Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын жасау жағдайының көрсеткіштері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 18:49, курсовая работа

Описание

Нарықтық экономика жағдайында бір жағынан тұтынушылардың билігі, екінші жағынан кәсіпкерлік іс- әрекеттің бостандығы мемлекеттің араласуының шекті болуы және бәсекелестік өндірістік бағдарламаны жасаудың өзіне үлкен зерттеулер жасауды қажет етті, яғни маркетингтік зерттеулер, бәсекелестерді, тұтынушыларды, мемлекеттік саясатты және тағы басқа әсер етуші факторларды ескеріп өндірістік бағдарламаны жасау.

Содержание

Кіріспе
І Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын жасау тәртібінің негізделуі
1.1. Өндірістік бағдарлама оның жасалу тәртібі
1.2.Кәсіпорындағы өндірістік бағдарлама
1.3. Кәсіпорындағы өндірістік бағдарламаның жүргізілуі
ІІ Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын жасау жағдайының көрсеткіштері
2.1. Кәсіпорын ұйымдық сипаты
2.2. Кәсіпорынның негізгі экономикалық көрсеткішін талдау
2.3. Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы, оны жүзеге асыру тетіктері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша

Работа состоит из  1 файл

Кәсіпоронн өндірістік бағдарламасын жасау.doc

— 360.00 Кб (Скачать документ)

     Сонымен қатар өндірілетін өнімнің сапасының  жоғары деңгейге жетуінің тағы бір  себебі ол өндірісте ешбір химиялық және өзгеде қосындыларсыз тек қана экологиялық таза өнімді пайдалану  болып табылады. Сондықтан, рынокта  өнімге деген сұраныс өсуде, оның ішінде Қарағанды, Астана, Алматы, Тараз, Байқоныр қалаларын мысалға келтірсек болады. Талмай-қажымай атқарған жұмыстың нәтижесі өндіріліп жатқан өнімнің сапасының артуына септігін тигізді. 2005 жылы «Food Экспо - 2005» атты халықаралық көрмеде алты бірдей алқамен және жоғарғы сапалы «Костромдық», «Янтарь», айран, қаймақ, ірімшік өнімдері атты дипломды иеленді. Осы тектес жәрмеңкелер мен көрмелерге қатысудың нәтижесінде көпшілік компаниялар мен фирмалар бізді танып, одан әрі бізбен қатынасуға ерік білдірді. 2005 жылы зауыт халықаралық сапа стандарттарды енгізуді айқындайды. Соған сәйкес халықаралық тәуелсіз сарапшыларды шақырды, ал  олар өз кезегінде барлық сапа көрсеткіштерін түпкілікті тексеріп, ірімшік өндірісін халықаралық деңгейге шығаруды растайтын USO-9001-2000 атты сертификатымен куәландырды.

     Яғни, бұл халықаралық нарықта сауда  жасауға толық  құқықтарға ие екенімізді растайтын куәлік  USO сертификаты  біздің мақсатымыздың орындалуының алғы шарты еді.

     Зауытта жұмысшылардың кәсіптік біліктілігін арттыруға байланысты аттестациялар жүргізіліп отырады және өзінің біліктілігін шет елдерде арттыруға мүмкіншіліктері бар.

     Зауыт басшылығы аудандағы ең бірінші  болып жалақыны көтеріп, ай сайынғы  жалақының  үстінен берілетін  сыйақының мөлшерін белгіледі. Зауыттың аумағында асхана жұмыс жасайды.

     Онда  зауыт жұмысшыларына қандай болмысын тағам 50% жеңілдікпен беріледі. Жыл  сайын жұмысшылардың балаларын  жазғы демалыстарда Тараз, Бішкек қалаларына, оның ішінде аквопарктерге кәсіпорынның қаражаты есебінен жіберіп отырады. Келесі кезекте дене сауықтыру шаралары тұр. Қазір «Меркі ірімшік зауытында» барлық жарыстарда зауыттың атын қорғап жүрген өзіміздің команда бар. Құлмағамбетов Мұраттың бастамашылығындағы командасын мақтанышпен айта аламыз.

       Зауыттың тарихына және жұмысына  өте үлкен үлестерін қосқан аяулы да ардақты ардагерлеріміздің құрметіне жыл сайынғы қарттар күні мерекесінде ардагерлерге үлкен дастархан жайылып, арнаулы сыйлықтар беріліп тұрады. Қазіргі таңдағы «Меркі ірімшік зауытының» қол жеткізген табыстарын оның президенті Айтуленов Дастан мырзамен байланыстыруға болады.

     Биыл  сүт шекерн шығаратын өндіріс  цехын іске қостық. Сүт шекері тамақ  өнеркәсібіне кеңінен қолданылады (балалар тағамдары, сусындар, дәрі-дәрмек жасау үшін). Лактоза өндірудің  жылдық көлемін 50 тоннаға жеткізіп, 15 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

     Қазіргі кездегі зауыттың алдында тұрған көкейкесті мақсаттарының бірі –  қазіргі заманның талаптарына сай  келетін жаңа құрал-жабдықтарды  лизинг тәртібімен алу. Сондықтан бүгінгі  таңда осындай мақсаттарға жету үшін Меркі ірімшік зауытының ұжымы талмай қызмет етуде.

     “Меркі  ірімшік зауытының” негізгі өндіріс  процесі сүт өндіру болып табылады.Сүт  тек цехта ғана өндіріледі және олар сүттің тазалығын дәлелдейтін ыдыстарға  құйылады.Соңынан арнайы қондырғыларда  салқындатылып ыдыстарға құйылады.Осы жағдайлар оның таза болуына ықпал жасайды.

     Тоңазытқыштарға,ыдыстарға  және тағы басқаны пайдалана отырып,одан да жоғары қысымды қолданумен сипатталады.

 

                
 
 

               Кострономдық                                         Голландық 

                                                            Ойталдық

                     Меркілік

           Сурет3.Өндірістік технологиясына сипаттама

1. Негізгі  технологиялық цехтар

      - Цехтар – кешенді құю қондырғысы.

    - сүт  пісіру цехы.  

    - сүтті  салқындату бойынша – салқындату  цехы.

2. Көмекші  цехтар

     Кез келген кәсіпорынның алғашқы қалыптасуы өндірістік процестен басталады.

     Кәсіпорындағы өндіріс процессі дегеніміз- шикізатты  өңдеп,тұтынуға дайын өнім өндіруге бағытталған іс-қимылдар.

     Өндірістік  процестің нәтижелігі өнім түрлеріне  қарай:

      • -негізгі;
      • -көмекші;
      • -қызмет көрсетуші;
      • -басқару.

     Негізгі процес технологиялық болып табылады,яғни бұйымдардың шамасы,өлшемі,физикалық  және химиялық қасиеттерінің өзгеруі.

Технологиялық операция техникалық қуаттардың жетілуіне  қарай:

      • Қолмен атқарылатын операция;
      • Машина-қолмен;
      • Машиналық;
      • Автоматты;
      • Ақпаратты болып бөлінеді.

       Негізгі операциялардың жиынтығы  негізгі технологиялық процесс  деп аталады. Технологиялық операция – бір жұмыс орнында, бір немесе бірнеше жұмыстың орындалуы, әрбір еңбек заттарының немесе заттарды өңдеу тобының дәйекті және қосарлас атқаратын іс-қимылы болып табылатын процесінің бөлігі.

     Көмекші процесс кәсіпорынның ішкі жүйесінде  пайдаланатын өнімді дайындау мен қызметтер көрсету процесі (аспаптарды дайындау, қосалқы бөлшектер, бумен жабдықтау, сығылған ауа, электр энергиясы, құрал-жабдықтарды ретке келтіру және оны жөндеу т.б.).

     Қызмет  көрсету процесі. Жұмыс нәтижесі ретінде белгілі бір өнім

шығармайтын процесс, оған қатыстылар:

      • Тасымалдау;
      • Қоймалық операциялар;
      • Технологиялық операциялар.

     Басқару процесі - өндіріс барысындағы пайда  болған үйлесімділік бағыттарды реттеу.

     Белгілі бір деңгейдегі негізгі процестердің дер кезінде және сапалы орындалуы – көмекші және қызмет көрсету жұмыстарын қамтамсыз етуді талап етеді.

     Өндірістік  процестерді ұйымдастырудың тиімділігі мынадай принциптерді басшылыққа алады:

        • Жекелеген цехтарды белгілі бір өнім түрлерін өндіруге мамандандыру; мамандыруды тереңдету – еңбек өнімділігін арттырудың шешуші шарты, өнімнің өзіндік құнын азайтудың кепілі;
        • Үйлесімділік. Бұл принцип кәсіпорынның ішкі бөлімдерінің қабілет деңгейлерінің бірдей екенін білдіреді;
        • Қатар даму - өндірістік процестердің кәсіпорынның жекелеген құрылымдарында қосарласа орындалуы. Мақсат – еңбек аясын кеңейту;
        • Аралас даму принципі – бұйымның өндірістік процестен өту кезеңдері, яғни шикізатты өңдеуден бастап, дайын өнім шығаруға дейінгі іс-әрекеттерді қамтиды;
        • Үздіксіздік принципі. Бұған мысал ретінде толассыз өндірісті алуға болады;
        • Ырғақтылық – технологиялық операциялардың бір қалыпты ырғақпен қайталанып отыруы.

    

       “Меркі ірімшік зауытының” басқару-әкімшілік  ұйымдастыру құрылымына сипаттама  беретін болсақ, басшы шешім қабылдап, оның орындалуын ұйымдастырып, қарауындағы адамдардың жұмысын бақылаған кезде, ол өзінің осы ісіне лайық әрекет етеді.

     Күрделі және өнімнің еңбек сиымдылығы жоғары өндіріске маманданған іріленген  кәсіпорындар, әдетте ,ондаған цехтардан, лаборатория мен бөлімдерден  тұрады. Олардың қызметін үйлестіре жүргізу үшін басқарудың күрделі иерархиялық құрылым құрылады.

     Кәсіпорында басқарудың ұйымдық құрылымы төмен  тұрған органның жоғары органға бағыну принциптерін сақтау негізінде жасалады. Мысалы, цехтық зертхана немесе цехтық бугалтерия жетекшілері зауыттың орталық зертханасына немесе кәсіпорынның бас бухгалтеріне бағынады.

     Еңбек бөлінісі атқарушылық белгілері  бойынша кәсіпорындар:

      -материалды-техникалық қаитамасыз  ету;

      - маркетинг және өнімді өткізу;

      - қаржы;

      - жоспарлау;

      - бухгалтерлік есеп және есеп  беру;

      - өндірісті техникалық дамыту;

      - басқару бөлімдерінен тұрады.

     Ірі және әр тараптандырылған кәсіпорындарда  бұдан басқа жекелеген өнім түрлері  өндірісін басқару үшін арнайы органдар немесе мамандандырылған цехтарды басқару бөлімдері жасақталады.

     Кәсіпорында басқару органының  осындай екі  бағыттағы қызмет түрі бірдей шамада қолданылады.Олар жеке тұлғалар мен  органдарға кәсіпорынның жарғысы немесе аталған тұлғалар мен органдардың  нақтылы  қызметтері жөніндегі ережелер негізінде бекітіліп беріледі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.2. Кәсіпорынның негізгі  экономикалық көрсеткішін  талдау

          Өндіру көлемі мен  өткізу көлемі бір – бірімен байланысты көрсеткіш болып табылады. Өнімді өндірудің шектеулілігі мен сұраныстың көп кезінде бірінші орынға өнімді өндіру көлемі шығады. Ал бәсекелестердің көбейіп нарықтың қаныққан шағында өндіріс көлемі өндірістік бағдарламаны жасаудағы басты фактор болып табылады. Кәсіпорын өнім өндіргенде тек өткізе алатын өнім көлемін өндіруі қажет.

    Өндіру  көлемінің және өткізуді оның сапасы кәсіпорынның шығынына, табысы мен  рентабельділігіне тікелей әсер етеді. Сондықтан да ол көрсеткіштерді талдау үлкен рөл атқарады. Оның негізгі міндеттері өнім өндіру мен  өткізудің динамикасын және жоспардың орындалу деңгейін талдау. Бұл көрсеткіштерге басқа факторлардың әсерін анықтау. Өнімді өндіру мен өткізуді көбейтетін ішкі шаруашылық қорларын анықтау. Анықталған қорларды тиімді бөлудің шараларын ұйымдастыру.

    Өндіру  мен өткізу көлемі натуралды және құндық түрде анықталуы мүмкін. Өндіріс көлемінің жалпылама көрсеткіштерін құндық талдау арқылы алуға болады.

    Өндіру  көлемінің негізгі көрсеткіштері  болып жалпы және тауарлы өнім болып табылады.

    Жалпы өнім – аяқталмаған өндірісті  қосқандағы кәсіпорынның барлық шығарылған өнімдері мен көрсетілген қызметтерінің қосындысы. Тауарлық өнімнің жалпы өнімнен айырмашылығы – аяқталмаған өндіріс пен ішкі шаруашылық айналымының кірмейтіндігінде. Аяқталмаған өндіріс пен ішкі шаруашылық айналымының құрылымы бойынша кейбір кәсіпорында тауарлық өнім мен жалпы өнім сәйкес келеді.

    Өнім  өткізу көлемі өнімді жөнелтумен немесе төлеумен анықталады. Ол жоспарлы, салыстырмалы және нақты қазіргі бағамен көрсетілуі мүмкін. Нарық экономикасы жағдайында бұл көрсеткіш алғашқы орында болды. Өнімді өткізу өндіріс пен тұтынушы арасында байланыстырушы бірлік болып табылады. Өнімнің нарықта жаппай сатылуы мен оған сұранысқа байланысты оның шығарылу көлемі де анықталады. Біздің зерттеп отырған кәсіпорынымыз тамақ жасау саласындағы Қазақстанда сүт өнімдерін өндіретін өндірістік бірлік болғандықтан оған сұраныс өте жоғары, оның негізгі тұтынушылары Қазақстанның және басқа елдердің негізгі өндіруші және өңдеуші саласындағы компаниялар болып табылады. Сондықтан да кәсіпорындағы өнім көлемін өндіру сұранысқа ғана емес өндіріс қуатына да сүйенеді. Қазіргі кезде шет елдерден техниканың жаңа түрлерін алуға көптеген алғы шарттар жасалды. Талдауды өндіріс пен өткізудің натуралды және құндық түрдегі динамикасын талдаудан бастасақ: 
 

    Кесте 3 -Өнімді өндіру мен өткізудің динамикасын талдау. 

Көрсеткіштер өлшем бірлігі 2009ж 2010ж %-к өсу қарқыны +,- ауытқуы
1

- 

-

Өндіру көлемі

Құндық  түрінде

Натуралды түрінде

 
 
мың тг 

тонна

 
 
190945,0 

3000,0

 
 
257274,0 

4285

 
 
134,7 

142,8

 
 
+66329 

+1285

2

- 

-

Өткізу көлемі

құндық  түрінде

натуралды түрінде

 
 
мың тг 

тонна

 
 
189267,5 

2850

 
 
193946,6 

3100

 
 
102,4 

108,7

 
 
+4679,1 

+250

Информация о работе Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын жасау жағдайының көрсеткіштері