Өндіріс саласының экономикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 22:31, методичка

Описание

Кез-келген мемлекеттің өндіріс саласы экономиканың дамуында маңызды рөл атқарады, қоғамның өндірістік күштерінің даму деңгейін, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу мерзімдері мен масштабтарын анықтайды. Қазақстан Республикасының елу бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосылу стратегиясына байланысты ұлттық экономиканың дамуы мен басқарылуына деген жаңа талаптар қойылады. Өндірістік іс-әрекеттерді жүзеге асыру барысындағы экономикалық жеңілдіктермен қатар мемлекеттік реттеудің де жаңа экономика-құқықтық механизмдері тұжырымдалады. Ұлттық экономикадағы осы құралдардың і

Работа состоит из  1 файл

03 Өндіріс саласының экономикасы» TЦ.doc

— 381.50 Кб (Скачать документ)

Өндірістік саланың  кешенді құрамдасы ретінде нарықтық инфрақұрылымның  тиімді қаржыландырулуы  мен  дамуы инвестициялық, биржалық,  қаржылық, сақтандыру  және шаруашылық қоғамдары мен бірлестіктері  сияқты объектілердің қызметтерін рационалдауға тікелей байланысты. Біздің ойымызша,  инвестициялық қорлар, банктер, осы қызмет түрі бойынша маманданған және лицензияланған  ұйымдық-құқықтық құрылымдардың көлемін кеңейту  қазіргі кездегі  негізгі қорларды қайта құру  бойынша жобаларды  инвестициялаудың баяу процесін өтуге  мүмкіндік берер еді. Өндірістік саланың шаруашылық субъектілерінің  табысты кезеңде  нәтижелі жұмысы мен тиімді дамуына заңдық негізде құрылған ауыл шаруашылығының жеке өндірістік салаларын несиелеуге,   төлем мерзімін ұзарту арқылы сатып алуды қаржыландыруға  маманданған  қаржылық компанияларды құру ықпалын тигізеді.

 

Әдебиет: 5, 23-31 б.

Бақылау сұрақтары:

1. Өндірістік саланың  бөлімдерін басқарудың әдістері  мен ерекшеліктері

2. Өндірістік саланың  дамуындағы  қаржы-несиелік кешеннің маңызы

 

4 Тақырып    Экономиканың өндірістік секторын орналастыру

 

Мақсаты: Экономиканың өндірістік секторын оңтайлы орналастырудың мәнін, принциптері мен нысандарын  зерттеу

 

Жоспар:

1. Аймақтық  әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорацияларды (ӘКК) құру

    концепциялары

2. Ұқсас ӘКК бизнес-құрылымдарды құру мен жұмыс істеудегі халықаралық

    тәжірибені  талдау және оларды  Қазақстанда құрудың алғышарттары

3. ӘКК миссиясы, мақсаттары мен функциялары

4. Аймақтық ӘКК құру концепцияларын жүзеге асырудың механизмі мен

    негізгі бағыттары

 

1.   ӘКК-ны құру идеясы аймақтық дамуға негізделген Қазақстанда пайда болған жағдайға қалыптасқан шикізаттық емес секторды дамытудың  жаңа құралдарын іздеу нәтижесінде пайда болды.

Халықаралық тәжірибеде кәсіпкерлік  корпорациялар қызметінің түрлі формалары мен бағыттары кездеседі, сондықтан да  ұйымдық формалар, бағыттар мен әдістердің мәтінінде ӘКК-ң белгілі бір анықтамасы кездеспейді.

Бірақ ӘКК қызметін  зерттейтін сараптамашылар келесідей жалпылама  анықтама береді.

Әлеуметтік –кәсіпкерлік корпорациялар - бұл тауарлар мен қызметтер өндіру  арқылы пайда табу мақсатымен өз қызметін жүзеге  асыратын экономикалық тұрақты бизнес- құрылымдары. Бірақ алған пайданың бір бөлігі ӘКК құрылған аймақ халқының  әлеуметтік, экономикалық және мәдени мақсаттарын жүзеге асыруы үшін қайта инвестицияланады.

ӘКК құрылуы өзін-өзі ұйымдастыру, ішкі ресурстардың мобильділігі және кластерлік даму механизмдерін енгізу арқылы аймақтардың бәсекеге  қабілеттілігін  жоғарлатуға ат салысады.

Мемлекет қатысуымен  тұрақты бизнес-құрылымдардың бірігуі өзіне  аймақтың экономикалық белсенділігін  шоғырландыратын және бәсекеге қабілетті өндірістерді құрудың катализаторы ретінде шығатын  ірі аймақтық орталықтар құруға мүмкіндік береді.

Ұйымдық-құқықтық форма ретінде  ӘКК коммерциялық емес корпорациялар түрінде құрылады, бірақ пайда шығару мәселелерін шешуге және аймақтардың әлеуметтік-экономикалық  дамуын инвестициялауға  бағытталады. Еліміздің заңнамасында  «корпорация» түсінігінің анықтамасы мен оның заңды бекітілуінен басқа  нарық түрінің  ұйымдық-құқықтық формасының  нақты түсінігі бар.  Экономикалық және заңдық түсініктеме жағынан пайда табу мақсатымен корпорацияға біріккен  бизнес-құрылымдар  кооперативтер сияқты коммерциялық құрылымдарға жатады.

ҚР Конституциясына сәйкес  әлеуметтік маңызды объектілерді қаржыландыру – бұл  халықтың мүддесін қорғауға  және мемлекет кепілдеген  әлеуметтік қызметтерді қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттің негізгі міндеті. Әр түрлі елдердегі аймақтардың экономикалық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ететін корпоративтік құрылымдардың бар істегі модельдерін салыстыру мақсатымен бірқатар мысалдар келтіру қажет. 

Бірқатар елдерде  аймақтық дамудың  мәселелері  мемлекеттің  корпоративті қызметтері арқылы шешіледі,  дегенмен әрбір мемлекеттің  аймақтық экономикалық және әлеуметтік  дамуына ықпал ететін қоғамдық құрылымдар  жұмысына қажет заңдық негіздемесі бар.

 

2.  Әлемдік тәжірибеде жеке және мемлекеттік секторлар байланысының түрлі  кестелері бар. АҚШ-та бұл экономикалық дамудың аймақтық корпорациялары (EDS бұл экономикалық дамудың аймақтық корпорациясы, CRDC – аймақтық дамудың сертифицирленген корпорациясы, LVEDC – экономикалық даму бойынша корпорация), Данияда - әлеуметтік кәсіпорындар (social enterprises).

АҚШ-та жұмыс істейтін  экономикалық дамудың аймақтық корпорациялары – бұл аймақ қоғамының қажеттіліктерін  қанағаттандыратын және  мемлекеттің  кішігірім қатысуымен, жеке секторлардың ресурстарын мобильдеу  мақсатымен бір топ бизнес-лидерлерімен  құрылған  аймақтық корпорациялар. Корпорациялардың миссиясы - аймақтардың экономикалық дамуына ықпал жасау арқасында халықтың жағдайына, әл-ауқатына ықпал жасау.

Корпорация қызметінің қаржылық көздері – бұл қатысушы компаниялар, мемлекеттік қордың шағын үлесі, демеушілік көмек,  тартылған инвестициялар, гранттар, соның ішінде мемлекеттік гранттар да.

Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының кооперациясындағы халықаралық  тәжірибе көрсеткендей, кооперативтердің құрылуы өндірісті  айқын ұлғайтады  және олардың мүшелері шағын және орта  бизнес  кәсіпорындарының  тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.

Әлемдегі ет, сүт пен  ірімшіктен жасалған тағамдарының ең ірі  экспорттайтын елдердің бірі   Данияның  мысалы көрнекті болып  табылады. Данияда кооперативтерді  әлеуметтік кәсіпорындар (social enterprises)  деп атайды.

Шағын және орта бизнес өнімдерін  сату үшін кооперативтер «брэндтер» жасайды. Табысты кооперативтер  тек  ауыл шаруашылығы мен тамақ  өнеркәсібінде ғана емес,  басқа  салаларда да,  қызмет көрсету  саласында да құрылады.

Бұрыннан қалыптасқан  экономикалық және әлеуметтік жүйесі және дамыған инфрақұрылымы бар  әлемнің дамыған елдеріне  қарағанда  Қазақстанда  территориялық даму мәселесі  тиімді шешімдерді қажет  етеді.

Аймақтардың әлеуметтік – экономикалық  дамуында бірнеше мәселелер туындап отыр,  олар: жергілікті  мемлекеттік басқару органдары мен аймақтардағы компаниялардағы басқару әлуетінің жеткіліксіздігінен  аймақтық дәрежеде реформалардың енбеуі,  жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік даму институтының инвестицияларын кең көлемде қолдана алмауы,  сонымен қатар өздерінің қызметін жүзеге асыратын аймақтың  әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосуға ынта білдірмеуі.

Қазіргі жағдайда Қазақстан  үшін экономикалық ұйымдастырудың ең тиімдісі кластерлік әдісті қолдану арқылы барлық жүйенің ресурстарын  мобильдеуге негізделген, инновацияларға икемді  болып келетін модель. Ресурстарды мобилизациялаудағы механизмдердің бірі болып дербес немесе өзара байланысқан  бірнеше аймақтардағы жеке кәсіпкерлікті белсенділікке бағыттайтын  аймақтық ӘКК-ды құру табылады.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай,  мемлекеттің экономикалық дамуы  оны құрайтын аймақтардың  бәсекеге қабілеттілігіне  тікелей  байланысты. Сонда ӘКК  аймақтық бизнестің  бәсекеге қабілеттілігін арттыру, инвестицияларды тарту үшін  ұйымдық және экономикалық  жағдайларды қамтамасыз ету,  аймақтардағы  инновациялық қызметтің инфрақұрылымын дамыту  мақсатымен құрылады.  Қазіргі таңда ең дұрысы  мемлекеттік меншіктің  бір бөлігін  жеке сектордың басқаруына беру болып саналады,  себебі  жеке менеджмент пен капиталды тарту  мемлекеттік меншіктегі көптеген инфрақұрылым объектілерінің  хроникалық тиімсізділігінен  өтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл  мемлекеттік бюджетке ықпалды азайтуға мүмкіндік береді.  Осындай саясаттың бір бағыты болып бірнеше  ірі аймақтық даму институтттарын құруды (ӘКК) қарасыру саналады.  

 

3.   ӘКК миссиясы деп мемлекеттік және жеке секторларға консолидация  жолымен аймақтардың экономикалық дамуына көмек көрсету және  кластерлік әдіс  негізінде бірыңғай экономикалық нарық құру.

Республиканың әлеуметтік және экономикалық дамуы жеке сектордың  белсенді қатысуынсыз мүмкін емес. Қазіргі таңда жеке  құрылымдарға өздерінің  қызметін жүзеге асыратын  аймақтың даму мәселелеріне  көңіл бөлмеуге болмайды.  Сонымен қатар жеке кәсіпкерлік  субъектілерінің  әлеуметтік жауапкершілігіне  әлеуметтік объектілерге табысты  инвестициялауды ғана  жатқызуға болмайды, Оған бәсекеге  қабілетті бизнесті  құру мен жүргізу, өтімділігі жоқ кәсіпорындар  негізінде жаңа  өнеркәсіптерді құру, мемлекеттік меншік объектілерін тиімді пайдалану жатады.

ӘКК мақсаттары:

  • кең айналмалы экономикалық субъектілерді экономикалық процесерге енгізу, инвестициялар тарту;
  • кәсіпорындардың  тауарлары мен қызметтеріне сұранысты  табысты ұзақ мерзімді негізде  құру, өнімді сыртқы және ішкі  нарықтарда жылжыту;
  • сәйкес кластерлерге біріктіру мақсатымен  кіші және орта кәсіпкерлік  субъектілері мен ірі қаржылық тұрақты өнеркәсіптердің  арасындағы байланысты  күшейту;
  • сәйкес кластерлерді құру және іске қосулы кәсіпорындардың бірігуі үшін қажет жағдайлар жасау, жаңаларын құру;
  • ішкі және сыртқы нарықтарда аймақтың экономикалық  имиджін жылжыту;
  • жаңа технологияларды енгізу және кластерлік  өндірісті дамыту арқылы  шағын және орта кәсіпкерліктің  өндірісін ұлғайту;
  • мемлекеттік кәсіпорындардың реабилитациясы, қайта құрылуы, солардың негізінде жаңа бәсекеге  қабілетті өндіріс пен технологияларды жетілдіру;
  • бизнес-жоспардың базасын  қарастыру және оларды жүзеге асыруды қаржыландыру және құру шарттары;
  • Жоспарды қаржыландыру және қалыптастыру, аймақтардың әлеуметтік дамуына бағытталған;

ӘКК келесі қызметтері:

     - Мемлекеттік  меншіктің, ӘКК құрамындағы активтерді  беруінің үкімет басшылығымен  бірігіп іс атқару;

     - Берілген мемлекеттік және жеке меншік активтерді басқару;

     - Ақпараттық – презентациялық жұмыс жүргізу (бизнес конференция семинар,көрме көрсету);

      - Халықаралық  нарықта азық-түліктің жетілдірілуі;

      - Халықаралық  стандарттарды және жаңа өндірістік пен басқарушылық технологияларды кәсіпорындарға енгізу (нсо,мсфо);

      -  әлеуметтік  жобаларды құру мен жүзеге  асыруға қатысу;

      -  инвестиция  тарту мақсатында шетелдік инвесторлармен, даму институттарымен және басқа  да қаржылық мекелер мен қарым-қатынас жүргізу;

      -  инвестициялауға  байланысты, бизнес-жоспардың базалық  қарастырылуы;

      -  жеке  кеңестік және шетел капиталы  қатысуымен жобаларды құру және  жүзеге асыру;

ӘКК-ң алдында қойған мақсаттарға жету аумақтарының әлеуметтік жағдайын жақсартады, соның арқасында жаңа жұмыс орындары пайда болды, шағын кәсіпкерлік дамиды, әлеуметтік жобалар жүзеге асырылады, барлық аймақтың экономикалық дамудың және ішкі нарықты бәсекеге сай тауарлармен қамтамасыз етеді.

 

4.   ӘКК-ң алға қойған мақсаттарын жүзеге асыру үшін, аумақтық жүйе құрастырылады, бұл жүйе мемлекеттің барлық территориясын соның ішінде мемлекеттің барлық облыстары географиялық және экономикалық белгілері бойынша бөлінеді.

ӘКК-ң жеті аймақтық экономикалық зоналары құрылған:

    • солтүстік аймақта, орталығы Қостанай;
    • Каспий аймағы, орталығы Атырау;
    • Орал аймағы, орталығы Ақтөбе;
    • Ертіс аймағы, орталығы Өскемен;
    • Сарыарқа аймағы, орталығы Қарағанды;
    • Оңтүстік аймағы, орталығы Шымкент;
    • Жетісу аймағы, орталығы Алматы;
    • Солтүстік макро аймақ солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облысынан Астана қаласынан тұрады;
    • Каспий макро аймағы Атырау және Маңғыстау облыстарынан тұрады.
    • Орал макро аймағы Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарынан тұрады,
    • Ертіс макро аймағы Шығыс Қазақстан және Повлодардан тұрады;
    • Сары Арқа макро аймағы Қарағанды облысынан тұрады;
    • Оңтүстік  макро аймағы Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарынан тұрады,
    • Жетісу макро аймағы Алматы және Алматы облыстарынан тұрады.

Аймақтық орган басқармалары(акимат, маслихат) ҚР Үкіметі алдында ӘКК  сол аймағында құрылған және жасалған жобалардың әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы сұрақ көтере алады.

Әр ӘКК аймақтың институт дамуымен  түсіндіріледі, мемлекет аймағында  мемлекеттік активтер берілуіне басқару жүргізу және құрамына дамымаған  жерлерді қосу және нарықта аймақтың экономиканың дамуы және оларды жүзеге асыру үшін инвестиция тарту.

Информация о работе Өндіріс саласының экономикасы