Лекции по "Экономика"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 00:02, курс лекций

Описание

1 БӨЛІМ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ.
1тақырып. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ПӘНІ МЕН ӘДІСТЕРІ.

1. Экономикалық теория.
2. Экономиканың зерттеу әдістері.
3. Экономикалық теорияның функциялары.

Работа состоит из  1 файл

Эконом теория.doc

— 694.50 Кб (Скачать документ)

Еңбек нарығына  тән қасиеттер:

       жұмыс  орындарын ұсынатын  кәсіпорындардың санының мол болуы (жұмыс күшіне сұраныс);

       әртүрлі мамандықтағы  еңбеккерлердің санының мол болуы (жұмыс күшінің  ұсынысы);

       еңбек нарығында бірде - бір кәсіпорын  және бірде - бір еңбекккердің  күш ықпалының жүрмеуі;

       жұмыс күшінің жалақының  мөлшерімен бағалануы.

Қазіргі экономикалық теорияда  жалақыны кең және тар мағынада  түсіндіруге болады.  Кең мағынада жалақы  әртүрлі мамандықтағы  еңбеккерлердің жалпы еңбекақысы. Бұл жағдайда жалақы сомасына  еңбекақымен қатар сыйлықтар және басқа да ынталандырушылық  ақылары  кіреді. Тар мағынада,  жалақы –  пайдаланған еңбек  бірлігінің бағасы.

Жалақы номиналды және нақты түрінде  ажыратылады. Номинальды жалақы ақшаға шығарып берілетін жалақы, яғни еңбектердің өз еңбегі үшін алған ақша санасы.

Нақты жалақы  еңбеккердің алған ақша санасына өзі үшін және отбасы үшін қанша қажетті өмір сүру тауарларын сатып алуға  болатынын көрсетеді.

Нақты жалақы екі факторға тәуелді:

1.       Номиналды жалақыға.

2.       Еңбеккердің тұтыну және әл-ауқат тұрмыс дәрежесін сипаттайтын тауарлар бағасының деңгейіне.

Еңбектің бағасы ретінде жалақының жалпы дәрежесі графикте  сұраныс пен ұсыныстың қисықтарының қиылысқаны арқылы көрініс табады. Еңбекке деген сұраныстың қисығы тауарға деген сұраныс қисығына ұқсас, ал жұмыс  күшінің ұсыныс қисығы – тауар ұсынысының  қисығымен ұқсас болады.

Жұмыс күшіне сұраныстың өсуі жұмыспен қамту деңгейіне  және жалақыны өсіруге  әкеледі, ал сұраныстың азаюы - жұмыспен қамту жағдайына  жалақыны  төмендетуге әкеледі. Сұраныс пен ұсыныстың қисықтарының қиылысуы  жалақының теңдік деңгейіне (Ре) әкеледі, Е нүктесінде жұмыспен толық қамту жағдайы орнайды: сұраныс ұсыныспен теңеледі.                                 

П.Самуэльсонның  теориясы бойынша қоғамдағы жұмыс күшінің жиынтық ұсынысы төмендегі көрсеткіштермен анықталады:

-          халықтың жалпы саны;

-          жалпы халық санының ішіндегі еңбекке қабілеті бар халықтың үлесімен;

-          белгілі бір мерзімдегі жұмыс уақытының орташа санымен (апта, ай, жыл);

-          халықтың сапалық  құрамымен, яғни мамандық дәрежесінің құрамына сәйкес.

Осы  көрсетілген факторлармен қатар, керісінше әсерін тигізетін  теорияда екі фактор бар. Бұл  алмастыру эффектісі - жұмыс орнын қамту тиімділігі мен табыс эффектісі (тиімділігі).

Алмастыру эффектісінің пайда болу себебі жалақының өсуімен байланысты. Жалақы өскен кезде әрбір  атқарған сағатқа көп ақы төленеді. Яғни ысырап болған бос уақыт пайда болады. Осы пайда болған бос уақыт шығынды ұлғайтады, сондықтан еңбеккер бос уақытты қызметке жұмсаудың қажеттілігін түсініп, ол бос  уақытын қосымша жұмыспен алмастыруға тырысады. Бұл жұмыс күші ұсынысының өсуіне әкеледі.

Табыс эффектісінің әсері алмастыру тиімділігіне  қарсы бағытта қызмет атқарады. Жалақының өсуіне  еңбеккер  өзінің бос уақытын  өсіру мүмкіндігі ретінде қарайды, яғни  жалақы өскен кезде еңбекті қысқарту көрінеді. Бос уақытының өсуі еңбек  ұсынысының  төмендеуіне әкеледі.

 

Нақты тәжірибеде жалақының әр түрлі формалары  кездеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жалақыны екі незгізгі формаға бөлуге болады:

-          мерзімдік жалақы еңбектердің нақты  атқарған жұмыс уақытының  шамасына байланысты  төленеді;

-          келісімдік жалақы  еңбеккердің қажетті сапада өндірген өнімінің мөлшеріне  байланысты  төленеді.

Осы көрсетілген жалақының формалары өз кезегінде бірнеше жүйеден  құралады.

 

                                 Жалақының формалары

 

 

 

 

 

 

 

 

       Қоғамда табыстар біркелкі бөлінбейді, табыстың біркелкі бөлінбеуі деңгейі графикте Лоренц қисығымен көрсетіледі.

 

 

 

 

11.2. график. Лоренц қисығы.
 

табыс%

100                                               С

 

 

80

 

60

 

                                                              В

40

 

 

20

                                   

   А         20         40         60       80        100                                                       D отбасы%

АС - түзу сызықта абсолюттік теңдік көрсетілген, яғни 20% отбасы 20 % табыс алады.

АВС - табыстың  нақты бөлінуі. Табыстарды бөлудегі теңсіздіктің  нақты деңгейі  “Джинни коэффициентімен”  есептеледі. Коэффициент өскен сайын табысты бөлу  теңсіздігі де өседі.

 

Кдж= АВС ауданы

                       АДС ауданы

 


Капитал  - көп мағыналы ұғым: ол материалдық  игіліктердің қоры, ол сонымен қатар  материалдық емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда адамның қабілеті,  білімі. Капиталдың  екі негізгі формасын айтуға болады: өндіргіш капитал-өндіріс құрал - жабдықтары, ақшалай капитал – ақша капитал тиімді пайдалану арқылы ол иесіне табыс  әкеледі, Капиталдың өсімі – пайызы деп аталады.

Нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың арақатынастарының объектісіне байланысты, капитал нарығы деген түсінікке анықтаманың екі түрлі болуы мүмкін.

       Өндіріс факторлары нарығында капитал деп олардың құндық өлшеміндегі физикалық капитал түсініледі. Бұл жағдайда капиталдар нарығы өндіріс факторлары нарығының бір бөлшегі болып табылады.

       Қаржы нарығында капитал дер ақша капиталы түсініледі. Сондықтан капиталдар нарығы қарыз капиталдар нарығының құрамды бөлігі болып табылады.

Қарыз капиталының нарығы деп ақша капиталы объектісінің қызметін атқаратын және осы капиталға сұраныс пен ұсыныс қалыптастыратын, өзара қатынастардың жиынтығы аталады. Қарыз капиталдарының нарығы ақша нарығына және капиталдар нарығына бөлінеді. Ақша нарығы мерзімді бір жылға дейінгі банк операцияларын жүргізумен байланысты болады. Капитал нарығы банктің орта мерзімді және ұзақ мерзімді операцияларына қызмет етеді.  

Капитал нарығындағы сұраныс – бұл өздерінің инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін фирмалардың физикалық капиталға сұранысы. Ақшалай салым түрінде капиталы бар үй шаруашылықтары бизнеске материалдарына сұраныс түрінде қолнадуға өз капиталын береді. Бұл үшін олар салынған қаражаттарға процент түрінде табыс алады. 

Несие проценті – белгілі бір мерзімде капитал иесіне оның  құралдарын  пайдаланғаны үшін төленетін бағасы. Несие проценті капиталға деген сұраныс пен ұсыныс арқылы  қалыптасады. Капиталға деген сұраныс келесі факторларға тәуелді:

       инвестицияның пайдалылығына,

       экономиканың дамуына,

       мемлекеттің сұранысына,

       салым  мерзіміне,

       салым салу саласына тәуекелге және басқа да факторларға.

Несие пайызы  номиналды және  нақтылы  мөлшері болып бөлінеді.  Номинальды процент ставкасы – инфляцияның  өсімін есепке алмайтын, ағымдағы  нарықтық пайыздың  мөлшері.

Жердің саны шектелген, сондықтан жердің ұсынысы абсолютті икемсіз. Жердің ұсынысына  төмендегі факторлар әсер етеді:

1.       Жер құнарлылығы;

2.       Жер участкісінің нарыққа алыс-жақын орналасуы.

Жер нарығында тек сұраныс белсенді фактор. Жерге сұраныс өзгерістерінің нәтижесі шамалы болғандықтан, оны пайдаланғанда осы ресурстың иесі белгілейтін баға шешуші фактор болып табылады.   

Рента меншікке келетін табыстың бір түрі, капиталды жерге пайдалану құқы үшін меншік иесіне түсетін төлем. Оның көлемі аренда келісімінде белгіленеді. Жер рентасы – жер учаскесін уақытша қолданғанға  төленетін төлем. Жер  рентасының  екі түрі бар: дифференциалды және абсолютті.

Абсолюттік  рента – бұл  жериелерінің  иемденетін табыстарының бір түрі. Оның абсолюттік деп аталатын себебі – ол құнарлылығы мен  басқа да жағдайларға байланыссыз жалға берілген барлық жерлерден  алынады. Мұны жерге меншік монополиясы болу салдарынан, жер  иесіне  жерге капитал пайдалану үшін төленетін төлем. Қай елде болмасын, халықты  азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін құнарлы жермен  қатар  өнімділігі төмен жерлерді де пайдалануға тура келеді.  Сондықтан нарық бағасы  құнарлылығы төмен жерде өндірілетін өнімдердің жеке  өндірістік  бағасымен  өлшенеді. Сондықтан нашар деген жерлерден де орта пайдадан артық пайда   алынатын болады. Мұндай артық пайданы абсолюттік рента  түрінде  жер иелері иемденді.

Дифференциальды рентаның қайнар көзі құнарлылығы жоғары және нарыққа жақын жерлерде өндірілетін ауыл шаруашылығы  өнімдерінің жеке өндіріс шығындары қоғамдық өндіріс шығындарынан әлдеқайда кем болады да, сондай жерлерді  пайдаланатын  жалгерлердің  үстеме  пайдасы болып табылады.

1.       Жердің табиғи  құнарлылығына және жер учаскелерінің нарыққа жақын  орналасуына байланысты  алынатын пайданың төлемі ретінде жер  иелеріне көшуін дифференциальдық І рента деп атайды.

2.       Жердің  құнарлылығын жасанды жолмен жақсарту арқылы алынатын үстеме пайданы дифференциалдық ІІ рента  деп атайды. Екінші дифференциалдық рента егіншілікті интенсивті жүргізу әдісін және жердің құнарлығын өсіруді, прогрессивті биотехнология қолдануды, жоғары потенциалы бар тұқымдарды тілейді.

 

Негізгі  түсініктер мен терминдер

Абсолюттік рента; Дифференциальды рента; Еңбек нарығы; Жалақы; Лоренц қисығы; Нақтылы  мөлшерліме жалақы; Несие пайызы; Номинальды  мөлшерліме жалақы; Рента

 

4 БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ДЕҢГЕЙІНДЕГІ

ҰДАЙЫ ӨНДІРІСІ.

 

11-тақырып. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ.

НЕГІЗГІ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР.

 

1.       Ұлттық экономика  жүйе ретінде.

2.       Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.

3.       Макроэкономикалық тепе-теңдік.

 

Дәріс мәнмәтіні

Нарық экономикасы екі  дәрежеде қызмет атқарады, ол «макроэкономика» және «микроэкономика» болып  бөлінеді, осыған сәйкес талдау да – «макроэкономика» және «микроэкономика» деңгейінде жүргізіледі. Осылай талдау жасаған Дж.М.Кейнстің 1936 жылғы «Жұмыспен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» деген еңбегі батыс  экономистері арасында кең қолдау тапқан. Егер де микроэкономиканың нарық жағдайындағы басты сипаты және негізгі мақсаты – табыс  табу болса, «макроталдау» назарында  агрегатты  өлшемдер (жалпы өнім, ұлттық табыс, жиынтық шығындар) болады да макроэкономика қоғамдық өндірісті  динамикалық өсіп-өркендеуге  бейімдейді.

Макроэкономикада зерттелетін негізгі мәселелер:

       ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;

       жұмыссыздық және жұмыспен қамтудың мәселелері;

       инфляция мен инфляция қарсы саясат;

       экономикалық өсудің түсінігімен факторларын зерттеу;

       экономикалық дамудың циклдары;

       ұлттық экономиканың сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу;

       мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мәселелері.

Экономиканың  дамуын ұлттық есептер жүйесі (Ұ.Е.Ж.) мен халық  шаруашылығының балансы  жалпылама сипаттайды. Ұлттық есептің БҰҰ статистикалық комиссиясы жасаған стандарттық жүйесі әлем тәжірибеде 1953 ж. бастап қолданып келеді. Ұ.Е.Ж.  мемлекеттің негізгі экономикалық  көрсеткіштерін бағалау және әрбір елдердің  экономикасын өзара салыстыру үшін халықаралық стандарт рөлінде қолданылады.

Ұ.Е.Ж. негізінде есептелген макроэкономикалық көрсеткіштерде материалдық және материалдық емес өндірістің айырмашылығы есепке алынбайды. Макроэкономикалық  көрсеткіштерге   жататындар жалпы ұлттық өнім (Ж.Ұ.Ө.), жалпы ішкі өнім (Ж.І.Ө.), таза ұлттық өнім (Т.Ұ.Ө.), ұлттық табыс (Ұ.Т.)  және  жеке табыс (Ж.Т.). 

Жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – белгілі уақыт  кезеңінде қоғамның қарамағындағы  ұлттық өндірістік факторлармен өндірілген барлық  игіліктер мен қызмет түрінде анықталады. Басқаша айтқанда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – бұл ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бір жылдық  нарықтық құны. Экономикалық  теорияда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. номиналды және нақты  түрге  бөлінеді. Жалпы ұлттық өнімді ағымдағы  нарықтық бағамен есептегенде, бұл оның номинальды түрін сипаттайды. Бұл көрсеткіштің нақты түрін анықтау үшін номиналды жалпы ұлттық өнімді Ж.Ұ.Ө.-ді инфляция ықпалынан арылту арқылы, яғни баға индексін қолдану арқылы  есептеумен  анықталады.

Информация о работе Лекции по "Экономика"