Рыноктык бага

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 18:08, курсовая работа

Описание

Нарықтық механизмнің негізгі элементтерінің бірі – баға. Нарықтық баға өндірушілердің және тұтынушылардың өз арасындағы бәсеке нәтижесінде қалыптасады. Бұған бәсекеден басқа да көптеген факторлар әсер етеді. Жалпы нарық бағасына нарыққа қатысушылардың бәрі де әр түрлі деңгейде тәуелді болады, әсіресе сұраным мен ұсыным нарықтық баға әсерінен қалыпты жағдайдан тез ауытқиды. Сондықтан да нарықтық бағаның құрылуын, қалыптасуын және оның ауытқу заңдылықтарын біліп отыру, әр фирманың табысты тұрақты алуына және өндіріс бағытын жетілдіруге негіз бола алады. Міне, әр салада, әр сферада және әр тауар түрі бойынша бағаның құрылуының маңызы мен маңыздылығы осында десек, артық айтқандық емес.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................ 4

1-ТАРАУ. РЫНОК ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ......................................................... 6

1.1. Рыноктің пайда болу себептері және сипаттамасы................................... 6

1.2. Рыноктің атқаратын қызметтері. Рыноктік экономиканың артықшылықтары мен кемшіліктері................................................................. 10

1.3 Рыноктік ифрақұрылым және оның элементтері....................................... 12

2-ТАРАУ. МАРКЕТИНГТЕГІ БАҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ САЯСАТЫ...17

2.1 Баға нарықтық шаруашылық категориясы ретінде.................................... 17

2.2 Нарықтағы бағаны қалыптастырудың түрлері........................................... 18

3-ТАРАУ. БАҒА БЕЛГІЛЕУГЕ ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАР....................... 23

3.1. Тауарға бағаны қалыптастырудың негізгі тәсілдері................................. 23

3.2. Бағаны тауардың құндылығын сезіну негізінде белгілеу......................... 28

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................... 32

ГЛОССАРИЙ....................................................................................................... 36

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...................................................................... 38

ТІРКЕМЕЛЕР

Работа состоит из  1 файл

Рыноктік баға.doc

— 188.50 Кб (Скачать документ)

      6. Шаруашылық өмірді демократияландыру.Әсер етудің рыноктік тетіктері көмегімен қоғамдық өндірісті оның экономикалық өмірлік қабілеті жоқ элементтерінен босату жүргізіледі және осының есебінентауар өндірушілердің дифференциясы іске асырылады.

      Рыноктік  экономика төмендегілерден көрінетін  басымдылықтарға ие:

      1. Ресурстарды тиімдірек бөлу мен пайдалануға көмектеседі;

      2. Өндірістің өзгеруші жағдайларына  икемді жауап береді;

      3. Тұтынушылар мен қатар өндірушілердің таңдауы мен әрекет ету бостандығын қамтамасыз етеді.

      4. ҒТР жетістіктерін өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа технологиялары, әдістерін енгізу үшін жағдай жасауға көмектеседі;

      5. Өндірушілерді адамдар қажеттіліктерін қанағаттандыруға және тауарлар мен қызмет көрсетулер саласын арттыруға бағытталады.

      Рыноктік  экономикаға мынадай белгілі  бір кемшіліктер тән:

      1. Табыс алуға кепілдік бермейді;

      2. Толық жұмыс бастылыққа кепілдік бермейді;

      3. Қалпына келтірілмейтін ресурстарды сақтауға көмектеспейді;

      4. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды ендіруді әлсіз ынталандырады;

      5. Ұжымдық пайдаланылатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруді дамытуды қамтамасыз етпейді. 

      1.3. Рыноктік инфрақұрылым және оның элементтері 

      Рыноктік  инфрақұрылым – бұл ерекше рыноктар негізінде әрекет етіп, олардың дұрыс  жұмыс істеуін қамтамасыз ететін институттардың өзара байланысының жиынтығы, рыноктік экономика объектілерінің тиімді жұмыс істеуі мен олардың белгілі бір нақты рыноктік кеңістіктегі бірлігін қамтамасыз ететін қызметтер түрлерінің жиынтығы.

      Рыноктік  инфрақұрылым элементтері:

      Тауар және қор биржалары; сауда үйлері; көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындары; жәрменкелер мен көрмелер; аукциондар; делдалдық құрылымдар; сауда-өнеркәсіптік палаталар; кедендік мекемелер; түрлі қызмет көрсететін ұйымдар мен мекемелер.

      Рыноктық  экономика тез бой көтерiп, толыққанды қызмет атқаруы үшiн алдымен рыноктық инфрақұрылымның элементтерiн орнатып алу керек. Рыноктық инфрақұрылымның элементтерiне нелер кiредi?

      Кесте 2. 

      
Рыноктық  инфрақұрылымның элементтерi
Биржалар (тауарлар, қорлар, еңбек)

Банктер

Бизнес (коммерциялық) орталықтармен компаниялар

Брокерлiк  кеңселер

Аукциондар 

Жәрмеңкелер

Лизингтiк компаниялар

Жарнамалық-ақпараттық агенттiктер

Салық жүйесi

Бизнестi ынталандырудың және қолдаудың қоғамдық және мемлекеттiк қорлары 

Инспекциялар (құнды  қағаздарды бақылау, салық, кеден, баға мен стандартты бағылау)

Сауда үйлерi

Консультациялық-делдалдық фирмалар

Аудиторлық  компаниялар

Маркетингтiк  зерттеулер жүргiзу орталықтары 

Бизнес  инкубаторлар

Кәсiпкерлердiң  әртүрлi ассоцияциялары

Сақтандыру  компаниялары

Несие жүйесi

Сауда палаталары еркiн кәсiпкерлiктiң арнайы аймақтары (зоналары)

 

      Жоғарыда  аталған рыноктық инфрақұрылымның  элементтерi еріккеннiң ермегi үшiн  емес, рыноктық қатынастардан объективтi туындайды. Олар рынокқа қатысушылардың қызметiне өркениеттi сипат беру үшiн  қалыптасады.

      Рыноктық  инфрақұрылым келесi функцияларды (қызметтердi) атқарады:

      а. рыноктық қатынастарға ұйымдастырылған  – жүйелiк сипат беру;

      б. рынокқа қатысушылардың мүдделерiнің  жүзеге асырылуын, тауарлары мен  қызметтерiн өткiзуiн жеңiлдету;

      в. кәсiпкерлердiң экономикалық қызметiн  жеңiлдету және жеделдету;

      г. бизнес iсiне экономикалық және құқықтық бақылау жасауды, мемлекеттiк және қоғамдық реттеудi жеңiлдету;

      д. жалпы рыноктық экономиканың тиiмдiлiгiн  арттыру.

      Рыноктық  экономиканың бiрқалыпты тиiмдi қызмет атқаруы құқықтық және әлеуметтiк-экономикалық кеңiстiкпен қамтамасыз етумен қатар рыноктық инфрақұрылымның болуына да байланысты. Неғұрлым рыноктық инфрақұрылымның элементтерi толық қалыптасып, олар еш кедергiсiз қызмет атқарса, соғұрлым рынок ырғақты және тиiмдi қызмет атқарады.

      «Инфрақұрылым»  ұғымы экономикалық талдауда алғашқыда әскери күштердi қажеттi жағдайлармен қамтамасыз етiп отыратын объекттер мен ғимараттарды атау үшiн қолданылған едi.

      Экономикалық  теория өкiлдерi қазiргi таңда инфрақұрылымның  үш түрiн ажыратады: әлеуметтiк, өндiрiстiк  және рыноктық.

      Әлеуметтiк  инфрақұрылым бүкiл қоғам өмiрiнiң  бiрқалыпты жүріп отыруын қамтамасыз ететiн буындарды қамтиды. Оларға денсаулық сақтау, бiлiм беру, әскери қорғаныс, тәртiп сақтау, өрттен сақтау және тағы басқа салалар жатады.

      Өндiрiстiк  инфрақұрылым өндiрiстiң тоқтаусыз, толассыз жүрiп отыруына жағдай жасап беретiн буындарды қамтиды (сауда, көлiк, байланыс, ирригациялық құрылыстар, қамбалар жүйесi және тағы басқа). Жоғарыда аталған буындардың бiразы толық күйiнде өндiрiстiк инфрақұрылымға жатпайды. Мысалы, сауданың, көлiк пен байланыстың бiр бөлiгi халыққа қызмет атқарады. Сондықтан сол бөлiктерi өндiрiстiк инфрақұрылымға кiрмейдi.

      Рыноктық  инфрақұрылым дегенiмiз рынокқа қызмет атқаратын, оның ырғақты жұмыс iстеуiне жағдай жасайтын институттардың жиынтығы. Басқаша айтқанда, рыноктық инфрақұрылым дегенiмiз сауда-саттық операцияларына, тауарлар мен қызметтердiң қозғалыс жасауына қажеттi жағдайлар жасайтын ұйымдастыру-құқықтық буындардың жиынтығы. Ол буындар (институттар) әртүрлi ұйымдарды, фирмаларды және мекемелердi қамтиды. Рыноктық инфрақұрылым рыноктың эволюциялық дамуы барысында объективтi өмiрге келдi. Оның мiндетi – тауарлар мен қызметтердiң қозғалыс жасауына қолайлы жағдайлар жасау, сауда-саттық операцияларын мүмкiндiгiнше жеңiлдету және жеделдету, кәсiпкерлiктiң тосқауылдарын жойып, оған қолайлы жағдайлар жасау.

      Рыноктық  инфрақұрылымға кіретiн әрбiр элементтiң  ролi өте маңызды. Сондықтан рыноктық экономикаға өту үшiн рыноктық инфрақұрылымның барлық элементтерi қалыптастырылуы тиiстi. Оның кем  дегенде бiр элементi қалыптаспаса рыноктық экономика тежелiп, рынок бұрмалана бастайды да, өзiнiң негiзгi қасиеттерiнен айырылады. Ақыр соңында рынок мүмкiн болмай қалады. Шындығында, рыноктық экономика қалай қызмет атқарар едi, егер қорлар биржасы болмаса? Немесе еңбек биржасы болмаса?

      Рыноктық  экономика тез бой көтерiп, толыққанды қызмет атқаруы үшiн алдымен рыноктық инфрақұрылымның элементтерiн орнатып  алу керек. Рыноктық инфрақұрылымның  элементтерiне нелер кiредi?

      Рыноктық  инфрақұрылымды төмендегi схема түрiнде көрсетуге болады:  
 
 
 
 
 
 
 
 

      Схема 1.

        
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      2-ТАРАУ.  МАРКЕТИНГТЕГІ БАҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ  САЯСАТЫ 

      2.1. Баға нарықтық шаруашылық категориясы ретінде 

      Нарықтық  экономика жағдайында бағаны қалыптастыру өте күрделi процесс. Өнiмге қойылған баға табыстың дұрыс түсуiн қамтамасыз етуi керек және ол кәсіпорынның шығындарын жауып, пайда әкелуге тиiстi.

      Өз  еркiмен бағаны көтерiп, нарықтан тыс  қалған фирмалар, ал керiсiнше бағаны төмендету арқылы көптеген қолайсыз жағдайға кездескен фирмалар iс-жүзiнде көптеп кездеседi.

      Баға - өндiрушiлер мен сатушылар тұрғысынан тұтыну құнының бағаланған өлшемі деп есептелiнедi. Бұл анықтамада үш жағдай маңызды.

      Бiрiншiден, баға, оған енген қоғамдық қажеттi еңбек шығындарымен емес тауардың тұтыну бағасымен байланысты.

      Екiншiден, баға тұтынушылар мен емес, өндiрушiлер мен  немесе тауар сатушылардың ұсынуы жєне  бағалауымен байланысты. Тұтынушы шешім қабылдағанда  тауардың тұтыну құнының бағасын ескереді және ол факторлардың әсерімен анықталатын максималдық шекарадан аспауы тиісті.

      Үшiншiден, бағаның мөлшерi тауардың немесе оларды ұсынушылардың тұтынушыларға қаншалықты жақындағанына байланысты. Сондықтан, өндiрушiлер мен тұтынушылардың арасындағы кез-келген аралық өткiзу арналары құнды ұлғайтады.

      Компания  өзінің тауары үшін сұрайтын бағаның төменгі деңгейін өндірістік шығындар бойынша анықтайды. Компания  өндіріс шығындарын, таратуға кететін шығындарын және  тауарды сатуға кететін шығындарын орнына келтіретін ғана емес, тәуекелділік пен күш-жігері үшін жеткілікті пайда әкелетін баға белгілеуге тырысады. Баға қалыптастыру стратегиясында шығындар маңызды элемент ретінде қарастырылады. Көптеген компаниялар  өз салаларында  өте төменгі шығынға жетуге талпынады, себебі онда ол тµменгі баға белгілей алады да, соның нєтижесінде сату мен пайданың деңгейін арттырады.

      Шығындардың екі түрі болады – тұрақты жєне өзгермелі.

      Тұрақты шығындар - өндіріс көлемімен өткізуге тәуелсіз шығындар. 

      Мысалы, ай сайын төленетін жалгерлік  және жылжыту үшін төлемдер, несие  үшін пайыз төлемдері және қызметкерлердің төлем ақылары өндіріс көлемімен байланысты емес.

      Өзгермелі шығындар өндіріс көлеміне тікелей байланысты. Өндірістің белгілі деңгейіндегі тұрақты жєне өзгермелі шығындардың сомасы балдық шығындарды құрайды.

      Баға  белгілеу проблемасына фирмалар әртүрлі жолдармен келеді. Шағын фирмаларда бағаны басшылар тағайындайды. Ірі компанияларда баға белгілеу проблемасымен бөлімше басқарушылары және тауар ассортиментінің басқарушылары айналысады. Бірақ бұл жағдайларда да жоғарғы басшылар баға саясатының жалпы бағытын және мақсатын анықтаумен қатар, көпшілік жағдайда төменгі эшелон басшыларының ұсынған бағаларын бекітеді. Баға факторы шешуші роль атқаратын салаларда  (темір  өндіру компаниялары, аэрокосмос өндірісі, мұнай компаниялары т.б.)  фирмалар көбіне баға қалыптастырушы бөлімдерді қарайды және олар тиімді бағаларды белгілейді, немесе басқа бөлімшелерге осы сұрақ бойынша көмек көрсетеді. 

      2.2. Нарықтағы бағаны қалыптастырудың түрлері 

      Нарық типтеріне байланысты сатушы  баға қалыптастырғанда  әртүрлі деңгейдегі еркіндікте болады.  Экономистер нарықтың төрт түрін бөліп көрсетеді және әрқайсысы баға қалыптастыру бойынша өз шарттарын ұсынады.

      1. Таза бәсекелестік нарығы ұқсас  тауар өнімінің, мысалға, бидайдың, мыстың, бағалы қағаздардың көптеген  сатушыларынан және сатып алушыларынан қаралады. Бірде - бір жеке сатып алушы не сатушы нарықтағы күнделікті тауардың  баға деңгейіне үлкен ықпалын  тигізе алмайды. Сатушы нарық бағасынан жоғары баға да сұрамайды, себебі сатып алушылар қажетті тауар көлемін керегінше осы нарықтан ешқандай кедергісіз нарық бағасымен  сатып ала алады. Сатушылар нарық бағасынан төмен баға да сұрамайды, өйткені барлық  тауарын нарықтағы бағамен сата алады. Бұл нарықта маркетингтік зерттеу,  тауарды дайындау, баға қалыптастыру, жарнама және  өткізуді ынталандыру  минимальды болады, бірақ та мүлдем нольге жеткізбейді.

      2. Монополиялық бәсекелестік нарығы  келісімді біркелкі нарықтық  бағамен емес кең диапазонды  бағалармен жасайтын сатып алушылармен,  сатушылардан құралады. Баға диапазонының  болуы сатушылардың, сатып алушыларға тауарлардың әр түрлі варианттарын ұсыну мүмкіншілігінде. Реальды бұйымдар бір-бірінен сапа, касиеті, сырт безендіруі бойынша айырмашылықта болады. Айырмашылық тауарға қосымша атқарылатын қызметтерде де болуы мүмкін. Сатып алушылар ұсыныстардың айырмашылығын көретіндіктен әр түрлі тауарға әр түрлі баға төлеуге дайын. Бағадан басқа кейбір айырмашылықта болу үшін сатушылар әр түрлі тұтынушылар сегменттеріне түрлі ұсыныстар дайындауға тырысады және тауарларға маркалық атау беру тәжірибесін, жарнаманы және жеке сату әдістерін кеңінен пайдаланады. Бәсекелестердің көп болуына байланысты олардың маркетингілік стратегиясы әр фирмаға тигізетін ықпалы олигополистикалық нарық жағдайынан төмен болады.

Информация о работе Рыноктык бага