Өндіріс саласының экономикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 22:31, методичка

Описание

Кез-келген мемлекеттің өндіріс саласы экономиканың дамуында маңызды рөл атқарады, қоғамның өндірістік күштерінің даму деңгейін, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу мерзімдері мен масштабтарын анықтайды. Қазақстан Республикасының елу бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосылу стратегиясына байланысты ұлттық экономиканың дамуы мен басқарылуына деген жаңа талаптар қойылады. Өндірістік іс-әрекеттерді жүзеге асыру барысындағы экономикалық жеңілдіктермен қатар мемлекеттік реттеудің де жаңа экономика-құқықтық механизмдері тұжырымдалады. Ұлттық экономикадағы осы құралдардың і

Работа состоит из  1 файл

03 Өндіріс саласының экономикасы» TЦ.doc

— 381.50 Кб (Скачать документ)

Әрбір әлеуметтік кәсіпкерлік  корпорация аймақтық даму институты  болуы қажет және өз атынан мемлекеттік  активтердің бір бөлігін иеленуші холдингтік компания болуы мүмкін.

Алдағы уақытта, жұмыс  істеу мерзіміне, өзінің мәртебесіне  байланысты әлеуметтік кәсіпкерлік  корпорация жауапкершілігі мен диверсификациясы бойынша басқа аймақтық және халықаралық  нарыққа шығуын мүмкіндігі бар.

Бұл корпорациялардың жүзеге асыруының мақсаты: жаңа жобалар құру, корпорацияны күшейту мен шағын және орта бизнесті дамыту.

8. Аймақтық даму –  бұл экономика дамуының сұранысына  байланысты. Қазіргі уақытта аймақтық  дамуына жаңа стратегиялық даму , аймақтық орталықтандырудың дамуына жағдай жасау мен қатар аймақтық орталықтарды мемлекеттің экономикалық дамуына араласуының байланысын нығайту. Осының барлығы Қазақстанның 2015 жылғы стратегиялық аймақтық даму жоспарында жүзеге асырылуы тиіс.

 

Әдебиет: 7, бет 128-137

Қорытынды сұрақтар:

  1. Ақша-несие саясатының негізгі мақсаты?
  2. Көпұлтты стратегия диверсификациясы?

 

 

 Тақырып  10.  Қазақстан Республикасының  өндірістік саладағы

                                   қаржы-бюджет саясаты

 

Мақсаты: Қаржы-бюджет, ақша–несие саясатының және Қазақстан Республикасының қаржы секторының дамуын қарастыру

Жоспар:

1. Мемлекет ақша-несие жүйесінің концепциялық негіздері

2. Қаржылық және несиелік қатынастар

 

  1. Ақша-несие жүйесі – бұл қаржы-несие мекемелері, ақша айналымы және несиелік экономикалық қатынастарының ара қатынасы. Ақша-несие жүйесі қаржылық ұлттық жүйесінің бір бөлігі.

Ақша-несие жүйесі келесі мәселелерді қарастырады:

  • ақша айналымының мөлшерін реттеу
  • инфляция қарқыны
  • ақша айналымының тұрақтануын қамтамасыз ету және Орталық банктегі алтын қордың ұлғаюын
  • барлық шаруашылық субъектілердің несие алуына тиімді жағдайлар жасау, пайыздық ставканы төмендету мен реттеу
  • ұлттық валюта бағамын реттеу

Мемлекеттің экономикалық жүйесінің функционалдық тұрақтануы екі критерий бойынша анықталады: ішкі – бір өнім бірлігіне кеткен шығын; сыртқы – қоғамдық сұранысты қанағаттандыру. Бұл критерий бір-бірімен тығыз байланысты: шексіз сұраныстың өсуі өндірістің дамуын жеделдетеді, ал бұның барлығы жаңа материалдардың, энергия қуаттарының, өндіріс құралдарының, жаңа бір ресурстардың пайда болуына әкеліп соғады. Екінші жағынан, сұраныстың өсуі шегі болған жағдайда ішкі критерийге ынталандырады.

Сұраныстың әр уақытта  тұрақтандырылып қанағаттандырылуына, өндірістің үздіксіз ұдайы дамуына  ықпал етеді, сондықтан экономикалық жүйе өндіріспен байланысты болады. Өйткені экономикалық қажеттілік тауарлы түрде өндіріледі. Әрбір экономикада  бір-біріне қарама-қарсы келетін екі бағыт бар: бір жағынан – кәсіпорын тауарлары, екінші жағынан – ақша ресурстары. Ресурс нарығында кәсіпорындар бір уақытта табиғи және экономикалық ресурстарды сатып алады. Мемлекет өзінің экономикалық секторын қамтамасыз ету үшін тауарлар мен қызметтерді азық-түліктік және ресурстық нарықта сатып алады.

Осыған байланысты ақша ресурстарының ағымы қажет. Ал ақша ағымының негізгі көзі мемлекеттің ақша-несие жүйесі болып табылады.. Ол қорланып және қайта бөлінеді. Осы жүйе арқылы мемлекет кәсіпорындар мен үй шаруашылық табыстарының бір бөлігін салық ретінде мемлекеттік бюджеттің шотында жинайды. Ал жиналған қор әр түрлі: денсаулық, білім беру, ұлттық қауіпсіздік, радио және теледидар, зейнетақы, жұмыссыздар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға және т.б. бағыттарды пайдаланады.

Кәсіпорын өткізілген өнімнен  табыс ала отырып, өзінің жұмысшыларының еңбекақысына, дивиденд, иеленген ресурстарға, мемлекеттік салық төлей отырып, басқа да бағыттарға жұмсайды. Үй шаруашылықтарының табыс көзі еңбекақы, рента, пайыз және т.б. болып табылады. Үй шаруашылықтары өз ақша қаражаттарын жаңа тауарлар иеленуге немесе қызметтерге, сонымен қатар мемлекеттік салық төлеуге және тағы да басқаларға жұмсайды.

Сонымен қатар, экономикалық жүйе субъектілері несие ала отырып, оны пайызбен қайтарады.

Сондықтан, несие жүйесі – ақша жүйесімен де, валюта жүйесімен  де тығызбайланысты. Байланысы белгілі, өйткені ақша (валюта) – несиенің объектісі, ал ақша қатынастары -  несие мен қаржы қатынастарынан туындайды.

Ақша жүйесі – бұл  әр мемлекетте тарихи қалыптасқан және мемлекет заңды түрде бекіткен ақша айналымының нысаны.

Ақша жүйесінің негізні  элементі – ақша болып табылады. Ақша – бұл  ерекше тауар, барлығына ортақ эквивалент ретінде келесідей функцияларды атқарады:

  • баға ауқымы - әр түрлі тауарлар мен қызметтердің құның ақшалай көрсетуі. Тауар құны, ақшалай түріндегі, тауар бағасын көрсетеді. Баға масштабы – механизм, осы арқылы мемлекет тауардың бағасын ақшалай түрде сипаттайды.
  • Қорлану құралы – яғни ақша өзінің номиналдық құнын жоғалтпай кез келген уақытта тез арада жұмсалады
  • Айналыс құралы ретінде – бұл тауарлар сатыпалу және қызметтер көрсету кезіндегі туындайтын барлығына ортақ және басқа да төлеу операцияларының жүзеге асырылуы;
  • Төлем құралы – бұл тауарлар мен қызметтер несие ретінде төлемде туындайды. Яғни ақша негізгі көзі несие болып табылады да міндеттемелердің пайда болуы.
  • әлемдік ақша – ақшаның әлемдік тауар айналымының нәтижесінде қатысуы, ақшаның барлық қасиеттерін өзіне жұмылдыра отырып, ол қазынаның және төлем құралы қызметінің тұтастығы арқылы ақша формасының тікелей логикалық жалғасы болып табылады.

Ақшаның бірнеше түрі бар:

Толық құнды ақша – номиналды құны сатып алушының құнымен сәйкес келетін ақша, яғни дайындау кезінде көрсетілген құн олардың құрамындағы металдың (алтын, күміс) құнына сәкес келеуі.

Толық құнды емес ақша – сатып алушының құны ақша қатынастарының тасымалдаушысы ретінде тауар құнынан асатын ақша. Толық құнның ақшаларға билондық, монеталар, қағаз және несиелік ақшалар жатады. Кредиттік ақшалар – айналымдағы толық құнды ақшаларды алмастыратын және кредит белгісі ретінде әрекет етуші қағаз ақша белгілері.

 Ақша түрлері, ақша  бірлігі эмиссиялық және несиелік жүйеде ақша жүйесінің элементі болдып табылады. Ақша бірлігі – мемлекеттегі заңмен бекітілген бірлік ретінде қабылданған ақша мөлшері. Эмиссия жүйесі – елдегі заңмен бекітілген ақша эмиссиясы мен ақша айналысының реттелуі.

Шетелдік елдерде ақша эмиссиясы орталық банкке жүктелген. Несиелік аппарат, немесе несиелік жүйе – ақша жүйесіне жатқызылуы мүмкін, өйткені несие жүйесі ақша айналымына ықпалын тигізе отырып реттеуді қажет етеді.

Әлемдік іс-тәжірибе  көрсеткендей ақша жүйесінің ұйымдастырылуы өзгеше:

  • жаңа механизмдерді жоспарлау мен ақша айналысын болжау;
  • ақша айналымының тепе-тең болуы: яғни MV=PQ, мұндағы M – ақша ағымы,V- ақша айналымының жылдамдығы,P- баға мөлшері,Q-тауар мен қызмет көлемі.
  • Ақша эмиссиясы несиемен байланысты, қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар банктер кредиттік операцияларды жүзеге асырғанда пайда болады;
  • Орталық банк парламентке сүйенеді және үкіметке бағынбайды;

Ақша несие саясатын жүзеге асыру үшін олардың құралдарын байланыстыру қажет. Осы бағытты  мемлекет үкіметі экономикалық өсімді, инфляция және төлем балансын тұрақтандыру мақсатында ұйымдастырады. Құралдар және мақсатты пайдалану әр кездерде біркелкі болмайды,  сол жағдайда жанама бағытты қолданады. Яғни, ақша немесе несиені бөлек қарастырады. Жанама әдістің қолдануы екіпроцесті жүзеге асыруға мүмкіндік береді, сол уақытта ақша массасы мен ақша-несие саясатының құралдарына көңіл бөлінеді. Өйткені ақша агрегаты өз мөлшерінен асып кетуі мүмкін.

 

2. Ақша-несие саясатының негізгі мақсаты – экономика секторында өндіріс мөлшерін және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету. Ақша-несие саясаты ақша өзгерісіндегі өндіріс көлемінің бір қалыпты өсуіне, бағаның тұрақтылығын жүзеге асырады.

Коммерциялық банктердің реттелмеуі -  экономикалық циклдердің тұрақтанбауына әкеп соғуы мүмкін, яғни инфлиция кезінде банктер ақша ұсынысын көбейтіп, депрессия кезінде- оларды төмендетеп, дағдарыс мөлшерін одан ары ұлғайтады.  Сондықтан ақша айналымын мемлекеттің бір салмақты саясаты болуы керек. Осының барлығын тұрақтандыру үшін мемлекеттің Ұлттық банкісіне жүктеледі.

Ұлттық банктің негізгі  ақша-несие саясатының міндеті -  ұлттық валютаның тұрақты сатып  алуы немесе басқа да жақтарын тұрақтандыру болып табылады.

Ақша-несие саясатын жүзеге асыра отырып, коммерциялық банктердің реттелуі және экономиканы несиелендірудің қысқаруын, ішкі экономиканы Ұлттық банк тұрақтандыра отырып, ақша айналымын нығайтып, экономиканың ішкі процестерін қатайтады. Осының салдарынан несиеге араласуы шаруашылықтардың терең стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мысалы, кәсіпорынның бос ақша қаражаттарының жетіспеуі коммерциялық қатынапстарды,  ішкі инвестицияны және тағы да басқа секторларды қиындатады. Сонымен қатар, ақша массасының жетіспеуі келесідей кемшіліктерге ие болады: ақшаның құнсыздануы, әлеуметтік ортаның өмір сүру деңгейінің төмендеуі, республикадағывалютаның ауытқуы. Бірінші жағдайдағы сияқты ақша-несие саясаты банктердің несие беруін кеңейтуіне бағытталса, екінші жағынан – оның қысқаруы, саясаттың қымбат ақша саясатына көшуі көзделеді.

 Ақша-несие саясаты  арқылы мемлекет экономикалық  дағдарысты бәсеңдетуге, инфляция  қарқынын төмендетуге, мемлекеттің  басқа да секторларын реттеуге  әсерін тигізеді.

Ақша нарығындағы ақша ұсынысы экономикада маңызды  орын алады. Бұл көбінесе ақша айырбастауда айқын көрінеді. Яғни, ақша массасының көлемі, ақша айналымының жылдамдығы, шығарылатын өнім мен баға маңызды орын алады.

Батыс статистикасы бойынша:

«Ақша ұсынысының өсуінің мөлшері  және орташа баға 0,9 коэффициент мөлшерінен жоғары болуы қажет.

Ақшаның ұсыныс мөлшерінің өсуі және өндіріс бір-бірімен байланысты емес, егер ақша массасы жылына 18 пайыз өссе.

Ал ақша айналымы төмен мемлекеттерде  оптималды мөлшері 0,1

Инфляция көлемі жәнеазық-түлік  көлемінің өсуі бір-бірімен байланысты емес»

Жоғарыда айтылғандай, «қымбат ақша» саясаты және «арзан ақша» саясаты бар. Енді осыған тереңірек тоқтала кетсек.

Мысалға, экономикада – жұмыссыздық  және бағаның төмендеуі үстем  алды. Осыған орай, ақша ұсынысын жоғарлату  қажет. Бұл мақсатқа жету үшін арзан  ақша саясатын қолданады. Ол келесідей бағыттар ұсынады:

Біріншіден, Орталық банк ашық нарықта  және коммерциялық банктердің бағалы қағаздарын сатып алу қажет. Екіншіден, ставкаларды төмендету. Үшіншіден, резервтік қорлар нормативтері қажет. Нәтижесінде коммерциялық банктердің резервтік шығындары жоғарлайды. Соның арқасында коммерциялық банктер несие беруді көбейтіп, мемлекетке ақша ұсынысы жоғарлайды. Ақша ұсынысының көбеюі пайыздық ставканы төмендетеді, инвестицияны жоғарлатады да елдегі таза ұлттық азық-түлікті шығаруға мүмкіндік береді. Жоғарыда айтылғанды қорытындылай келе, арзан несие саясатын жүргізу керек деген сөз.

 Егер де экономикада шығындар  көбейсе, инфляция жоғарласа,  Орталық банк ақша ұсынысын  төмендетуге немесе қысқартуға  тиіс. Бұл мәселені шешу үшін  коммерциялық банктердің резервтерін төмендету қажет. Бұл келесідей жүзеге асырылады, Орталық банк коммерциялық банктерге ықпал ете отырып мемлекеттік облигацияларды ашық нарықта сатып, қор мөлшерін ұлғайту керек. Келесі шара-Орталық банктен қарыз алу арқылы өз қорын молайтқысы келетін комерциялық банктердің қызығушылығын төмендету үшін есептік ставканы көтеру. Жоғарыда көрсетілген жүйелерді қымбат ақша саясаты деп атайды.

Арзан ақша саясаты кезінде ақша қатынасының жылдамдығы төмендейді, ал керісінше жағдайда, қымбат ақша саясаты кезінде ақша қатынасы жоғарлайды.

 

Әдебиеттер: 1,  203-217 бет

Бақылау сұрақтары:

 

1. Арзан ақша саясаты?

   2. Қымбат ақша  саясаты?

   3. Ақша-несие саясатының  негізгі мақсаты


Информация о работе Өндіріс саласының экономикасы