Предприятия молочной промышленности

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 19:38, курсовая работа

Описание

Целью дисссертационной работы является разработка научно-обоснованных, теоретических и практических рекомендации по совершенствованию системы контроллинга инновационной деятельности предприятий молочной отрасли.
Исходя из цели диссертационной работы, поставлены и решены следующие задачи:
- изучить экономическую сущность и значение системы контроллинга в процессе управления предприятием;
- выявить особенности и разработать методические подходы к формированию системы контроллинга инновационной деятельности предприятия;
- обосновать направления адаптации зарубежного опыта использования системы контроллинга в инновационной деятельности предприятий с учетом специфики казахстанской экономики;
- провести анализ современного состояния и перспектив развития молочной отрасли РК с учетом внедрения системы контроллинга;
- провести оценку эффективности системы контроллинга инновационной деятельности предприятий молочной отрасли Алматинской области;
- выработать рекомендации по совершенствованию организационно – экономического механизма системы контроллинга инновационной деятельности предприятий, производящих молочную продукцию.

Работа состоит из  1 файл

закон об акционерных обществах.doc

— 460.00 Кб (Скачать документ)


ӘОЖ 658.562:330.341.1:637.1(574)                                      Қолжазба құқығында

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жунисбекова Гульфайруз Еркубековна

 

 

 

Кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі контроллингтік жүйені дамытудың ұйымдастырушылық-экономикалық аспектілері

(Алматы облысы сүт саласы кәсіпорындарының мәліметтері бойынша)

 

 

 

08.00.05 – Экономика және халық шаруашылығын басқару

(салалары мен қызмет сфералары бойынша) мамандығы

 

 

 

Экономика ғылымдарының кандидаты

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

Авторефераты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

 

Жұмыс Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде орындалған

 

 

 

 

Ғылыми жетекшісі:                                     экономика ғылымдарының докторы

                          А.М.Сейтказиева

 

Ресми оппоненттер:                                   экономика ғылымдарының докторы   

                                                              С.Ж.Тәшенова

                    

                                                              экономика ғылымдарының кандидаты

                     М.У.Успанова

 

 

Жетекші ұйым:                                           «Қазақ аграрлық өнеркәсіптік

                                                              кешенінің экономикасы және ауылдық     

                                                              аумақтарды дамыту ғылыми-

                                                              зерттеу институты» ЖШС

                                                              

 

 

 

Қорғау 2010 жылдың «26» тамызы күні сағат 16-00-де Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетіндегі экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу жөніндегі Д 14.02.01 диссертациялық кеңестің мәжілісінде өтеді, мекен-жайы: 050035, Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 55, 144 бөлме.

 

 

Диссертациямен Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің кітапханасында танысуға болады.

 

 

Автореферат 2010 жылдың «24» шілдесінде таратылды.

 

 

 

 

 

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы,

экономика ғылымдарының докторы                                      А.Б.Темирбекова

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның ұлттық экономикасының индустриалды-инновациялық тұрғыдан дамуы жоғары технологияларға негізделген бәсекеге қабілетті, экономикалық тұрғыдан тиімді ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдерді одан әрі жетілдіру болып отырғаны белгілі. Сондықтан кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, әлемдік стандарттарға сәйкес келетін өнім өндіру барысында жаңа технологиялық механизмдерді өндіріске енгізу, оның тиімділігін арттыру бағытында инновациялық тұрғыдан экономиканың нақты салаларын дамытуға  ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы тұрғыдан алғанда, кәсіпорындарды ұйымдастыру  мен басқарудың жаңа әдістерін енгізудің қажеттілігі туындап отыр. Бұл мәселелер еліміздегі  сүт өндіру және өңдеп, әр түрлі өнім алатын кәсіпорындар үшін ерекше маңызға ие.

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалды-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында ұлттық экономиканың тұрақты өсуі мен бәсекеқабілеттілікті күшейту арқылы халықтың әл-ауқатын жоғарылатуда, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін, мемлекеттің қаржылық және материалдық активтерін ұтымды түрде басқару мен пайдаланылуын қамтамасыз ету жетістіктерін енгізуге ерекше мән берілуде.

Қазіргі уақытта инновациялық қызметті дамыту, ел экономикасын инновациялық бағытта өркендету, әсіресе нақты сектор өндірістерінің аясында инновациялық жетістіктерді енгізудің маңызы зор. Ал осы үдерістерді бақылау, олардың уақытылы және кедергісіз жүзеге асырылуын қадағалайтын, реттейтін, басқаратын және үйлестіретін жүйе - контроллингтің қалыптасуы мен оны жетілдіру аспектілерін анықтау зерттеу тақырыбының негізі болып табылады.

Инновациялық қызметті экономикалық басқару шаруашылық және коммерциялық жағдайды алдын ала көре білу, «шығындар-нәтиже» арақатынасын оңтайландыру бағытындағы іс-шараларды  жүргізе білу және осы арқылы қойылған мақсаттарға жету, ең бастысы  күтілетін пайданы алуды қамтамасыз етуде контроллинг жүйесінің маңызы ерекше. Контроллинг және оны басқару механизмін зерттеуге, оны дамыту мен жетілдіру мәселелеріне шетелдік, ресейлік, және отандық мамандар ерекше көңіл бөліп отыр.

Контроллинг қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес, алдын ала анықталған, болжанған нәтижелерді алуға байланысты «әлсіз» жерлерді жоюға бағытталған қазіргі заманғы тұжырымдама ретінде де қарастырылады. Сондықтан да бәсекелік ортасы жоғары сүт өнімдері өндірісінде контроллингті қолданудың маңыздылығы жоғары.

Сүт саласы өнеркәсіптің маңызды салаларының бірі болып табылады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жалпы республикада сүт жеткілікті дәрежеде өндірілгенмен, оның 1/3 ғана өңделуден өтеді. Мысалы, 2008 жылы өндірілген өнімнің 31,6 % өңдеуден өткен, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 1,4 %-ға төмен. Сондықтан ішкі нарықта сүт өнімдерінің импорттық үлесі әдеттегідей жоғары деңгейде. Бұл отандық сүт өндіруші сала кәсіпорындарында халықаралық сапа стандарттарының толығымен енгізілмеуі, отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі, инновациялық қызметтің белсенді жүргізілмеуі (өңдеу саласында, соның ішінде тамақ өнімдері өндірісінің инновациялық белсенділігі-4% ғана) немесе инновациялық қызметті басқарудағы олқылықтар есебінен болып отыр. Сол себепті де аталмыш салада контроллингтік жүйені дамытудың маңыздылығы жоғары деп айтуға болады.

Кәсіпорында жоспарлау мен бақылаудың тиімді жүйесін құру әлеуеті жоғары инвесторлар үшін бизнестің ашықтығын қамтамасыз етуге, сапалы жаңа даму сатысына көтерілуге, бәсекеқабілеттілікті арттыруға мүмкіндік береді. Осыған байланысты контроллинг қағидасы бойынша кәсіпорынның инновациялық қызметін басқару саласында ғылыми зерттеулер жүргізу ерекше құндылыққа ие. Бұл бағытта жүргізілген зерттеулер көбінесе жалпы контроллингтік жүйеге, стратегиялық контроллингке негізделген, ал инновациялық қызметтегі контроллингті қолданудың тиімділігінің жекелеген аспектілерінің зерттелу дәрежесі әлі де болса төмен деңгейде қалып отыр. Сондықтан да кәсіпорынның инновациялық қызметінде контроллингті дамытудың ұйымдастырушылық-экономикалық аспектілерін ғылыми тұрғыда зерттеу қажеттілігі байқалып отыр.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Диссертацияда контроллинг көзқарасы тұрғысынан инновациялық қызметті басқарудың теориялық және әдіснамалық аспектілері зерттелген. Зерттеудің кейбір мәселелері мен жекелеген бағыттары келесі ғалымдардың еңбектерінде келтірілген:

- кәсіпорынды басқару тұжырымдамасы ретіндегі контроллингтің дамуы  бойынша – А.Беккер, Ю.Вебер, Е.Гютенберг, А.Гидденс, Х.Кюппер, Т.Манн, Э.Майэр, Т.Райхман, П.Фридман, Д.Хан, П.Хорват, Д.Шнайдер т.б.еңбектері;

- инновациялық механизмдер негізінде шаруашылық субъектілерді олардың даму жағдайын есепке ала отырып басқару саласы бойынша – И.Ансофф, Т.Модиц, Д.Гарнер, С.Д. Ильенкова, т.б.;

- экономикада контроллинг қағидаларын қолданбалы пайдалану мәселелері бойынша - ресей ғалымдарының Н.Г.Данилочкина, А.М.Карминский, Н.И.Оленев, А.Г.Примак, С.Г.Фалько, сондай-ақ отандық авторларының Ж.Н. Әшімова және С.Ж. Тәшенова еңбектерін атап өтуге болады.

Қазақстанның сүт өнеркәсібінің дамуының, оның қызмет ету тиімділігі мен бәсеке қабілеттілігін арттырудың, кәсіпорынның инновациялық қызметін басқаруды жетілдірудің әртүрлі аспектілеріне көптеген отандық ғалымдардың: С.С.Арыстанбаеваның, О.Баймұратовтың, В.В.Григоруктың,                    , Т.И.Есполовтың, Ғ.А.Қалиевтың, А.К.Қошановтың, А.Б.Молдашевтың, Қ.Қ.Нұрғалиеваның, Қ.О.Оқаевтың,   А.Б.Сатбекованың,   А.А.Сатыбалдинның, Т.С.Саткалиеваның, А.Б.Темірбекованың, М.У.Успанованың және т.б. еңбектерінде ерекше көңіл бөлінген. 

Экономикалық және ғылыми әдебиеттерде басқару жүйесі бойынша контроллинг қызметінің әрекет ету бағыттары мен ұстанымдарына жеткілікті көңіл бөлінбеген. Әлемдік экономиканың дамуы кейбір құбылыстарды жеделдету мен оның серпінінің күрделенуін  тудырады. Мұнда тек нарық және технологиялардың өзгерісі ғана емес, сондай-ақ оның динамикалық қасиеттері де ескеріледі. Көптеген ғалымдар контроллинг туралы үстіртін пікірде, олар көбінесе басқару тиімділігін арттыру сұрақтарын шешуде құрал ретінде қарастырады, яғни жаңа үлгі енгізу мәселесі жеткілікті зерттелмейді. Экономикалық әдебиет көздерінде кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі контроллингтің теориясы мен тәжірибесі, сондай-ақ дағдарыс жағдайында өнеркәсіптің өңдеуші салаларында контроллингті қолдану қажеттілігі жете қарастырылмаған.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – сүт саласы кәсіпорындарының инновациялық қызметіндегі контроллингтік жүйені жетілдіру бағытында теориялық, тәжірибелік және ғылыми-негізделген ұсыныстар дайындау болып табылады.

Диссертациялық жұмыстың мақсатына сәйкес, келесі міндеттер қойылған және шешілген:

- кәсіпорынды басқару үдерісіндегі контроллингтік жүйенің экономикалық мәні мен маңызын зерттеу;

- кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі контроллингтік жүйенің қалыптасуының ерекшеліктерін анықтау және әдістемелік тәсілдерін зерттеу;

-қазақстандық экономиканың өзіндік ерекшелігін  ескере отырып, кәсіпорынның инновациялық қызметінде контроллинг жүйесін пайдаланудың шетелдік тәжірибелерін бейімдеу бағыттарын негіздеу;

- контроллинг жүйесін енгізуге байланысты ҚР сүт саласының  қазіргі жағдайы мен оның даму перспективасын талдау,

-Алматы облысы сүт саласы кәсіпорындарының инновациялық қызметіндегі контроллингтік жүйенің тиімділігін бағалау;

- сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың инновациялық қызметіндегі контроллингтік жүйенің ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Зерттеу объектісі ретінде Алматы облысының сүт және сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорындары алынды.

Зерттеу пәні болып сүт саласы кәсіпорындарының инновациялық қзметіндегі контроллингтік жүйені енгізу және дамыту бағытындағы инновациялық қызметті басқару үрдісінде туындаған ұйымдастырушылық-экономикалық қарым-қатынастар жиынтығы саналады.

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізін кәсіпорындардың инновациялық қызметіне контроллингтік жүйені енгізу және дамыту мәселелері жөніндегі отандық және шетелдік ғалым-экономистердің ғылыми еңбектері, ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, мемлекеттің даму стратегиялары мен бағдарламалары құрайды.

Зерттеу жұмысы үшін бастапқы материал ретінде Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің Алматы облысы мен аудандары бойынша жинағы, заңнамалық және нормативтік актілер, әдістемелік материалдар қолданылды.

Қойылған мақсат пен міндеттерге байланысты жұмыста экономика-статистикалық және салыстыру, логикалық ойлау, кешенді сипаттау, сараптамалық бағалау, топтау т.б. зерттеу әдістері пайдаланылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы диссертацияда келтірілген төмендегі тұжырымдар мен ұсыныстармен айқындалады:

-әртүрлі көзқарас тұрғысында контроллинг ұғымдары жүйеленіп, инновацияға бағытталған контроллингке автордың жеке көзқарасы зерттелді;

-кәсіпорынның қызмет етуінің әртүрлі бағыттарының қазіргі таңдағы өзара байланыстарын кешенді бағалауға мүмкіндік беретін контроллинг жүйесін бағалаудың әдістемелік тәсіл негізделді;

-кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі контроллинг жүйесінің қалыптасу моделі әзірленді;

-ҚР сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың инновациялық қызметіндегі контроллингтік жүйені жетілдіру бағытында ұсыныстар кешені дайындалды.

Қорғауға шығарылған негізгі тұжырымдар:

-   басқарушылық шешімдердің инновациялық бағыттылығын ескеретін кәсіпорын қызметіндегі контроллингтің түсінігіне авторлық тұжырым;

-контроллинг жүйесінің қалыптасу үлгісі мен оны бағалаудың әдістемелік тәсілдері, олардың ерекшелігі ретінде оперативті және стратегиялық басқарушылық шешімдердің өзара байланысына бағытталуы саналады;

-   ҚР сүт саласы кәсіпорындарының инновациялық қызметіндегі контроллингтік жүйені дамытудың ұйымдастырушылық тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар;

Информация о работе Предприятия молочной промышленности