Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 18:49, курсовая работа
Нарықтық экономика жағдайында бір жағынан тұтынушылардың билігі, екінші жағынан кәсіпкерлік іс- әрекеттің бостандығы мемлекеттің араласуының шекті болуы және бәсекелестік өндірістік бағдарламаны жасаудың өзіне үлкен зерттеулер жасауды қажет етті, яғни маркетингтік зерттеулер, бәсекелестерді, тұтынушыларды, мемлекеттік саясатты және тағы басқа әсер етуші факторларды ескеріп өндірістік бағдарламаны жасау.
Кіріспе
І Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын жасау тәртібінің негізделуі
1.1. Өндірістік бағдарлама оның жасалу тәртібі
1.2.Кәсіпорындағы өндірістік бағдарлама
1.3. Кәсіпорындағы өндірістік бағдарламаның жүргізілуі
ІІ Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын жасау жағдайының көрсеткіштері
2.1. Кәсіпорын ұйымдық сипаты
2.2. Кәсіпорынның негізгі экономикалық көрсеткішін талдау
2.3. Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы, оны жүзеге асыру тетіктері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша
Баллдық әдіс: оның мәні өнім сапасының орташа есептелген баллын анықтау. Сапа бойынша проценттік жоспардың орындалуы
нақты және жоспарлы деңгейін салыстыру арқылы есептелінеді. Біздің зерттеп отырған кәсіпорында сапаны тексеру өте қарапайым жүреді.Өнімді өндіру жоспарының орындалуын жалпылама талдау өндіріс көлемі қорын өсуін анықтауға септігін тигізеді және оның келесі бөлімдерге топталады:
Сатуды
жоспарлау жұмыстары
Сурет
1. Өндірістік бағдарламаны жоспарлау
Соңынан жабдықтауға арналған өнімнің жалпы көлемі, өнімнің әртүрінің жалпы өнім көлеміндегі үлесі, өнімнің тұтынушыларға жеткізу кестесі жаңа және өндірістен алынып тасталынған өнімдердің үлес салмағы, экспорттық өнімнің үлес салмағы, қоймадағы дайын өнімдердің қорлары, тапсырыс берушілерге жеткізілген бірақ әлі төленбеген өнім көлемі, жоспардан тыс қалдықтар мен тұтынушылардан алынған тауарға дер кезінде төлемеу себептері, тапсырыс портфелінің қаржылық көрсеткіштері, жоспарланған табыс, рентабелділік, салықтық төлемдер мен түсімдер көлемін және басқа да сату тиімділігіне әсер ететін факторларды қалыптастырады.
Маркетинг қызметінің жасаған
талдауына сүйеніп барлық
Өндіріс қуатын есептеу өндірістік бағдарламаны қалыптастыруда үлкен орын алады. Өндірістік қуатты есептеу негізінде келесі факторлар анықталады: өндіріс өсуінің ішкі өндірістік қорлары, өндіріс көлемі, техникалық қайта қарулану қажеттілігі анықталады.
Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы – бұл белгілі уақыт мерзімінде шығарылған өнім бірліктерінің саны немесе көлемі. Белгілі уақыт мерзімінде алынған кәсіпорындар қуаттылығы тұрақты көлеммен есептеледі. Сондықтан өндірісті өзгерту шаралары бойынша өзгертулерді енгізу және бұйымдардың номенклатурасы өзгерту қажеттілігі туады.[8]
Қалыпты жетістік қуаттылығы – бұл бір жыл ішінде анықталған жағдайларда өндірілген өнім бірліктерінің саны, ол нарық конъюктурасын зерттеу кезінде қарастырылып сұраныс көлеміне қатысты болу керек.
Қалыпты жетістік қуаттылығы қалыпты жұмыс жағдайларында жүзеге асады, ол құрал – саймандарды орнату есебінен, кәсіпорынның техникалық ережелерді сақтау (жұмыс кезінде қалыпты үзіліс уақыты, тоқтатулар, мейрам күндер;техникалық қызмет көрсетуге бөлінген уақыт; жұмыс ауысымы құрылымын талап ететін құрал – сайман ауыстыру; негізгі құрал – саймандарды бөлшектер бойынша қолдану еместігі) және басқару жүйесінде қолданылады.
Номиналды максималды қуаттылық – бұл техникалық қол жеткізілетін қуаттылық – ол негізінен орнатылған құралдың қуаттарына қатысты болады және жеткізушімен кепілденеді. Өнімнің максималды шығаруына қол жеткізу үшін мүмкіншілік шектеріндегі жұмыстарды орындау керек, өндірісті қамтамасыз ету құралдарын жоспардан тыс қолдану, регламенттелген жұмыстар үшін өндіріс шығындарын қалыпты деңгейінің көшірілуіне алып келетін материалдар, детальдар, қор бөлшектері және көмекші құралдар қолданылады.
Кәсіпорынның қажетті қуаттылығын анықтау техника – экономикалық зерттеу есебі кезінде жүзеге асады:
Өндірістің минималды рентабельді өлшем көрсеткіші көптеген өндіріс кәсіпорын және жобалардың үлкен бөлігі үшін қолданылады, ол өндірістің минималды көлемін береді, яғни шығындау көлемі анықталады. Мысалы: күніне 300 тонна өнім шығарушы цемент зауытының қуаттылығы рентабельді емес деп саналады, өйткені мұндай өндіріс үшін вертикалды шақта пештері қажет. Олардың өнімі айналмалы пештерден алынатын нарықта бәсекеге түсетін өніммен бәсекелесе алмайды.
Дамыған елдердің өнеркәсіптік экономиканың көптеген секторларында кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы тез өсу тенденциясына ие болған. Ол өндіріс масштабының тиімділігімен шартталады. Үлкен және қуаттылығы инвестициялық шығындарды талап етеді. Олар кері төмен болады. Өйткені өнім көлемін ұлғайту өндіріс шығындарының төмендеуіне алып келеді.
Фирманың
минималды рентабельділігінің өлшемін
анықтау кезінде әлемдік
Басқа
да негізгі фактор анықталған қуаттылығы
бар өндіріс бірліктерінің
Кәсіпорынның қуаттылығын таңдаулы нұсқауларын анықтау барысында кәсіпорынның қалыпты жетістік қуаттылығын және жобаланған сату көлемін жете бағалау қажет. Бірнеше өнімдер үшін бірінші шығарушы немесе бірінші нарық үшін жаңа өнім, сұраныстан жоғары және бірінші кезеңде сату көлемі бірнеше жыл бойы өсетін сұранысты қанағаттандыру керек. Бірақ та мұндай жоспарлау өндіріс қуаттылығын аяғына дейін қолданбау деңгейінен төмен болмауы тиіс. Өйткені сатудан түскен түсім өндіріс шығындарына тең болады тағы сол сияқты рентабельділік деңгейі де тең болады. Шығынның өсуі және сату көлемінің өсуі бойынша кәсіпорынның қуаттылығы жеткіліксіз болуы мүмкін. Сұраныс және өндіріс арасындағы өсімі айырылыс ең соңында өндірістің кеңейуінің себепшісі болады. Егер өндірісті тез арада кеңейту жоспарланса онда белгілі уақыт мерзімінде нарыққа ену кәсіпорынның қалыпты жетістік қуаттылығын орнату қажеттілігі тууы мүмкін. Бұл жағдайда сату өсімін кәсіпорынның қуаттылығын кеңейтуді болашақпен байланыстыру керек. Кәсіпорынның қуаттылығы және сату көлемін болжау арасындағы өзара байланыстылық, бағалар бойынша сұраныс икемділігі немесе шығындалу арақатынасы қуаттылық, нарықтық конъюктураны болжау сенімділігіне тәуелді болады. Әртүрлі өндіріс деңгейлері кезінде техника – экономикалық зерттеу компоненттері бір – біріне әсер ету қажеттілігін есептеу қажет. Сонымен қатар әртүрлі құралдардың баламалы нұсқаулар ағымын дайындау қажеттілігі тууы мүмкін. Өндірістің инвестициялық және өндірістік шығындарын екі немесе үш балама деңгейі үшін анықтау керек. Сонымен қатар өнім бағасына әсер етулерді анықтауымыз қажет, ал өнім бағалау кезінде өндіріс қуаттылығы негізінде жоспарланады және сату болжамы құралады. Кәсіпорынның жетістік қуаттылығы таңдалған болса, онда әртүрлі зерттеу компоненттерінің тиімді ара қатынасын анықтайды және коммерциялық тиімділігін көзқарасы бойынша қарастырады.[9]
Әртүрлі жобалар үшін өндірістің анықталған стадиялары кезінде үлкен шығындалған қуаттылықты болжау керек. Мұндай жағдайда шығындар ара қатынасы – қуаттылық жақсы әсер етеді және сұраныс өлшемімен анықталған стадиялар. Осындай әртүрлі комбинациялар мүмкін болады және ең керектісіне тоқталуымыз қажет.
Кәсіпорынның
қуаттылығы туралы ой нақты жобада
мүмкін болатын өндіріс интеграция
деңгейін анықтау, өндірілетін тауар
санын өзгерту кезінде
Кәсіпорынның қуатын есептеу үшін арнайы формулалар жоқ.
Құрастырушы техника – экономикалық зерттеулер өндіріс саласына тәуелді әртүрлі мағына береді. Бірақ та техника – экономикалық зерттеу кезінде компоненттердің ара қатынасы, оны ұлғайту бойынша әртүрлі іс - шаралар өндіріс қуаттылығының икемсіздігіне әсер ете алады. Қалыпты жетістік қуаттылығын таңдаумен қатар оның ортақ құндылығын есептеу және өндірістің әртүрлі құрастырушысы жете сұраныстарын есептеу қажеттілігі негізінде пайда болуы мүмкін. Жобаны тұтынушыларын жұмыс күші кезінде анықтау қажет. Бұл нақты сұраныс тек технологияның және құрал – саймандарды анықтаумен анықталады. Бірақ та өндіріс технологиясы квалификацияланған персоналды болуына тәуелді болса, көптеген жобалар үшін сұраныстың жұмыс кезінде анықтау кәсіпорынның қалыпты жетістік қуаттылығы анықталады.
Кәсіпорынның өндірістік қуаты дегеніміз – номнеклатура мен ассортимент бойынша, кәсіпорындардың құралдары мен өндіріс алаңын прогрессивті технологияның, еңбек пен өндірісті тиімді ұйымдастыра отырып, өнімнің максималды көлемін өндіруді айтады. Өндірістік қуат пен өндірістік бағдарлама түсініктері жоспарлы есептерде сәйкес келмейді. Егер біріншісі кәсіпорынның белгілі уақыт кезеңінде өнімнің натуралды түрде максималды көлемін шығаруға жауап берсе, екіншісі жоспарлы кезеңдегі өндіріс қуатын пайдалануын сипаттайды. Жоспарлау кезінде өндірістік бағдарлама да өндірістік қуат та бірдей натуралды және құндық түрде көрінеді. Өндірістік қуатты жоспарлау оның көлеміне әсер ететін факторларға байланысты. Қуатын есептегенде келесі факторлар ескеріледі: негізгі өндірістік қорларының құрылымы мен мөлшері, құрал – жабдықтардың сапалық құрамы мен физикалық және моральдық ескіруі, құрал – жабдықтың өндіруінің техникалық нормалары, өндірістік алаңды пайдалану, өнімдердің еңбек сыйымдылығы, қолданылатын технологиялар, жұмыс істеу режимі, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру деңгейі, жұмыстың уақыт қоры, шикізат сапасы мен жабдықтаудың динамикасы. Өндірістік қуат – тұрақсыз. Қуаттың келесі себептері болады: құрал – жабдықтың тозуы, өнім шығарудың өсуі, өнім номенклатурасы мен ассортиментінің кеңеюі, жұмыс істеу уақыт қорының төмендеуі, құрал – жабдықтардың лизингтік уақытының бітуі. Бұл факторлар кері бағытта да жұмыс істейді.[11]
Информация о работе Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын жасау жағдайының көрсеткіштері