Өндіріс саласының экономикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 22:31, методичка

Описание

Кез-келген мемлекеттің өндіріс саласы экономиканың дамуында маңызды рөл атқарады, қоғамның өндірістік күштерінің даму деңгейін, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу мерзімдері мен масштабтарын анықтайды. Қазақстан Республикасының елу бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосылу стратегиясына байланысты ұлттық экономиканың дамуы мен басқарылуына деген жаңа талаптар қойылады. Өндірістік іс-әрекеттерді жүзеге асыру барысындағы экономикалық жеңілдіктермен қатар мемлекеттік реттеудің де жаңа экономика-құқықтық механизмдері тұжырымдалады. Ұлттық экономикадағы осы құралдардың і

Работа состоит из  1 файл

03 Өндіріс саласының экономикасы» TЦ.doc

— 381.50 Кб (Скачать документ)

 

2  Өнеркәсіптік өндірістің дамуы мамандандыру, концентрация,біріктіру, қиыстыру сияқты ұйымдастыру формаларын жетілдірумен тығыз байланысты.

Мамандану – еңбек бөлінісі мен өндірістік қызметтің концентрациясына негізделген, экономикалық дәлелденген форма. Ол  белгілі бір өнім номенклктурасының массалық және ірі сериялық шығарылуына немесе белгілі бір технологиялық операцияларды орындауға бағытталған. Сонымен, еңбек бөлінісі маманданған өнеркәсіпте, салаларда,кәсіпорндарда көрсетілуі мүмкін.

Өнеркәсіптің  мамандануы- жүргізілген салаларды мүшеге бөлу мен жаңа салаларды құру – шығарылатын маманданған өнімдердің, технологиялық прцесстер бірлігінің және материлдық ресурстар тұтынуының экономикалық мәнін көрсетеді.

Саланың мамандануы- номенклатурасы тұрақты және технологиялық біркелкі тауарлы өнім шығаратын, салалардың өзі мен сол салаларға кіретін өнеркәсіптік кәсіпорындардың технологиялық мүмкіншіліктерін көрсетеді.

 Өнеркәсіпітік  кәсіпорынның мамандануы- техникалық біркелкі және практикалық тұрақты,бірақ шығарылатын өнім номенклтурасының азаюына бағытталған өндіріске жататын сала ішіндегі еңбек бөлінісі.

Мамандану еңбек өнімділігін  арттыратын ғылыми-техникалық                прогрессті енгізумен тығыз байланысты.

Мамандану әртүрлі формаларда жүзеге асады, оның әрқайсысы негізгі  бағыттармен анықталады:

    • белгілі бір тауар немесе дайын өнім номенклатурасын шығаруға маманданған салалар мен өнеркәсіптік кәсіпорындарды жүйелеу;
    • жеке технологиялық операцияларға тауар даярлау,технологиялық процес дифференциялауы,келесі өндіріс ішілікпен өндіріс концентрациясымен , бөлшектен бастап  агрегатқа дейін;
    • айқын технологиялық операция орындалуымен жаңа өндірістерді құру.

Жоғарыда аталған бағыттарға сәйкес,өнеркәсіпті өндіріс мамандандырылуыды үш түрге бөледі: пәндік, бөлшектік және технологиялық болып.

Пәндік мамандандырылу - халық шаруашылығының әртүрлі салаларына арналған белгілі бір өнім шығаруға бағытталған кәсіпорындарды жатқызады. Кәсіпорынның мамандану құралы болып станок, ұшақтар, трактор, аяқ киімдер жатуы мүмкін.

Пәндік мамандану машина жасау мен жеңіл өнеркәсіпке  қолайлы болып келеді. Пәндік мамандырылуды  тереңдету маманданған зауыттардағы тауардың белгілі бір номенклатурасын  экономикалық ақталған концентрациясын  алдын ала ескереді.

Пәндік мамандандырылудың  кемшілігіне өнім дайындау процессінің  ұйымдастыру шарттарын жатқызуға  болады. Ол негізінен тұйыө циклмен  технологиялыө операцияларын жүйелі орындалуын көрсететін процесс, яғни құрастыру  операцияларын дауындаудан аяқтағанға дейін. Маманданған өндірісті былай ұйымдастыру өндірістің ірі сериялық және массалық типінді экономикалық ақталған болып саналады, өйткені онда жоғары өнімді маманданған құрал - жабдықты максималды күшпен қолдануға мүмкіндік бар.

Бөлшектік мамандандырылу – бұл дайын өнімді жинақтауға арналған бөлек бөлшектер,баулар және агрегаттарды өндіру болып табылады.

Бөлшектік мамандандырылу конструктивті – технологиялық  қанынастармен ұқсас бұйымдарды шығаруды алдын ала ескереді, сондықтан  ірі сериялық және массалық өндірісті ұйымдастыруға үлкен мүмкіндік туады. Бөлшектік мамандандырылу дайын өнім агрегаттар, баулар мен бөлшектерге бөлінетін салаларда кең тараған. Бұндай салаларға машина жасау, аяқ киім және баяу өнеркәсіптер жатады.

Мамандандырылудың ең тиімді нысаны болып технологиялық немесе сатылық мамандандырылу жатады. Технологиялық процесстер немесе операциялардың бөлек стадияларын орындау бойынша дербес өндірісті көрсетеді. Технологиялық белгі бойынша маманданған кәсіпорындарға мысал ретінде құю және темір соғатын зауыттар, қант,темекі өлшеп орумен, сүт құюмен айналысатын кәсіпорындарды айтуға болады.

Технологиялық мамандандыру, технологиялық ұқсау принципімен  топтастырылған, дайын өнім бөлек  құрама элементтерінің өндірісін көрсетеді. Технологиялық принцип бойынша мамандандырылған өнеркәсіпті кәсіпорын бөлімшелеріне механикалық өңдеу цехы мен негізгі және қосалқы өндірістерді жатқызуға болады.

 

3.   Өндірісті ұйымдастыруды дамыту мен мамандандыруды тереңдету, біркелкі маманданған өнімді бірігіп дайындайтын кәсіпорындар арасында тұрақты және ұзақ байланысты орнатуды талап етеді. Бұндай өндірістік қарым қатынас машина жасау саласында кең қолданылатын кооперцияны сипаттайды.

Кооперацияның үш нысаны бар: пәндік, бөлшектік және технологиялық.

  Пәндік кооперация – дайын өнімді жинайтын зауыт бөлімшелері мен құрастыру бұйымдары мен жартылай фабрикаттармен қамтамасыз етуге міндетті ұйымдар арасында ұзақ өндірістік байланыс орнатуымен сипатталады. Пәндік кооперирование белгілі агрегаттарды (автомобильдік немесе авиациондық өнеркәсіпке арналған моторлар және тағы басқа) жеткізу деп берілуі мүмкін.

Бөлшектік кооперация кәсіпорындар мен дайын өнімді жинақтаумен айналысатын бас завод арасындағы өндірістік байланысты орнатумен сипатталады. Мысалы, поршеньді сақиналарды моторлық зауытқа жеткізіп беру жіне т.б.

Технологиялық кооперация – технологиялық маманданған өнімдерді тұтынатын кәсіпорындарға жеткізумен сипатталады (жөндеу бойынша қызмет көрсету). 
Территориялық белгімен кооперация аудан ішінде және аудан аралық болып топтастырылуы мүмкін.

Аудан  ішіндегі  кооперация  өнеркәсіпті кәсіпорын арасындағы орнатқан  өндіріс байланыстарын  алдын ала ескереді. Бұл байланыстар  әкімшілік-территориялық немесе экономикалық аймақта орналасады.

Салааралық кооперация салалық белгі бойынша салалық және салааралық бірлестіру болып кездеседі және кәсіпорындар арасындағы  ұзақ өндіріс байланыстардың  барысын алдын ала ескереді.   Бұл байланыстар лайықты салаға немесе әр түрлі сала арасындағы ұйымдарға кіреді.

 

Әдебиет: 23, 322-330 бет.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Мамандандыру маңызы?

2. Мамандандыру түрлері?

3. Кооперация маңызы?

4. Кооперация түрлері?

 

6 Тақырып Өндіріс  концентрациясы және кәсіпорындар  мөлшері.

 

Мақсаты: Өндіріс концентрациясының формасының маңызын ашу. Экономикалық артықшылығын және өндіріс концентрациясын нәтижелі анықтау.

 

Жоспар:

1. Өндіріс концентрациясы  және кәсіпорындар мөлшері.

 

1.   Өндірістік концентрация – бұл   өнеркәсіпті өндірістің  ірі кәсіпорындарда  экономикалық  дәлелділік мөлшерлермен шоғырлануы. Өндірістік концентрация ұйымдарға мамандандыру, бірлестіру, қиыстыру сияқты прогрессивтік формаларын пайда болуына, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерінің енгізілуіне  жағдай жасайды. Көлемдердің өсу шегі өлшемімен өндірісте  экономикамен ақталған прогресшіл технологиялық процестердің енгізу қажеттілігі пайда бола бастады. Процестер қазіргі заманғы және өндіргіш жабдықтаудың есепке алу мөлшерлерінің құру базасында құрылады.

Концентрацияның өндірістік деңгейі өзара байланысқан көрсеткіштердің  жүйесімен бағаланады, ал көрсеткіштер жұмыс істейтін топпен сәйкес қалыптасады:

- ірі  өнеркәсіп  кәсіпорындарында   жалпы салалық  көлемінде туындатылған жалпы  өнім үлесі;

- негізгі үлес қорлардың  құн үлесі және оның белсенді  бөлімі, яғни келіп тұратын ірі  кәсіпорындар  тобына осы қорлардың жалпы құнын және белсенді бөлімнің  саласы бойынша;

- өнеркәсіп өндіріс  қызметшілерінің сан үлесі, соның  ішінде негізгі өндіріс жұмысшылардың,  яғни ірі кәсіпорында жалпы  жұмыс істейтін  қызметшілер саны  және жалпы қызметшілер.

Өнеркәсіпті өндіріс концентрацияның реттелуі мына жолмен жүзеге асады:

- жұмыс істейтін кәсіпорындардың  реконструкция кеңейтуі және  техниканың қайта қаруландырудың  нәтижесінде өндіріс қуаттылықтарының  артуы;

- жаңа ірі өнеркәсіп  өндірістерінің  және кешендердің  салынуы.

Концентрацияның артықшылығы  оның берілген ұйым түрі техникалық жағынан  жоғарғы дәрежеде қамсыздандырады, маңызды экономикалық және өндіргіш жабдықтау үлесінің барысы, сіңіргіш өнім бірліктерінің төмендеуіне  оның санының өсу шегіне және өзіндік  құн төмендеуіне жағдай жасайды.

Концентрацияның нәтижесі өнеркәсіпті кәсіпорын экономиканың маңызды мөлшерінің дәрежесіне тәуелді  болады. Негізгі алғы шарттар мыналарды  қосады: кәсіпорынның географиялық орналасуы  өтім рыногының және заттық қорлар рыногының энергетикалық және еңбекті қорлардың барысына тәуелді болуы.

Экономикалық негіздеу жанында кәсіпорынның мамандыру  және кооперация мүмкіншілігі, техникамен жабдықталған деңгейін және өндіріспен мамандырылған негізгі жұмысшылар ескеріледі.          Экономикалық негіздеу мына жүйелілікпен орындалады: өндірістің потенциалды немесе нақты қажеттіліктің айқын номенклатуралық өнімі және оның көлемі, одан кейін экономикалық негізді үлес номенклатуралық позициялары және оның көлемі, олар бір кәсіпорында шоғырланып, е кәсіпорын қызметінде ең жақсы техника-экономикалық көрсеткіштермен қамсыздандыра алады. 

Кәсіпорын топтарының мөлшері  бойынша белгілері:

- натуралды және құндық  айтылуда өнім шығару көлемі;

- негізгі өндіріс қорлардың  құны мен белсенді бөлім үлесінің  құруымен;

- өнеркәсіпті-өндіріс қызметшілер саны және өндіріс жұмысшылары. Бұл көрсеткіш концентрация деңгейін әрқашан қамтып көрсетпейді. Өндіріс көлемінің ұлғаюы экстенсивті және қарқынды дамумен қамтамасыз етіле алады. Яғни бірнші жағдайда  жұмыс істеушілер күшінің саны мен жұмысшылар саны, ал басқажағдайда өнімділіктің өсу шегін қамсыздандыру үшін ғылыми-техникалық прогресс жетулердің енгізу нәтижесі.

 

Әдебиет: 23, 331-333 бет

Бақылау сұрақтары:

1. Өндірістік концентрация  ұғымы

2. Кәсіпорын мөлшерлерін  сипаттайтын белгілер

 

7 Тақырып  Өндіріс саласындағы қиыстыру.

 

Мақсаты: Қиыстырудың мәнін ашу, түрлері мен формалары, әр түрлі өндіріс сала сферадағы даму ерекшеліктері.

 

Жоспар:

1. Өндіріс сферадағы  қиыстыру.

 

1.    Қиыстыру - өндіріс ұйымдарының прогрессивті түрлерінің бірі, яғни дайын өнімді алғанға дейінгі шикізатты өңдеу және жартылай фабрикаттарда қайта өңдеудің барлық кезеңдерінен өтуде еңбек шығынын азайтуды қамтамасыз етеді. 

Өндірісті қиыстыру – бұл  шикізатты жүйелі сатыда өңдеуді (мысалы, кеннен шойынның құйылуы және шойынның болатқа өңделуі, сонымен қатар болаттан басқа да дайын өнімдер өндіру) немесе басқаларма қатынасты көмекші рөл ойнауды (мысалы, қалдықты өңдеу, заттарды орау және т.б.) көрсететін бір кәсіпорында түрлі өнеркәсіп салаларының бірігуі.

Қиыстыру бір кәсіпорында  салаларға сәйкес өнім өндіретін  түрлі өздірістің бірігуін қарастырады. Шикізатты өңдеуде түрлі технологиялық  процестердің бірігуі қиыстырудың  келесі формаларын бөліп қарастыруға мүмкіндік береді:

-Шикізатты жүйелі  өңдеу үшін қиыстыру. Мысалы: терір  рудасын табудан және оны дайын  өнімге айналдырғанға дейінгі  металлургиялық өндірістің барлық  сатылары шоғырланған металлургия  комбинаты. Технологиялық процесті  үздіксіз қолдану мүмкіндігі қиыстырылмаған өндіріспен салыстырғанда өнімнің өзіндік құнын төмендетуде әсер етеді және электр ресурстарын үнемдеуді қамтамасыз етеді.

-Шикізатты кешенді  пайдалануға негізделген қиыстыру. Мысылы: химиялық, мұнай комбинаттары  үшін сипатталған табиғи газ, мұнай т.б. кешенді қолдануға негізделген өндірісті айтуға болады.

-Өндірісте қалдық  және жанама өнімдерді жинақы  қолдануға негізделген қиыстыру. Мысалы: қағаз өндірісі және өнеркәсіптің  басқа да салаларына ағаш қалдықтарын  қолдану.

Қиыстырудың бұл формасы қалдықтарды қайта өңдеу бойынша кәсіпорында өзіндік жеке өндіріс жасауға мүмкіндік береді.

Қиыстырудың түрлі формалары  шикізатты қайты өңдеуде қалдықтарды  кешенді пайдалануды жүзеге асыру  үшін қолайлы өндіріс жағдайын қалыптастыратын  түрлі өнеркәсіп салаларында кең қолданылады.

Қиыстыру бағытында  өнеркәсіп өндірісін басқа салалармен ұйымдастырылуын шектеу бір циклді технологиялық процесс негізінде  пайдалы қазбалар шығару сипатымен  түсіндіріледі. Сондықтан шығарушы өнеркәсіп салаларында қиыстыру мұнай шығаратын кәсіпорынмен, мұнай өңдейтін заводттарға байланысты комбинаттарда кең тараған. Қайта өңдейтін өнеркәсіпте қиыстыру- машина құрылысы, жиһаз өнеркәсібінде және т.б. жартылай фабрикат және шикізатты дайын өнімге айналдыруда және химиялық операцияларды өңдейтін құралдардың пайдалы компоненттерінің санын арттыруға мүмкіндік беретін химиялық және механикалық процесстерді игеретін кәсіпорындар үшін маңызды

Қайта өңдейтін өнеркәсіпте  қиыстыру еңбек өнімділігі өсімін 15-20%, материалдық ресурстарды үнемдеуді 20-25% қамтамасыз етеді.

Өндірісті қиыстыру сала ішінде және салалар арасында болуы  мүмкін.

Сала ішіндегі қиыстыру-осы  салаға кіретін түрлі өндірістің бірігуі.

  Салааралық қиыстыру - шоғырландыру кезінде ір өндіріс кәсіпорынында түрлі салалардың қалыптасуы. Химиялық-металлургиялық комбинатты мысалға алуға болады.

Тігінін қиыстыру-белгілі  бір шикізатты өңдеудегі жүйелі технологиялық операциялар.

Көлденең қиыстыру-жалпы  шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын түрлі салалық өндірістердің  концентрациясы.

Жақын қиыстыру-бұл көлденең және ішкіқорыту қиыстыруларының байланысы. Мысалы: көлденең және тігінен қиыстырудың  элементтері бар салааралық қиыстыруға химиялық-металлургиялық комбинатты жатқызуға  болады.

Информация о работе Өндіріс саласының экономикасы