Лекции по "Экономика"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 00:02, курс лекций

Описание

1 БӨЛІМ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ.
1тақырып. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ПӘНІ МЕН ӘДІСТЕРІ.

1. Экономикалық теория.
2. Экономиканың зерттеу әдістері.
3. Экономикалық теорияның функциялары.

Работа состоит из  1 файл

Эконом теория.doc

— 694.50 Кб (Скачать документ)

Нақты ЖҰӨ =  номинальды ЖҰӨ

                                                              баға индексі

Номинальды жалпы ұлттық өнімнің нақты жалпы ұлттық өнімге қатынасын жалпы ұлттық  өкілінің  дефляторы деп атайды.

ЖҰӨ  дефляторы = номинальды ЖҰӨ

                                  нақты ЖҰӨ

Номиналды мен нақты ЖҰӨ арасында айырмашылық бар, тауар бағасының өсуі инфляцияға әкеп соғады. Инфляция мөлшері берілген уақыттағы баға деңгейі өсуінің проценттік мөлшері болып табылады. Экономиканың өсу мөлшері нақты ЖҰӨ-нің өсуінің мөлшері болып табылады. ЖҰӨ-нің өсу себептері:

       экономикадағы ресурстар санының өзгеруіне қатысты;

       өнім факторының өзгеруінің нәтижелігі;

       өнімді өсіруге ыңғайлы ете отырып жұмысты өзгерту.

Тауар мен қызмет  көрсетудегі орташа баға  пайызының  өзгеруін баға индексі дейміз. Индекті  белгілеуді бастаған жылды  базистік жыл дейміз. Базистік жылдық баға индексі  ылғи да 100-ге тең болады.

1.       Шығындар бойынша ЖҰӨ өлшегенде шығындардың келесі түрлері қосылады:

       жеке тұтыну шығындарына халықтың ағымды тұтыну үшін тауарлар сатып алуға, ұзақ мерзімде пайдаланатын тауарлар сатып алуға, қызметтер үшін төлем жасауға жұмсалатын ақша құралдары жатады;

       кәсіпкерлердің машиналар мен жабдықтар сатып алудан тұратын және құрылыстар мен айналым қорларының өзгертуге жұмсалатын барлық шығындардан тұратын жалпы инвестициялар. Инвестицияға тек ғана физикалық инвестицияны қоспай, оған адамзат капиталындағы инвестицияны да есептейді. Капиталдың бір бөлігі моралды және физикалық тозу нәтижесінде кетеді. Соның нәтижесінде, жалпы инвестициялар дегеніміз амортизациялар мен таза инвестициялардың қосындысы.

       тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы, бұл шығындарға жатпайтын мемлекеттің бюджеттік шығындарының түрі трансферттік төлемдер, себебі олар тауарлар мен қызмет көрсету қозғалысымен байланысты емес.

       таза экспорт – шетелдіктердің осы елдің тауарларын сатып алуға жұмсаған шығындарының көлемі мен осы елдің шетел тауарларын сатып алуға жұмсаған шығындарының көлемінің айырмашылығы.

 

ЖҰӨ = С+G+І+Х;

Мұндағы: С – жеке тұтыну шығындары;

             G – мемлекеттің сатып алуы,

             І – жалпы  инвестициялар,

             Х – таза экспорт.

2.       Табыстар бойынша есептеу шаруашылық іс-әрекеттер субъектілерінің табыстарын бөлу және табыстар төлемімен байланыссыз бөлінетін қаржылардың құрылу тәртіптерін сипаттайды:

 

ЖҰӨ =W+R+I+P;

Мұнда: W- жалдамалы жұмысшының жалақысы,

              R – ренталық  төлемдер,

              I – жинақ капиталының  пайызы (%),

              P- фирма мен корпорацияның пайдасы.

ЖҰӨ-ді есептеу тағы бір әдісі – қосымша құнға негізделген әдіс өндірістің әр сатысында қосылған шығындарды алудан сауда көлемін ескереді. Бұл әдістің ерекшелігі - өндіріс көлемін өлшеген кезде қос есепті болдырмау керек.

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) –  белгілі бір мерзімде ел шеңберінде  өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны. Ұлттық иелігіне қарамастан, осы елдің территориясындағы барлық экономикалық субъектілер қызметтерінің нәтижесі жатады.

         ЖІӨ =ЖҰӨ  -   сыртқы экономика операция бойынша сальдо

 

Егер де мемлекеттің жалпы ішкі өнімі жалпы ұлттық өнімнен артық болса (ЖІӨ >ЖҰӨ), онда осы елдің  шеңберінде қызмет атқаратын шетел капиталының  жергілікті  капиталдан артық болғаны.

Таза ұлттық өнім ТҰӨ бұл қолданудан шығарылған жабдықтардың орны толтырылғаннан кейін тұтыну үшін қалған түпкі өнімдер мен қызметтердің сомасы. Келесі формула бойынша есептеледі:

ТҰӨ = ЖҰӨ - А, Мұнда А – амортизациялық жарнаның сомасы.

ТҰӨ-нің бік компоненті бизнеске салынатын жанама салықтар экономикалық ресурстардың ағымдағы үлесін көрсетпейді, сондықтан жанама салықтың көлемі ұлттық табысты ҰТ есептегенде ТҰӨ-нің ақшалай көлемінен алынады.

ҰТ = ТҰӨ - ж.с.

Мұнда: ж.с. – жанама салықтар.

Жеке табыс ЖТ халықтың жеке тұтынуына түсетін ақшаның санын және осы жағдайдың ҰТ-тың қозғалысында  орын алатын қайта бөлу процестерін көрсетеді. Жеке табысты есептегенде ҰТ-тан корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, олардың бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі алынып тасталады, трансферттік төлемдер қосылады.

 

ЖТ = ҰТ – С+Т

мұнда: С - корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі;

             Т - трансферттік төлемдер.

Қолда қалған табыс адамдардың жұмсай алатын табыстарын сипаттау үшін қолданылады, осыны есептеу үшін жеке табыстан халық төлейтін салықтардың жалпы көлемі алып тастайды. Қолда қалған табыс - тұрғындардың билігінде болатын табыс.

Макроэкономикалық тепе-теңдік - жиынтық сұраныс пен жиынтық  ұсыныстың тепе-теңдік көрінісі. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың  сызықтарының қиылысуының мағынасы – бұл баға дәрежесінің теңдігі мен ұлттық өндірістің тепе - теңдігі.

 

12.1.  график. Макроэкономикалық тепе-теңдік.

                                  

   

    Р

                                                                    

 

                                                                                          АD

                                                                                                                      

   Ре

 

                                             АS

 

 

 

 

                                Qе                   Q

1.       Егер АД>AS, бұл жағдайда 2 ұйғарымға  тоқтауға болады:

-          өндіріс көлемін  өзгертпей, бағаны көтеруге  болады;

-          өндіріс көлемін кеңейту, сонда ұлттық табыс өседі.

2.       Егер АД<АS, бұл жағдайда:

-          өндірісті қысқарту қажет болады;

-          өндіріс көлемін өзгертпей, бірақ бағаны  төмендетуге болады, сонда ұлттық  табыс азаяды.

Мұнда, Р - бағаның жалпы дәрежесі, Q - тауардың жалпы көлемі, Ре - баға  дәрежесінің тепе-теңдігі,  Qе - өндіріс көлемінің тепе-теңдігі.

 

Жиынтық сұраныс (АД) – бұл қоғамдағы үй  шаруашылықтарының, кәсіпорындардың және үкіметтің берілген баға  деңгейінде  жалпы өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып алу  қажеттілігінің көрінісі. Ұлттық есептер жүйесі бойынша тауарлар мен көрсетілген қызметтерге сұраныс төрт жақтан қойылады: тұтыну, инвестициялар, мемлекет, таза экспорт. Экономиканың жабық және ашық түрлеріне болатынын ескерген жоқ. Жабық экономикада сыртқы экономикалық қызметті қарастырмайды және тек ішкі мүмкіншіліктерге есептеледі. Жиынтық сұраныс тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы санына мемлекет резиденттерінің жағынан түскен сұраныс ретінде анықталады. Графикалық түрде жиынтық сұраныс қисығының еңісі кері тәуелділікті болады. Экономикада ақшаның құнсыздануы басталса бағаның артқан кезінде өнімге деген сұраныс азаяды. 

12.2. график. Жиынтық сұраныстың қисығы.

23

  Р

 

  Р1

           АD2

 

    

                                                   

  Р2                 

                   АD1                               

                                               АD

 

                          Q1            Q2       ЖҰӨ

Жиынтық сұранысқа бағалы және бағасыз факторлар әсерін тигізеді. Бағалы факторлардың әсері  жиынтық сұраныс көлемінің өзгеруіне әкеледі және сызықтың өз бойымен жылжиды. Бағасыз факторлардың әсері жиынтық сұраныс қисығының оңға  (АД2 - өсуі) немесе солға (АД - азаюы) жылжуына әкеледі.

 

         Жиынтық ұсыныс (АS) – бұл бағаның әрбір мүмкін болатын деңгейінде ұсынылатын жалпы тауарлар мен қызметтердің  көлемі.

 

12.3. график. Жиынтық ұсыныстың кисығы.

 

 

     Р                               АS

 

                                                        3

 

 

                                                  

                             2

               1

 

                                             Q

 

Жиынтық ұсынысқа мерзім  аралықтары әсерін тигізеді:

қысқа мерзімде – АS –көлденең сызық,

ұзақ мерзімде  - АS - тік сызық.

1 – кейнсиандық сызық, қысқа мерзім 

2 – аралық мерзім 

3 - классикалық сызық, ұзақ мерзім.

 

 

Жиынтық ұсынысқа бағасыз факторлар әсерін  тигізеді:

-          Өндіріс ресурстары бағаларының деңгейі.

-          Нарықтық құрырылымы.

-          Өнімділік.

-          Құқық  заңдылық  нормалардың өзгеруі.

Жиынтық сұраныстың ұлғаю  нәтижелері жиынтық ұсыныс  қисығының әр бөлігіндегі өзгерістерге байланысты болады.                               

Негізгі түсініктер мен терминдер

Жалпы ішкі өнім; Жалпы ұлттық өнім; Жеке табыс; Жиынтық сұраныс; Жиынтық ұсыныс; ЖҰӨ-нің дефляторы; Қолда қалған табыс; Макроэкономика; Таза ұлттық өнім; Тұтыну  бағаларының индексі;

Ұлттық есеп жүйесі; Ұлттық табыс.

 

 

 

 

12-тақырып. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ПЕН ИНФЛЯЦИЯ

 

1.       Жұмыссыздықтың мәні мен түрлері.

2.       Жұмыссыздықтың зардаптары.

3.       Инфляция түсінігі және қазіргі кездегі инфляцияның салдары.

4.       Инфляция түрлері. Инфляция қарсы саясат. 

 

Дәріс мәнмәтіні

Жұмыссыздық - еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады. Жұмыссыздық өте күрделі құбылыс және қоғам даму барысында әр түрлі экономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі болған. Осы көзқарастарға қысқаша тоқталып назар аударайық.

Мальтузиандық мектептін ірі өкілі Т. Р. Мальтус жұмыссыздықтың пайда болуын халық санының артып кетуімен байланыстырды. Халықтың саны геометриялық прогрессиямен өседі (яғни 1,2,4,8,16…), ал өмір сүру жабдықтар тек арифметикалық прогрессиямен өседі (яғни 1,2,3,4…). Сондықтан тұрғындардың жоғары қарқынмен өсуі жұмыссыздықтың себебі болып табылады.

Батыс мектептің өкілдері жұмыссыздықты  жұмысшының еркін таңдауы деп есептеді. А. Пигу жұмысшылар шектен тыс жоғары жалақыны талап етеді, сондықтан жұмыс күшіне сұраныс төмендейді. Бірақ XX ғасырдың 30 жылдарындағы жаппай жұмыссыздық бұл теорияның дұрыс еместігін дәлелдеді.

Кейнстік мектеп жұмыссыздықты тауарға сұраныстың төлем қабілеттілігінің жеткілісіздігімен және жалақының жоғары деңгейімен түсіндіреді.  Жұмыспен қамтудың негізгі параметрлері тауарлар мен қызметтердің тұтынулық және инвестициялық нарығындағы сұраныстың көлемімен белгіленеді. Еңбек нарығындағы сұранысты жиынтық сұраныс,  инвестициялар және өндірістің көлемдері реттеп отырады. Жұмыссыздықтың болуы жиынтық сұраныстың жеткіліксіз болуымен байланысты, яғни жұмыссыздықтың төмендеуіне жиынтық сұраныстың өсуі және жиынтық сұраныстың құрылымы әсер етеді. Жұмыссыздықтың деңгейі мемлекеттің инвестициялық іс-әрекеттерінің молаюы және экономикалық дамуы арқылы реттеледі.

Монетарлық теорияны жақтаушылар жұмыссыздықтың себебі мемлекеттің ақша саясатын дұрыс жүргізбеуінде деп түсіндіреді. Ақша массасын дұрыс басқара отырып өндіріс процессін реттеуге болады. Жұмыссыздық пен инфляцияның өсу қарқыны  арасында  тұрақты өзара байланыс болады. Экономикалық теорияда  бұл құбылыс Филлипс қисық сызығы деп аталады (ағылшын экономисі А.Филлипстің атымен аталған және  жұмыссыздықты қысқарту салдарынан болатын бағаның жедел өсуінің «заңдылығын» ол алғаш рет 1958 жылы график  түрінде бейнелеген болатын). А.Филлипс 1881-1957 жж. арасындағы Ұлыбританиядағы жұмыссыздық деңгейі мен жалақының ақшалай мөлшерінің арасындағы тәуелділіктің қисық сызығын тұрғызған.

Филлипс қисық сызығы экономикадағы жұмыссыздық пен инфляция деңгейінің өзара  өзгеруін көрсетеді. Халықтың жұмысбастылығы қаншалықты жоғары болса, соншалықты олардың табысы жоғары болатындықтан жұмыссыздықтың азаюы құнсызданудың өсуіне әкеліп соғады. Себебі табыс жиынтық сұраныстың артуына себеб болады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13 график. Филлипс қисығы.

Инфляция деңгейі %

 

    4

 

    3

 

    2

 

 

 

               1     2            3 

                              Жұмыссыздық деңгейі %

Мұның мағынасы: Жоғары  жұмыссыздық жағдайында инфляция төмен болатынын білдіреді және керісінше, жұмыссыздықтың азаюы жиынтық сұранысты  арттырады, бағаның өсуіне  итермелейді. Басқаша айтқанда,  төмен жалақы жағдайында жұмыссыздық өсуі, керісінше жалақы өскен сайын жұмыссыздық азаяды.

 

Информация о работе Лекции по "Экономика"