Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын жасау жағдайының көрсеткіштері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 18:49, курсовая работа

Описание

Нарықтық экономика жағдайында бір жағынан тұтынушылардың билігі, екінші жағынан кәсіпкерлік іс- әрекеттің бостандығы мемлекеттің араласуының шекті болуы және бәсекелестік өндірістік бағдарламаны жасаудың өзіне үлкен зерттеулер жасауды қажет етті, яғни маркетингтік зерттеулер, бәсекелестерді, тұтынушыларды, мемлекеттік саясатты және тағы басқа әсер етуші факторларды ескеріп өндірістік бағдарламаны жасау.

Содержание

Кіріспе
І Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын жасау тәртібінің негізделуі
1.1. Өндірістік бағдарлама оның жасалу тәртібі
1.2.Кәсіпорындағы өндірістік бағдарлама
1.3. Кәсіпорындағы өндірістік бағдарламаның жүргізілуі
ІІ Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын жасау жағдайының көрсеткіштері
2.1. Кәсіпорын ұйымдық сипаты
2.2. Кәсіпорынның негізгі экономикалық көрсеткішін талдау
2.3. Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы, оны жүзеге асыру тетіктері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша

Работа состоит из  1 файл

Кәсіпоронн өндірістік бағдарламасын жасау.doc

— 360.00 Кб (Скачать документ)

     Нақты және жоспарлық қуатты айыра білу қажет. Олардың сәйкес келуі оны  меңгеру деңгейіне байланысты. Жоспарлы қуатты меңгеру деңгейі келесі көрсеткіштермен  сипатталады: меңгеру ұзақтылығымен  жоспарлық қуатты меңгеру деңгейімен, қуатты пайдалану ұзақтығымен, меңгеру кезеңіндегі шығарылған өнім көлемімен, өзіндік құнның жоспарлы өнім деңгейіне жеткенде еңбек өнімділігі мен рентабелділігі.

     Жобаланған  қуатты меңгеру кезеңінің ұзақтылығы деген – оны қабылдау актіге қол қойған күннен бастап, тұрақты өнім өндіруге дейінгі уақытты айтамыз. Меңгеру кезеңіндегі обьектілердің өнім өндіру көлемі осы көрсеткіштерді ескеру негізінде анықталу қажет. Меңгеру деңгейі – бұл белгілі мерзімде жобадағы қуаттың меңгерілуі. Ол белгілі кезеңдегі өнім өндірудің жобалық қуатының қатынасымен анықталады. Кәсіпорынның өндірістік қуатын есептеу әдісін қарастырайық. Оны есептеу үшін келесі мәліметтер қажет: бір стоноктың жұмыс істеу қоры, стонок саны, құрал – саймандардың өнімділігі. Кәсіпорынның өндірістік қуаты ондағы басты цехтардың, учаскелердің, құралдардың қуаты арқылы анықталады. Өндірістік қуатты есептеудің екі әдісі бар:

  - құралдардың өнімділігі бойынша;

  - тауарларды жасаудың еңбек сыйымдылығы  бойынша.

     Үздіксіз  өндірістерде өндіріс қуатын әдетте – құрал – саймандардың өнімділігімен, ал дискретті өндірісте - өнім шығарудың  еңбек сыйымдылығы бойынша есептелінеді.

  1.Агрегаттық  өндіріс қуаты (Ма) жоспарлы жылдық  уақыт қорын 

  (Фп) оның уақыт бірлігі өнімділігіне (Эа) көбейткенге тең.

   

  Ма = Фп*Эа                  (8) 

     Өндірістік  қуатты есептегенде агрегаттың жоспарлы жұмыс істеу қорын есептеген  жөн. Уақыт қорының күнтізбелік (Фк), режимдік (Фр) және жоспарлы (Фп) түрлері  болады. Өндірістік құралдардың күнтізбелік уақыт қорын есептеу арқылы басқа да уақыт қорларын есептеуге болады. Ол күнтізбелік кезеңдегі күндер санын күндегі сағат санына көбейту арқылы табылады. Агрегаттың режиміндегі уақыт қоры (Фр) жылдағы күнтізбелік күндер санына (Дк) және жұмыс істелген күндер (Дн) мен кәсіпорындағы ауыспалы жұмыс санына байланысты. 

  Фр =(Дк – Дн) *t                          (9) 

  Мұндағы: t – машинаның күндік жұмысының  орташа саны.

  Уақыт қорының жоспарлы жұмысы (Фп) режимдік қорымен (Фр) жоспарланған кезеңдегі  құрал – жабдықтарды жөндеуге, дұрыстауға, орнатуға кеткен уақыт шығындарының айырмасына тең. 

  Фп= Фр – tn = Фр (1-(tp + tn)/1)              (10) 

    Мұндағы: tp – режимдік қормен  салыстырғандағы құрал – жабдықтарды  жөндеуге кеткен уақыт шығындары; tn – режимдік қормен салыстырғандағы құралдарды дұрыстауға, орнатуға және тағы басқа кеткен уақыт.

     2. Учаскенің, цехтың өндірістік  қуаты, ол бір типті құрал  – жабдықтармен жабдықталғанда  – бір агрегаттың нормативтік,  жылдық өнімділігін, осындай құрал  – жабдықтардың орташа жылдық паркіне көбейту арқылы табылады және өндірудің орындалуының орташа коэффициентін ескерген. 

  Му = Ма* К*n                                (11) 

     3.Кәсіпорынның  өндірістік қуаты негізгі цех  бойынша саналады. Ол үшін барлық  цехтардың өндірістік қуаты есептеліп, кәсіпорынның қуаты, диаграммасы құрылады. Машина жасау мен металл өңдеу кәсіпорындарында негізгі цех болып құрастыру цехы саналады. Сонымен кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын құрағанда бір жағынан қуатын өндіруге бағытталса, екінші жағынан бар қуатты толық пайдалануға бағыттау қажет.

     Өнім  өндіруді жоспарлау өндірістік бағдарламада бекітілген өнім өндіру көлеміне қажет  ресурстармен толық жабдықталған жағдайда жүзеге асады. Сондықтан өндірістік бағдарламаның өндірістік қуатқа негізделіп жасалуы негізгі шарт болып табылады.

     Өндірістік  бағдарламаны есептеудің қысқаша алгоритмі  келесідей болады:

  1. Тапсырыстар қоржыны талданады.Онда ең үлкен үлес салмағы бар өнім таңдалады. Ол үшін ассортимент өнім түрі мен көлемі бойынша сыныпталып, ең көп өткізілген өнім түрі таңдалады.
  2. Негізгі өнім ретінде таңдалған тапсырыстар қоржынындағы өнімнің бір түрі ассортиментінің қайта есептелуі жүргізіледі. Қайта есептеу коэффициенті тауардың әр бір түрінің еңбек сыйымдылығын, таңдалған өнім еңбек сыйымдылығына бөлу арқылы анықталады. Содан соң өткізу жоспары бойынша өнім санын қайта есептеу коэффициентіне көбейтеміз. Қорытындылар қосылады да қосынды өндірістік бағдарлама жоспары болып табылады.
  3. Жоспарлы кезеңде орташа өндірістік қуатты пайдалану талданады. Жасалған талдау негізінде, қолданылған өндіріс қуаты техника мен технологиялық прогрестер, өндірістік алаң мен құрал – жабдықтар қолдану деңгейі және кәсіпорын өндірісі мен еңбекті пайдалану деңгейі анықталады. Орта жылдық өндірістік қуатты пайдалану коэффициенті – нақты және жоспарлы өнім өндіруді нақты немесе жоспарлы орта жылдық өндіріс қуатына бөлу арқылы анықтайды.
  4. Бұл кезеңде өндіріс қуатын қолдануды жоғарылату жоспарланып отыр, ол өз кезегінде ішкі өндірістік қорларды пайдалану негізінде жүзеге асады. Ішкі өндірістік қорларды және қолда бар өндірістік қуаттарды пайдалану экстенсивті және интенсивті болып бөлінеді. Экстенсивті режимдік қор шегінде құрал – саймандардың тиімді жұмыс істеуі уақытының жоғарылау қоры. Интенсивті факторға уақыт бірлігіне санағандағы құрал – жабдықтардың жүктелуі және жылдық өнімді өндіруді жоғарлату.

     Жоспарлы  кезеңдегі өндірістік қуатты пайдалану  коэффициенті (Кмп) келесі формуламен есептелінеді: 

    Кмп = Кмо* j                (12) 

     Мұндағы: Кмо – жоспарлы жылы өндірістік қуатты пайдалану коэффициенті; j – жоспарлы кезеңде қуатты пайдалану коэффициентінің өсу индексі.

    5.Жұмыс  істеп тұрған өндіріс қуатына  негізделіп мүмкін болатын өнім  көлемі анықталады. Бұл мәселені  шешудің екі тәсілі бар. Өндірістік  бағдарламаның қалыптасу шағында  қазіргі бар өндіріс қуаты мен өнім өндіру көлемі олардың көлемінің орта жылдық қуатты қолдануды жоспарлы коэффициентіне көбейту арқылы анықталады.

  1. Өндірістік бағдарлама жоспары өндіріс қуатымен салыстырылып, оның бір жылғы өнім көлемін өндіре алатыны тексеріледі. Өндірістік қуаттың толық пайдалануын есептеу натуралды және құндық түрде көрсетіледі. Егер өндірістік бағдарлама өндіріс қуатын толық жаппаса оны жабудың жолдарын іздестіру керек. Ал егер тапсырыс көлемі өндіріс қуатынан артық болса, тұтынушыларды басқа зауытпен байланыстыру немесе өндірісті кеңейту керек. Өндірістік бағдарлама мен өндіріс қуатын сәйкестендіру үшін өндіріс қуатына баланс жасалады. Онда кіруші және шығушы орташа жылдық өндірістік қуат көрсетіледі. Өндірістік қуат балансы өнімнің әр түріне қарай жоспарлы жылдың соңына қарай жылдың басындағы қуаттарды соммалау арқылы табылады.
  2. Өндірістік бағдарлама мен өндіріс қуатының арасында тепе – теңдік орнағаннан кейін өндіріс жоспары жобасына экономикалық бағалау жасалады. Өнімді өткізу көлемі мен өндіру көлемі өзгергенде кәсіпорынның жиынтық шығыны төмендейді. Өндіріс көлемі өскен сайын өндіріс шығындары мен одан түскен табыс көлемі арта беріп олардың айырмасы кәсіпорын түсімін құрайды. Өнімге кеткен шығын мен одан түскен табыс теңескенде тепе – теңдік орнайды, бұл нүкте экономикалық әдебиеттерде шығындардың нүктесі деп аталады. Өндірістік бағдарламаны қарастыруда жоспарланып отырған өнім көлемі шығынсыздық нүктесінде бар ма, жоқ па анықтауымыз қажет.

     Таңдалып  отырған жоспардың тиімділігі тағы келесі көрсеткіштерді талдау арқылы анықтауға болады, олар: қор қайтарымдылық, қор сыйымдылық, рентабелділік, өнімнің бір теңге өсіміне капитал салымдары, сонымен бірге негізгі қорларды салыстырмалы үнемдеу (Эоф) есептеледі.  

±Эоф =  ОПФпл – ОПФо * Jпт           (13) 
 

мұндағы:ОПФпл, ОПФо – негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны жоспарлы және есепті жылдары; Jпт – жоспарлы жылы тауарлық өнімнің көлемін есептеу индексі.

     Қор қайтарым деңгейінің өзгеруіне бірнеше  факторлар әсер етеді, олар: негізгі  өндіріс қорлар бөлігінің қор қайтарымдылығының өзгеруі, қорлардың негізгі бөлігі үлесінің жалпы соммадағы өзгерісі. Өндірістік бағдарламаның тиімділігі: өнім рентабелділігін, капитал рентабелділігін және өткізу рентабелділігін сипаттайды. Өнім рентабелділігі (Ри) жалпы (Пв) немесе таза табысты (Пч) өткізілген немесе тауарлық өнім шығындар соммасына қатынасымен анықталады. 

Ри  = Пв/С немесе Пч/С                (14) 

Өткізу  рентабелділігі - өнімді өткізуден  түскен табысты алынған түсімге  бөлу арқылы есептелінеді.(Вр).

Рп =  Пв/Вр немесе Пч/Вр             (15)

Капитал рентабелділігі – таза табыстың негізгі  және айналым капиталының орта жылдық құнына бөлу арқылы есептелінеді. Өндірістік іс әрекетті рентабелділік деңгейі 3 факторға байланысты:

  • өндірістік бағдарлама құрылымының жоспарлы жылы есептімен салыстырғандағы өзгерісі;
  • өзіндік құны өзгерісі;
  • өткізу бағасының өзгерісі.

     Талдау  барысында аталған факторлардың рентабелділік деңгейіне әсерін байқау қажет. Өндірістік бағдарлама жан  – жақты зерттелгеннен кейін  жоба бекітіліп құрылымдық бөлімшелерге жеткізіледі. Олар өндірістік бағдарлама негізінде басқа өндірістік бөлімшелер жоспарын жасап, өндірістік бағдарламаны  орындауға дайындалады. Өндірістік бағдарламаның орындалу жобасының пәні болып дайындау әдісі мен өндіріс түрі табылады. Бұл кезеңнің басты міндеті болып өндірістік бағдарламаны барлық құрылымдық бірліктерге жеткізіп, оның орындалуын ұйымдастыру. Бұл кәсіпорынның тактикалық жоспарының бір бөлігі болып табылатын жедел – күнтізбелік жоспардың құрамдарымен жасалады.

     Негізгі жоспарлау кезеңдерін мазмұнын қарастырайық:

1.Өндірістік  бағдарламаны жоспарлы кезеңдер  бойынша бөлу.

Ағымдағы  жоспарлауда өндірістік бағдарлама әдетте бір жылға құрылады. Кәсіпорынның ішкі және сыртқы аумағының динамика жағдайында өндірістік бағдарламаны ұзағырақ мерзімге жоспарлау мүмкіндігі төмен. Сондықтан да жылдық өндірістік бағдарламаны жүзеге асыруға дайындық, оны кварталдар мен айларға бөлуден басталады. Өндірістің ырғақтылығы тиімділіктің жоғарылауына үлкен әсері болса жылдық шығару көлемі мен өткізу көлемін нақтылап кварталдар мен айларға бөлу қажет. Жылдық міндеттерді кварталдарға бөлу келесі факторларды ескере отырып жасауы қажет: Өндірістік бағдарламаның орындалуының жоспары келесі алгоритм бойынша жүзеге асады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІ  Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын жасау жағдайының көрсеткіштері

2.1. Кәсіпорын ұйымдық  сипаты

           Меркі ірімшік зауытының  негізі – 1936 жылы құрылған. Ол ауылшаруашылық өнімдерін оның ішінде сүт өнімдерін  өндіретін аудандағы алып кәсіпорындардың  бірі.

     Алғашқыда зауыт ғимараты арнайы белгіленген үйлерде орналасты. 1954 жылы Меркі ауданында тәулігіне 40 тонна сүт өндіретін алып жаңа ірімшік зауыты салынды. 1970-1980 жылдар арасында зауыт 800 тонна сүт 800 тоннадан 1200 тоннаға дейін ірімшік жылына 40-60 тоннаға дейін май өндірді.

     Меркілік  ірімшік зауытының аты біздің ауданымыздан тыс басқа  да аймақтарға тарай бастады, бұны сол жылдардағы көптеген көрмелерге қатысқандағы туралы марапат қағаздары дәлелдейді. Қайта  ұйымдастыру жылдарында біздің өндірістік кәсіпорын белгілі себептерге байланысты көптеген қиындықтарды бастан өткізді. Кәсіпорын бір кездері тығырыққа келіп тірелді, яғни мемлекет алдындағы қарыздар тағы басқалар, сондай-ақ шикізаттың әкелуі бұзылып, өнімді өткізуде көпшілік қиындықтарға тап болды. 1977 жылдың аяғында зауыт ААҚ «Меркі ірімшік зауыты» болып аталып, ауданда сондай-ақ облыс деңгейінде алдынғы қатарлы кәсіпорындардың біріне айналып отыр. Қазіргі кезде кәсіпорынның басшылығында – Айтуленов Дастан атты азамат. Бүгінгі таңдағы күрделі экономикалық өмірдің ағымына сіңіп кету үшін ол өз кезегінде кездейсоқ шешімдер шығарып, оның қарқынды дамуы мен өндірілетін өнімнің өсуіне әкеліп отыр. Қазіргі таңда зауыт «Костромдық», «Голландық», «Ресейлік», «Меркілік», «Ойталдық» ірімшіктерін сондай-ақ, ерітілген «Янтарь» айран, қаймақ, ірімшік, шаруа майын және тағы басқа, сүт тағамдарын шығарады. Кәсіпорын сәтті жұмыс істеуі үшін, оны қажетті мөлшерде жоғары дәрежелі шикізатпен қамтамасыз ету керек. Сондықтан бұл араға ең бірінші орынға сүт тапсырушылармен жұмыс істеу жоспары шығады. Шикізаттың тапсырылуы және онымен дер кезінде есептесу кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуінің кепілі болып табылады. Қазіргі кезде сүт тек қана Меркі ауданынан емес, сонымен қатар Т. Рысқұлов, Қырғызстан Республикасынан, Ұлан өңірінен, Жуалы аудандарынан және тағы басқа көптеген аймақтарынан тапсырылады. Бүгінгі таңда зауытта шамамен 120 адам  тұрақты қызмет атқарады. Негізгі мамандар үлкен жұмыс өтілі бар біліктілігі жоғары деңгейдегі қызметкерлер. Осыған байланысты мамандардың көп уақыты өндірілетін өнімнің сапасын арттыруға арналған. Осы мақсатта 2004 жылы ірімшік өндіретін бөлімшелердің іші-сырты күрделі жөндеуден өтіп, жаңа пластикалық әйнектермен жасалған есік, терезелер орналастырылады, құбырлардың техникалық қайта салынуы жүргізілді.

Информация о работе Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын жасау жағдайының көрсеткіштері