Лекции по "Экономика"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 00:02, курс лекций

Описание

1 БӨЛІМ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ.
1тақырып. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ПӘНІ МЕН ӘДІСТЕРІ.

1. Экономикалық теория.
2. Экономиканың зерттеу әдістері.
3. Экономикалық теорияның функциялары.

Работа состоит из  1 файл

Эконом теория.doc

— 694.50 Кб (Скачать документ)

 

Бұл қоғамдық өндірістің екі түріне қысқаша төмендегідей сипаттама беруге болады.

Натуралды шаруашылық - қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның  еңбек құрал сайманының қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіншілік береді. Яғни натуралды дегеніміз – адамдар  өнімді айырбасқа нарыққа шығаруға ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндірілетін шаруашылықты айтамыз. Олардың негізгі белгілірі мыналар:

       өндіргіш күштер мен оларды ұйымдастыру аса қарапайым;

       өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен жылдан- жылға бірдей көлемде өндіріледі.

Алайда «өндірдік- тұтындық»- приципі бойынша өмір сүру мүмкін емес екендігі кейінірек қоғамда дәлелдене бастады, яғни мұндай саясат елдің әлемдік рыноктан оқшаулануына экономикалық ғылымның артта қалуына әкелді, сондықтан экономикалық ұйымдастырудың бұл формасын қолдану мүмкін емес.

Осыдан кейін тауарлы шаруашылық қалыптасты. Мұның мәні мынада:  Тауарлы деп- өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыс нарықтың көмегімен  жүзеге асырылатын шаруашылық аталады.

Тауарлы шаруашылықтың пайда болуының қажетті шарты: нақты бір өнім шығарушыға өндірушілердің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі, яғни тауарлы шаруашылық - өндірілген өнім айырбасқа (сатуға) түседі.

       жеке меншіктің болуы;

       тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы.

Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердің бір - бірінен оқшаулануы. Ол жеке  меншік алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде бой көтерді. Белгілері: Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбаспен нарықтың дамуына байланысты.

       жеке меншіктің пайда болуы;

       тұтынушылар өз қажетін қанағаттандыра алу қабылеттілігі;

       еркін кәсіпкерлікпен айналысуға жол ашылды;

       қоғамдық өнімнің басым бөлігі тек жеке тұтыну үшін емес, нарық арқылы сатуға арналды;

       экономикада мемлекеттік және жеке сектордың болуымен сипатталады.

Тауар – сатуға немесе айырбасқа түсетін өнім. К.Марстың ойынша,  тауардың екі қасиеті бар:

       адамның сұранысын қанағаттандыру, яғни тұтыну құны;

       басқа затқа айырбастау мүмкіндігі, яғни айырбас құны (өз құны).

Тұтыну құны – тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті.

Айырбас құны (тауардың өз құны) – тауардың басқа тауарларға айырбасталу қабілеттілігі. Тауардың мұндай  қасиеттері оны  өндіруге жұмсалған еңбектің екі жақты сипатына байланысты:

Бірінші жағынан, еңбектің нақты түрі белгілі бір тұтыну құнын  өндірумен сипатталады. Яғни, нақты еңбек арнайы еңбек құралдарын  пайдаланумен, жұмыскердің мамандығымен, одан қалды нақты нәтижесімен көрінеді. Сондықтан тұтыну құнын жасайтын еңбекті нақты еңбек деп атайды. Адамның жұмыс күші шығындары тұрғысында барлық еңбек біркелкі және оның нақты түріне тәуелсіз. Мұндай еңбек абстрактылы еңбек. Нақты және абстрактылы еңбек – бұл тауарды жасайтын бір еңбектің екі жағы.

Құн заңы - өндірушілер арасындағы  байланыстарды, сондай-ақ  қоғамдық еңбекті бөлу мен ынталандыруды реттеп отырған  экономикалық заң. Бұл заңның мағынасы: тауар өндіру мен айырбастау оның қоғамдық қажетті  шығындарымен  (ҚҚЕШ) өлшенеді.

Негізгі түсініктер мен терминдер

Айырбас құны, Ақша, Құн заңы, Натуралды шаруашылық, Тауар, Тауарлы шаруашылық, Тұтыну құны

 

6 тақырып.    НАРЫҚ  ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.

1.       Нарықтың мәні және түрлері.

2.       Нарық механизімінің негізгі элементтері: сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке қабілеттілігі.

3.       Нарықтың атқаратын қызметтері. Нарықты экономиканың артықшылықтары мен кемшіліктері.

 

Дәріс мәнмәтіні.

Нарық, айырбас айналыс-бұл категориябар өзара тығыз байлансты және тұрмыстық деңгейде жай теңестіріледі. Нарыққа бір ғана анықтама беру жеткіләксіз. Нарық – бұл экономикалық проблемаларды  тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру мен оларды ақша  көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастыру формасы. Нарық- қоғамдық еңбек бөлінісімен келісілген және шаруашылық субъектілерімен шеттелген тауарлы өндіріс дамуының табиғи- тарихи процесі нәтижесі.Тауар өндірісінің дамуымен қатар рынок та дамиды және күрделене түседі және оны экономистердің талдауы да тереңдейді.

Нарық көпжақты, оны әр түрлі жағынан зерттеуге болады сондықтан да экономикалық әдебиеттерде оның көптеген анықтамалары бар.

сатып алу және сату көзқарасы бойынша нарық сұраныс пен ұсыныстың, өндіруші мен тұтынушының өзара әрекетін қарастырады.

       экономиканы ұйымдастыру формасына қарай – нарықты экономиканың іс- әрекет етуінің қоғамдық формасы деп атайды.

       рыноктық қатысушы позициясы бойынша нарықты шаруашылық тұлғаларының арасындағы қоғамдық формасы.

Рынок (нарық) – бұл ұдайы өндірістің барлық буынында: өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну және сатумен сатып алу арқылы жүзеге асырлатын ұйымдық- экономикалық қатыстардың жүйесі.

Нарықтың субъектілеріне  жататындар: сатушылар мен сатып алушылар (үй шаруашылығы, фирмалар, мекемелер мемлекет). Нарық  объектілеріне  жататындар: тауарлар мен ақшалар. Тауарларға  жататындар: өндірілген өнім мен қатар өндіріс факторлары (еңбек, жер, капитал) мен  көрсетілетін қызметтер.

Нарық мынадай негізгі қызметтерді атқарады:

1.       Ақпараттық қызмет

2.       Делдалдық қызмет

3.       Баға белгілеу қызметі

4.       Реттеушілік қызметі

5.       Санациялық қызмет

Нарықтық жүйенің негізгі белгілірі мыналар:

       өндіріс құрал жабдықтарының жеке меншіктің қолында болуы;

       кәсіпкерлік еркіндіктің болуы;

       экономикалық байланыстарда тек соңғы пайданың көзделуі;

       экономикалық коньюктураға байланысты нарықтың өзін- өзі реттеуі;

       өндірушілер жұмысына мемлекет тарапынан мейлінше аз араласу.

Артықшылығы

өзгеретін жағдайларға тез бейімделу және икемделу;

шығындарды азайту және пайданы көбейту мақсатымен жаңа технологияларды оперативті қолдану;

шешім қабылдауда, келісім жасауда өндірушілер мен тұтынушылардың тәуелсіздігі;

әр түрлі қажеттіліктерді керекті мөлшерде және жоғары сапамен қанағаттандыру қабылеті.

Кемшіліктері

нарық еңбек пен табысқа құқықтық кепіл бермейді;

қоғамда теңсіздікті туғызады;

тауарлар мен қызметтерді ұжымдасқан түрде өндіруге ынта тудырамайды;

       нарық әлеуметтік қажетті тауарларды өндіруге емес, ол ақшасы бар елдің қажетін қанағаттандыруа бағытталған.

Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек саудаларынан құралып, қызмет етуін талап етеді. Нарық экономикасының әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге негізделеді.

-          маржиналық (шекті) талдау

-          балама таңдау шығындарына

-          экономикалық рационалдыққа

Нарық механизмінің негізгі элементтеріне жататындар: баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке. Сұраныс пен ұсыныстың  ара қатынасының өзгерістеріне байланысты бағалар қалыптасады.

Бәсеке - нарықта реттеушілік қызметін атқарады. А. Смит – бәсекені нарықтың - «Көрінбейтін қолы» деп атаған. Бәсеке арқылы  нарықтық субъектілері өз пайдасына қарай әрекет етіп, тұтас болғанда қоғам үшін тиімділіктің негізін қалайды. Осы айтылған элементтердің өзара  қатынасы арқылы нарық қалыптасады. Бәсеке – нарық субъектілерінің  пайданы барынша  ұлғайтуға, яғни қойылған мақсатты жүзеге асыру жолында өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін  кәсіпкерлердің өзара күрес қатынастар  ретінде  көрінетін экономикалық жарысы.

Жетілген бәсеке нарығы – кез келген ұқсас (бір-бірін ауыстыратын) тауарларды сататын сатушылар мен сатып алушылардың көптеген құрамынан туады. Бірде бір сатып алушы мен сатушы жеке дара сұранысты, нарыққа тауардың түсуін немесе оның бағасын  бақылай алмайды. Сатушы бағаны нарықтық бағадан жоғары қоюға дәрмені жетпейді. Себебі, сатып алушы өзіне қажетті мөлшерде тауарды нарықтық бағамен еркін ала алады. Әрбір сатушы бір ғана тауар өнімін сатады. Бұл нарыққа кіру де шығу да жеңіл.

Жетілмеген бәсеке қандай да тауарлар мен қызмет түрін өндірудегі ерекше өндірушінің пайда болуы. Жетілмеген бәсекенің бірнеше түрлері бар: монополия, олигополия, монополистік бәсеке.

6.1.кесте

Нарық үлгілерінің сипаты

 

Жетілген бәсеке

Жетілмеген бәсеке

Таза бәсеке

Монополистік бәсеке

Олигополия

Таза монополия

Анықтамасы

Нарықта сатушы формалардың саны көп бір-тектес тауар, бірде бір фирма бағаға ықпалын жүргізе алмайды

Нарықта сату-шылардың саны көп, тауарлары әртектес

Нарықта бірнеше ірі фирмалар билік жүргі-зеді.

(егерде екеу болса дуополия)

Нарықта бір ғана сатушы билік жүргізеді, бағаға ықпалы өте күшті

Фирмалардың саны

Өте көп

Көп

Бірнеше

Бірғана

Тауардың түрі

Біртектес

Әртектес

Жеке дара

Алмастыратыны жоқ  біртектес

Бағаға бақылау

Болмайды

Орташа

Орташа

Мемлекет тара-пынан бақылау болады.

Салаға кіруге кедергілер

Ешқандай қиыншылық жоқ

Ешқандай  қиыншығы жоқ

Салаға кіруге  кейбір қиын-шылықтар болады

Кіру өте қиын

Бағалық бәсеке

Болмайды

Өте жоғары деңгейде болады

Орташа деңгейде болады.

Болмайды

 

Монополия – ерекше тауардың бір  ғана сатушысы, монопсопия – тауарды бір ғана сатып алушының болуы. Сипатына және пайда болу себептеріне байланысты  монополияны бөлуге болады:

1.        Табиғи монополия – сирек кездесетін және  өндірілмейтін өндіріс факторына биіктеу жағдайында пайда  болады  (тұтынушыларға – су отын, энергия қуатын, газ беру және т.б. фирмалар).

2.        Жасанды монополия  - фирмалардың бірігу және келісу  нәтижесінде  пайда болады.

3.        Кездейсоқ монополия -  өз шеңберіндегі  тұтынушылардың  сұраныстының ұсыныстан уақытша артуы жағдайында пайда болады.

Монополияның пайда болуының басты себебі- өндірістің және капиталдың шоғырлануы.

Негізгі түсініктер мен терминдер

Бәсеке; Картель; Конгломерат; Концерн; Монополия; Монопсония; Олигополия; Синдикат.

 

7 тақырып.  Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері.

 

1.       Сұраныс заңы. Сұраныстың қисығы

2.       Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы

3.       Нарықтық тепе-теңдік.

4.       Икемділік түсінігі.

 

Дәріс мәнмәтіні.

Өндірісті  ұйымдастыру  кезеңінде  туатын негізгі мәселелер:

-          Нені өндіру қажет?

-          Қалай өндіру қажет?

-          Кім үшін өндіру қажет?

Бұл аталған мәселелер тауарларға сұраныс пен ұсыныстың тікелей әсер етуімен шешіледі.Осыған байлансты сұраныс пен ұсынысты талдау міндетті.

Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Сұраныс  ақшалай камтамасыз етілген тұтынушының қажеттілігі немесе сұраныс төлем қабілеттілігі бар қажеттілік. Құндық тұрғыдан сұраныс осы қажетті  тауарлардың санасын құрайды.

Сұраныс заңы – тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға  төмендегенде  тұтынушы оны көп  мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды.

Сұраныстың қисығы – бұл сұраныс  заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы нүктемелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. 7.1. графиктегі  көлденең осьте сұраныс көлемі (Q), ал тікелей осьте (Р) – тауардың бағасы, сұраныстың  қисығы (Д).

Нарықтық сұраныс көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады. Сұранысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

1.       Тұтынушылардың  табысы. Табыс өскен сайын  тұтынушылардың сұранысы да өседі.

2.       Тұтынушылардың саны. Тұтынушылар саны молайған сайын  сұраныс та өседі.

3.       Тұтынушылардың талғамы (ұнатуы, ұнатпауы, жаңа үлгідегі  тауарлар)

Информация о работе Лекции по "Экономика"