Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 22:57, курсовая работа
Капитал – бұл даму үрдісімен тығыз байланысты ұғым және айналымда оған ұқсайтын құбылыс болмайды. Бұл ұғым өзінің бойына тек дамумен ғана байланыстыратын экономикалық қырын сіңірген.
Айналым капиталы дегеніміз – өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құруды және олардың үздіксіз айналымдылығын қамтамасыз ететін алдын-ала бөлінген ақшалай қаражаттардың жиынтығы.
Үздіксіз өндірістік үдерісті қамтамасыз ету үшін негізгі өндірістік қорлармен қатар оған еңбек заттары мен материалдық ресурстар қажет.
Кіріспе.......................................................................................................................3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ – МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ............................................5
1.1 Айналым капиталының мәні және құрылымы..........................................5
1.2 Қажетті айналым қаражаттарын анықтау..................................................6
1.3 Айналым капиталы тиімділігін анықтау көрсеткіштері...........................8
2 КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН БАСҚАРУ ТИІМДІЛІГІНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ («МӨЛДІР СУ» ЖШС МЫСАЛЫНДА)...........................................................................................................12
2.1 Кәсіпорын капиталын қолданудың тиімділігін талдау…….............….12
2.2 ЖШС «Мөлдір су» капиталын басқарудың жалпы қаржылық жағдайы...........................................................................................................................17
2.3 Кәсіпорынның айналым басқару тиімділігін көтеру жолдарын дамыту.............................................................................................................................21
Қорытынды...................................................................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................................26
Қосымшалар
бақылау мақсатында жыл аяғында кәсіпорынға түскен кірістер кірістеліп,барлығы есептелінеді. Кірістен жұмысшыларға төленген еңбекақы және мемлекетке төленген салықтар және басқа да міндетті төлемдер шегеріледі. Осы шегерілімдер шегерілгеннен кейін қалған табыс есептелінеді. Сонан соң ол басшының шешімімен жүзеге асырылады. Сату көлемі жағына тоқталатын болсақ : сатылған тауарлар мен атқарылған қызметтері ,өнім сапасы өте жоғары деңгейде. Сатылған өнімнің нақты құнын анықтайтын болсақ: мысалға :
30 литр х 500 теңге х 10 шт =300000
5 литр х 60 теңге х 10шт=3000
1,5 литр х 100 теңге х 10шт=1500
1литр х 80теңге х 10шт=800
0,5литр х 50теңге х10шт=250
«Мөлдір су» ЖШС өз өнімдерін осылай сату мақсатында пайданы табу жолын көбейтіп шығындарды аз жұмсауға тырысады.
Ақшаны белгілі бір мақсаттарға жұмсау жоспары:
- Шикізат көзі және материалдар;
- Жаңа техника және технология;
- Ақпараттар;
- Есептесу құралдары;
- Ғимараттар;
- Қосалқы бөлшектер;
- Электр энергиясы;
- Жер ресурстары ;
- Көлік құралдары;
«Мөлдір су» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің жалпы ресурстармен қамтамасыз етілуі негізінен мыналар болып табылады :
А) Материалдық ресурстарынына :
- Шикізат;
- Материал;
- Ғимараттар;
- Құрал –жабдықтар;
- Электро-энергия ;
- Техника;
Б)Еңбек ресурстары :
Жұмысшылар саны - 20 адам.
В)Қаржылық ресурстары:
853542, оның ішінде 218000 жалақыға кетеді
Г)Ақпараттық ресурстары:
Радио, телеведения.
«Мөлдір су» ЖШС шығынды қаншалықты шығарады және қандай салаларға жұмсалатындығын анықтасақ:
Шығындары :
- Жер салығы -13000;
- Мүлік салығы -40000;
- Көлік салығы-60800;
- Жұмысшылар жалақысы -21800;
- Электр энергиясы -40000;
- Су -30000;
- ҚҚС-20000;
- ЖТС -35600;
Тағы да басқа шығындар-15000;
Рентабельдік-853542 /142600-5.985568.
«Мөлдір су» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің тұтынушыларына жеткізілетін өнімдеріне мінездеме берсек :
Денсаулыққа пайдалы ,емдік қасиеті бар шипалы су сыйлайтын «Мөлдір су» суының негізгі бағасы өлшем (литр) бойынша:
30литр –- 120теңге;
1.5 литр – 500теңге ;
5литр 100теңге ;
1литр – 80теңге;
0.5литр – 50теңге;
Кәсіпорынның ең алдымен 1айда шығарған өнім көлемін есептесек:
1 күнде – 3000 литр;
1 айда – 1500000литр;
Бұл көрсеткіш шектелмеген.
«Мөлдір су»ЖШС-І
Штаттық кесте Жалғасова Д,А.
2011жылға
7.10.2010.
№ | Қызмет атауы | Тұлғалар Саны | Қызметтік жалақылар | Жалақының айлық қоры |
1. | Директор |
1 | 80000 | 80000 |
2. | Бас бухгалтер | 1 | 50000 | 50000 |
3. | Бухгалтер | 1 | 35000 | 35000 |
4. | Кадр бөлімі | 1 | 20000 | 20000 |
5. | Қойма меңгерушісі | 1 | 18000 | 18000 |
6. | Қызметкерлер | 10 | 15000 | 15000 |
Серіктестік басшысы:
«Келісемін»
01.01.2011
Кадр бөлімі:
2.3 Кәсіпорынның айналым басқару тиімділігін көтеру жолдарын дамыту
Жоғарыда қарастырылып өткендерге сүйенсек, бұл жаңа ұғымды пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл – қаржылық-пайдалылық тұтыну (ҚПТ). Бұл көрсеткішті келесідей есептеп шығаруға болады:
ҚПТ = Шикізаттар мен материалдар қоры + Дайын өнім
қоры – Жеткізушілердің коммерциялық несиелері
(ТМҚ үшін кредиторлық берешек).
немесе
ҚПТ = Ағымдағы активтер – Ақша құралдары – ТМҚ үшін кредиторлық берешек.
Кәсіпорын үшін ҚПТ көрсеткішін теріс мәнге әкелу дұрыс, яғни тауарлық-материалдық қорлардың кредиторлық берешегі есебінің арқасында 1өндірістік қорларды жабу және де дебиторлық берешектің алдын алу маңызды.
ҚПТ – ға келесідей факторлар әсер етеді:
- өндіріс циклының ұзақтығы– тауарлық–материалдық құндылықтардың қорлары дайын өнімге, ал дайын өнім – ақшаға айналуы тез болған сайын айналым құралдарының өндірістік қорларға және дайын өнімге айналуы төмен деңгейде.
- өндірістің өсу қарқыны - өндіріс көлемінің өсу қарқыны мен өткізілуі жоғары болған сайын, өндірістік қорларды алуға кеткен қосымша жалдау ақысы да жоғары болады.
- өндірістің маусымдылығы – бұл өндірістік қорды көп мөлшерде жасауға ықпалын тигізеді.
- есептің формалары – төлемдер бойынша клиенттерге көрсеткен қызметі үшін ұзартылған мерзім дебиторлық берешекті ұлғайтады және ҚПТ-ның өсуіне әсерін тигізеді.
- тауарлық – материалдық құндылықтарды жеткізгені үшін кейінге қалдырылған төлемдер бойынша ҚПТ-ны азайтады.
Бірақ та қаржылық-пайдалылық тұтынудың кері мазмұны кәсіпорындағы жағымды жағдай бола бермейді. Бұл қорлардың жағдайымен, дебиторлық және кредиторлық берешектерімен байланысты. Баланста есептелетін қорлар оларға нақты тұтынудан аз болуы мүмкін, ал кредиторлық берешек кейде мерзімі ұзартылған қаржы – шаруашылық берешектердің бұзылуы нәтижесінде пайда болады.
Кәсіпорындағы айналым құралдарының айналу жылдамдығы түрлі өнеркәсіп саласында бірдей емес. Өндіріс циклы ұзақ емес кәсіпорындарда айналым құралдарының айналу жылдамдығы өндіріс циклы қысқа кәсіпорынға қарағанда баяу болып келеді.
Жедел және баяу айналым құралдарының айналу жылдамдығын айналымның нақты көрсеткіштерін жоспарланған немесе алдыңғы кезеңдердегі берілген мәліметтерді қатар қою жолымен есептеп шығарады.
Қаржылық-пайдалылық тұтынудың азғана мөлшерінің кері болуы корпорацияның қаржылық жағдайы үшін әрқашан жағымды болуы мүмкін емес. Егер қорлар қажетті тұтынуға байланысты, ал құрамында кредиторлық берешегі жоқ мерзімі ұзартылған және сонымен қатар өткізуден түскен түсім өткізілген өнімге кеткен шығындардан асып кетсе, - бұл корпорацияның қаржылық жағдайының жақсы екендігін көрсетеді. Алайда тәжірибеде ҚПТ-ның құраушылары әсер етуші факторлардан тұруы мүмкін.
1. Корпорацяның балансының активінде белгіленген өндірістік қорлар өндірістік бағдарламаға сәйкес оларда тұтыну аз.
2. Өткізуден шығыс (залал). Мұнда дебиторлардың берешегі кредиторлық берешектен аз болуы мүмкін (түсі мен шығыстар қатынасының себебінен)
3. Дебиторлық берешек құрамында ТМҚ-ды жеткізушілердің ұзартылған берешектері. Сонымен қатар тауарлар мен қызметтерге кеткен шығындар.
Айналымға тартылған қосымша құралдардың сомасы (айналыстан босатылған) келесі формулада көрсетілген:
ДСс = ( Пд(ес) – Пд(баз) ) * ВРф
Мұндағы, ДСс – егер Сс<0 болса, айналымға тартылған қосымша құралдардың сомасы; егер Сс>0 болса, айналым сомасынан босатылған сома.
Пд(ес) – есепті кезеңдегі айналым активтерінің бір айналыс ұзақтығы, күндер;
Пд(баз) – базистік кезеңдегі айналым активтерінің бір айналыс ұзақтығы, күндер;
ВРф – есепті кезеңдегі өткізілген өнімнің орта күндік нақты түсімі (нетто);
Айналым құралдарын тиімді қолдану ішкі және сыртқы факторлардан тәуелді. Сыртқы факторлардың әсеріне корпорация тек бейімделуі мүмкін. Мұндай факторларға жататындар:
- елдегі жалпы экономикалық жағдай;
- мемлекеттің салық және несие саясаты;
- мемлекеттік және жергілікті бюджет қаржыландыратын бағдарламаларға қатысу;
Маңызды факторларға қатысатындар:
- төлемеушілік жағдай;
- корпорация кірістерінің жоғары салық салу деңгейі;
- банктік пайыздардың жоғары ставкілері және т.б.
Айналым құралдарының тиімділігін көтеру үшін қажетті резервтер корпорацияның өзінде болып отырады. Біріншіден бұл өндірістік қорларға қатысты. Оларды рационалды ұйымдастыру айналым құралдарының тиімділігін қолдану маңызды болып келеді.
Тауарлық – материалдық құндылықтардың қысқартудың негізгі жолдары:
- артық материалдық құндылықтардың қорларын сату;
- шикізаттарды, матариалдарды, сонымен қатар қойма шаруашылығын сатып алуды жақсарту;
- жоспарлық тұтынуды анықтау үшін систематикалық жұмыстарды жүргізу;
- өндіріс циклының ұзақтығын қысқарту және т.б.
- айналым құралдарының айналыс сферасына ауысуы жаңа өнімді шығарумен байланысты емес. Сондықтан олардың осы сферада көп болуы корпорацияның қаржылық тұрақтылығын да бейнеленеді.
Осы бөлімде басқару тиімділігін көтеру жолдары қарастырылып өтті.
Қорытынды
«Кәсіпорын капиталын басқару» тақырыбындағы курстық жұмысты қорыта келе айналым капиталы– бұл кәсіпорынның активтері, ағымдағы қызметтің қамтамасыз етуімен жиі анықталып отыратын және айналым ұзақтығы кем дегенде бір жыл немесе бір өндірістік цикл болатын салымдар.
Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігінде олардың қажеттілігін дұрыс анықтау болып табылады. Себебі, өндірістің осы көлемінде жоспарланған пайданы ең төменгі мөлшердегі шығынмен табуға үлкен ықпалын тигізеді. Айналым қаражатының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның тұрақсыз қаржы жағдайына, өндіріс процесінің іркелісіне әкеліп соғады.
Айналым құралдарын қолданудың экономикалық тиімділігі кәсіпорынның өз қызметін жүзеге асырудың пайдалы нәтижесінде көрініс табады.
Айналым капиталы айналымдылығының үдеуі және оларды ұтымды пайдалану әрекеттерінің халық шаруашлығында мәні зор: өндіріс жоспарын орындау және өнімді сатуда өнеркәсіптің айналым капиталына деген мұқтаждығы төмендейді, иеліктегі айналым капиталы қосымша өнім шығаруға немесе олардың бір бөлігін өндірісті дамыту үшін жұмсауға мүмкіндік береді.
Айналым капиталының айналым жылдамдығы - өнеркәсіп саласының және кәсіпорынның ұйымдастыру-техникалық деңгейін сипаттайтын кешенді көрсеткіш. Айналым капиталы айналымдылығының жеделдеуі көбінесе қолданылатын техникаға, технологияға, еңбекті және өндірісті ұйымдастыруға байланысты болып келеді.