Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 19:38, курсовая работа
Целью дисссертационной работы является разработка научно-обоснованных, теоретических и практических рекомендации по совершенствованию системы контроллинга инновационной деятельности предприятий молочной отрасли.
Исходя из цели диссертационной работы, поставлены и решены следующие задачи:
- изучить экономическую сущность и значение системы контроллинга в процессе управления предприятием;
- выявить особенности и разработать методические подходы к формированию системы контроллинга инновационной деятельности предприятия;
- обосновать направления адаптации зарубежного опыта использования системы контроллинга в инновационной деятельности предприятий с учетом специфики казахстанской экономики;
- провести анализ современного состояния и перспектив развития молочной отрасли РК с учетом внедрения системы контроллинга;
- провести оценку эффективности системы контроллинга инновационной деятельности предприятий молочной отрасли Алматинской области;
- выработать рекомендации по совершенствованию организационно – экономического механизма системы контроллинга инновационной деятельности предприятий, производящих молочную продукцию.
Бұл жобаларды жүзеге асыру келесі кезеңдерден тұрады:
- технологиялық құрал-жабдықтарды сатып алу және орнату;
- монтаждау және іске қосу, жаңа өндірісті жөнге салу жұмыстарын жүргізу;
- өндірісті сынақтан өткізу;
- жаппай өндіріс және бекітілген өндірістік кестеге байланысты жүзеге асыру;
- жоспарланған жұмыстардың орындалуына мұқият бақылау жасау;
- белсенді жарнамалық жұмыстар.
Инновациялық жобаны жүзеге асыру көздері ретінде аванстық қорлар (дайын өнімдерді өткізуден алынатын) және инвестициялық салық преференцияларын қолдану негізінде алынатын қаражаттар есебінен жүргізу көзделген. Жобаның жалпы құны –589725 мың теңге. Жобаны жүзеге асыру мерзімі инвестицияларды салу мерзімінен бастап – 5 жылды құрады.
Кәсіпорынның маңызды міндеттерінің бірі әрбір салынған қаржылар келешекте өнімнің максималды өсімін алу үшін қаражат салымдарының тиімділігін арттыру, еңбек ресурстарын ұтымды пайдаланылу болып табылады.
4-кесте - Инновациялардың сандық-сапалық сипаттамалары
Инновациялар атауы | Инвестиция мөлшері, мың тенге | Инновацияға жұмсалатын инвестиция-лардың есебінен алынған пайда, мың тг | Инновациялардың сандық-сапалық сипаттамалары |
1. DONIDO №1 технологиялық тізбегі | 254535 | 13691,15 | Өнім ассортименттерін ұлғайту, өнімді сапалы қорапта шығару, еңбек өнімділігін арттыру |
2. DONIDO №2 технологиялық тізбегі | 266190 | 11942,87 | |
3. Вакуумды қораптау термиялық қалыпқа келтіру машинасы | 69000 | 2960,7 | Еңбек ресурстарының шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді |
Ескерту - «Солнечный» сүт зауыты» ЖШС мәліметтері негізінде есептелген |
Инновацияның тиімділігін және ұтымдылығын анықтау үшін оның сандық-сапалық сипаттамаларын талдау қажет екені белгілі. Сондықтан инновациялардың түрлері экономикалық, коммерциялық және әлеуметтік ерекшеліктеріне байланысты зерттеуді қажет етеді.
«Солнечный» сүт зауыты» ЖШС инновацияларды енгізу оның экономикалық көрсеткіштері едәуір жақсартатынын көрсетеді. Мысалы, өндіріс көлемі орташа 19 %, рентабельділік-5,3 %, еңбек өнімділігі 15,5 %–ға өседі екен. Соның нәтижесінде инновацияны енгізуге жоспарланған 5 жылда табыстың мөлшері 24148,5 мың $, немесе 3622275 мың теңгені құрайды. Өндіріске енгізілген технологиялар сүт өнімдерінің сапасын жоғарылатуға, шығарылатын өнімнің ассортименттерін кеңейтуге, электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Кестеде келтірілген мәліметтер сүт зауытында инновациялық қызметті жүзеге асыру есебінен келешекте экономикалық өсімді қамтамасыз ететінін көрсетеді. Қарастырылып отырған инвестициялық-инновациялық жобалардың тиімділігінің көрсеткіштері инновацияларға жұмсалатын инвестициялардың мақсаттылығын білдіреді.
Сүт өнімдерін өңдейтін кәсіпорындардағы инновациялық қызметтерді тиімді басқару барысында менеджменттің алдыңғы қатарлы әдістерінің бірі контроллингті енгізу және жетілдірудің маңызы зор.
Қазақстанда сүт өнімдерін өндіру саласы кәсіпорындарынның инновациялық қызметінде контроллинг жүйесін енгізудің ұйымдастырушылық аспектілері ретінде төмендегідей мәселелерді шешу қажет:
- сүт өнімдерін өндіру саласы кәсіпорындарының ұйымдық құрылымын өзгерту, яғни жеке контроллинг қызметін немесе бөлімін енгізу;
- кәсіпорын мамандарын оқыту және кәсіби қайта даярлау;
- инновациялық қызметтегі контроллинг жүйесіне қатысты нормативті-құқықтық базаны енгізу; реттеу құжаттарын әзірлеу;
- сүт өнімдерін өндіру саласы кәсіпорындарының инновациялық қызметіндегі контроллингті кадрлық, ақпараттық қамтамасыз ету (контроллер ретінде маманды тағайындау)
- контроллингтік жүйеде ақпараттық технологияларды енгізу.
- кеңес берушілік қызметті қамтамасыз ету.
ҚР сүт саласында контроллингтік жүйені жетілдіру үлгісі 4-суретте келтірілген.
4-сурет - ҚР сүт саласының инновациялық қызметіндегі контроллинг жүйесін жетілдіру моделі
Ескерту – Дайындаған автор.
Бұл контроллингтік жүйенің жетілдірілген үлгісінде контроллинг басқару қызметтерін шоғырландыру және үйлестіру қызметін атқарады. Қазіргі таңда сүт саласы бойынша контроллингтік жүйенің қызметтері бір жүйеге келтірілмеген және оның үйлесімділігі жоқ. Қарастырылған сызбанұсқа автордың пікірінше, тиімді болып саналады. Жеке ұйым, сала шеңберінде басқарушылық ақпараттардың біртұтастығын байланыстыру мәселесін контроллинг шешетіні белгілі.
ҚР сүт өндіру саласы кәсіпорындарының инновациялық қызметінің даму стратегиясы – кәсіпорындардың күшті жақтарын одан әрі дамыту, әртүрлі кедергілерді ескере отырып, барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, әлсіз жерлерді күшейту. Индустрия және сауда Министрлігінде жалпы перспективада тамақ және өңдеуші сала кәсіпорындарын оларды техникалық және технологиялық жаңарту, кәсіпкерлік инициативаларын ынталандыру және отандық өндірістің бәсекеқабілеттілігін арттыру үшін, және жалпы елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолдау көрсетудің жүйелі іс-шараларын жүзеге асыру қарастырылуда.
Кәсіпорындардың инновациялық қызметіндегі контроллингтік жүйені жетілдірудің экономикалық тетіктері ретінде келесілерді қарастыруға болады: экономикалық базаны қамтамасыз ету, қаржылық-несиелік және инвестициялық қамтамасыз етуді жетілдіру, яғни жеңілдікпен салық салу және несие беру, субсидиялар бөлу, тәуекелдерді сақтандыру, шығындарды төмендету, кәсіпорындағы бюджет құру және бюджеттік жоспарлауды жетілдіру, кәсіпорындағы персоналдарды ынталандыру.
Сонымен, сүт өнімдерін өндіру саласы кәсіпорындарының инновациялық қызметінде мамандандыру, технологиялық жүйелерді автоматтандыру, өнім өндіру және оның өткізілуіне қажет инновациялық жобаларды жүзеге асыруға кететін шығындарды төмендету бағытында контроллингтік жүйені енгізудің ұйымдастырушылық-экономикалық тетіктерін жүзеге асыру кәсіпорынның өндірістік-қаржылық қызметтерін нәтижелерін көтеруге, оны жетілдіруге, еңбек өнімділігін және инновациялық белсенділігін арттыруға оң ықпал етеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жүргізілген зерттеулер негізінде сүт өндіру саласындағы кәсіпорындардың инновациялық қызметінде контроллингтік жүйені дамытумен байланысты елесідей қорытындылар мен ұсыныстар жасауға болады:
1.Оперативті және стратегиялық контроллинг үнемі өзара тығыз байланыста болады. Оперативті жоспарлау стратегиялық жоспарға сәйкес жүргізіледі және керісінше, оперативті қабылданған шешімдердің кәсіпорынның стратегиялық бағытта қызмет етуі және дамуы үшін маңызы зор. Қажетті басқарушылық шешімдерді шұғыл түрде қабылдау үшін ақпараттардың дер кезінде дайындалуы және басшыларға ұсынылуы қажет. Бұл тиімді контроллинг жүйесіне, оперативті және стратегиялық аспектілерін ескеретін кешенді бағалау әдістемесіне байланысты болады.
2.Инновациялық контроллингті стратегиялық контроллингке жатқызуға болады, себебі кәсіпорынның инновациялық қызметі оның болашақтағы ұзақмерзімді қызмет етуін айқындайды және едәуір тәуекелдермен, белгісіздіктермен байланысты келеді. Стратегиялық контроллинг құралнамалары ең алдымен кәсіпорынның перспективасы мен тәуекелін, оның ұзақмерзімді қызмет етуіне кедергі келтіретін факторларды анықтау және үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін қолданылады.
Стратегиялық контроллинг тұрғысынан белгісіздік деңгейі жоғары жобаларды бағалауда STAR жүйесін қолдану тиімді болып табылады. Бұл жүйе тәжірибеге бағытталғандықтан ел экономикасында қолданудың маңыздылығы жоғары. Бірақ, ел экономикасының өзіндік өзгешеліктері ескерілуі тиіс.
STAR жүйесінің негізгі артықшылығы – технологиялық және стратегиялық аспектілердің кешенділігі.
3. Жалпы республикада сүт жеткілікті дәрежеде өндірілгенмен, оның 1/3 ғана өңделуден өтеді. Мысалы, 2008 жылы өндірілген өнімнің 31,6 % өңдеуден өткен, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 1,4 %-ға төмен. Сондықтан ішкі нарықта сүт өнімдерінің импорттық үлесі әдеттегідей жоғары деңгейде. 2007 жылмен салыстырғанда 2008 жылы импорт көлемі өңделген сүт бойынша 12,6 %, сары май бойынша 31 %, сыр – 61,3 %, қойылтылған сүт және кілегей – 85,3 %, балмұздақ – 46,4 %, қышқылсүт өнімдері-24,2 % артып отыр.
Сүт саласы кәсіпорындарында өндірістік залалдар қосымша бизнес жүргізу есебінен (сусын өндірісі т.с.с.) жабылып отыр десек те болады. Жаз мезгілінде құрғақ сүтті (немесе сүзбені) дайындап, мұздатып, қыста қайта сатуға мәжбүрлі. Әрине, көпшілік кәсіпорындар үшін шетелдік нарықтағы бәсекені айтпағанда, ішкі бәсеке нарығында бәсекеге қабілетсіз.
Еліміздің солтүстік және батыс облыстарындағы көптеген сүт зауыттары түгелімен дерлік құрғақ сүтті өндірісте қолдануда. Бірақ Қазақстанда құрғақ сүт өте аз өндіріледі. Негізінен Ресей мен Украинадан әкелінеді. Импортталған құрғақ сүтті сатып алады, ал отандық құрғақ сүтке құрал-жабдықтардың ескіруінен, инновациялардың белсенді енгізілмеуі салдарынан оның сапасының төмендігіне байланысты сұраныс аз. Сонымен қатар қолайсыз инфрақұрылым, электр және сумен қамтамасыз ету тораптарының іске жөнді қосылмауы себеп болып отыр.
4. Қазақстандағы сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың көбі, қазіргі уақытта, тек өнімнің бір ғана түрін өндіруге икемделген және шығаратын өнімдерін терең өңдеу технологиясы әлі де жолға қойылмаған. Қазақстандағы сүт өнімдерін өндіру саласы кәсіпорындарында МСТ-технологиясын енгізу тиімді. МСТ технологиясы – сақтау мерзімін ұзарту арқылы экономикалық көрсеткіштерін төмендетпей-ақ, таза өнімнің нәрлі қасиеттері мен дәмдік сапасының сақталуын қамтамасыз ететін сұйық тағамдық өнімдерді төмен температурада өңдеудің жаңа әдісі.
Ресейлік нарықта 2008 жылы МСТ-ны енгізумен айналысу қолға алына бастады, өйткені мұнда жағымды техникалық әлеуетті көруге болады, ал Қазақстанда сүт өнімдерін өндірушілерге инновациялық және ең бастысы – қол жетімді (мүмкін болатын) технологиялық шешімдер өте қажет.
5. Қазақстанда сүт өнімдерін өндіру саласы кәсіпорындарының инновациялық қызметінде контроллинг жүйесін енгізудің ұйымдастырушылық аспектілері ретінде төмендегідей мәселелерді шешу қажет:
- сүт өнімдерін өндіру саласы кәсіпорындарының ұйымдық құрылымын өзгерту, яғни жеке контроллинг қызметін немесе бөлімін енгізу;
- кәсіпорын мамандарын оқыту және кәсіби қайта даярлау;
- инновациялық қызметтегі контроллинг жүйесіне қатысты нормативті-құқықтық базаны енгізу;
- сүт өнімдерін өндіру саласы кәсіпорындарының инновациялық қызметіндегі контроллингті кадрлық, ақпараттық қамтамасыз ету (контроллер ретінде маманды тағайындау)
- контроллингтік жүйеде ақпараттық технологияларды енгізу.
- кеңес берушілік қызметті қамтамасыз ету.
6. Кәсіпорындардың инновациялық қызметіндегі контроллингтік жүйені жетілдірудің экономикалық тетіктері ретінде келесілерді қарастыруға болады: экономикалық базаны қамтамасыз ету, қаржылық-несиелік және инвестициялық қамтамасыз етуді жетілдіру, яғни жеңілдікпен салық салу және несие беру, субсидиялар бөлу; тәуекелдерді сақтандыру, шығындарды төмендету, кәсіпорындағы бюджет құру және бюджеттік жоспарлауды жетілдіру, кәсіпорындағы персоналдарды ынталандыру.
ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЕҢБЕКТЕР ТІЗІМІ
1 Кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі контроллингтің теориялық аспекттері // Казахстан: конкурентоспособность и модернизация: Материалы международной научно-практической конференции 16-19 мая – Алматы – 2006. Часть 2.,- Б.463-467, 0,25 б.т.
2 Кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі контроллингте пайдаланылатын экономикалық көрсеткіштер жүйесі // Заманауи интеграция : мәдениет, ғылым және технология. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалары. Алматы: «Сымбат» СБА, 2008.-Б.581-585, 0,25 б.т.
3 Инновациялық қызметтегі контроллингтің қағидалары//Современные научные исследования молодых ученых: проблемы, пути их решения и идеи: Материалы международной научно-практической конференции молодых ученых.- Астана: Ассоциация молодых ученых Казахстана, 2007.-Б.75-78, 0,22 б.т.
4 Кәсіпорынның дамуын стратегиялық жоспарлаудағы контроллингтің қызметі // Қаз ЭУ хабаршысы. №6(60) – Алматы, 2007. -Б.83-87, 0,09 б.т.