Рыноктык бага

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 18:08, курсовая работа

Описание

Нарықтық механизмнің негізгі элементтерінің бірі – баға. Нарықтық баға өндірушілердің және тұтынушылардың өз арасындағы бәсеке нәтижесінде қалыптасады. Бұған бәсекеден басқа да көптеген факторлар әсер етеді. Жалпы нарық бағасына нарыққа қатысушылардың бәрі де әр түрлі деңгейде тәуелді болады, әсіресе сұраным мен ұсыным нарықтық баға әсерінен қалыпты жағдайдан тез ауытқиды. Сондықтан да нарықтық бағаның құрылуын, қалыптасуын және оның ауытқу заңдылықтарын біліп отыру, әр фирманың табысты тұрақты алуына және өндіріс бағытын жетілдіруге негіз бола алады. Міне, әр салада, әр сферада және әр тауар түрі бойынша бағаның құрылуының маңызы мен маңыздылығы осында десек, артық айтқандық емес.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................ 4

1-ТАРАУ. РЫНОК ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ......................................................... 6

1.1. Рыноктің пайда болу себептері және сипаттамасы................................... 6

1.2. Рыноктің атқаратын қызметтері. Рыноктік экономиканың артықшылықтары мен кемшіліктері................................................................. 10

1.3 Рыноктік ифрақұрылым және оның элементтері....................................... 12

2-ТАРАУ. МАРКЕТИНГТЕГІ БАҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ САЯСАТЫ...17

2.1 Баға нарықтық шаруашылық категориясы ретінде.................................... 17

2.2 Нарықтағы бағаны қалыптастырудың түрлері........................................... 18

3-ТАРАУ. БАҒА БЕЛГІЛЕУГЕ ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАР....................... 23

3.1. Тауарға бағаны қалыптастырудың негізгі тәсілдері................................. 23

3.2. Бағаны тауардың құндылығын сезіну негізінде белгілеу......................... 28

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................... 32

ГЛОССАРИЙ....................................................................................................... 36

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...................................................................... 38

ТІРКЕМЕЛЕР

Работа состоит из  1 файл

Рыноктік баға.doc

— 188.50 Кб (Скачать документ)

      Үстеме  баға тауар түрлеріне байланысты кең шектелген түрде өзгеріп отырады. Міне, бірқатар әмбебап дүкендердің типтелінген үстеме бағалары (өзіндік құнына емес, бастапқы бағасына): темекі бұйымдары - 20%, фотокамералар - 28 %, кітаптар - 38%, әйел киімдері - 41%, көйлек безендіргіштері - 46%, әйел бас киімдері - 50%. Бөлшек бакалей саудасында кофеге, консервіленген сүт өнімдеріне және қантқа қосатын үстеме баға шамалы болса, тоңазытылған азық-түліктерге, желеге және бірқатар консервілерге үстеме баға жоғары болады. Үстеме баға шегі өте кең болады. Мысалға, тоңазытылған азық-түліктер категориясында бөлшек саудадағы үстеме баға 13 % тен 53 %-ке дейін жетеді. Үстеме баға айырмашылықтары тауар бірліктері айырмашылық құндарын, сауда көлемін, тауар қорларының айналымын жєне өндірушілер маркасымен жекеменшік маркалары арақатынастарын көрсетеді.

      Дегенмен, үстеме баға негізінде бағаны есептеу әдісі бірқатар себептерге байланысты қарапайымдылығын жоймаған. Біріншіден, сатушылар сұранымнан гөрі шығын туралы көбірек біледі. Бағаны шығынға байланыстыру арқылы сатушы баға тағайындауды өзі үшін жеңілдетеді. Ол сұранымның толқуына байланысты бағаны жиі өзгертпейді. Екіншіден, егер баға тағайыңдаудың осы әдісімен саладағы барлық фирмалар пайдаланатын болса, олардың бағасы көбіне ұқсас болады. Сондықтан баға бәсекелестігі минимумға түседі. Үшіншіден, “Орташа шығын плюс табыс” есептеу әдісін көпшілік сатып алушылар үшін де және сатушылар үшін де әділ деп санайды. Сұраным жоғары болған жағдайда сатушылар сатып алушылардың есебінен кенеліп байымайды және сонымен қатар жұмсалған қорына әділ табыс нормасын алуға мүмкіншілігі бар.

      Бағаны, шығынсыздықты талдау және мақсатты табысты қамтамасыз ету негізінде есептеу. Шығындар негізінде баға тағайындаудың тағы бір әдісі есептеу арқылы мақсатты табыс келтіру болып саналады. Фирма өзіне қажетті табыс көлемін қамтамасыз ететін баға қоюға тырысады. Мұндай әдісті “Дженерал моторс” компаниясы қолданады. Ол аз автомобильдеріне баға белгілегенде, жұмсалған капиталға 15-20 % пайда келтіруге тырысады. Бұл әдісті табыс норма мөлшері шектелетін коммуналдық қызмет кәсіпорындары да пайдаланады.

      Мақсатты  табыс алуды есептеу арқылы баға белгілеу әдісі шығынсыздық графигіне негізделеді. Мұндай графикте жалпы шығындар және сату көлемі деңгейінің әртүрлі жағдайындағы жалпы түсім көрсетіледі. Өткізу көлеміне қарамастан тұрақты шығындар 6 млн. долл. тең. Валдық шығындар (тұрақты және өзгермелі шығындар сомасы) өткізудің өсуіне байланысты өсіп отырады. Валдық түсім ирегі нөл отметкасынан басталып сатылған тауар даналарының өсуіне байланысты бірте-бірте жоғарылайды. Валдық түсім ирегінің тік - еңкістігі тауар бағасына байланысты. Біздің мысалымызда тауар данасының бағасы 15 долл. тең (800 мың сатылған тауар данасынан түсетін 12 млн. долл).

      Мұндай бағада шығынсыздықты қамтамасыз ету үшін, демек, валдық шығынды түсіммен өтеу үшін, фирма кем дегенде 600 мың тауар данасын сатуы керек. Егер ол 2 млн. долл. валды табыс тапқысы келсе, кем дегенде 800 мың дана тауардың әрқайсысын 15 долл. сатуы керек. Егер фирма аз тауарына жоғары баға алатын болса, әр данасы 20 долл. делік, онда мақсатты табысты табу үшін соншама көп тауар данасын сату міндет емес. Дегенмен, мұндай жоғары бағада нарықтағы сатып алу мұндай көлемде болмауы мүмкін. Көп нәрсе баға бойынша сұранымның икемділігіне байланысты болады, бірақ ол шығынсыздық графигінде көрсетілмейді. Мұндай баға тағайындау әдісі фирманың әр түрлі баға варианттарын, олардың шығынсыздық деңгейіне жетуге, мақсатты табыс табуда қажетті өткізу көлеміне ықпалын талап етеді және тауардың әрбір баға мүмкіндігі үшін осы аталғандардың ықтималдылығын талдау керек. 

      3.2. Бағаны тауардың құндылығын сезіну негізінде белгілеу. 

      Фирмалардың көпшілігі бағаны есептегенде аз тауарларының құндылығын сезінуден  бастағанды дұрыс деп санауда. Олар баға тағайындаудың негізгі факторы  сатушының шығыны емес, сатып алушының қабыл алуы деп санайды. Сатып  алушылардың ағымында тауардың құндылығын қарастыру үшін олар өздерінің маркетинг кешенінде бағасыз әрекеттер әдістерін пайдаланады. Бұл жағдайда баға тауардың маңыздылық құндылығын сезінуге сәйкес болуы керек.

      Әр  түрлі орындарда пара-пар тауарларға  әр түрлі баға бекітеді. Бір чашка кофе алма пирогімен қоса тұтынушыға аптека-дәмханада 1,25 долл., жанұя ресторанында - 1,50 долл., қонақ үй кафесінде - 1.75 долл., нөмірге әкеліп берсе - 3 долл. және сәулетті ресторанда - 4 долл. түседі. Келесі деңгейдегі мекеме бағаны одан да гөрі жоғары қоюы мүмкін, өйткені оның атмосферасы тауарға қосымша баға қосады.

      Баға  тағайындаудың негізіне тауардың маңыздылық, құндылығын сезіну әдісін пайдаланушы фирмаларға тұтынушылар ұғымында бәсекелестер тауарлары туралы қандай құндылық түсініктер бәрін білуі керек. Өткендегі мысалда тұтынушылардан сол бір кофемен пирогқа әр түрлі жағдайда қандай баға төлеуге дайын екенін сұрап білген жөн болар еді. Кейбір жағдайда сатып алушыдан тауарға қосымша ұсынылатын әрбір пайдалы ұсыныс үшін қанша ақы төлеуге дайын екенін сұраған жөн.

      Егер  сатушы, сатып алушының мойындаған тауардың маңыздылық құндылығынан артық сұрайтын болса, фирма өткізуі мүмкіншіліктегіден төмен дәрежеде болады. Көптеген фирмалар аз тауар бағаларын жоғары қоятындықтан олардың нарықта өтуі өте нашар. Басқа фирмалар керісінше аз тауарларын төмен бағалайды. Мұндай тауарлар нарықта жақсы өтеді, бірақ олардың бағасын сатып алушының ойындағыдай маңыздылық құндылық дәрежесіне көтермегендіктен, оның фирмаға келтіретін түсімі төменірек болады .

      Күнделік баға деңгейі негізінде баға белгілеу. Фирма күнделікті баға деңгейін есепке алып баға белгілегенде алдымен бәсекелестер бағасын негізге алып аз шығын және сұраным көрсеткіштеріне онша мән бере қоймайды. Ол бағаны негізгі бәсекелестердің баға деңгейінде, одан жоғары не төмен белгілеуі мүмкін. Болат, қағаз не тыңайтқыштар сияқты тауар өнімдерін ұсынатын олигополистикалық өріс әрекеттерінде барлық фирмалар әдетті түрде бірыңғай баға сұрайды. Майда фирмалар бағаны “жетекшілер жолын қуып” өз тауарларының сұранымының өзгеруіне не аз шығындарына байланыстырмай, нарық жетекшісінің баға өзгертуімен байланыстырады. Кейбір фирмалар шамалы сыйлықтық үстеме алу не шамалы жеңілдік беру нәтижесінде бағаны тұрақты деңгейде ұстайды. Мысалға, бензинмен бөлшек сауда жасаушы, әдетте сатып алушыдан ірі мұнай компанияларымен салыстырғанда бірнеше цент артық алады, бірақ бағадағы осы айырмашылық не өспей, не төмендемей тұрақты түрде болады.

      Күнделікті баға деңгейі негізінде баға белгілеу өте әйгілі. Сұранымның икемділігі: өлшеу мүмкіншілігі төмен жағдайда күнделікті баға деңгейі салалық ұжым ақыл ойын, әділ  нормалы табыс табудың кепілдігі сияқты болып көрінеді. Оның үстіне, олар күнделікті баға деңгейін ұстау, олар үшін сала шегінде нормалды тепе-тендікті сақтау болып саналады.

      Жабық сауда негізінде баға белгілеу. Бәсекелестік баға тағайындау фирмалардың мердігерлікке таласу сауда кезінде пайдаланылады. Мұндай жағдайда фирма өз бағасын белгілеу үшін осы бағамен аз шығындарының ара қатынасын не сұранымды есепке алмай, бәсекелестерден күтіліп отырған ұсыныстарын бастама есебінде санайды. Фирма контрактіні жеңіп алғысы келеді, ол басқаларға қарағанда төмен баға сұрауы керек. Бірақ бұл баға өзіндік құнынан төмен болмауы керек, өйтпеген жағдайда фирма зор шығынға ұшырайды.

      Соңғы бағаны белгілеу. Өткен әдістердің бәрінің мақсаты - баға диапазонын қысқартып, осы шектелген  аралықта тауардың соңғы бағасын таңдау болады. Дегенмен, фирма соңғы бағаны белгілер алдында бірқатар қосымша ұғымдарды қарауы керек.

      Бағаны  қабылдау психологиясы. Баға – сатып алушыларға ақпарат жеткізудің тәсілі. Мысалы көптеген сатып алушылар тауардың сапасы туралы ой-пікірді оның бағасына қарап қалыптастырады. 100 долларға сатылатын флаконда тек 10 долларлық қана духи болуы мүмкін, дегенмен, адамдар 100 долл. төлеуге дайын, себебі олар үшін оның бағасы көп жағдайларды баяндайды.

      Сатушы  бағаның экономикалық факторлармен қатар психологиялық факторларды да ескеруге міндетті. Тұтынушылардың көпшілігі бағаға сапалық көрсеткіш ретінде қарайды. “Фляйшманн” фирмасы - аз джипының шиша бағасын бестен біріне - 4,5-нан - 5,5 дол дейін көтергенде, оны дүкендерде өткізу төмендемей, керісінше, өскен. Тауарлық мәртебесін есепке алып баға тағайындауда духиларға, қымбат автомобильдерге т.б. пайдаланған аса тиімді.

      Сатып алушылардың психологиясын ескеретін тағы бір аспект ол – баға эталонының болуы. Бұл бағаларды сатып алушылар есінде сақтайды да, басқа тауарлардың бағасымен салыстыру үшін қолданады.

      Сатушылардың  көпшілігі баға міндетті түрде тақ санды болу керек деп санайды. Мысалға, стереокүшейткіш бағасын 300 долл. қоймай 299 долл. қойған дұрыс. Онда тұтынушылардың көпшілігі үшін бұл күшейткіш 200 долл. астам тауар болып саналады, демек. 300 долл. және одан жоғары емес. Газеттегі жарнамаларда негізінде тақ санды бағалар көрсетіледі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                          ҚОРЫТЫНДЫ 

      Қорытып айтатын болсақ, коммерциялық маркетинг  саласында тауар бағасының құрылуына  қолданылатын әдістер. Рыноктік  баға құрылуында қолданылатын әдістерінің  көбінің негізіне шығындар және ағымдағы баға деңгейі алынады.

      Коммерциялық  негізде тауар асортименттерін  талдау және өндірілетін өнімдердің бәсекелестік қабілеттерін анықтау  кәсіпорынның мүмкіндіктерін зерттеуде  айырықша орын алады. Бұл бағыттағы  маркетингтік зерттеу фирманың жалпы  тауарлық номенклатурасында (өндірістік бағдарламасында) тауар топтарының позицияларын анықтаумен байланысты. Осы мақсатпен тауарлардың топтары, түрлері және үлгілері бойынша шығарылатын бұйымдардың номенклатурасы жасалады.

      Тауардың  бәсеке қабілеттілігі түсінігі –  барынша ауқымды және сан қырлы. Бұл көрсеткіш кешенді сипатқа ие және элеметтердің үш тобынан тұрады: техникалық, экономикалық және әлеуметтік – ұйымдастырушылық.

      Тауарды маркетингтік тұрғыдан ұсыну келесі элементтерден құралады: жарнама  немесе жарнамалық компания; өткізудің  кейінге қалдырылуы; икемді баға саясаты; жұртшылықпен байланыс.

      Техникалық  параметрлер неғұрлым қатал. Оған техникалық параметрлердің өзгері шекараларын  анықтайтын стандарттар, ережелер, заң  актілері жатады. Экономикалық параметрлер  – тауарды өндіруге кететін шығындар, баға тасымалдауға, орнатуға, жөндеуге, пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге, қызметкерлерді оқытуға кететін шығындар көрсеткіштерімен берілген. Бұл жерде мынаны есте ұстау қажет: барлық қызмет етуі кезіндегі сатып алушылар үшін, тұтыну бағасы ең төмен болатын тауарлар барынша бәсеке қабілетті болып саналады.

      Рыноктық  экономиканың бiрқалыпты тиiмдi қызмет атқаруы құқықтық және әлеуметтiк-экономикалық кеңiстiкпен қамтамасыз етумен қатар  рыноктық инфрақұрылымның болуына  да байланысты. Неғұрлым рыноктық инфрақұрылымның элементтерi толық қалыптасып, олар еш кедергiсiз қызмет атқарса, соғұрлым рынок ырғақты және тиiмдi қызмет атқарады.

      «Инфрақұрылым»  ұғымы экономикалық талдауда алғашқыда  әскери күштердi қажеттi жағдайлармен қамтамасыз етiп отыратын объекттер мен ғимараттарды атау үшiн қолданылған едi. Экономикалық теория өкiлдерi қазiргi таңда инфрақұрылымның үш түрiн ажыратады: әлеуметтiк, өндiрiстiк және рыноктық.

      Әлеуметтiк  инфрақұрылым бүкiл қоғам өмiрiнiң  бiрқалыпты жүріп отыруын қамтамасыз ететiн буындарды қамтиды. Оларға денсаулық сақтау, бiлiм беру, әскери қорғаныс, тәртiп сақтау, өрттен сақтау және тағы басқа салалар жатады.

      Қазақстанның  нарыққа еркін өтуі үшін негізгі  концептуалдық бағыттарының мынандай міндеттерін шешу қажет:

      1.Экономикалық дербестікке қол жеткізу. Ол республиканы деген  бірегей  меншігі,   оның  қазба  байлықтары,  ішкі және аймақтардағы сулары, әуе кеңістігі, өсімдік және жануарлар дүниесі, мәдени және тарихи қазыналар, материалдық және финанс (қаржы) мүмкіндіктері, өндірістік және өндірістік емес орындары экономикалық дербес саясат жүргізе алатындығы.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 31 тамыз 1991 жылғы жарлығы бойынша Одаққа бағынған Қазақстанның жеріндегі халық  шаруашылығының барлық салаларындагы  мекемелер мен ұйымдар, олардың бөлімдері мен филиалдары Қазақстан мемлекетінің басқару органдарына беріледі және олардың мүліктері республиканың меншігі болып табылады.

      2. Меншікті қайта қарауда жекешелендіру жолымен мемлекттік мүлік, инвестиция комитеті, Қазақстан республикасының Қаржы министірлігі жөне олардың аймақтық органдары жергілікті әкімшіліктердің қатысуымен жүргізіледі.

      3. Банк жүйесін қайта құру Республикада "Банк және банк қызметі  туралы" заңға сәйкес жүргізіледі.  Қазақстанда екі сатылы ҚР  ұлттық Банкісі тұр, барлық қалғандары, олардың меншігінің ұйымдасу-құқық түрлеріне қарамастан банкі жүйесінің  екінші (төменгі) деңгейіне жатады.

      1996 жылдың басында республикада 170 - тен астам банк жұмыс істеді, оның үшеуі толық мемлекеттік.

      Негізінде жекеменшік капиталы бар коммерциялық банктердің ішінде ірілері: Тұран Әлем Банк, Орталық Банк, Казкоммерцбанк. Бұлардың барлық қоры (01.01.95) І млрд. теңгеден астамға жетіп, олар қаржы нарығының 70 пайызға дейін қамтыды.

Информация о работе Рыноктык бага