Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 18:08, курсовая работа
Нарықтық механизмнің негізгі элементтерінің бірі – баға. Нарықтық баға өндірушілердің және тұтынушылардың өз арасындағы бәсеке нәтижесінде қалыптасады. Бұған бәсекеден басқа да көптеген факторлар әсер етеді. Жалпы нарық бағасына нарыққа қатысушылардың бәрі де әр түрлі деңгейде тәуелді болады, әсіресе сұраным мен ұсыным нарықтық баға әсерінен қалыпты жағдайдан тез ауытқиды. Сондықтан да нарықтық бағаның құрылуын, қалыптасуын және оның ауытқу заңдылықтарын біліп отыру, әр фирманың табысты тұрақты алуына және өндіріс бағытын жетілдіруге негіз бола алады. Міне, әр салада, әр сферада және әр тауар түрі бойынша бағаның құрылуының маңызы мен маңыздылығы осында десек, артық айтқандық емес.
КІРІСПЕ................................................................................................................ 4
1-ТАРАУ. РЫНОК ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ......................................................... 6
1.1. Рыноктің пайда болу себептері және сипаттамасы................................... 6
1.2. Рыноктің атқаратын қызметтері. Рыноктік экономиканың артықшылықтары мен кемшіліктері................................................................. 10
1.3 Рыноктік ифрақұрылым және оның элементтері....................................... 12
2-ТАРАУ. МАРКЕТИНГТЕГІ БАҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ САЯСАТЫ...17
2.1 Баға нарықтық шаруашылық категориясы ретінде.................................... 17
2.2 Нарықтағы бағаны қалыптастырудың түрлері........................................... 18
3-ТАРАУ. БАҒА БЕЛГІЛЕУГЕ ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАР....................... 23
3.1. Тауарға бағаны қалыптастырудың негізгі тәсілдері................................. 23
3.2. Бағаны тауардың құндылығын сезіну негізінде белгілеу......................... 28
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................... 32
ГЛОССАРИЙ....................................................................................................... 36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...................................................................... 38
ТІРКЕМЕЛЕР
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1-ТАРАУ.
РЫНОК ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ..........
1.1. Рыноктің
пайда болу себептері және сипаттамасы...................
1.2. Рыноктің
атқаратын қызметтері. Рыноктік экономиканың
артықшылықтары мен кемшіліктері..................
1.3 Рыноктік
ифрақұрылым және оның
2-ТАРАУ.
МАРКЕТИНГТЕГІ БАҒАНЫ
2.1 Баға
нарықтық шаруашылық
2.2 Нарықтағы
бағаны қалыптастырудың
3-ТАРАУ.
БАҒА БЕЛГІЛЕУГЕ ӘСЕР ЕТУШІ
ФАКТОРЛАР.....................
3.1. Тауарға
бағаны қалыптастырудың негізгі тәсілдері.....................
3.2. Бағаны
тауардың құндылығын сезіну негізінде
белгілеу......................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ГЛОССАРИЙ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР....................
ТІРКЕМЕЛЕР
Нарықтық
механизмнің негізгі
Бағаның құрылуы пәні жоғары оқу орындарындағы көптеген мамандықтар бойынша оқу бағдарламасына еніп отыр. Бұл пәннің негізгі міндеттері: өндіріс, тауарды өткізу, құнның қалыптасуы, жалпы ішкі өнім мен ұлттық табыстың өндірілуі, оның бөлінуі және пайдаланылуы, баға түрлері, олардың негізгі принциптері мен есептеу жолдарын анықтау. Жалпы баға – күрделі экономикалық категория. Сондықтан да баға теориясын түсіну және оны нақты практикада іс жүзінде қолдана білу болашақ мамандар үшін аса қажет. Өйткені, Қазақстан Республикасы жағдайында бағаның құрылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Атап айтсақ, бағаның құрылуы өндіріс және айналым шығындары негізінде және бағаның нарықтағы сұраным мен ұсынымның өзара әрекеті негізінде құрылуы, бағаның нарықтық қатынастардағы орны, баға құрылымының механизмі және оның өзіндік сипаты тұрғысындағы өзекті мәселелер бәсекелестік ортаға тікелей әсер етеді. Сондай-ақ экспорт және импорт тауарлары мен қызмет көрсету түрлерінің сыртқы сауда бағасы және ұлттық баға жүйесі, сыртқы сауда бағасының жіктелуі, экспорт және импорт тауарларының ішкі бағасы және оның қалыптасу тәсілдері мен принциптері, сонымен қатар экспорттық және импорттық қосымша, сараланған валюта коэффициенті, оның мәні және есептеу тәсілдері, Қазақстан Республикасына ТМД елдерінен әкелінген тауарлар бағасын есептеу әдістемесі де экономикадан өзіндік орын алады.
Жұмыстың негізгі мақсаты:
Қазақстан Республикасындағы тауарларға баға қалыптастыру саласын дамытудың актуалды мәселелерін табуға ұмтылыс және мемлекеттік нарықтық саясатының мазмұнын талдау.
Жұмыстың негізгі міндеттері:
маркетинг жүйесіндегі қызмет көрсету мен тауарлардың алға жылжуын қамтамасыз ету мәселелерін ашып көрсету;
маркетингтегі баға саясатының тауар мен қызмет көрсетудің дамуында кері әсер туғызатын факторларды көрсету;
маркетинг
жүйесіндегі тауар мен қызмет
көрсетудің қалыпты деңгейде дамуы
үшін баға саясатының мазмұнын талдау
және оны іске асыру;
1-ТАРАУ.
РЫНОК ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ
1.1.
Рыноктің пайда болу себептері және сипаттамасы
Тарихи мәліметтерге сүйенсек, тауар алмасу үрдісі Вавилондықтарда (б.д.д. 4-6 мың жыл бұрын) болғандығын аңғарамыз. Әйгілі грек ойшылы Аристотель (б.д.д. IV ғасыр) алғаш рет «Тауар», «Ақша», «Құн», «Тұтыну бағасы», «Экономика» деген терминдерді күнделікті тұрмысқа ендірген. Қазақ жерінен өтетін «Жібек жолы» бойында (б.д.д. 2-3 мың жыл бұрын) көптеген сауда орындары, атақты жәрмеңкелер (Сайрам, Тараз, Қоянды, Қарқалы) болған. ХІV ғасырдан бастап тауар алмасу ақша арқылы жүзеге асырыла бастады. ХVIII ғасырда Ресейде 1,5 мыңнан астам жәрменкелер халықтың сұранысын өтеп тұрған. Келе-келе саудагерлер, сауда орындары, сауданың бартер мен биржа және көтерме сауда сияқты біте қайнасып, нарық халық пен мемлекеттің үйреншікті ісіне айналып кетті. Нағыз нарықтық қатынастар XVI-XVII ғасырда қалыптаса бастады, ал сауда жасау мәртебесі кәсіп болып саналды. 1880 жылы Француз экономисті Ж.Б. Сей «Кәсіпкер» деген экономикалық жаңа термин ендірген, содан бері кәсіпкерлік іс-әрекет, кәсіпкерлік, кәсіпорын дами түсті.
Рыноктік қатынастар мәнін анықтауда рынок түсінігінің екі жақты маңызы бар екенінен шығу керек. Біріншіден, рынок өз мағынасында айырбас, айналым сферасында іске асырылатын өткізуді білдіреді.Екіншіден, рынок – бұл өндіру, бөлу, айырбас пен тұтыну процестерін қамтитын адамдар арсындағы экономикалық қатынас жүйесі.
Рынок меншіктің тауар-ақша байланыстары мен қаржы несие жүйесінің түрлі түсті нысандарын пайдалануға негізделген эканомиканың әрекет етуінің күрделі механизмі ретінде жүреді. Айналымнан басқа рыноктік қатынастарға жатады:
-
екі субъект арасындағы өзара
байланыс рыноктік негізде
-
шетелдік фирмарлармен
- еңбек биржасы арқылы жұмыс күшін жалдау және пайдалану процестері;
- белгілі бір процентпен несиелерді беру кезінде несиелік қатынастар;
-
тауар, қор, валюта биржалары
мен басқа элементтерді
Егер
рынокта бiрнеше монополия
Кесте 1.
Сипаттамалары | Рыноктың үлгiлерi | |||
Жетiлген бәсеке | Мемлекеттiк бәсеке | Олигополия | Таза монополия | |
Фирмалардың саны | Көптеген | Көп | Бiрнеше | Бiр ғана |
Өнiмнiң типi | стандартталған | Жеке бөлектендiрiлген | Стандартталған немесе дифференцияланған | Өте сирек кездесетiн, болмаса жоқ |
Бағаға бақылау жасау | Жоқ | Шамалы, белгiлi бiр шекке дейiн ғана | Өзара тәуелдiлiктен шектелгенi, астыртын келiсiммен едәуiр | Әжептеуiр, бағаға тiкелей үстемдiк |
Салаға кiру жағдайлары | Өте жеңiл, тосқауылдар жоқ | Жеңiлдеу, бiрақ кейбiр шектеулер бар | Кейбiр шектеулер бар, қиындау | Мүмкiн емес |
Бағадан тысқары бәсеке | Жоқ | Жарнамаға, сауда белгiсiне, сауда маркасына және т.б. елеулi көңiл аудару | Басым, әсiресе
өнiм дифференцияланған |
Негiзiнде жарнама, қоғмдық ұйымдармен фирманың байлынысы |
Мысалы | Ауыл шаруашылығы | Бөлшек сауда, киiм, аяқ киiм өндiрiсi | Болат, автомобиль, ауыл шаруашылығы жабдықтарын, тұрмыстық электр құралдарын өндiру | Көпшiлiкке қызмет жасайтын жергiлiктi кәсiпорындар |
Ақпаратқа қол жетiмдiлiк | Бәрiне бiрдей жеңiл | Кейбiр шектеулер бар | Елеулi шектеулер бар | Елеулi шектеулер бар |
Жоғарыдағы кестеде теориялық деңгейде бәсекенің типтері көрсетілген. Экономикалық теорияның өкілдері ұзақ жылдар бойы І дүниежүзілік соғысқа дейін рыноктық экономиканы жетілген бәсеке күресі тарапынан зерттеп келді. Монополияны олар рынокқа әсер ете алмайтын кездейсоқ құбылыс деп санады. Тіпті монополиялық бағаның теориясын жасаған А.Курноның өзі де монополияны кездейсоқ нәрсе деп есептеген.
Қазіргі
таңда нақты рыноктардың басым
көпшілігінде монополиялық құрылымдар
үстемдік жасайды. Әрбір рыноктағы
(саладағы) олардың саны онша көп
емес, сондықтан қазіргі рынок
олигополиялық рынок деп
Бәсекенің типтерін оның түрлерімен шатыстырмау керек. Егер бәсекенің типтері рыноктық жағдайға байланысты жіктелетін болса, оның түрлері бәсекелесудің тәсілдері арқылы жіктеледі. Осы айтылғандарды төмендегі схемамен түсіндіруге болады.
Бәсекенің түрлерін оған кімдер қатысатыны арқылы да жіктеуге болады:
еркін бәсеке, яғни «жалпылама соғыс», «бәрінің бәрімен соғыысы»;
монополиялардың өзара бәсекесі;
монополиялар мен аутсайдерлер арасындағы бәсеке;
аутсайдерлер (монополия емес кәсіпорындар) арасындағы бәсеке;
трансұлттық корпорациялар арасындағы бәсеке;
салалық бәсеке (сала ішіндегі фирмалар арасындағы);
салааралық;
экономикалық блоктар арасындағы;
әлемдік, мемлекеттер арысындағы бәсеке.
«Еркін бәсеке заманы» деп аталатын қоғамдық дамудың сатысында бәсеке шектелместен қызмет атқарды. Оған белгісіз рынокқа тауар өндіріп отырған көп санымен сипатталатын оқшауланған ұсақ және орташа қуатты фирмалар қатысып отырды. Олардың бірде біреуінің экономикалық жағдайы (қуатты) өнімнің басым бөлігін өндіруге немесе бағаға ықпал жасауға мүмкіншілік алып бере алмады. Осы кезеңде бәсекенің негізгі түрлері ретінде ішкі салалық бәсеке айқын байқалып тұрды.
Рыноктық
қатынастардың эволюциялық
Мұндай
рыноктық жағдай біртектес өнімнің
әртүрін шамалы фирмалардың саны
өндіру мен таңба (марка) болуымен сипатталады.
Мысалы, Қазақстан Республикасының
ұн өнімдері рыногында «Цесна Астық»,
«Султан», «Корона», «Ақ бидай», «Ел ырысы»
сияқты монополист фирмалардың бәсекесі
қалыптасты. Өнімдерін фирмалық таңбамен
белгілеп, диверсификациялаған. Әлемдік
рынокта спорт тауарларын өндіріп, оларды
сатуда Nike, Puma, Adidas, Reebok сияқты фирмалардың
арасында бәсеке өнімдерді дифференцияциялау
арқылы жүріп жатыр.
1.2.
Рыноктің атқаратын қызметтері.
Рыноктік экономиканың
Рыноктың атқаратын қызметтерін ашу үшін алдымен келесі мәселені түсініп алу керек. Жоғарыда айтқандай «рынок» деген ұғым экономикалық категория ретінде екі түрлі мағынада түсінілетін ұғым. Біріншіден – ол қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың формасы, екіншіден - ол эквивалентті түрдегі айырбас сферасы Демек, рыноктық экономика үлкен жүйе ретінде біршама егеменді 2 кіші жүйелерді қамтиды: 1) тауарлы өндіріс; 2) рынок (айырбас сферасы ретінде).
1. Рынок өндірісшілер мен тұтынушыларды өзара байланыстырады. Яғни рынок өндіріс пен тұтыну сферасын интеграциялайды. Рынок болмаса тауарлы өндіріс те жоқ, тұтыну сферасы да қажеттіліктерді өтейтін игіліктерсіз қалады. Мұндай байланыстар неғұрлым жетілген сайын соғұрлым рыноктық тұтқалар тиімді қызмет атқарады және керісінше.
2. Рынок ұдайы өндіріс процесстерінің толассыз және үздіксіз жүргізілуін қамтамасыз етеді.
3. Реттеушілік ќызмет. А.Смит «көрінбейтін қол» деп атаған рыноктық тұтқалардың экономиканы өздігінен реттей алу, жетілдіре алу қабілеті бар. Тауарлардың көлемі мен ассортименттік құрамы бойынша өндіріс пен тұтынудың, сұраным мен ұсынымның арасында үйлесімділік пен баланстылық орнайды. Рынок арқылы өндірістік ресурстар ұлттық экономика көлемінде тиімді үлестіріліп, орнастырылады.
4. Ынталандырушы (экономикалық мәжбүрлеу) және селективті қызмет. Рыноктық механизмдер кәсіпкерлерді тиіміді шаруашылық жүргізуге, еңбек өнімділігін арттыруға, өнімділікке, пайданы максимилизациялауға, жаңа технологияны ендіруге ынталандырып отырады. Сонымен қатар рынок «табиғи сұрыптауды» да жүргізіп, экономиканы өміршең емес, әлсіз буындардан тазартып отырады.
5. Ақпараттық қызмет. Рыноктың субъектілері кәсіпкерлік пен бизнеске қажетті тауарлар мен қызметтерді бағалары, түрлері, несиенің шарттары, проценттік ставкалардың деңгейі жєне т.б. туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді. Рынок арқылы кәсіпкерлер мен қарапайым тұтынушылар бүкіл экономика туралы, оның даму зањдылықтары мен тенденциялары туралы ќажетті мєліметтер алады.