Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын жасау жағдайының көрсеткіштері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 18:49, курсовая работа

Описание

Нарықтық экономика жағдайында бір жағынан тұтынушылардың билігі, екінші жағынан кәсіпкерлік іс- әрекеттің бостандығы мемлекеттің араласуының шекті болуы және бәсекелестік өндірістік бағдарламаны жасаудың өзіне үлкен зерттеулер жасауды қажет етті, яғни маркетингтік зерттеулер, бәсекелестерді, тұтынушыларды, мемлекеттік саясатты және тағы басқа әсер етуші факторларды ескеріп өндірістік бағдарламаны жасау.

Содержание

Кіріспе
І Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын жасау тәртібінің негізделуі
1.1. Өндірістік бағдарлама оның жасалу тәртібі
1.2.Кәсіпорындағы өндірістік бағдарлама
1.3. Кәсіпорындағы өндірістік бағдарламаның жүргізілуі
ІІ Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын жасау жағдайының көрсеткіштері
2.1. Кәсіпорын ұйымдық сипаты
2.2. Кәсіпорынның негізгі экономикалық көрсеткішін талдау
2.3. Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы, оны жүзеге асыру тетіктері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша

Работа состоит из  1 файл

Кәсіпоронн өндірістік бағдарламасын жасау.doc

— 360.00 Кб (Скачать документ)
 

   Өндіру көлемі құндық түрінде  2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда  134,7 – ке көбейіп отыр, ал өткізу  көлемі 102,4– ке орындалып отыр. Айтып кететін жайт 2004 жылы өндіру көлемі өткізу көлеміне қарағанда төмендігі қоймада жатып қалған өнімді өткізумен байланысты. Өнім өндіруде Қазақстанда машина жасау нарығын қамтамасыз етудің бірден – бір жолы ол осы саладағы барлық кәсіпорындарда мемлекет тарапынан күрделі қаржылар бөліп, шетелдік инвестицияны тарту қажет.

    Әрбір кәсіпорын өзінің шығаратын өнімдерінің  ішінде негізгі және қосалқы өнімдері болады. Біздің зерттеп отырған кәсіпорынымызда  негізгі өнімдері көп, алайда олардың  ең негізгі түрінің барлық өнім шығарудағы үлесін талдасаймыз.Өнімді өткізу әр кезде келісім шарт бойынша міндеттемелерді орындаумен байланысты болған, әрбір кездерде міндеттемені орындамаған жақ табыстың төмендеуімен, айыппұл төлеумен сипатталған және экономикасы дамыған елдерде келісім шартты бұзбай қалыпта сақтау әдеп – ғұрыпқа айналған, кез келген үлкен компания өз міндеттемелерін тұрақты түрде орындайды, сонымен бірге міндеттемелерін орындамаған компания тұтынушылардан айырылып, өткізу нарықтарын жоғалтып, өндіріс көлемін төмендетуге мәжбүр болады.

    Кәсіпорын үшін үлкен орынды мемлекет тарапынан  тапсырыстарды орындау жатады, яғни ол өз кезегінде уақытылы төлем, несие  бойынша жеңілдіктер, льготалармен ұштасып жатыр.

    Тауарды өз уақытысында жеткізбеу осы  кәсіпорынның ғана жұмысына зиянын тигізіп қана қоймай, ол сонымен жұмыс істейтін серіктес фирмаға да және басқа да бірліктерге зиянын тигізуі мүмкін. Шаруашылық іс - әрекеттің қорытындыларынан өнімнің ассортименті, өндіріс құрылымы мен өнімді өткізу үлкен әсер етеді.

    Кәсіпорынның  өнім ассортименті мен өнім шығару құрылымын жасағанда бір шетінен  өнімге деген сұранысты, екінші жағынан  еңбек, шикізат, техникалық, технологиялық, қаржылық және басқа ресурстарды  тиімді үйлестіре білу қажет.

    Ассортиментті қалыптастыру жүйесі өз құрамына келесілерді кіргізеді:

  • тұтынушылардың ағымдағы және алдағы қажеттіліктерін анықтау;
  • өндіруге жоспарланған немесе өндіріліп жатқан өнімнің бәсекеге қабілеттіліктерін талдау;
  • әрбір бұйымның өмірлік циклын қарастырып, ескірген өнімдерді ассортимент құрамынан алып тастау;
  • ассортименттегі өзгерістердің тиімділік пен қауіптің деңгейін тексеру.

Ассортимент бойынша жоспардың орындалуын талдау әдетте арнайы коэффициентін есептеу  негізінде табылатын. Ол жоспардың  орындалуы деп саналатын нақты  өнім өндіруді жалпы жоспарлы өндіріске бөлу арқылы есептелінеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.3. Кәсіпорынның өндірістік  бағдарламасы, оны  жүзеге асыру тетіктері

          Қазіргі нарықтық экономика  жағдайындағы кез келген жұмыс істейтін кәсіпорын өз қызметі барысында  өнім өндіруді бірнеше жылға болжайды. Ол ұзақ мерзімдік стратегиялық бағыттарды жүзеге асырудың бір жолы өндірістік бағдарламаны жасау болып табылады.

    Өндірістік  бағдарламаны жасағанда көбінесе нарық  сұранысына келіп тіреледі, сонымен  бірге мемлекеттік тапсырыстар, мемлекеттің саясаты тағы басқа әсер етеді.

    Кәсіпорын шығарған өнім көлемі мен оны өткізу көлемі теңескен жағдайда, өнім көлемінің  ең тиімді деңгейі анықталады. Кәсіпорын  белгілі бір жылға өндіріс  бағдарламасын жасайды және ол көп  уақытта орындалмай тұруы немесе  аз уақыттың ішінде жүзеге асырылуы мүмкін. Кәсіпорынның өндірістік құрылымының өзгеруі көптеген экономикалық көрсеткіштерді өзгертеді, яғни рентабельділік, таза табыс, құндық түрдегі өндірілген өнім көлемі, материал сыйымдылық және тағы басқа өнім өндіру мен өнім өткізу бір-бірімен тығыз байланысты. Өнімді өткізуге әсер ететін факторлар көп. Олардың негізгісі тауар бағасы мен тауардың сапасы.

    Кез келген кәсіпорын өнім өндіргенде шикізат  пен материалдарды, ресурстарды  неғұрлым аз пайдаланып, соғұрлым өзіндік құны аз өнім шығаруға тырысады. Оған жетудің бірден бір жолы ол жоғары технология мен техниканы тиімді пайдалана отырып өнім өндіру, бірақ та шикізатты аз пайдалануымыз қажет деп, өнім сапасы туралы ұмытпауымыз қажет. Сонымен өндіріс факторларын тиімді үйлестіре отырып, өндірілген өнім бәсеке қабілеттілікке қол жеткізеді.

      Қазіргі заман талабына келсек, өнімде көптеген қасиеттердің  болуын қажет етеді, ол пайдалылық, төзімділік, жұмысының тиімділігі, эстетикалық талаптараға сай  болуы, бағасының арзан болуы, тағы басқа. Біздің мысалымызда сүт өнімдері болғандықтан, мұнда пайдалылық жүрмейді. Оған жұмысының тиімділігі, төзімділік деңгейі, жекелеген жағдайдаларда эстетикалық талаптар қойылады.

    Өндірістік  бағдарламаның құрылымын талдағанда 2009 жылдың өнім өндіру жоспары мен оның нақты орындалуын салыстыра отырып анықталады. Оны келесі “Меркі ірімшік зауыты” ЖШС 2009 жылға арналған бағдарламасы мен нақты шығарылған өнім көлемін салыстыра отырып көре аламыз. 
 
 
 

    “Меркі ірімшік зауыты” ЖШС-ның 2009 жылға арналған өндірістік бағдарламасы. 

Өнімдер Өлшем бірлік 2009 жыл Соммасы мың теңге
бағасы жоспар нақты
1. Малыш 3.2% тонна 75 100 97 7275,0
2. Малыш 3.6% тонна 80 100 86 6880,0
3. Малыш 2.2% тонна 72 100 92 6624,0
4 Малыш 6% тонна 85 100 98 8330,0
5 Любимое 6% тонна 85 100 96 8160,0
6 Любимое 3.2% тонна 80 100 100 8000,0
7 Любимое 2.2% тонна 73 100 91 6643,0
8 Любимое 1% тонна 65 100 92 5980,0
9 Любимое % тонна 60 100 50 3000,0
 
10
Барлығы

Береке 2.2%

тонна

тонна

 
58
900

150

802

145

60892,0

8410,0

11 Береке 3.2% тонна 62 170 160 9920,0
12 Береке 3.6% тонна 64 100 98 6272,0
13 Особый майсыз тонна 65 180 175 11375,0
  барлығы:           тонна 600 723 35977,0
14 Алдиша 2.1% тонна 70 120 110 7700
15 Алдиша 6% тонна 73 140 135 9855,0
16 Қаймақ 15% тонна 40 150 150 6000
17 Қаймақ 36% дана 62 200 200 12400
18 Қаймақ 20% дана 57 200 200 11400
19 Қаймақ 6% дана 60 150 150 9000
20 Қаймақ 36% дана 45 150 150 6750
21 Қаймақ 20% дана 60 100 100 6000
22 Қаймақ 15% дана 43,8 100 100 4380
23 Қаймақ дана 47,5 200 200 9500
24 Жүзім сүзбесі дана 36 150 150 5400
25 Бумер сүзбесі дана 57 150 100 5700
            Барлығы:          1810 1745 94085,0
Барлығы: 3000 190945,0
 

     Бұл өндіріс жоспарын қарасақ өнімнің 25 шығаруға бағытталған және оның құны 190945,0 мың тенге. Ал ендігі кесте бойынша бұл өндіріс жоспарының күрделі бұзылғанын көреміз 

“Меркі  ірімшік зауыты”ЖШС 2010 жылға арналған өндірістік бағдарламасы 

Өнімдер Өлшем бірлік 2010 жыл Соммасы мың теңге
бағасы жоспар нақты
1. Малыш 3.2% тонна 75 100 97 7275,0
2. Малыш 3.6% тонна 80 100 86 6880,0
3. Малыш 2.2% тонна 72 100 92 6624,0
4 Малыш 6% тонна 85 100 98 8330,0
5 Любимое 6% тонна 85 100 96 8160,0
6 Любимое 3.2% тонна 80 100 100 8000,0
7 Любимое 2.2% тонна 73 100 91 6643,0
8 Любимое 1% тонна 65 100 92 5980,0
9 Любимое % тонна 60 100 90 5400,0
  Барлығы тонна   900 842 63292,0
10 Береке 2.2% тонна 58 150 145 8410,0
11 Береке 3.2% тонна 62 200 200 12400
12 Береке 3.6% тонна 64 100 98 6272,0
13 Особый майсыз тонна 65 200 200 13000
  барлығы:           тонна 550 643 40082
14 Алдиша 2.1% тонна 70 200 180 12600,0
15 Алдиша 6% тонна 73 200 200 14600
16 Қаймақ 15% тонна 40 250 230 9200
17 Қаймақ 36% дана 62 200 200 12400
18 Қаймақ 20% дана 57 200 200 11400
19 Қаймақ 6% дана 60 300 250 15000
20 Қаймақ 36% дана 45 300 300 13500
21 Қаймақ 20% дана 60 400 380 22800
22 Қаймақ 15% дана 46 200 200 9200
23 Қаймақ дана 50 300 280 14000
24 Жүзім сүзбесі дана 40 200 180 7200
25 Бумер сүзбесі дана 60 200 200 12000
            Барлығы:          2950 2800 153900,0
Барлығы: 4285 257274,0
 

      
 
 

     2010 жылы жоспар бойынша дана өнім өндірілмек, ол 2009 жылғы өніммен салыстырғанда 16,4%-ке артық, сонымен бірге өнімдер бағасы 3%-ке өседі деп жоспарлануда.

     Сонымен кейде тиімді жұмыс істеудің алғышарты  болып өндірістік бағдарламаны құру болып табылады. Оны жасау үшін көптеген факторларды ескеріп нақты маркетингтік зерттеулермен қатар, экономикалық көрсеткіштерді анықтап, содан соң шешім қабылдау қажет.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды

          Сонымен қорыта келе нарық экономикасы қарсаңында жұмыс жасап отырған кәсіпорындарға қатаң стратегия мен саясатты ұстануы қажет, ол өмірдің талабы. Кәсіпорынның іс - әрекетінің жүзеге асырылуын, жалғасуының негізгі ол өндірістік бағдарлама. Өндірістік бағдарламаны жасағанда кәсіпорын толық маркетингтік зерттеулерге сүйене отырып жасауы қажет, яғни тұтынушылардың талғамын, сұраныс деңгейін, ұсынысты, бәсекелестерді, алмастырушы тауарларды, салық саясатын, ақша несие саясатын, тағы басқа мемлекет тарапынан әсер ететін факторларды ескерген жөн. Сонымен бірге тек қана осы факторларды ескеріп қана оймай, кәсіпорын өзінің қойған мақсаттарын жүзеге асыруы тиіс, олар: өндірісті кеңейту, жаңа нарықтарға шығу, жаңа тауар шығару, ал ең бастысы ең аз шығын жасай отырып, ең көп мөлшерде табыс табу.

    Қазіргі жағдайда тауарлық саясатқа сәйкес кәсіпорын неғұрлым көп тауар шығарса, оған кететін шығын азырақ болады. Яғни бұл шығындардың азаюы өнім көлемінің масштабы заңдылығы бойынша жүзеге асады. Қазір тиімді жұмыс жасау үшін кәсіпорын әр уақытта бәсекелестерін бақылап, одан қалыспауға тырысуы қажет. Ол үшін өндірістік стратегиясы мықты, әрі тұрақты тиімді болуы шарт.

    Негізгі дүние жүзіндегі белгілі экономикалық әдебиеттерде негізгі үш бағытты  үйлестіруді ұсынады, шығындарды минималдау стратегиясы, сапаға бағытталған стратегия және уақыт факторын тиімді пайдалану стратегиясы.

    Өндірістік  бағдарлама – таңдалған тауарлық стратегия бойынша жасалған, тұтынушылардың қажеттілігін өтеуге бағытталған, оны  жүзеге асырғанда кәсіпорынға табыстылықты, бәсекеге қабілеттілікті және мақсаттардың орындалуын қамтамасыз ететін кәсіпорынның жоғары сапалы өнімді өндіру жоспары. Бұл жоспар кәсіпорынның алдағы уақыт ішінде өндіруі қажет өнімі мен өнім ассортиментін белгілейді, алайда бұл көбінесе орындалмауы мүмкін, шектен тыс тапсырыстар немесе керісінше тұтынушылардың тапсырыс бермеуі жоспардың орындалмауы мен 100% артық орындалып кетуіне себеп бола алады.

Информация о работе Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын жасау жағдайының көрсеткіштері