Кәсіпорынның айналым капиталы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 22:57, курсовая работа

Описание

Капитал – бұл даму үрдісімен тығыз байланысты ұғым және айналымда оған ұқсайтын құбылыс болмайды. Бұл ұғым өзінің бойына тек дамумен ғана байланыстыратын экономикалық қырын сіңірген.
Айналым капиталы дегеніміз – өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құруды және олардың үздіксіз айналымдылығын қамтамасыз ететін алдын-ала бөлінген ақшалай қаражаттардың жиынтығы.
Үздіксіз өндірістік үдерісті қамтамасыз ету үшін негізгі өндірістік қорлармен қатар оған еңбек заттары мен материалдық ресурстар қажет.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ – МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ............................................5
1.1 Айналым капиталының мәні және құрылымы..........................................5
1.2 Қажетті айналым қаражаттарын анықтау..................................................6
1.3 Айналым капиталы тиімділігін анықтау көрсеткіштері...........................8
2 КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН БАСҚАРУ ТИІМДІЛІГІНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ («МӨЛДІР СУ» ЖШС МЫСАЛЫНДА)...........................................................................................................12

2.1 Кәсіпорын капиталын қолданудың тиімділігін талдау…….............….12
2.2 ЖШС «Мөлдір су» капиталын басқарудың жалпы қаржылық жағдайы...........................................................................................................................17
2.3 Кәсіпорынның айналым басқару тиімділігін көтеру жолдарын дамыту.............................................................................................................................21

Қорытынды...................................................................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................................26
Қосымшалар

Работа состоит из  1 файл

Кәсіпорынның айналым капиталын басқарудың теориялық.doc

— 215.00 Кб (Скачать документ)

Ақша құралдары және олардың эквиваленттері – айналым капиталының ең өтімді бөлігі. Ақша құралдарына кассадағы, есеп айырысу шотындағы және депозиттік шоттағы ақшалар жатады. Ақша құралдарының эквиваленттеріне өтімді қысқа мерзімді қаржылық салымдар: басқа кәсіпорындардың бағалы қағаздары, мемлекеттік қазыналық билеттер, мемлекеттік облигациялар, жергілікті үкімет органдары шығарған құнды қағаздар жатады. Қолма-қол ақшалар мен бағалы қағаздарды тандай отыра қаржылық менеджер алдына өндіріс менеджері шешетін есептерді қояды. Ақша құралдарын сақтау қорының болуы, кәсіпорынға заңда белгіленген тәртіптен бұрын қойылған тарифтерді төлеуге мүмкіндік береді. Екінші жағынан, уақытша бос ақша құралдарының шығындары бағалы қағаздарға салынған қысқа мерзімді салымдар шығындарынан жоғары. Сондықтан қаржылық     менеджерге қолма-қол қаражат қоры туралы сұрақты шешу керек.

Қысқа мерзімді пассивтер – бұл кәсіпорынның мердігерлер, жұмысшылар, банктер, мемлекет және т.б. алдындағы шоттар бойынша төленбеген міндеттемелері. Нарықтық экономика жағдайында ссудалардың негізгі көздері болып коммерциялық банктер табылады. Сондықтан банктің көрсетілген қызметтері үшін ссудалары ТМҚ-мен байланысты. Альтернативті нұсқасы болып кәсіпорынның өз мекемеге сату, және сол үшін қарыздық міндеттеме бойынша ақша (қаражат) алып тұру табылады. Соған сәйкес, кейбір кәсіпорындар активтерін кепілге салу қысқа мерзімді қаржыландыру жолымен, ал екіншілері – олардың бөлігін сату арқылы жүзеге асырылады.

1 - 2 кестеде көрсетілген компоненттердің барлығы маңызды, алайда тиімді басқаруда маңызды орынды айналым активтері алады. Өйткені  олар кредиторлық берешекті қамтамасыз етуге қызмет көрсетеді. Кең мағынада активтердің берешекке қатысы туралы айтуға болады. Сондықтан да айналым құралдары және олардың құрылымы бастапқы мәнге ие. Айналым құралдары әр түрлі тұрғыдан қарастырылуы мүмкін, алайда маңыздысы болып өтімділігі, көлемі және құрылымы табылады.

Өндірістік қызмет процесінде айналым құралдарының жеке элементтерінің трансформациясы болып тұрады. Кәсіпорын шикізаттар мен материалдарды сатып алады, өнім өндіреді, содан кейін оны сатады. Әдетте кредит (қарыз), нәтижесінде дебиторлық берешек пайда болады, ол уақыт өткен соң ақша құралдарына айналады. Бұл құралдардың айналысы 3- кестеде көрсетілген.

Айналым активтері таза айналым капиталын басқаруда маңызды орын алады. Айналым құралдарының көлемі мен құрылымы салалық қатынасымен анықталады. Сонымен кәсіпорын айналыс сферасында тауарлық қорларға жоғары үлесін тигізеді. Қаржылық корпорацияларда әдетте ақша құралдары және олардың баламаларының сомасы байқалады. Айналым құралдары мен кредиторлық берешек арасында тікелей байланыс жоқ, бірақ та жақсы функцияландырылған кәсіпорында айналым активтері қысқа мерзімді пассивтерден артуы керек деп есептеледі.

Қаржылық менеджмент теориясында “тұрақты айналым капиталының” екі негізгі түсінігі қалыптасқан. Біріншісіне сәйкес тұрақты айналым капиталы өзімен ақша қаражаттарына, дебиторлық берешекке және өндірістік  қорларға тұтынушылық деңгейі барлық операциондық цикл бойына тұрақты болып қалатын бөлігін бейнелейді. Екіншісіне сәйкес айналым активтерінің мөлшері кәсіпорынның тұрақты қол астында табылуы керек. Осыған сәйкес тұрақты айналым капиталы айналым активтерінің қажетті өндірістік қызметті жүзеге асырумен байланысты. Бұл кәсіпорын өз қызметін жүзеге асыру үшін айналым құралдарымен, мысалы, есеп айырысу шотындағы ақша құралдарының немесе резервтік капиталымен байланысты.

Ауыспалы айналым капиталының категориясы қосымша айналым активтерін бейнелейді, ол шекті периодта немесе сақтандыру қоры ретінде қажет. Мысалы, қосымша тауарлы-материалдық қорларға тұтынушылық қабілеті маусымдық өткізу кезінде жоғары деңгейді ұстанады. Қосымша ақша құралдары шикізаттар мен материалдарды жеткізгені үшін ақысын төлеуге қажет.

Таза айналым капиталын басқару саясатын мақсатты қалыптастыру айналым активтерінің көлемі мен құрылымын анықтау табылады. Осы факторлардың және көрсеткіштерінің нәтижелерінің арасындағы байланыс айқындалып отыр, өйткені кредиторладың алдындағы міндеттемені орындамау экономикалық байланыстардың үзілуіне әкелуі әбден мүмкін. Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметі болып оның өтімділігі және төлем қабілеттілігі, яғни уақытында қысқа мерзімді кредиторлық берешекті өтеу табылады. Әрбір кәсіпорын үшін өтімділік деңгейі шаруашылық қызметтің тұрақты мінездемелерінің бірі болып келеді. Өтімділікті жоғалту тек қосымша шығындармен ғана емес, сонымен қатар өндіріс процесінің кезеңдік тоқтатылуымен байланысты болуы мүмкін.

4-5 – кестеде айналым капиталының өтімділігінің жоғары және төменгі деңгейінің өтімділік қаупі көрсетілген.

Егер ақша құралдары дебиторлық берешек және ТМҚ-р төменгі деңгейде қолданылса  (қысқа мерзімді кредиторлық берешекпен салыстырғанда), онда төлем қабілетсіздік ықтималдығы немесе рентабельді қызметті жүзеге асыруда қаражат жетіспеушілік қаупі жоғары. Графикте таза айналым капиталының мөлшерінің өсуі, өтімділік қаупін төмендетеді. Әрине, барлық айналым капиталдары бірдей дәрежеде өтімділік деңгейіне әсерін тигізбеуі мүмкін. Алайда таза айналым капиталын басқаруда өтімділіктің жойылу қаупі минимумға жетеді. Айналым активтерінің қысқа мерзімді пассивтерден артуы жоғары болған сайын, қауіп деңгейі де төмен болады, сол себепті таза айналым капиталын арттыруға тырысу керек.

Айналым капиталының деңгейі мен пайданың арасындағы тәуелділік өзгеше сипатқа ие. Оның төмен мәнінде өндірістік қызмет қажетті түрде сақталмайды, осыдан - өтімділікті жоғалту, жұмыстағы кезеңдік ауытқулар және төмен табыс пайда болуы мүмкін. Көбінесе айналым құралдарын тиімді пайдаланбау, кәсіпорын өз иелігінде уақытша бос айналым капиталдары, сонымен қатар оларды қаржыландыруға кеткен артық шығындарды тартады. Бұл пайданың төмендеуіне әкеледі. Бұдан, осы жоғарыда аталған айналым құралдарын басқарудың нұсқасы нақты емес деп айтуға болады.

Сондықтан айналым капиталын басқару саясаты өтімділіктің және жұмыстың тиімділігін қамтамасыз етіп отыруы керек. Бұл екі маңызды мәселенің шешімін табуға әсер етеді.

1.      Төлем қабілеттілікті қамтамасыз ету. Осындай жағдай егер кәсіпорын өз есептеулерін төлей алмаған жағдайда, міндеттемелерін атқарғанда және тоқырау (банкрот) жағдайында болған кезде болады. Айналым капиталының қажетті деңгейі жоқ кәсіпорын үшін төлем қабілетсіздігі жоқ қауіппен ұрынуы мүмкін.

2.      Тартылған көлемнің, құрылымның және активтердің рентабельділігін қамтамасыз ету. Айналым активтерінің әр түрлі деңгейі табысқа түрліше әсер ететіні белгілі. Мысалы, өндірістік-материалдық қорлардың жоғары деңгейі сәйкесінше ағымдағы шығындарды қажет етеді.

3.      Сол уақытта дайын өнімнің кең ассортименті кейінірек өткізу көлемі мен табыстарды ұлғайтуға әсерін тигізеді. Қабылданған әр шешім, ақша құралдарының, дебиторлық берешектің және өндірістік қорлардың деңгейін анықтаумен байланысты.

Пайда, өтімділік деңгейінің жоғалуын және айналым құралдарының жалпы жағдайын компромиске жету жолын іздестірумен байланысты. Тиімділіктің төмендеуі немесе өтімділіктің жоғалу қаупі айналым активтерінің өзгерісімен шарттасады. Бұл активтерді сол жақты активтер деп айтуға болады, өйткені бұл активтер баланстың сол жағында орналасқан. Мұндай қауіпті міндеттемелердің өзгеруімен шарттаспайды және ол оң жақты болып табылады.

Сол жақты қауіп тудыратын келесідей белгілерді атап көрсетейік:

1.      Ақша құралдарының жетіспеушілігі. Кәсіпорын ағымдағы қызметтерін жүргізу үшін ақша қаражаттарын ұстау керек. Бұл қарастырылмаған шығындар және капитал салымдарының мүмкін тиімділігінің алдын алу үшін қажет. Керек уақытта ақша құралдарының жетіспеушілігі өндіріс процесі қаупінің үзілуімен, міндеттемелердің орындалмауымен немесе қосымша пайда табу мүмкіндігінің жоғалуымен байланысты.

2.      Жеке (өзіндік) кредиттік мүмкіндіктердің  жетіспеушілігі. Бұл қауіп жекелеген өнімдерді сатқанда немесе қарызға (кредитке) бергенде сатып алушылар ақысын бірнеше күн немесе ай ішінде төлеуге байланысты мүмкіндік алады, яғни кәсіпорында дебиторлық берешек пайда болады. Қаржылық менеджмент тұрғысынан дебиторлық берешек екі тұрғыда қарастырылады. Бір жағынан, дебиторлық берешектің тұрақты өсуі потенциалды табыстың және өтімділіктің жоғарылауына әкеледі. Екінші жағынан, кәсіпорын дебиторлық берешектің түрлі көлемін көтере алмауы мүмкін. өйткені  дебиторлық берешек өзімен иммобильді айналым құралдарын бейнелейді, олардың артуы өтімділіктің жоғалуына және өндірістің тоқталуына әкелуі мүмкін.

3.      Өндірістік қорлардың жетіспеушілігі. Кәсіпорын шикізаттар мен материалдардың белгілі көлемімен өндіріс процесінің тиімділігін жүргізуі керек. Дайын өнім көлемі барлық тапсырыстарды орындау үшін жеткілікті болуы керек. Оптимальді емес қорлардың көлемі қосымша шығыстар қаупімен немесе өндірістің тоқтатылуымен байланысты болуы керек.

4.      Айналым активтерінің артық көлемі. Себебі активтер көлемі қаржыландыру шығыстарымен тікелей байланысты болғандықтан, артық активтер табыстарды қысқартуды қолдау үшін қолданылады. Артық активтердің қалыптасу себептері әртүрлі болуы мүмкін: қозғалыссыз және жатып қалған себептері және т.б. Бірнеше спецификалық себептері де белгілі. Мысалы, трансұлттық корпорациялар көбінесе тиімсіз қолданылған айналым құралдарының жан-жаққа таратылу мәселелерімен кездеседі. Осы айналым құралдарының бір елден екінші елге ауыстырылуы “қатып қалған” активтерге әкелуі мүмкін.

Қауіп тудыратын он жақты келесідей белгілерді атап көрсетейік:

1.      Кредиторлық берешектің жоғары деңгейі. Бұл жағдайда кәсіпорын ТМҚ-ды алады, бірақ төлемін (ақысын) кейінге қалдырады, мұнда анықталған мерзімде өтелетін кредиторлық берешек пайда болады. Кәсіпорын қорларды үлкен мөлшерде сатып алды дейік. Бұл оған алдағы кезеңде қажет, сәйкесінше кредит көлемінің және қорлардың жұмыс істелмеуі кәсіпорын өз ақша құралдарын шоттарын төлеуге жеткіліксіз екенін, және бұл міндеттемелердің орындалмауына әкеліп соқтырады.

2.      Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді заемдық құралдардың арасындағы ұқсастық. Айналым активтерінің қайнар көзі болып қысқа мерзімді  кредиторлық берешек, сонымен қатар өзіндік капитал табылады. Ұзақ мерзімді активтер кейбір жағдайда өтімділік қаупін азайтады және ортақ тиімділікті ұлғайтады.

3.      Заемдық капиталдың ұзақ мерзімді үлесінің жоғары болуы. Салыстырмалы тұрақты экономика жағдайында бұл көрсеткіш салыстырмалы қымбат болып келеді. Үлестің жоғары болуы құралдардың жалпы сомасынан артып кетуі және оған қызмет көрсетуге байланысты шығындардың артуына, яғни табыстың азаюына әкелуі мүмкін.

Қысқа мерзімді кредиторлық берешектің болуы өтімділіктің жоғалу қаупін жоғарылатады, ал ұзақ мерзімді үлесінің болуы – тұрақтылық (рентабельділік) қаупінің төмендеуіне әкеледі. Әрине бұл инфляция, спецификалық немесе несиелеудің шарттарына және т.б. жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін.

Қаржылық менеджмент теориясында қауіп деңгейіне түрліше әсер етуге болатыны белгілі. Олардың негізгілері болып табылатындар:

1.      Ағымдағы кредиторлық берешекті азайту (минимизациялау). Ол өтімділіктің жоғалу мүмкіндігін қысқартады. Алайда осындай стратегия  ұзақ мерзімді пассивтердің және өзіндік капиталдың өзіндік капиталының көп бөлігі қаржыландыру үшін қажет.

2.      Жиынтық қаржыландыру шығындарын  азайту (минимизациялау). Бұл жағдайда  қысқа мерзімді кредиторлық берешекті қолдану айналым активтерінің қайнар көзі болып табылады. Бұл қайнар көз ең арзан, сонымен қатар міндеттемелерді орындамау қаупі тән.

3.      Фирманың құнын жоғарылату (максимизациялау). Бұл стратегия айналым капиталын басқару процесіне фирманың жалпы қаржылық стратегиясына тигізетін әсерін көрсетеді. Оның мәні мынада: айналым капиталын басқару саласындағы әртүрлі қабылдаған шешім кәсіпорынның құнының жоғарылауына әкеледі.

Осы бөлімде кәсіпорынның өндірістік қорларға,   дебиторлық берешекке, ақша құралдары және олардың эквиваленттеріне,   қысқа мерзімді пассивтерге анықтама беріліп және толық ашылып өтті.

 

 

2.2  «Мөлдір су» ЖШС-ның капиталын басқарудың жалпы қаржылық  жағдайы

 

«Мөлдір су» ЖШС-ның айналым капиталын басқаруда қорларды, дебиторлық берешекті, өндірістік қорларды басқару қолданылады. «Мөлдір су» ЖШС-нің өндірісі 2000 жылы қыркүйектің 22 жұлдызында құрылған .Негізгі мекен-жайы Қазақстан Республикасы Қызылорда облысы Қазалы ауданы Ғани Мұратбаев көшесі №3 үйде орналасқан. Толық атауы – «Мөлдір су» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі. Меншік формасы – жеке. Мақсаты –тұрғындардың қажеттілігін қамтамасыз етіп пайда табу. Негізгі мақсаты – тұрғындардың қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында емдік ауыз су шығару .

Алға қойған мақсаттары :

  - Қоршаған ортаның қажеттілігін қанағаттандыру ;

  - Жоғарғы көлемде пайда табу ;

- Өнімді өткізу және пайда табу ;

- Жоғары сапалы өнім шығару  ;

- Нарықта өз орнын белгілеу ;

«Мөлдір су» ЖШС–нің қызметін қалыптастыру мақсатында 7 миллион теңгеге тең қаржы қоры қалыптасқан.

«Мөлдір су» ЖШС –нің  негізгі қызмет  түрлері:

-      Бөлшек сауда ;

-      Көтерме сауда ;

-      Тұрғындарды шипалы ауыз сумен қамтамасыз ету;

«Мөлдір су» ЖШС 6 жыл ішінде бірнеше мәрте 2миллион теңгеге тең несие алды. Несие беруші «Халық банкі»  болып табылады. Несие келісілген    мерзімнен  бұрын өтелген. Есеп айырысу шоты №198822. «Халық банкі» РНН-2211929888032.  «Мөлдір су» ЖШС жүргізген шаруашылық операцияларын балансқа түсіріп, мемлекет алдында толығымен есеп береді.Өндірілген өнімдерін сату  көлемі кең көлемде  жоспарланады және сол жоспар жүзеге асады.   

Кәсіпорын қызметін бастағандағы жарғылық қор мөлшері - 7 миллион теңгені құраған болса, мемлекеттік тіркеуден өтпес бұрын, оның есеп шотындағы жарғылық  қордың кем дегенде 25 пайызы төленген. Кәсіпорынның  пайдасын

Информация о работе Кәсіпорынның айналым капиталы