау әр түрлі стратегияларды бағалау және оптималды стратегияларды таңдау үшін қолданылады.
Сыртқы жағдайлар ықтималдылықтардың бөлінуімен сипатталуы мүмкін. Бірақ, маркетингтік процесстер өте күрделі болып табылады, сондықтан оларды математикалық теңдеулер көмегімен көрсету және шешу іс-жүзінде мүмкін емес.
3. Имитациялық моделдеу. Машиналық имитация күрделі жүйелер мен процесстерді талдаудың перспективті құралы болып табылады.
Машиналық имитациялық модель – бұл есептеу машинасында өзара байланыстырылған түрде зерттелетін объекттің сандық сипаттамаларын көрсету. Математикалық моделдер сияқты, олар нақты процесстің символикалық бейнелеуіне негізделеді. Бірақ, математикалық моделде шешуін алуға болатын болса, имитациялық модель тек әр түрлі шешімдерді “ойнап” шығуға мүмкіндік береді. Ол болашақтағы мүмкін жағдайлардың өзгеруін болжауға және талдауға мүмкіндік береді, сол арқылы тексеріліп жатқан стратегиялардың салдарын бағалап, ең тиімдісін табуға болады.
Мәселелердің анықтылығының деңгейі мен оларды шешудің жағдайлары-на байланысты маркетингтік есептердің үш түрі кездеседі:
1. Детерминацияланған. (анықтаушылық, негіздеушілік). Бұл әрбір таңдалған стратегия бір ғана нәтижеге (мақсатқа) алып барады деп саналған жағдайларда пайда болатын есептер.
2. Ықтималдылық (тәуекелділік жағдайларда).
Бұл әр бір стратегияны іске асыру барысында жету мүмкіндігін мәлім немесе бағалануы мүмкін болатын әртүрлі нәтижелер алынуы мүмкін жағдайларда пайда болатын есептер.
3. Белгісіздік жағдайлардағы есептер. Бұл қарастырылатын стратегиялар-дың ішінен біреуін таңдаған кезде қандай нәтиже алынатындығы белгісіз болған жағдайда пайда болатын есептер.
Бірінші түрдегі есептерді шешу үшін математикалық әдістердің кең жинағы қолданылады, мысалы, математикалық программалу.
Мысалы, нарық сыйымдылығы туралы әр түрлі болжам жағдайларында тігін машиналарын шығару мәселесі шешіліп жатыр. Шығару стратегиясын таңдаудың негізгі критерийі – пайданы максималды ету деп есептейік. Есептік пайда
Пе=Сө - Ш
Сө - сатылған өнімнің құны;
Ш – кәсіпорынның толық шығындары.
Бір тігін машинасының сатылу бағасы 1 мың теңге дейік.
2. Кәсіпорынның жұмысын жоспарлау
2.1.«Қант»ААҚ жалпы сипаттама
"Қант" ашық акционерлік қоғамы Жамбыл облысының тараз қаласының шығыс өңірінде орналасқан. Қант өндірісі жалпы тамақ индустриясында ең алғы саласы болып табылады. "Қант" акционерлік қоғамы шаруашылык объекі ретінде. Кәсіпорынның 1993 жылы 17 желтоқсанда тіркелінді. Куәлік N 10508. жарғы облыстық әділет басқармасымен бекіттілді. "Қант" акционерлік қоғамы заңды тұлға және өндірістік қызметін Қазақстан Республикасының қызмет етуші заңы және жарғысы негізінде жұмысын жүргізуде. "Қант" акционерлік қоғамы өз алдына балансы, банктік есел шоты жәнеөзінің аты көрсетілген мөрі бар. "Қант" акционерлік қоғамы қызметінің мақсаты болып өндірістік қызметтен табыс алу. "Қант" акционерлік қоғамының негізгі өндірісіне - ком, патока, әк шығару өнімдері жатады. Қосымша өндірісіне - жылу, әлектро әнергияларын, су қамтамасыз ету және су коймаларын, химиялық тазартылған су, қысылған ауа, қаптарды шығару және жөндеу, теміржолдық көлікке кызмет көрсету, жөндеу - механикалык шеберхананың қызметі, әлектроцехтың қызметі, КИПиА цехының қызметі, жөндеу - қүрылыс учаскісі жатады.
"Қант" акционерлік қоғамы өзінің тарихын жамбыл қант комбинаты болып бастады. Оның қүрылысы 1932 жылы каңтарда басталды. 1937 жылы ақпанда іске қосылды. Уақыт ағысымен кәсіпорынның аты да, басқаруы да өзгеріп отырды.
1932 жылдың қаңтарынан ССРО құрылыс жөніндегі халык комиссариатының қант зауыттарының құрылысы мен монтажы жөніндегі бүкіл одақтьщ трестінің Әулие-Ата қант зауытының құрылыс конторасы.
1935 жылдың қаңтарынан Қаз ССР Оңтүстік Қазақстан облысынын Алматы қант қызылша трестінің Әулие - Ата зауыты.
1938 жылдың қаңтарынан Қаз ССР Оңтүстік Қазақстан облысының жамбыл қант қызылша зауыты.
1939 жылдың қаңтарынан - "Жамбыл қант комбинаты" 1993 жылдың қазанынан "Қант" акционерлік қоғамы. "Қант орталығы" ЖШС-тің мерзімі 5 жылға созылған сенімділік басқармасының қол астында. Бизнес - жоспары өнеркәсіптің өзінде жасалынады шикізатпен фирманың президенті қамтамасыз етеді (шетелдік қант - сырец). Одан баскакузде зауыт жеке тұлғалармен, шаруа қожалықтармен келісім шартқа тұрып олардың өткізген қант қызылшасын өңдейді. Қызылшаның өңдеген ақысына өңделген заттын 35 % кәсіпорында қалады.
"Қант" акционерлік қоғамы шығарылатын өнімін негізгі номенклатурасы: кұмшекер, кант рафинады және т.б. ассортименттер.
"Қант" акционерлік қоғамы келесі құрылымдык бірліктерден түрады: қант қызылша зауыты, рафинад зауыты, ТӘЦ, механикалык цехі, шикіpfn бөлімі. Олардың бәрі кәсіпорын территориясында орналасқан жіне қызметтерін Қазақстан республикасы заңына сәйкес атқарады.
АӨК қант өнеркәсібі республикада ең ірі тараз шақпа қант шығаратын комбинаты негізінде дамыған. Бүл комбинат жергілікті шикізаттарды пайдаланып, республиканың барлық шақпа қаңтын өвдіреді. Қант өндірісінің қалдығын пайдалану негізі де осы АӨК республикада шыарылатын әтил спиртінің 2/3 жуығы өндірледі.
Қант өнеркәсібі көп көлемді шикізат өндеп аз көлемді ілеспелі өнім бередІ. Сондықтан кант кәсіпорындарын шикізат көздеріне және осы саланың қалдықтарын түтынушыларға жақын орналастыру жөн.
Кез келген әлеуметтік - әкономикалык жүйе біршама дербес бірақ өзара байланыс екі бөліктен тұрады. Басқарылатын және басқару?
Басқару - үйымдасқан жүйеге нысаналы турде ықпал жасау оның белгіленген қүрылымын сақтау, кызметтің тәртібі мен мақсатын қолдау. Түрлері: заттарды басқару - технологиялық процестерді басқаруга саяды; адамдарды басқару - өндірісті (өндірістІк ұжымдарды) басқаруга саянды. Органдар (ақпараттын болуы), кадрлар (басқарушылар, мамандар орындаушылар), басқару техникасы (ақпарат жинау, тарату, өңдеу құралдары) жүйесі басқарудың материалдық негізі болып табылады.
Кәсіпорынды басқару - басшының не басқару органдарының адамдарды бірлескен еңбек үшін келістіретін және біріктіретін нысаналы, реттеушілік ықпал жасауы. Ол басқару принциптерін және меншік иесінің өз мүлкін шаруашылыққа пайдалану қүқықтарын үштастыру негізінде кәсіпорынның жарғысына сәйкес жүзеге асырылады. Жалпы алғанда кәсіпорынды басқару басқарушылық шешімдедің принциптерін, функцияларын, әдістерін, теориясын, үйымдық күрылымды, техникалық қүралдар мен технологияны автоматтандырылған басқару жүйелерін қамтиды.
Басқару әдістері - басқару қызметінің тәсілдері, олардың көмегімен еңбек ұжымыньщ, жекелеген орьшдаушылардың жүмысы баскару объектісінің алдында тұрған мақсаттарга жетуге бағытталады. Олар әкономикалық заңдар талаптарын практикада әске асыру кұралы болып табылады, оларды зерделеу және пайдалану әрбір басқарушылық шешімді практикалык негіздеу, басқарудың нақты мақсатына қолжеткізу үшін қажет. Олардың көмегімен басқару қызметкерлеріне, олар арқылы және солардың қатусуымен өндіріске немесе қызметтің басқа да саласына ықпал етеді. Жекелеген жүмыстарды немесе ережелерді орындау тәсілдерін, басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен оңтайландыру әдістерін қамтитын басқару процесінің әдістерінен өзгеше түрде басқару әдістері басқару объектісіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығымен сипатталады. Басқару әдістері жүйесінде өзара байланысты және өзара тәуелді, жиынтығында баскару объектісІнің алдында түрған кешенді міндеттерді шешуге мүмкіндіқ береті әдістердің мынадай топтары қабылданған: әкономикалық әдістер, әкімшілік (ұйымдастыру - өкім беру) әдістер және әлеуметтік -психологиялық әдістер. Бүлардың әрқайсысында басқару объектісіне ықпал жасаудың белгілі бір сипаты бар және олардың жиынтығы кешенді жүйені құрайды.
"Қант" ашық акционерлік қоғамының басқару құрылымы келесідей формада белгіленген:
Атқарушы директор - кәсіпорынының барлық өндірістік - шаруашылық қызметіне басшылық етеді. Директорге: техникалық директор, президент кеңесшісі, бас бухгалтер, заң бөлімінің басшысы, бас бухгалтер, заң бөлімінің басшысы, әкономика бөлімінің басшысы, бас агроном, маркетинг және коммерция бөлімінің басшысы, кадрлар бөдімінің басшысы бағынады.
Техникалық директор - негізгі өндірісті және көмекші цехтардың жұмыстарын қадағалайды. Оған қү_м шекер және шақпақ қант зауыттарының бас инженерлері, ТӘЦ және ТВК, КРШиА басшылары, әлекторцехтар, ткміржол цехы, жөндеу - құрылыс учаскісі және механизациялау цехы бағынады.
Бас бухгалтер - шаруашылық жұмысының қаржы және бухгалтерлік есеп мәселелерін жүргізетін директордың көмекшісі қызметін атқарады. Бас бухгалтер шикізаттың, материалдардын, дайын өнім және оның сатылуын бақылайды. Бас бухгалтерге еңбек ақыны есептеумен айналысатын есептік бөлім және орталық бухгалтерия бағынады.
Заң бөлімінің бастығы - заң бөлімін басқарады, кәсіпорынның заңбы -құқықтық мәселелерімен, келісім шарттарды, бұйрықтар, еңбек және өндірістік тәртібін қадағалайды.
Әкономика бөлімінің бастығы - "Қант" акционарлік қоғамының әкономикалық жұмысын басқарады. Бұл бөлім өнімді өндеу бағасы бойынша көптеген қызмет түрлерінің статистикалық және өндірістік есепті құраумен айналысады.
Бас агроном - шикізат бөлімі және шикізат лабораториясын қадағалайды. Қант қызалшасын қабілдау және дайындау жөніндегі директордың орынбасары. Ол қызылша өндірушілермен келісім шартқа тұрады.
Маркетинг және коммерция бөлімінің бастығы - өткізу және жабдықтау бөлімдерінің жүмыстарын қадағалайды. Жабдықтау бөлімі қосымша материалдармен, техникамен, құралдармен қамтамасыз етуді қадағалайды. Өйткізу бөлімі - дайын өнімді өткізуді ұйымдастырады.
Кадрлар бөлімінің басшысы - кадрлар бөлімінің жұмысын басқарады. Бұл бөлім жұмысшылардың жеке құрылымының есебін жүргізеді. Кадр бөліміне жымысшылардың жұмыс уақытысының есебін жүргізетін өткізу бюросы бағынады.
Төмендегі кестеде "Қант" ашық акционерлік қоғамының техника -әкономикалық көрсеткіштері келтірілген.
Сонымен, "Қант" ашық акционерлік қоғамының техника-әкономикалық көрсеткіштерін талдайтын болсақ, есепті жылмен өткен жылды салыстырғанда тауарлы өнім көлемі 486457 мың теңге ге артқан. Ал сатылған өнімнің өзіндік құны 2009 жылы 598189,0 болса 2010 жылы 1122768,758 мың теңге болды. Яғни ол 87,69 %-ға артты. Яғни, бүл салыстырмалы бағамен тауарлы өнімнің артуына байланысты, сонымен ол есепті жыомен өткен жылды салыстырғанда 3052328 мың теңгеге өсті. Ал натуралды түрде шығарылған өнім көлемі 2008 жылы 140814,7 тонна, 2009 жылы 111565,8 тонна, 2010 жылы 144633,0 тонна өнім шығарылды.
Кесте 1
"Қант" ашық акционерлік қоғамының техника-әкономикалық көрсеткіштері
№ | Көрсеткіштер | өлшем бірлігі | 2008
| 2009
| 2010 | Ауытқу |
1. | нақтылы бағада тауарлы өнім: | мың тг. | 725640 | 672791 | 1212097 | 486457 |
2. | Салыстыр малы бағадағы тауарлы өнім | мың тг. | 8790268 | 7207996 | 10260324 | 1470056 |
3. | шығарылған өнім көлемі барлығы | тонна | 140814,7 | 111565,8 | 144633,0 | 3818,3 |
а | Қант қызылшасынан | тонна | 6726,2 | 8062,9 | 7692,6 | 966,4 |
| шақпақ кұмшекер | тонна | 4671 | 4602,4 | 7692,6 | 3021,6 |
| Үгітілмелі шақпақ қанты | тонна | 940,2 | 1400,5 | - | - |
| Шамбон шақпақ қанты | тонна | 1115,0 | 2060,0 | - | - |
б | Иіетел шикізатынан | тонна | 134088,5 | 103502,9 | 136940,4 | 2851,9 |
| Шақпақ құмшекер | тонна | 130198,5 | 100585,5 | 125646,1 | 4552,4 |
| Үгітілмелі шақпақ кані | тонна | 2566 | 1841,4 | 2748,7 | 182,7 |
| 'Шамбон" шақпак канты | тонна | 1324 | 904,8 | 3115,0 | 1791 |
| 1 кг-дық буылған шақпақ қант | тонна | - | - | 5430,6 | -
|
4 | Еңбеккерлер саны
| адам | 1123 | 1123 | 1182 | 59 |
| -жұмысшылар | адам | 1002 | 1006 | 1064 | 62 |
5 | Еңбек ақы қоры | мың тг. | 160465,3 | 182488,6 | 243446,8 | 82981,5 |
| - жұмысшылар | мың тг. | 130715,2 | 149535,9 | 201026,8 | 70311,6 |
6 | 1 еңбеккердің орташа айлық еңбек ақысы | теңге | 1910 | 13540 | 17160,0 | 5250 |
| - 1 жұмысшының | теш е | 10870 | 12390 | 15740,0 | 4870 |
кесте 1 жалғасы | ||||||
7
| Еңбек өнімділігі - 1 еңбеккердің |
мың тг. |
646,16 |
599,1 |
1025,5 |
379,34 |
| - 1 жұмысшының | мың тг. | 724,2 | 668,8 | 1139,2 | 415 |
8 | Негізгі қолардың жылдық құны | мың тг. | 1138662 | 1141886 | 1191377 | 52715 |
9 | өндірістік қорлар | мың тг. | 1117226 | 1120679 | 1180666 | 63440 |
10 | Қор қайтарымы | тг/тг | 0,64 | 0,59 | 1,02 | 0.38 |
11 | Өзіндік кұн ТӨ | мың тг. | 762216 | 558965 | 1097361 | 335145 |
12 | 1 теңгеге шығын | теңге | 1,05 | 0,83 | 0,90 | -0,15 |
13 | Өнімді өткізуден түскен табыс | теңге | 824375,131 | 700449,0 | 1274649,341 | 450274,2 |
14 | Өткізілген өнімнің өзіндік құны | теңге | 715167,13 | 598189,0 | 1122768,758 | 407601,6 |
15 | Жалпы кіріс | теңге | 109207,983 | 102260,0 | 151880,583 | 42672,6 |
16 | Нақтылы бағадағы ТӨ түскен таза табыс (шығыс) | теңге | -36025,979 | 20116,0 | 2822,338 | 38348,32 |
17 | Табыс (шығыс) | мың тг. | -36576 | 113826 | 114736 | 151312 |