Кәсіпорынның айналым капиталы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 22:57, курсовая работа

Описание

Капитал – бұл даму үрдісімен тығыз байланысты ұғым және айналымда оған ұқсайтын құбылыс болмайды. Бұл ұғым өзінің бойына тек дамумен ғана байланыстыратын экономикалық қырын сіңірген.
Айналым капиталы дегеніміз – өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құруды және олардың үздіксіз айналымдылығын қамтамасыз ететін алдын-ала бөлінген ақшалай қаражаттардың жиынтығы.
Үздіксіз өндірістік үдерісті қамтамасыз ету үшін негізгі өндірістік қорлармен қатар оған еңбек заттары мен материалдық ресурстар қажет.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ – МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ............................................5
1.1 Айналым капиталының мәні және құрылымы..........................................5
1.2 Қажетті айналым қаражаттарын анықтау..................................................6
1.3 Айналым капиталы тиімділігін анықтау көрсеткіштері...........................8
2 КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН БАСҚАРУ ТИІМДІЛІГІНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ («МӨЛДІР СУ» ЖШС МЫСАЛЫНДА)...........................................................................................................12

2.1 Кәсіпорын капиталын қолданудың тиімділігін талдау…….............….12
2.2 ЖШС «Мөлдір су» капиталын басқарудың жалпы қаржылық жағдайы...........................................................................................................................17
2.3 Кәсіпорынның айналым басқару тиімділігін көтеру жолдарын дамыту.............................................................................................................................21

Қорытынды...................................................................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................................26
Қосымшалар

Работа состоит из  1 файл

Кәсіпорынның айналым капиталын басқарудың теориялық.doc

— 215.00 Кб (Скачать документ)


 

 

Мазмұны

 

Кіріспе.......................................................................................................................3

 

1 КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ – МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ............................................5

 

       1.1 Айналым капиталының мәні және құрылымы..........................................5

        1.2  Қажетті айналым қаражаттарын анықтау..................................................6

       1.3  Айналым капиталы тиімділігін анықтау көрсеткіштері...........................8

 

2 КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН БАСҚАРУ ТИІМДІЛІГІНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ («МӨЛДІР СУ» ЖШС МЫСАЛЫНДА)...........................................................................................................12

             

2.1              Кәсіпорын капиталын қолданудың тиімділігін талдау…….............….12

2.2              ЖШС «Мөлдір су» капиталын басқарудың жалпы қаржылық жағдайы...........................................................................................................................17

2.3              Кәсіпорынның айналым басқару тиімділігін көтеру жолдарын дамыту.............................................................................................................................21

    

Қорытынды...................................................................................................................24

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................................26

 

Қосымшалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Кәсіпорынның  іс-әрекеттерін  қамтамасыз  етудегі  міндетті  шарт – қолда бар айналым  қаражаттарының  болуы, яғни капиталдың болуы.

Капитал – бұл  даму  үрдісімен  тығыз байланысты  ұғым  және  айналымда  оған  ұқсайтын   құбылыс  болмайды. Бұл  ұғым  өзінің  бойына тек  дамумен ғана байланыстыратын  экономикалық  қырын  сіңірген.

Айналым капиталы дегеніміз – өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құруды және олардың үздіксіз айналымдылығын қамтамасыз ететін алдын-ала бөлінген ақшалай қаражаттардың жиынтығы.

Үздіксіз өндірістік үдерісті қамтамасыз ету үшін негізгі өндірістік қорлармен қатар оған еңбек заттары мен материалдық ресурстар қажет. Еңбек заттары еңбек құралдарымен бірге өндіріс үдерісіне қатысып, олардың құны өндірілетін өнімнің материалдық негізін жасап, өнімнің өзіндік құнын сұрайды. Өндірістік айналым капиталдың заттық элементтерінің айналымдылығымен, еңбек үдерісімен және негізгі өндірістік қорлармен тығыз байланыста болады.

Айналым капиталы өндіріс және айналыс өрісінде пайдаланылып, жабдықтау, өндіру, өткізу сияқты үш кезеңнен өтеді және осы кезеңдер ішінде әр түрлі табиғи күйге енеді.

              Айналым капиталының нормативі әрқашан да өндірістің нақты мұқтажын қанағаттандырып отыруы тиіс. Нормативтің деңгейі аз болған жағдайда кәсіпорын өндірісті келешекте қажет болатын қормен қамтамасыз ете алмайды және т.с.с. басқалармен дер кезінде есеп айырыса алмайды.

Кәсіпорын  айналым  капиталының  құрылымы  тұрақсыз және  көптеген  себептердің  ықпалымен  өзгеріпте   отырады. Әрбір  нақты  кәсіпорында  капиталдың  шамасы, олардың  құрамы  мен  құрылымы  өндірістік  сипаттағы  күрделігіне, өндіріс кезеңінін  ұзақтығына  оларды  жеткізу  жағдайы  және т. б. байланысты  болады. Кәсіпорында  айналым  капиталын қажеттілігін  анықтау  және  олардың   қалыптасу  көздерін табу  айналым  капиталын   басқару болып  табылады

Курстық жұмыстың тақырыбы: «Кәсіпорын капиталын басқару»

Курстық жұмыстың өзектілігі: Айналым капиталы өндірістік үдерісте келешекте қажет өндірістік запастар мен аяқталмаған өндіріс өніміне, ал айналыс үдерісінде дайын өнімдер мен қаражат түрлеріне ауысып отырады. Бірлік айналымның ұзақтығы өндіріс пен айналыстың жиынтық уақытына тең. Өндіріс және айналыс өрісіндегі бірлік айналымның ұзақтығына кәсіпорынның өндіріс - шаруашылық қызметіне қажет айналым капиталының шамасы тәуелді болып келеді. Қаржылар бір түрден екіншісіне неғұрлым жылдам өтіп, айналым тез жүрген сайын, қажетті айналым капиталының жалпы сомасы солғұрлым төмендей түседі. Айналым капиталын басқару айналым капиталының өте аз көлеміндегі өндірістік үдерістің үздіксіздігі мен өнімді өткізуді қамтамасыз етуге негізделген. Бұл дегеніміз - кәсіпорынның айналым капиталы бүкіл айналым сатыларында міндетті түрде ең аз мөлшерде, бірақ жеткілікті көлемде болуы тиіс дегенді білдіреді.

Курстық жұмыстың мақсаты: Кәсіпорын капиталын басқару барысында, «Мөлдір су» ЖШС мысалында талдау.

Курстық жұмыстың құрылымы: Бірінші, екінші бөлімнен және қорытынды мен қосымшадан тұрады.

Бірінші бөлімінде: Кәсіпорын капиталын басқарудың теориялық-методоло-

гиялықлық негіздері және капиталдың құрылымы сипатталады.

              Екінші бөлімінде: «Мөлдір су» ЖШС-ның капиталды басқарудағы қаржылық жағдайына талдау  жүргізіледі.

              Талдаған курстық жұмыстың міндеттері:  

- Қажетті айналым капиталын анықтау;

- Кәсіпорын капиталын қолданудың тиімділігін талдау;

- Кәсіпорын капиталының көтеру жолдарын дамыту;

Курстық жұмыста осылар талқыланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1  Кәсіпорынның айналым капиталын басқарудың теориялық -методологиялық негіздері

 

1.1 Айналым капиталының мәні және құрылымы

 

Айналым капиталы (айналым құралдары) – бұл кәсіпорынның активтері, ағымдағы қызметтің қамтамасыз етуімен жиі анықталып отыратын және айналым ұзақтығы кем дегенде бір жыл немесе бір өндірістік цикл болатын салымдар.

“Капитал” термині отандық және шетелдік ғылыми әдебиеттерде бірнеше рет кездескен. Капитал негізінен келесі салаларда кеңірек қолданылды делінеді: біріншіден – бухгалтерлер арасында, екіншіден – экономистер арасында.

Бірінші саладағы қолданылатын капитал – бұл кәсіпорынның жеке меншігінде, яғни баланста акционерлік капитал, эмиссиялық кіріс және бөлінбеген пайда түрінде көрсетілетін капиталды айтады. Капитал үлесі фирманың өзіндік құны және олардың үшінші жақтың алдындағы (кредиторлар, мемлекет, жеке жұмысшылар және т.б.) берешек айырмасын айтады. Есепте қандай бағалардың қолданылуына байланысты (есептік немесе нарықтық) капитал үлесі (мөлшері) де әр түрлі болуы мүмкін. Екінші салада қолданылатын “капитал” түсінігін кәсіпорынның материалдық активтері (негізгі құралдар,түгендеу және т.б.) ұғынылады.

Осы екі саладағы капитал ұзақ мерзімді қаражат көздері немесе “капитал” термині қаржыландыру көздері сияқты активтерге де қолданылуы мүмкін. Соңғы жағдайды ескере келе “пассивті капитал” жайында, яғни оны меншікті және тартылған (заемдық), сонымен қатар “активті капитал” жайында, оны негізгі капитал (ұзақ мерзімді активтер, аяқталмаған құрылысты қоса) және айналым капиталы (мұнда барлық қалған айналым құралдары жатады) деп бөледі.

Кәсіпорындардың іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт – қолда бар айналым қаражаттарының (айналым капиталы) болуы. Айналым қаражаттары – бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін аванстаудың ақшалай қаражаттарының жинтығы. Айналым қаражаттарының мәні – ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Айналым қаражаттары өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады.

Айналым қаражаттарының құрылымы деп - барлық жиынтығындағы олардың бөлек элементтерінің арақатынасын айтады. Кәсіпорындардағы айналым қаражаттарының құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің не ол, не бұл мезетін сипаттайды. Мысалы, дебиторлық берешек үлесінің шамадан тыс артуы, қоймадағы дайын өнімдер, аяқталмаған өндіріс, кәсіпорынның қаржы жағдайының нашарлағанын білдіреді. Дебиторлық берешек осы кәсіпорындағы айналымынан оқшауландырылған қаражатты және оларды дебиторлық пайдалануын, өзінің айналымындағы борышкерлерді сипаттайды. Аяқталмаған өндіріс үлесінің артуы, қоймадағы дайын өнімдер айналымындағы айналым қаражаттарының оқшауланғанын, сату мөлшерінің, сонымен бірге пайданың азаюын көрсетеді. Сондықтан, кәсіпорындарды айналым қаражатының құрылымын оңтайландыру және олардың айналымын арттыру басты мақсатқа айналғаны жөн.

Кәсіпорындарда айналым қаражатының құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен өзгеріп отырады. Әрбір нақты кәсіпорында айналым қаражатының шамасы, олардың құрамы мен құрылымы өндірістік сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т.б. байланысты болады.

Түрлі салаларда айналым қорларының үлес салмағы  кәсіпорындардың өндіріс қорларының құрамында әр түрлі. Мысалы, ауыр өндіріс  кәсіпорындарында жеңіл өндіріс  кәсіпорындарына қарағанда ол төмен. Кәсіпорындарда айналым қаржыларының қажеттілігін анықтау және олардың құрамы мен құрылымын, қалыптастырудың көздерін табу және оларды реттеу, айналым қаражаттарын басқару және т.б.

Өндіріс тиімділігін арттырудың елеулі резервтері құрамына шикізат пен негізгі материалдар, отын, қосалқы матариалдар, тез тозатын аспаптар және басқа да еңбек заттары кіретін айналым қорларын орынды пайдаланудың есебінен өндіріс шығындарын одан әрі төмендетуден табылады.

Өндірістің нәтижелілігін арттыру жөніндегі шараларды белгілеген кезде кәсіпорындардың өндіріс процесінің маңызды заттық элементі болып табылатын өндірістік айналым қорларын тиімді пайдалануға кәсіпорын ұжымдарының айрықша назар аударғаны жөн.

Осы бөлімде капиталға жалпы түсініктеме беріліп өтті, сонымен қатар құрамы мен құрылымы ашылып өтті.

 

 

1.2 Қажетті айналым қаражаттарын анықтау

 

Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігінде олардың қажеттілігін дұрыс анықтау болып табылады. Себебі, өндірістің осы көлемінде жоспарланған пайданы ең төменгі мөлшердегі шығынмен табуға үлкен ықпалын тигізеді. Айналым қаражатының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның тұрақсыз қаржы жағдайына, өндіріс процесінің іркелісіне әкеліп соғады. Осының салдарынан өндірістің көлемі мен пайдасы төмендейді. Осы кезекте айналым қаражатының көтеріңкі мөлшері кәсіпорынның өндірісті ұлғайту үшін күрделі қаржы шығынын жұмсау мүмкіндігі төмендейді.

Кәсіпорында айналым қаражатының қажеттілігін анықтау кәсіпорынның өндіріс жоспары және өндіріс шығынының сметасымен үйлестіру керек. Мұнда қажетті мөлшерде өнімнің нақтылы түрлерін және оларды белгілі мерзімде шығаруды негіздеу қажет. Кәсіпорынның жеке айналым қаражатының қажеттілігін есептеген кезде мыналарды еске алған жөн. Жеке айналым қаражаттары өндірістік бағдарламаны орындауда тек негізгі өндірістік қажеттілікті өтеу ғана емес, сонымен қатар, кәсіпорынның негізгі қызметіне жатпайтын қосалқы және көмекші өндірістер, тұрғын үй, коммуналдық және т.б. шаруашылықтар және дербес баланста тұрмайтындар да өтелуі қажет.

Тауар өткізу, қоймадағы дайын өнімдердің қорлануы жөніндегі иәселелерді жеткілікті, терең пысықтауы төмен болуы мүмкін. Бірақ та, кез келген жағдайда алдағы кезде межеленген сату болжамы болуы керек. Олай болмаған күнде шығарылған өнімдер қоймада ұзақ жатып қалады және ақшалай қаржыларының едәуір бөлігі айналымнан оқшауланады, сөйтіп кәсіпорынның қаржы жағдайының орнықтылығына әсер етіп, оның банкротқа ұшырауы мүмкін.

Әуелі кәсіпорын құрылғанда айналым қаражаттары жарғылық қордың бір бөлігі ретінде қалыптасады. Олар тауарлық өнімдерді өндіруге байланысты өндірістік босалқы қоларды сатып алу үшін жұмсалады.

Дайын өнім қоймаға түседі, содан соң тұтынушыларға жіберіледі. Оның төлеуге дейінгі мезетінде өндіруші ақша қаражаты мұқтажынан жоқшылық көреді. Мұқтаждықтың бұл деңгейі салынған қаражаттың көлеміне ғана емес, сонымен бірге алдағы есеп айырысудың мөлшеріне де байланысты, ол жыл ішінде түрлі себептермен тұрақсызданады. Сондықтан да кәсіпорын айналым қаражатын қалыптастыруда басқа да қиындық көздеріне ұшырайды - орнықты пассивтер, несиегерлік берешек, банк несиесі және басқа да несиегерлер.

Өндірістік бағдарламаның өсу мүмкіндігіне байланысты айналым қаражатына мұқтаждық артады, осыған орай, қаражатының өсуіне тиісті қаржыландыруды қажет етеді. Бұл жағдайда оларды толықтыру көзі кәсіпорынның таза пайдасы болып саналады.

Айналым қаражаты ретінде кәсіпорын орнықты пассивтерді пайдаланады. Олар жеке көздеріне теңестіріледі, себебі, кәсіпорынның айналымында түпкілікті болып, оның іс-әрекетін қаржыландыру үшін қолданады, бірақ оған жатпайды.

Орнықты пассивке жататындар:

-                     жалақы жөнінде ең аз ауыспалы берешек және әлеуметтік сақтандыруға, зейнетақы қорына, медицина сақтандыруына, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударым жарнасы;

-                     ақы төлеудің мерзім ішіндегі келіп түспегендегі фактурасы жоқ жеткізушінің және акцептелген есеп айырысу құжаты бойынша жеткізушіге берешегі;

Информация о работе Кәсіпорынның айналым капиталы