Лекции по "Экономика"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 00:02, курс лекций

Описание

1 БӨЛІМ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ.
1тақырып. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ПӘНІ МЕН ӘДІСТЕРІ.

1. Экономикалық теория.
2. Экономиканың зерттеу әдістері.
3. Экономикалық теорияның функциялары.

Работа состоит из  1 файл

Эконом теория.doc

— 694.50 Кб (Скачать документ)

4.       Бірін бірі  алмастыратын және бірін - бірі  толықтыратын тауарлардың бағаларының өзгеруі.

       Егерде тауарлар бірін - бірі  толықтыратын болса (автомобиль және бензин), онда бір тауарлардың (автомобиль) бағасының өсуі екінші тауарға (бензин) деген сұраныстың азаюына әкеледі.

       Егерде  тауарлар бірін - бірі алмастыратын болса (май және маргарин), онда бір тауардың (май) бағасының өсуі екінші тауарға (маргарин) деген сұраныстың  ұлғаюына әкеледі.

5.       Келешектегі өзгерістерді күту: инфляциялық және топшылық жағдайдағы өзгерістер  бүгінгі күндегі сұраныстың өсуіне әкеледі.

 

7.1. графигі . Сұраныстың қисығы

7.2. графигі. Сұраныс қисығының жылжуы

    Р 

 

 

 

    Р1                         А

 

      Ро                                       В

                                                                         D

 

  

 

Р

 

                                       

 

                                                       D1

                                               

                                                     D  

 

                                                 Do

 

                                                 

                                                                          Q

Бағаның өзгеру әсерінен сұраныс көлемінің өзгеруі сұраныс қисығының өз бойымен жылжуынан көрінеді.

Бағасыз факторлардың әсері сұраныстың өзгеруіне әкеледі,ол қисық сыздықтың орнынан жылжуынан көрінеді: оңға - жоғары (өсуі); солға – төменге (азаюы).

Ұсыныс – бұл өндірушінің белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен нарықта сатуға дайындаған тауарларының саны. Ұсыныс заңы – бұл баға  мен сатылатын тауар  санының  арасындағы тікелей  қатынас, яғни тауардың  бағасы өскен сайын оның сатуға дайындаған саны да молаяды (басқа жағдайлар тұрақты болғанда) және де керісінше.

Ұсыныстың қисығы – бұл  ұсыныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтың нүктелері бағалардың белгілі бір мерзімде  өзгеруінен сатушылардың нарықта қанша тауар ұсынатынан көрсетеді.

Ұсынысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

1.       Ресурстардың бағасы. Ресурстар бағасының өсуі ұсыныстың азаюына әкеледі.

2.       Технология. Технологияның жетілдірілуі ұсыныстың өсуіне әкеледі.

3.       Бірін бірі алмастыратын және бірін бірі толықтыратын тауарлардың бағасы.

4.       Келешекте инфляциялық және  тапшылық жағдайлардың  өзгерістерін күту.

5.       Бәсекенің деңгейі

6.       Салықтар және субсидиялар. Салық ставкасының өсуі ұсыныстың азаюына, субсидияның берілуі – ұсыныстың өсуіне әкеледі.

7.       Ұсынысқа  өндірістің даму барысында уақыт аралығы да әсерін тигізеді. Қысқа мерзім кезеңінде  өндіруші ұсыныстың көлемін өзгерте алмайды.

Графикке ұсыныс қисығын салғанда тікелей осьте тауардың бағасы (Р), көлденең осьте ұсыныстың көлемі (S). Қисық сызық шығып келе жатқан бағытта болады.

7.3. графигі. Ұсыныс қисығы

7.4. графигі.. Ұсыныс қисығының жылжуы

    Р                                            

 

                                              S

 

   Р1                                    A       

 

Р                                             S1

 

                                                       S0           

                                                       

 

                                                          S2

 

 

 

 

                                                              

                                                      Q

 

Бағаның өзгеруінен ұсыныстың көлемінің өзгеруі  ұсыныс қисығының өз бойымен жылжуынан қөрінеді.

Бағасыз факторлардың әсері ұсыныстың өзгеруіне әкеледі: ол қисық сызықтың орнынан жылжуынан көрінеді: оңға – төменге (өсуі),  солға – жоғары (азаюы).

 

Баға механизмі және бәсеке арқылы сұраныс пен ұсыныс өзара байланыста болады. Бұл байланыс нарықта тепе-теңдік жағдайы орнауына мүмкіншілік әкеледі. Нарықтағы тепе-теңдік жағдайы сұраныс пен ұсыныстың  теңдігінде орнайды. Бұл жағдайда теңдік баға мен теңдік көлем қалыптасады.

Теңдік баға – бұл сұраныс пен ұсынысты теңдестіретін, сұраныс пен ұсыныс  қисығының қиылысуы арқылы пайда болған баға.

Егерде нарықтық баға – Р1 теңдік бағадан - Ре төмен болса, нарықта тауардың  тапшылық жағдайы орнайды яғни сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен артады. Егерде нарықтық баға Р2 теңдік бағадан жоғары болса, онда артықшылық орнайды, яғни ұсыныс көлемі сұраныс көлемінен артады.

Сұраныс пен  ұсыныс көптеген факторлардан тәуелді және осы факторлардың өзгеруіне қарай олар да өзгереді. Икемділіктің мағынасы осындай өзара  өзгерістерден  туындайды.

Икемділік  - бұл белгілі бір фактордың 1% өзгеруіне  жауап ретінде сұраныс пен ұсыныстың қанша процентке өзгергенін анықтайтын көрсеткіш. Ол көрсеткіш проценттік өзгеру қатынастарымен анықталады.

Сұраныстың бағалық икемділігі –  тауар бағасының 1%  өзгеруі сол тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінін көрсетеді, яғни бұл көрсеткіш сұраныс көлемнің осы тауар бағасының  өзгеруіне сезімталдығын анықтау үшін қолданылады.∆ Q% 

                                                      ЕPD  =   ─────                           

  ∆  Р%;

∆ Q% 

                                                      ЕPD  =   ─────                           

  ∆  Р%;

∆ Q% 

                                                      ЕPD  =   ─────                           

  ∆  Р%;

∆ Q% 

                                                      ЕPD  =   ─────                           

  ∆  Р%;

∆ Q% 

                                                      ЕPD  =   ─────                           

  ∆  Р%;

∆ Q% 

                                                      ЕPD  =   ─────                           

  ∆  Р%;

∆ Q% 

                                                      ЕPD  =   ─────                           

  ∆  Р%;

∆ Q% 

                                                      ЕPD  =   ─────                           

  ∆  Р%;

 

ЕPD  = ∆ Q%

          ∆ Р%

 

Мұнда ЕPD – сұраныстың бағалық икемділігінің  коэффиценті;

          Q% - сұраныс көлемінің қатысты өзгеруі;

           Р% - бағаның қатысты өзгеруі;

Сұраныстың табыстық икемділігі – бұл көрсеткіш тұтынушы табысының 1% өзгеруі осы тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінен көрсетеді. Бұл коэффициент  тауардың сапалылығын анықтайды.

 

ЕіD  = ∆ Q%

          ∆ I %

Мұнда: ЕіD – сұраныстың табыстық икемділігінің коэффициенті,

            Q % - сұраныстың  өзгеруі,

             І % - табыстың  өзгеруі.

       Егерде ЕіD > О  бұл тауарлар сапасыз болады, себебі тұтынушының табысы өскен сайын  қарастырып отырған тауарға сұраныс азаяды.

       ЕіD >О - әдеттегі қолдануға жарамды тауарлар.

       Егерде О< ЕіD < 1 – бірінші қажеттіліктегі  тауарлар

       ЕіD > 1 – қымбат жиһаздар, сән-салтанат тауарлары.

Көптеген тауарларға ЕіD – оң сан, бірақ та қайсы бір жағдайларда ол теріс санда болуы мүмкін яғни табыс өскен сайын сатып алынған игіліктердің саны  азаятын болса.

Бірін - бірі  алмастыратын және толықтыратын тауарлардың болғандығынан, бір  тауардың  бағасының өзгеруі екінші тауардың сұраныс  көлемінің өзгеруіне әсер етеді. Бұл байланысты  анықтау үшін сұраныстың қиылысқан икемділігі деген көрсеткіш қолданылады. Бұл көрсеткіш У тауарының бағасы 1% -ке өзгерген кезде Х тауарынан сұраныс көлемі қанша процентке  өзгеретінін көрсетеді және төмендегі  формула арқылы есептеледі:

ЕхуД =   ∆ Qх%

            ∆  Ру%

 

Мұнда: ЕхуД – қиылысқан икемділік коэффициенті;

              ∆ Qх% - Х тауарына  сұранысына қатысты өзгеруі;

              ∆ Ру% - У тауар бағасының өзгеруі.

       Егерде қиылысқан икемділік  коэффициенті оң сан болса, ЕхуД  > О, онда Х және У тауарлары бірін - бірі алмастыратын тауарлар.

       Егер  ЕхуД <  О теріс сан болса, онда бірін  - бірі  толықтыратын тауарлар.

       ЕхуД = О онда Х және У біріне - бірі қатысы жоқ тауарлар болып анықталады.

Ұсыныстың икемділігі – бұл  бағаның 1% -ке өзгеруі ұсыныс  көлемінің қанша %-ке  өзгеретінін анықтайтын көрсеткіш.

ЕРS =    Qх%

            Ру%

Мұнда: Ер S  - ұсыныстың икемділігі,

             Q% - ұсыныстың көлемінің қатысты өзгеруі

             Р% - бағаның қатысты өзгеруі.

 

 

 

 

3 БӨЛІМ. ЖЕКЕ ҰДАЙЫ ӨНДІРІСТІҢ МӘНІ МЕН ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ.

 

8-тақырып. Капитал айналымы

1.       Негізгі және айнымалы капитал.

2.       Негізгі капиталдың физикалық және материалдық тозуы.

3.       Инвестиция өндірістік қорлардың қаржыландыру көзі.

 

Дәріс мәтіні

Тауар өндірісі пайда болып қалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи формалар алған: сауда капиталы, өсімқорлық, өнеркәсіптік.  Капитал түсінігіне ең толық, жан жақты зерттеуді жүргізген К.Маркс. Капиталдың қызмет етуінің нақты формаларын зерттеумен қатар, ол оның мәнін, мазмұнын зерттеген. К.Маркс капиталды зат деп қоймай, ол оны қозғалыс деп тұжырымдады. Капиталды капиталистер мен жалдамалы жұмысшылар арасындағы ерекше белгілі тарихи қоғамдық қатынастар деп көрсетті. Осымен қатар капиталдың заттық түрі болады көрсетті – машина, шикізат, құрал-жабдықтар. Кәсіпкерік сфераның қандайда болмасын, кәсіпкер капитал жұмсап өзіне тезірек пайда табуды мақсат етіп қояды. Ол үнемі пайда табуды көздейді. Бұл үшін ол өндірісті үзбей, жалғастыра жүргізуі керек, яғни ұдайы өндіріс болуы керек.

Экономикалық теорияда капиталға беретін екі негізгі анықтама бар:

       капитал – деген құрал – жабдықтар жиынтығы,

       капитал деген ақша сомасы.

Бірақ, капитал шаруашылықта пайда табу үшін қолданылады.

Экономикалық теорияның классиктері капиталдың алғашқы қорлануын, капитализмнің қалыптасуының бастапқы кезеңі деп тұжырымдайды. 

Ұдайы өндіріс өнеркәсіптік капиталды пайдалану негізінде жүреді. Осы процесте өнеркәсіптік капиталды пайдалану негізінде жүреді. Ұдайы өндірістік процесті, осыған қатысатын өнеркәсіптік каиталдың функционалдық формаларының өзгеруі бағытынан қарасақ. оны мынадай түрге бөлуге болады:

А - Т …Ө ... Т1 - А1

Бұл мынадай заңды сатылардан тұрады:

А- Т ...

Өндіріс факторлары нарығында тауар формасын алған өндіріс факторларына ақша капиталы жұмсалады.

Сөйтіп, осы ақша капиталы өндіргіш капиталға айналады. Бұл капиталдың функциясы - ондіріске жағдайлар жасау:

... Ө ...

Өндіріс процесінде өндіргіш капитал тауарлық капиталға айналады және ол үстеме (қосымша) құн ондіру функциясын атқарады:

... Т1 - А1

Тауарларға сіңген үстеме құн, оны нарықта өткізген соң, кәсіпкердің қарамағына түседі. Бұл сатыда тауар капиталы тағы да жаңадан ақша капиталына айналады. Тауар капиталыньң функциясы — үстеме (қосымша) құнды өткізу, сату.

Капиталдың бір формадан екінші формаға айналатын қозғалысын оның ауыспалы айналымы деп атайды. Формула көрсетіп тұр — капиталдың ауыспалы айналымы пайда жасауды көздейді:

d=А' - А

Мұнда: А—бастапқы жұмсалған капитал, 

            d—үстеме құн.

Авансталған капиталдың барлығының қозғалысын үзілмей қайталанып жүріп отыратын жеке акт емес процесс деп қарасақ, онда бұл капиталдың айналымы болады.

Капиталдың айналымы мен оның ауыспалы айналымы бір-бірімен тура келмейді. Ауыспалы айналымның әрқайсысының нәтижесінде кәсіпкерге ақшалай формада авансталған капиталдың тек бір бөлшегі қайтып келеді; барлық капиталдық құн өз иесіне өзінің бастапқы ақшалай формасында толық қайтып түскенде капитал толық айналым жасайды.

Капиталдың әр түрлі элементтерінің айналымы бірдей жүрмейді. Капиталдық құңның айналымдағы әр қилы функцияларына сәйкес, капитал негізгі және айналмалы болып болінеді.

Негізгі капиталға еңбек құралдарының құны жатады, айналмалыға еңбек заттарының және жумысшы күшінің төлем құңдары жатады. Капитаддың осы бөлшектерінің айналымының айырмашылықтары, өңдіргіш капиталдың құнының әр элементтерінің жасалынатын өнімге өзінің құнын алмастыруының әдістерінің әр түрлі болуымен байланысты болады.

Информация о работе Лекции по "Экономика"