Рыноктык бага

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 18:08, курсовая работа

Описание

Нарықтық механизмнің негізгі элементтерінің бірі – баға. Нарықтық баға өндірушілердің және тұтынушылардың өз арасындағы бәсеке нәтижесінде қалыптасады. Бұған бәсекеден басқа да көптеген факторлар әсер етеді. Жалпы нарық бағасына нарыққа қатысушылардың бәрі де әр түрлі деңгейде тәуелді болады, әсіресе сұраным мен ұсыным нарықтық баға әсерінен қалыпты жағдайдан тез ауытқиды. Сондықтан да нарықтық бағаның құрылуын, қалыптасуын және оның ауытқу заңдылықтарын біліп отыру, әр фирманың табысты тұрақты алуына және өндіріс бағытын жетілдіруге негіз бола алады. Міне, әр салада, әр сферада және әр тауар түрі бойынша бағаның құрылуының маңызы мен маңыздылығы осында десек, артық айтқандық емес.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................ 4

1-ТАРАУ. РЫНОК ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ......................................................... 6

1.1. Рыноктің пайда болу себептері және сипаттамасы................................... 6

1.2. Рыноктің атқаратын қызметтері. Рыноктік экономиканың артықшылықтары мен кемшіліктері................................................................. 10

1.3 Рыноктік ифрақұрылым және оның элементтері....................................... 12

2-ТАРАУ. МАРКЕТИНГТЕГІ БАҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ САЯСАТЫ...17

2.1 Баға нарықтық шаруашылық категориясы ретінде.................................... 17

2.2 Нарықтағы бағаны қалыптастырудың түрлері........................................... 18

3-ТАРАУ. БАҒА БЕЛГІЛЕУГЕ ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАР....................... 23

3.1. Тауарға бағаны қалыптастырудың негізгі тәсілдері................................. 23

3.2. Бағаны тауардың құндылығын сезіну негізінде белгілеу......................... 28

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................... 32

ГЛОССАРИЙ....................................................................................................... 36

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...................................................................... 38

ТІРКЕМЕЛЕР

Работа состоит из  1 файл

Рыноктік баға.doc

— 188.50 Кб (Скачать документ)

      4.Қаржы  және ақша-кредит жүйесін реформалау және бюджет тапшылығын жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) 4-6 пайыз деңгейінде ұстау - бұл күрделі және қайшы процес түпкі тұтыну үшін.

      5.Инфляцияның,  бағаның өсуі,  өндірістің құлдырауы  және банкроттық жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген Бұқара топтарының тұрмыс дәрежесінің құлдырауына және жұмыссыздыққа  әкеп соқты.  Сондықтан халықты әлеуметтік қорғата тиімді жүйе құру қажет .

      Осы себептен жұмыспен қамту, әлеуметтік сақтану  жүйесін дамыту және еңбекақы төлеу  жүйесін реформалау мәселелерін  шешу қажет.

      6. Республиканың сыртқы экономикалық әрекетінде әлем нарығына енуде толық еркін дербестік алуда..

      Өндiрiстiк  инфрақұрылым өндiрiстiң тоқтаусыз, толассыз жүрiп отыруына жағдай жасап  беретiн буындарды қамтиды (сауда, көлiк, байланыс, ирригациялық құрылыстар, қамбалар жүйесi және тағы басқа). Жоғарыда аталған буындардың бiразы толық күйiнде өндiрiстiк инфрақұрылымға жатпайды. Мысалы, сауданың, көлiк пен байланыстың бiр бөлiгi халыққа қызмет атқарады. Сондықтан сол бөлiктерi өндiрiстiк инфрақұрылымға кiрмейдi.

           Рыноктық инфрақұрылым дегенiмiз рынокқа қызмет атқаратын, оның ырғақты жұмыс iстеуiне жағдай жасайтын институттардың жиынтығы. Басқаша айтқанда, рыноктық инфрақұрылым дегенiмiз сауда-саттық операцияларына, тауарлар мен қызметтердiң қозғалыс жасауына қажеттi жағдайлар жасайтын ұйымдастыру-құқықтық буындардың жиынтығы. Ол буындар (институттар) әртүрлi ұйымдарды, фирмаларды және мекемелердi қамтиды. Рыноктық инфрақұрылым рыноктың эволюциялық дамуы барысында объективтi өмiрге келдi. Оның мiндетi – тауарлар мен қызметтердiң қозғалыс жасауына қолайлы жағдайлар жасау, сауда-саттық операцияларын мүмкiндiгiнше жеңiлдету және жеделдету, кәсiпкерлiктiң тосқауылдарын жойып, оған қолайлы жағдайлар жасау. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                            ГЛОССАРИЙ 

      1. Аукцион (лат auctio - көпшілік алдындағы сауда саттықта сату)

      2. Акциз (Фран. accise - кесу) - тауардың бағасына енгізілген және сатып алушы төлейтін жалпы мемлекеттік жанама салық.

     3. Бюджет – ағылш. «ақша сөмкесі»дегенді білдіреді. Ол бір жағынан ақшалай табыстар, ал екінші жағында осы уақыттағы шығындар көрсетілген кесте болып табылады. Ендеше, бюджет – табыс көздері мен ақшаның жұмсалу бағытын алдын –ала білу  және олардың сәйкестігіне, балансына жету үшін жасалған тізімдеме, ақшалай табыстар мен шығындардың сметасы.

     4. Бонистика - қағаз ақша белгілерді тарихи құжаттар ретінде зерделейтін тарихи пән.

      5. Бизнес – ағылш. «іс, қызмет» дегенді білдіреді. Бизнес - өз есебінен, жауапкершілігіндегі және ұзақ мерзімді, тұрақты ақшалай табыс, пайда алуға бағыттылған  адам және адамдар тобының қызметі.

     6. Ваучер (ағыл. voucher - қолхат) - жазбаша кепілхат.

      7. Валюта – осы елде заңды бекітілген,қолданылатын кез-келген елдің ақша бірлігі.

      8. Дилер - тауарларды алу - сату кезінде делдалдық қызмет атқаратын заңды немесе жеке тұлға.

      9. Инвестор (ағыл. investor - салымшы) - инвестициялық жобаларға меншікті қаражаты мен қарыз қаражатын салушы заңды немесе жеке тұлға.

     10. Инфляция – бір ақша бірлігіне сатып алуға болатын тауарлар санының  азайуына әкелетін,тауарлар бағасының артуы;ақшаның сатып алу қабілетінің  төмендеуі.

      11. Импорт – елде қолдану, тұтыну үшін шет ел тауарлары немесе өзге құндылықтарды  шет елдерден  мемлекетке әкелу.Елдер, өздеріне  мұқтаж, өздері өндіре  алмайтын заттарды шет елдерден  сатып алуға мәжбүрлі.

      12. Кәсіпорын – экономикалық қызметті жүзеге асыруға,жұмысты орындауға,тауар,қызмет,өнім өндірісіне арналған шаруашылық объект.

      13. Куртье (фран. courter) - маклер, агент.

      14. Локо ( итал. loco) - мәміле шартын білдіретін коммерциялық термин.

      15. Маклер (нем. Macler - делдал) - тауарларды сатып алу - сату саласындағы кәсіби түрде делдалдықпен айналысатын тұлға.

      16. Мета (итал. meta - жартысы) - мәмілеге қатысушылар пайда мен залалды тең жартыға бөледі.

      17. Нарық – ақшалай тауарларды,валюта, бағалы қағаздарды қоса ескергендегі,тауарлар сатылатын және сатып алынатын кез –келген орын.

      18. Реформа – экономиканы басқарудағы өзгерістер,күрделі қайта құрулар.

      19. Сала(сфера) – экономикада – экономикалық қызмет облысы, мысалы, өндіріс саласы, әлеуметтік сала, қызмет саласы.

      20.  Экономика – шаруа және шаруашылық  қызмет, яғни қажеттілікті қанағаттандыруда,өмір сүруді қамтамассыз етуде адамдар қолданатын құралдардың,ресурстардың,процестердің жиынтығы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 

      Негізгі:

      1. Абдуллаев Ә. “Экономикалық теория”.  «ҚазБаспа-ҚТ», Алматы, 2004ж. 250 б.

      2.  Әубәкіров Я., Нәрібаев К., Есқалиев  М., Жатқанбаев Е., Байжұманов Е., Досқалиев  С., Жәйшібеков Ж., “Экономикалық  теория негіздері” Алматы, 2004 ж. 245 б.

      3.  Әубәкіров Я. Ә., Байжұманов Б.Б.,Жақыпова Ф.Н.,Табеев Т. П. “Экономикалық теория”, «Қазақ университеті», Алматы,  1999 ж.- 250 б.

      4.  Жұмамбаев С.К.“Еңбек рыногі экономикасы  ”, «Қазақ  унивеситеті», Алматы, 2003 ж.144 – 15 б.

      5.  Сахариев С.С.,Сахариева А.С. “  Жаңа кезең – экономикалық теориясы” «Дәнекер», Алматы,  2004 ж. 150 б.

      6. Крымова В. “Экономикалық теория”,  «Арқайым», Алматы, 2003

      7. Қожаниязов Т. Қ., Қожаниязова  Ж. “Қазіргі экономика”, Тараз.  «Рыспаева және К баспасы», Тараз,  2001 ж.. 319 б

      8. Мамыров Н. Қ., Тілеужанова Н. М.,“Макроэкономика”,«Экономика», Алматы, 2003 ж. 59-90 б

      9.  Мауленова С.С. “Экономикалық  теория”, «Экономика», Алматы, 2003 ж. - 194 б

      10.Шеденов  Ө.Қ.,Сағындықов Е.Н.,Жүнісов Б.А.,Байжомартов  Ч.С. Комягин Б.И. “Жалпы экономикалық  теория”, “А-Полиграфия”, Ақтөбе , 2004 ж. 212.   

      Қосымша:

      11. Жаршы. «Қазақстандағы еңбек нарығының  қалыптасу ерекшеліктері» Әкімбекова  Ш. – (№5) – 13 ақпан - 2005ж. 4б.

      12. Ақ жол. «Жұмыссыздықтан арылар  күн алыс емес» Дүйсебаев М. - (№123) - 5 қазан 2004 ж.- 1б

      13. Тараз. «Жамбыл облысының әкімі  Б. Б. Жексембиннің облысы тұрғындары  алдында “2006 жылғы облыстың әлеуметтік-экономикалық  дамуының қорытындысы және 2007 жылға  арналған міндеттері туралы”есебі»  - 9 ақпан, 2007 ж.

      14. Жаршы. «Еңбек  ресурстарының  аймақтық ерекшеліктерінің құрылуы» Ниязбекова Р.Қ.,Оразова Б.Б. - (№7) – 9 қараша – 2005 ж. – 7б

      15. Жаршы. «Еңбек ресурстарының жағдайы  мен халықты жұмыспен қамту  мәселелерінің Қазақстандағы ерекшеліктері»  Оразова М.О. (№11) - қыркүйек –  2005 ж. - 5б

      16. Саясат. «Жастар еңбек нарығында» Хамбар Б.  – №9 – наурыз – 2005ж. –58 - 61б 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ТІРКЕМЕЛЕР

Информация о работе Рыноктык бага