Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 19:38, курсовая работа
Целью дисссертационной работы является разработка научно-обоснованных, теоретических и практических рекомендации по совершенствованию системы контроллинга инновационной деятельности предприятий молочной отрасли.
Исходя из цели диссертационной работы, поставлены и решены следующие задачи:
- изучить экономическую сущность и значение системы контроллинга в процессе управления предприятием;
- выявить особенности и разработать методические подходы к формированию системы контроллинга инновационной деятельности предприятия;
- обосновать направления адаптации зарубежного опыта использования системы контроллинга в инновационной деятельности предприятий с учетом специфики казахстанской экономики;
- провести анализ современного состояния и перспектив развития молочной отрасли РК с учетом внедрения системы контроллинга;
- провести оценку эффективности системы контроллинга инновационной деятельности предприятий молочной отрасли Алматинской области;
- выработать рекомендации по совершенствованию организационно – экономического механизма системы контроллинга инновационной деятельности предприятий, производящих молочную продукцию.
- кәсіпорындардың инновациялық қызметіндегі контроллингтік жүйені экономикалық ынталандыру бағытында ұсыныстар.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңызы. Диссертациялық жұмыста анықталған ғылыми нәтижелер (тұжырымдар) мен ұсыныстар сүт өнімдерін өндіру, өңдеу және өткізу жүйесі бағытында кәсіпорындардың қызмет тиімділігін арттыруға, шикізат өндіруден дайын өнімге дейінгі бірыңғай инновациялық технологиялық циклмен байланысқан кәсіпорындар арасындағы өзара тиімді экономикалық қатынастарды дамытуға мүмкіндік береді.
Диссертациялық жұмыста келтірілген сүт өндіру және өңдеу кәсіпорындарының қызмет етуінің экономикалық механизмін жетілдіру, кәсіпорынның инновациялық қызметінде контроллингтік жүйені енгізу және дамыту жөніндегі ұсыныстар осы саланың өнімділігі мен табыстылығының өсуіне көмектеседі.
Ізденуші зерттеуімен анықталған контроллинг тұрғысынан кәсіпорын қызметін бағалау көрсеткіштерінің жүйесі, контроллингтік жүйені енгізу және дамыту, инновациялық қызметтегі оның тиімділігін арттыру бағытында ұсынылған іс-шаралар нарықтық ортада сүт саласы кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жұмыстың негізгі нәтижелерінің қолданылуы. Диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелері мен өзекті мәселелері халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндалып талқыланған. Диссертация материалдары келесідей баяндамаларда мазмұндалды: «Үшінші Рысқұлов оқулары» атты халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясы (Алматы, Т.Рысқұлов ат. ҚазЭУ, 2008 ж.), «Заманауи интеграция: мәдениет, ғылым және технология» (Алматы, «Сымбат» сән бизнесі Академиясы, 2008 ж.), «Қазақстандағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі: аңыздар, ағымдағы күйі, болашағы» (Алматы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2008 ж.), «Төртінші Рысқұлов оқулары» халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясы (Алматы, Т.Рысқұлов ат. ҚазЭУ, 2009 ж.), «Модернизация основных фондов-основа перехода к устойчивому экономическому развитию» (Алматы, Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, 2009 ж.), «Жас ғалымдардың қазіргі заманғы зерттеулері; проблемалар және оларды шешу жолдары» (Астана, «Тұран-Астана» университеті, 2007 ж.), «Модернизация сельскохозяйственной экономики Казахстана: государственные, региональные и отраслевые проблемы» (Алматы, Қаз АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ҒЗИ, 2009 ж.) және т.б.
Зерттеу нәтижелерінің жүзеге асырылуы. Зерттеудің негізгі тұжырымдары экономиканың дамуы және басқарудың өзекті мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда жүзеге асырылған. Зерттеудің жекелеген ғылыми нәтижелері «Солнечный» сүт зауыты» ЖШС, «Қайсар сүт» ЖШС-нің қызметтеріне, сонымен қатар «Контроллинг», «Шығындарды басқару» курстарын меңгеру барысында енгізілген және пайдаланылған.
Зерттеу нәтижелерінің жарияланымдары. Диссертация тақырыбы бойынша жалпы көлемі 3,6 баспа беттен тұратын 11 ғылыми жұмыс, соның ішінде 4-і ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау Комитеті ұсынған басылымдарда, 7 тезис халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялардың ғылыми еңбектер жинағында жарияланды.
Диссертацияның құрылымы және көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Контроллинг экономикалық тұрғыда басқару және бақылауды білдіреді, дегенмен мақсат қою мен оны жүзеге асыру бағытындағы іс-шараларды жоспар құру әрекетінсіз тиімді басқару мүмкін емес. Сондықтан контроллинг жоспарлау, реттеу және бақылау бағытындағы іс-шаралар жиынынан тұрады. Контроллинг жүйесінің барлық элементтері жоспарлаудан бастап, оның орындалуына мониторинг жасауға дейін ең алдымен жоспардың орындалу нәтижелерін талдау, оны жүзеге асыру үдерісінде оң және теріс ауытқуларды бағалау негізінде жоспардың орындалуы үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған.
Контроллингтің мақсаты ұйымның жалпы мақсатынан туындайды және ең алдымен ұйымның қалыпты жағдайын сақтау және оның табысты дамуына бүкіл басқарушылық үдерісті бағдарлауға негізделген.
Контроллинг – кәсіпорын экономикасын талдау мен болашақта күтілетін әрекеттерге қатысты басқарушылық қызметті үйлестіру бағытындағы кәсіби қызметтің заманауи жаңа тұжырымдамасы.
Контроллингтің міндеттеріне табыстылықты, өтімділікті қамтамасыз ету, тәуекелді төмендетуді жоспарлау және бақылау жатады. Мұнда контроллингтің негізгі мақсаты ретінде қызметті басқару, төтеп беру және күшейту бағытындағы іс-шараларды дер кезінде жүргізуге мүмкіндік беретін ақпаратпен уақытылы қамтамасыз ету.
Біздің пікірімізше, контроллинг – кәсіпорын қызметінің табыстылығын арттыру жолымен ұзақ мерзімді кезеңде оның өмір сүруін қамтамасыз етуге, серпінді дамуы үшін ұтымды инвестициялық шешімдерді қабылдауға, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметте тәуекелді төмендетуге мүмкіндік беретін кәсіпорынды басқарудың заманауи жүйесі.
Отандық және шетелдік экономист-ғалымдарының контроллинг аясындағы пікірлері мен ғылыми ұстанымдары көбінесе басқару қызметіне, үйлестіруге және ақпаратқа негізделген. Сол себепті контроллинг жеке ғылыми зерттеуді қажет етеді. Біздің пікірімізше, инновацияға негізделген контроллинг- инновациялық жобалар бағытындағы шешімдерді қабылдау үшін басқарушылық қызметті бағыттау, инновациялық жобалардың ұзақмерзімді өміршеңдігін және үйлесімділігін қамтамасыз етуге ақпараттық-инструменталды қолдау көрсету.
Инновацияларға шаруашылық механизмнің әсері ерекше басқару стратегиясы мен белгілі бір әдіс-тәсілдер көмегімен жүзеге асырылады. Әдіс-тәсілдер мен стратегиялардың жиынтығы инновацияларды басқарудың өзіндік механизмі, басқару үдерісін басқару жүйесі – контроллинг қызметі арқылы жүзеге асырылады.
Кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі контроллинг келесі кезеңдерден тұрады:
1) инновациялар үшін негіз ретінде көрінетін идеяларды іздеу;
2) идеяларды жүзеге асыруда ақпараттық-инструментальды қамсыздандыру;
3) берілген инновациялар үшін инновациялық үдерісті жоспарлау және ұйымдастыру;
4) нарыққа инновацияларды енгізу және олардың қозғалу үдерісін бақылау.
Кәсіпорын қызметіне объективті және негізделген баға беру үшін контроллинг қызметінде екі көрсеткіштер топтамасын, яғни басқару тиімділігі мен табыс пайдаланылады, бұл кәсіпорынды тиімді басқаруға мүмкіндік береді.
Контроллинг – күтпеген жағдайлардан шығу және кәсіпорын экономикасына қауіп төнген жағдайда уақытылы шешім қабылдауға мүмкіндік беретін, кәсіпорын мақсаттарына жетуге көмектесетін, қызмет нәтижелері мен шығындарды реттеу жүйесі, экономикалық тиімділікке қол жеткізу тұжырымдамасы. Бұдан әрбір кәсіпорын басшыларының алдында тұрған міндет ретінде ұйымның инновациялық белсенділігін көтеру бағытында контроллинг жүйесін енгізуде стратегиялық басымдықтарды анықтауы саналады.
1-сурет - Кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі контроллингтің рөлі
Е с к е р т у – Әдебиет көздерін зерттеу негізінде дайындаған автор.
Оперативті және стратегиялық контроллинг тұрақты түрде өзара қарым-қатынаста болады. Оперативті жоспарлау стратегиялық жоспарға сәйкес жүргізіледі және керісінше, оперативті қабылданған шешімдердің кәсіпорынның стратегиялық бағытта қызмет етуі және дамуы үшін маңызы зор. Кәсіпорынның табыстарға қол жеткізуі оның басшыларының өндірістік мәселелерді уақытылы анықтап және талдай білу қабілеттілігіне тікелей байланысты болады. Қажетті басқарушылық шешімдерді шұғыл түрде қабылдау үшін ақпараттардың дер кезінде дайындалуы және басшыларға ұсынылуы қажет. Бұл тиімді контроллинг жүйесіне, оперативті және стратегиялық аспектілерін ескеретін кешенді бағалау әдістемесіне байланысты болады (2-сурет).
2-сурет - Контроллинг жүйесін кешенді бағалаудың жалпы сызбанұсқасы
Е с к е р т у – Өңдеген автор.
Инновациялық контроллингті стратегиялық контроллингтің құралнамасы ретінде айқындауға болады, себебі кәсіпорынның инновациялық қызметі оның болашақтағы ұзақмерзімді қызмет етуін айқындайды және едәуір тәуекелдермен, белгісіздіктермен байланысты келеді. Стратегиялық контроллинг құралнамалары ең алдымен кәсіпорынның перспективасы мен тәуекелін, оның ұзақмерзімді қызмет етуіне кедергі келтіретін факторларды анықтау және үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін қолданылады.
Кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі стратегиялық контроллингтің қалыптасу үлгісі 3-суретте келтірілген.
Инновациялар экономиканың кез келген секторы сияқты күрделі қаражат салымдарын талап етеді. Қосымша пайда табу, ұйым қызметінің тиімділігін арттыру және әлеуметтік-экономикалық тиімділікке жету үшін қаржылық салымдар салу қажет.
3-сурет - Кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі стратегиялық контроллинг
Е с к е р т у - Зерттеулер негізінде автормен дайындалған.
Стратегиялық контроллинг тұрғысынан белгісіздік деңгейі жоғары жобаларды бағалауда STAR жүйесін қолдану тиімді болып табылады.
Бұл жүйе тәжірибеге бағытталғандықтан ел экономикасында қолданудың маңыздылығы жоғары. Бірақ, ел экономикасының өзіндік өзгешеліктері ескерілуі тиіс.
STAR жүйесінің негізгі артықшылығы – технологиялық және стратегиялық аспектілердің кешенділігі.
Контроллинг, әдетте тәуекел ықтималдылығын төмендетумен байланысты. Әрбір тәуекел өзінің орындалу мерзімдері мен орындалу критерийлері бар арнайы іс-әрекеттер жоспарын қажет етеді.
Зерттеу объектісі ретінде Алматы облысының сүт өндірісімен айналысатын кәсіпорындары алынды.
Қазақстанда сүт өнімдерінің ішінде 2008 жылы сыр және сүзбе өнімдері 4,2 %-ға, қойылтылған сүт пен кілегей 19,5 %-ға төмендегені байқалады. Бұл жағдайды келіп түскен шикізаттардың сапасының төмендігімен, өнім дайындау жүйесінің дамымауымен, оны тасымалдау кезінде шығындардың көптігімен, өндірістің маусымдылық сипаты және жыл бойы шикізаттың әркелкі түсуімен түсіндіруге болады.
1-кесте - Сүт және сүт өнімдерінің ресурстары мен пайдаланылуын талдау, мың тонна
Көрсеткіштер | 2005ж. | 2006ж. | 2007ж. | 2008 ж. | 2008 ж. 2005 жылмен салыс-тырғандағы өзгерістері | |
+/- | % | |||||
Жыл басындағы ресурстар қорлары | 714,4 | 630,9 | 699,3 | 1216,1 | 501,7 | 170,2 |
Өндіру | 4749,2 | 4926 | 5073,2 | 5198 | 448,8 | 109,5 |
Импорт | 431,9 | 472,6 | 764,2 | 860,1 | 428,2 | 199,1 |
Барлық ресурстар | 5895,5 | 6029,5 | 6536,7 | 7274,2 | 13778,7 | 123,4 |
Мал азығына өндірістік тұтынуға | 587,5 | 596,9 | 601,5 | 644,2 | 56,7 | 109,7 |
Ысырап | 29,5 | 30,1 | 30,4 | 36,4 | 6,9 | 123,4 |
Экспорт | 62,0 | 36,0 | 40,2 | 23,0 | -39 | 37 |
Жеке тұтыну | 4585,1 | 4666,6 | 4647,8 | 4806,9 | 221,8 | 104,8 |
Жыл аяғына қорлар | 630,9 | 699,3 | 1216,1 | 1763,0 | 1132,1 | 279,4 |
Ескерту- ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері негізінде есептелген. |
Ауылшаруашылық шикізаты ресурстарының жеткіліксіздігі азық-түлік импортына отандық нарықтың тәуелділігінің күшеюіне алып келді. Тұтыным құрылымында импорт көлемінің артуы сүт саласындағы отандық кәсіпорындардың жұмыстарын күрделендірді, сондай-ақ жалпы Қазақстанның ауылшаруашылығының қызметіне кері әсерін тигізді.
1-кестеден көргеніміздей, сүт және сүт өнімдері импорты 2005 жылы 431,9 мың тоннаны құраса, 2008 жылы 860,1 мың тоннаға тең, яғни 2008 жылы 428,2 мың тоннаға артқан, ал экспорт көлемі 2008 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 39 мың тоннаға қысқарған. Қазақстан сүт өнімдерін өте аз көлемде экспортқа шығарады. Атап айтсақ, 2006 жылы 36 мың тонна, 2007 жылы – 40,2 мың тонна шығарса, ал 2008 жылы– небәрі 23 мың тонна ғана экспорттаған. Негізінен бұл май, сыр және ультрапастерленген сүт.
Жалпы контроллинг жүйесін енгізу алдында қажетті көлемде ақпараттар жинақталып, саланың, кәсіпорынның әлсіз және күшті жақтары, мүмкіндіктері мен перспективаларына талдау жасалады.
Сүт саласы кәсіпорындарына SWOT-талдау 2-кестеде келтірілген.
2-кесте - ҚР сүт саласының қазіргі жағдайын SWOT – талдау
Күшті жақтары | Әлсіз жақтары |
1. Үкімет тарапынан қабылданған стратегиялық жоспарлардың, бағдарламалардың және нормативті-құқықтық актілерінің жүзеге асырылуы 2. Сүт өнімдерінің сапасы «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентпен реттеледі 3. Шағын және орта бизнесті қолдау және тұрақтандыру іс-шараларына бөлінген қаражаттар есебінен сүт саласы кәсіпорындарына қолжетерлік несие ресурстарымен қамтамасыз ету бағытында мемлекеттік қолдау 4. Несие құнын 50%-ға дейін арзандататын несиенің сыйақылық ставкаларын субсидиялау есебінен мемлекеттік қаржылық қолдау 5. Өңдеуші сала кәсіпорындары үшін (сүт өңдеу және сыр өндіру бойынша) ҚҚС мөлшерлемесі 70 %-ға дейін төмендетілген 6. Халықаралық стандарт талаптары негізінде сапа менеджменті жүйесін енгізу бағытында АӨК субъектілерінің шығындарының 50 % субсидиялануы
| 1. Жалпы ірі қара мал басы санындағы асыл тұқымды мал басының үлесінің төмендігі 2. Сүт өңдеу зауыттарына түсетін шикізат сапасының төмендігі мен мен жыл бойы әркелі түсуі 3. Мал шаруашылығында жем-шөп базасының дамымауы 4. Ірі қара мал басын тамақтандыру рационының бұзылуы 5. Өзіндік құн құрамында шикізатқа жұмсалған шығындардың үлесі жоғары 6. Қораптау бойынша кәсіпорынның тапшылығы 7. Тасымалдау, көтерме-бөлшек сауда 8. Сүт саласы кәсіпорындарында халықаралық сапа стандарттарына толығымен өтпеуі 9. Бәсекеге қабілетті өнім өндіруге мүмкіндік беретін алдыңғы қатарлы технологиялармен жабдықталу деңгейі төмен 10. Сүт саласы кәсіпорындарында инновациялық беленділіктің төмендігі 11. Дайындық жүйесінің дамымауы, өнімді дайындау және тасымалдау кезінде шығындардың көптігі 12. Өндірістік қуатының толық жүктелмеуі |
Мүмкіндіктері мен перспективалары | Кедергілер |
1. Сүт өнімдеріне әлемдік сұраныстың жылдан жылға артуы 2. Қытай экономикасының жылдам өсу қарқыны осы елдерге сүт өнімдерін экспорттау мүмкіндігін арттырады 3. Сүт саласы кәсіпорындарында жаңа басқару механизмін енгізу, яғни контроллинг жүйесін енгізу және бейімдеу 4. Тауарлы-сүт фермаларда дәстүрлі емес жаңаланған энергия көздерін қолдану 5. Кластердің өндірістік әлеуетінің өсімі | 1. Сүт нарығының импорттық өнімдерге тәуелділігі 2. Шикізаттың терең өңделмеуі 3.Инфрақұрылымның бір ізге салынбауы 4. Негізгі құрал-жабдықтардың тозуы 5. Ірі қара мал басының жұқпалы аурулары 6. Сапаны бақылау жүйесінің әлсіздігі 7. Инфляция деңгейі
|
Ескерту – Зерттеулер негізінде дайындаған автор. |