Предприятия молочной промышленности

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 19:38, курсовая работа

Описание

Целью дисссертационной работы является разработка научно-обоснованных, теоретических и практических рекомендации по совершенствованию системы контроллинга инновационной деятельности предприятий молочной отрасли.
Исходя из цели диссертационной работы, поставлены и решены следующие задачи:
- изучить экономическую сущность и значение системы контроллинга в процессе управления предприятием;
- выявить особенности и разработать методические подходы к формированию системы контроллинга инновационной деятельности предприятия;
- обосновать направления адаптации зарубежного опыта использования системы контроллинга в инновационной деятельности предприятий с учетом специфики казахстанской экономики;
- провести анализ современного состояния и перспектив развития молочной отрасли РК с учетом внедрения системы контроллинга;
- провести оценку эффективности системы контроллинга инновационной деятельности предприятий молочной отрасли Алматинской области;
- выработать рекомендации по совершенствованию организационно – экономического механизма системы контроллинга инновационной деятельности предприятий, производящих молочную продукцию.

Работа состоит из  1 файл

закон об акционерных обществах.doc

— 460.00 Кб (Скачать документ)

SWOT-талдау әдісі ҚР сүт саласының күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен кедергілерін анықтауға мүмкіндік беретін стратегиялық контроллингтің құралнамаларының бірі болып табылады.

Талдау нәтижесі көрсеткендей, аталған саланың күшті жақтары мен мүмкіндіктерінен гөрі оның әлсіз тұстары мен дамуына кедергі келтіретін факторлары көп.

Сүт саласының әлсіз жақтары мен кедергі келтіретін факторлары ретінде келесілерді атап өтуге болады:

1.     Сүт саласында шикі сүт өндірісінің маусымдық өзгерістері өңдеуші кәсіпорындарға шикізаттың тұрақты түсуін тежеп, алшақтықтарға әкеледі. Қарашадан ақпанға дейінгі сүт өндіру көлемі 17,4 % (5036 мың тонна жылдық сүт өндіру көлемінің 878,8 мың тоннасы осы кезеңде  өндіріледі).

2.     Жалпы ірі қара мал басы санындағы асыл тұқымды малдардың үлесінің (3,5 %, с.і. 0,63 %-асыл тұқымды сауынды сиырлар), сәйкесінше сиырлардың өнімділігінің төмендігі. Республикада орташа жылдық сауым 2,8 тонна сүтті құраса, АҚШ-та бұл көрсеткіш-8,6 тонна.

3.     Сүттің 90,5% (4558,2 мың тонна) жеке үй шаруашылығында өндірілуі. Бұл сүттің жоғары деңгейде бактериалды тұқымдануына әкеледі және сүт өңдеу зауыттарын жоғары сапалы шикізаттармен толық көлемде қамтамасыз етілуін тежейді.

4.     Мал шаруашылығында жем-шөп базасының дамымауы, ірі қара мал басын тамақтандыру рационының бұзылуы

5.     Өзіндік құн құрамында шикізатқа жұмсалған шығындардың үлесі жоғары. Шағын бизнес үшін сүт өндірісі рентабельділікті қамтамасыз етпей отыр. Өнім бірлігіне кететін шығындардың құрамында шикізаттан басқа шығындардың үлесі 40-50 %-дейін жетеді. Ол шығындар - еңбекақы, салық, электр энергиясы, су, тасымал шығындары. Егер зауыттың қуаты төмен болып, өнім ассортименттері көбірек болса, соғұрлым осы шығындардың үлес салмағы жоғары болады. Айталық, йогурттың өзіндік құны 15 теңге мөлшерінде, ал қосымша 5 теңге шағын кәсіпкерге қорапталуға – бір рет қана пайдаланатын пластмасса стақаншасына кетеді. Егер қораптаушы затты кәсіпорынның өзі шығармаса, онда өнім ассортиментін кеңейту кәсіпкер үшін тиімді емес.

6.     Жаңа технологияларды шығару саласында зерттеу жұмыстарының аздығы, инновациялық белсенділігінің төмендігі (өңдеуші салада, соның ішінде тамақ өнеркәсібі бойынша 4 %-ды құрайды).

7.     Сүт нарығының Ресей, Қырғызстан, Украина елдерінен әкелінетін импорттық өнімдерге тәуелділігі  (қойытылған сүт және кілегейлі сүт – 84 %, сары май - 30%, сыр және сүзбе - 65%, құрғақ сүт -79,7%) . ҚР үшін ТМД елдерінің ішінде сүт өнімдерінің басты импорттаушысы ретінде Ресей саналады. Оның үлесіне біздің нарықтағы барлық жеткізілімдердің жартысына жуығы тиесілі. Сүт импортының құрылымындағы 15,8% Беларусь, 15%-Украина, 7,7% - Қырғызстан өнімдері құрап отыр. Қазақстандық компаниялар республикалық нарықты сүт өнімдерімен қамтамасыз ете алмайды, сондықтан импорт көлемі басым болып отыр. Бұл отандық сүт тұтынушылары үшін қолайлы болғанымен, қазақстандық сүт өндірушілері үшін тиімсіз.

8.     Көлік инфрақұрылымындағы мәселелер – сүт өнімдерін өндірушілердің басты кедергісі болып табылады, яғни қашықта орналасқан тұтынушыларға жеткізу жұмыстарын күрделендіреді, жоғары тасымал шығыстары, жеткізу сызбанұсқасының бір ізге келтірілмеуі. Себебі, сүтті сақтау мерзімінің қысқа болуына байланысты өнімді өткізу кезінде ерекше дәлдікті, жоғары маркетингтік көрсеткіштерді талап етеді.

9.     Негізгі құрал-жабдықтардың тозуы. Кейбір сүт саласы кәсіпорындарында 70-80 %-ға жеткен.

10. Инновациялық белсенділіктің төмен дәрежесі. Сүт саласында инновациялық үдерістерге кедергі келтіретін факторлардың ішінен төмендегілерді атап өтуге болады:

-         ғылыми зерттеу базасының әлсіз деңгейі, кәсіпорындардың жаңа ғылыми-техникалық жетістіктерді игеруге дайын еместігі, жаңа технологиялар мен жаңа өткізу нарықтары туралы ақпараттардың жетіспеушілігі;

-         меншікті ақша қаражаттарының жетімсіздігі, жоғары экономикалық тәуекел, инновациялық жобалардың қайтарымдылық мерзімінің ұзақтығы;

-         регламенттелген заңды және нормативті-құқықтық құжаттардың анықталу деңгейінің төмендігі;

-         технологиялар нарығының инновациялық бағытта дамуының төмен дәрежесі.

11. Сапаны бақылау жүйесінің әлсіздігі. Зертханаларда құрамында жануар майы бар екенін көрсететін тереңдетілген талдаулар жүргізілмейді, тек үстіртін талдау жасалады.

Сүт өндірісі әлемдік сауда ұйымының талаптары мен нормаларына әлі де сай келмейді деуге болады. Осыған байланысты барлық салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жүйеде шаруашылық жүргізуді және оны жүзеге асырудың экономикалық механизмін құру талап етіледі.

Контроллингтің маңызды тетіктерінің бірі - есепке алу және бақылау. Елімізде сапаны бақылау жүйесі жоқтың қасы деуге де болады. Зертханаларда сүт өнімдерінің құрамында әртүрлі жануарлардың майы бар екенін көрсететін терендетілген талдаулар жүргізілмейді, тек үстіртін талдау жасалады.

Алматы облысы бойынша 15-ке жуық сүт және сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорындар қызмет етеді. Солардың ішінде зерттеу объектісі ретінде «Қайсар сүт» ЖШС, «Солнечный» сүт зауыты» ЖШС және «Фудмастер» ЖШС алынды. Зерттеуге алынған кәсіпорындардың инновациялық қызметінде контроллинг жүйесін жетілдіру бойынша зерттеулерді олардың экономикалық жағдайын сараптаулардан бастауға болады (3-кесте).

Талдау нәтижелері көрсеткендей, «Солнечный» ЖШС және «Фудмастер» ЖШС қаржылық жағдайы тұрақты, «Қайсар сүт» ЖШС дағдарысты жағдайда екенін байқауға болады. Кәсіпорынның нарықта өз тауашасын нық ұстап тұру, шығарған өнімдерінің сапасын арттыру, еңбек өнімділігін жоғарылату инновациялық жетістіктерді қолданбай жүзеге асыру қиындық туғызады.

15

 



3-кесте – Алматы облысындағы сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

Өлшем

бірлігі

«Қайсар сүт» ЖШС

Өзге-ру қарқыны, %

2007

«Солнечный» сүт зауыты» ЖШС

Өзге-ру қарқыны, %

«Фудмастер» ЖШС

Өзге-ру қарқыны, %

2007ж

2008ж

2007ж

2008ж

2007ж

2008ж

1

Өткізілген өнімнен

түскен табыс

мың теңге

241006,6

142945

59,31

2364094

3678125

155,5

4952239,1

5844324,9

118,0

2

Өткізілген өнімнің өзіндік құны

мың теңге

201900,1

152042,7

75,31

655952

987823

150,5

3962834,5

4116424,9

103,9

3

Жалпы табыс (зиян)

мың теңге

39106,5

-9097,7

-23,26

1708142

2690302

157,5

989404,6

1727900

174,6

4

Кезең шығыстары

мың теңге

43249,2

25581,6

59,15

1489526

2436691

163,6

714524,1

1428525,9

199,9

5

Таза табыс (зиян)

мың теңге

4059,4

345,6

8,51

207360

228249,9

110,1

274880,5

299374,1

108,9

6

Негізгі құралдардың

орташа жылдық құны

мың теңге

91685,1

75848,2

82,73

608005

845612

139,1

1117010,4

1136602,1

101,8

7

Жұмыскерлер саны

адам

110

47

42,7

380

405

106,6

527

543

103,0

8

Жұмыскерлердің

еңбек ақы қоры

мың теңге

21266

12167

57,2

530299

728546

137,4

 

447739,2

492609,6

110,0

9

Бір жұмыскердің орташа айлық жалақы

теңге

16111

20492

127,2

45000

55000

101,9

70800

75600

106,8

10

Бір жұмыскердің еңбек

өнімділігі

мың тг.

2190,97

3041,4

138,8

4925,2

7475,9

122,22

 

9397,0

10763,0

114,5

11

Қор қайтарымдылығы

теңге

2,63

1,88

71,7

7,8

9,1

116,7

4,43

5,14

116,0

12

Қор сыйымдылығы

теңге

0,38

0,53

139,5

0,13

0,16

123,1

0,23

0,19

82,6

13

Қормен қарулану

мың теңге

833,50

1613,8

193,6

1266,7

1718,7

135,6

2119,6

2093,2

98,8

Ескерту - «Солнечный» сүт зауыты» ЖШС, «Фудмастер» ЖШС және «Қайсар сүт» ЖШС  мәліметтері негізінде есептелген

16

 



«Қайсар  сүт» ЖШС белсенді инновациялық қызметпен айналыспайды.

Есепті кезең қорытындысы бойынша  «Қайсар сүт» ЖШС техникалық-экономикалық көрсеткіштері 2008 жылы төмендеген. Кәсіпорынның жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуі үшін өнімді өткізу және инновациялық стратегиялардың ұтымды жүргізілуі, басқару құрылымының қайта қарастыруы қажет.

Ішкі нарықта өндірілетін сүт өнімдерінің бәсекеқабілеттілігін арттыру көп жағдайда сүт өнімдерінің жаңа түрлерін шығаруға, игеруге, жоғары сапа деңгейі мен бағалық артықшылықтарды қамтамасыз етуге, сыртқы нарықтарға  белсенді түрде орналастыруға, оның қозғалысы үшін жағдайлар жасауға қабілетті кәсіпорындардың инновациялық қызметіне байланысты болады.

Қазақстандағы сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың көбі, қазіргі уақытта, тек өнімнің бір ғана түрін өндіруге икемделген және шығаратын өнімдерін терең өңдеу технологиясы әлі де жолға қойылмаған. Қазақстандағы сүт өнімдерін өндіру саласы кәсіпорындарында МСТ-технологиясын енгізу тиімді. МСТ технологиясы – сақтау мерзімін ұзарту арқылы экономикалық көрсеткіштерін төмендетпей-ақ, таза өнімнің нәрлі қасиеттері мен дәмдік сапасының сақталуын қамтамасыз ететін сұйық тағамдық өнімдерді төмен температурада өңдеудің жаңа әдісі.

Ресейлік нарықта 2008 жылы МСТ-ны енгізумен айналысу қолға алына бастады, өйткені мұнда жағымды техникалық әлеуетті көруге болады, ал Қазақстанда сүт өнімдерін өндірушілерге инновациялық және ең бастысы – қол жетімді (мүмкін болатын) технологиялық шешімдер өте қажет.

Біздің пікірімізше, МСТ-технологиясын «Қайсар сүт» ЖШС-не енгізу оны дағдарысты жағдайдан алып шығуға, тиімділігін арттыруға және инновациялық белсенділігін арттыруға мүмкіндік берер еді. Себебі, бұл технология өте шағын кәсіпорындарға да бағасы жағынан тиімді, әрі қолайлы болып табылады.

Кәсіпорындардың инновациялық қызметті жүзеге асырудағы маңызды проблемалардың бірі инновациялық қызметті қаржыландыру екені белгілі. Кәсіпорындардың басты қаражат көздері - жеке қаражаттары, бұл өте арзан ресурс. Көптеген сүт саласы кәсіпорындарының меншікті қаражат көздері толық көлемде инновациялық қызметті қаржыландыруға мүмкіндік бермейді. Сондықтан құрал-жабдықтарды сатып алу бойынша лизингтік келісім-шарттардың аясын кеңейту қажет сияқты.

Шетелдік тәжірибелерге сүйенсек, көптеген  елдерде сүт өнеркәсібінің дамуында инновациялық үдерістердегі көшбасшылардың стратегиялық артықшылықтарын қамтамасыз ететін инновациялар басты роль атқарған. Сондықтан ҚР сүт саласы үшін инновациялық қызметтің басым бағыттарын таңдау келелі мәселе болып табылады.

Отандық және шетелдік тәжірибелерді талдай келе, инновациялық қызметтердің келесі негізгі бағыттарын бөліп қарастыруға болады:

1.     сүт өнімдері өндірісінің үдерістерін автоматтандыру, қазіргі заманғы ресурс сақтайтын технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықтау;

2.     сыртқы ортадан қорғау және қораптардағы микроағзаларды жою, фильтрлеудің қазіргі заманғы жүйелерін енгізу;

3.     өнімді сақтау мерзімін ұзартуға мүмкіндік беретін қораптардың қазіргі заманғы материалдарын пайдалану;

4.     сүт өнімдерінің кейбір түрлерін өндіру технологияларын өзгерту;

5.     шикізатты өңдеудің жаңа әдістерін енгізу;

6.     функционалды тамақтану үшін сүт өнімдері өндірісінде екінші ретті шикізаттарды пайдалану (майсу, сүт сарысуы, қаймағы айырылған сүт);

7.     сүт өнімдерінің тағамдық және тұтынушылық құндылықтарын арттыру;

8.     өнім сапасын бақылаудың озық әдістері;

9.     сүт өндіру саласы кәсіпорындарын басқарудың жаңа механизмдерін енгізу және жетілдіру, немесе басқару жүйесіне инновациялар енгізу;

10. тауарлы-сүт фермаларында  жаңа дәстүрлі емес энергия көздерін тарту және пайдалану;

11. патент, лицензия, ноу-хау, сауда нысандары, технологиялық тұрғыдағы үлгілер мен қызметтер нысанында тараптардан технологиялар сатып алу;

12. сүт  майларын өсімдік майларына  бөлшектей ауыстыру арқылы аралас өнімдер өндірісін құру және енгізу. Тек экономикалық және шикізат жетіспеушілігін жою үшін ғана емес, сонымен қатар халықтардың денсаулығы үшін де өсімдік майларын пайдалану т.с.с.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 29.01.2010 ж. «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауында инновациялар ғана еңбек өнімділігінің шұғыл артуына жеткізетіні баса айтылған. Өз кезегінде инновацияларды енгізу кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін нығайту мақсатында өндіріс тиімділігін арттыруға, еңбек өнімділігін ұлғайтуға бағытталады.

Зерттеліп отырған объектілердің ішінде нарықта үлесі жылдан жылға өсіп келе жатқан «Солнечный» сүт зауыты» ЖШС инновацияларға көбірек көңіл бөледі.

«Солнечный» сүт зауыты» ЖШС жаңа инновациялық жобаларды 2010 жылдан бастап жүзеге асыруды жоспарлайды. Зауытта сүт өнімдерін өндіру және оларды қораптау бойынша Швейцарияда жасалған Тетра Пак құрал-жабдығы, балмұздақ ассортименттерін шығаруда Италияда шығарылған лизингке алынған ТехноАйс құрал-жабдығы қолданылады.

2010 жылдан бастап «Солнечный» сүт зауыты» ЖШС сүт және сүзбе өнімдерін өндіру мақсатында DONIDO технологиялық тізбегі, вакуумды қораптау термиялық қалыпқа келтіру машинасын сатып алу және қолдану жобасы қарастырылған. Осы мақсатта жаңа өндірісті құруды қарастыратын инвестициялық жоба жүзеге асырылады.

Информация о работе Предприятия молочной промышленности