Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 13:30, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін шағын және орта бизнесті даму мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Шағын және орта бизнесті дамыту – нарықтық дамудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің маңыздылығын дәлелдейді.
Кіріспе
3
1
Шағын және орта бизнесті дамытуды мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері
5
1.1
Шағын және орта бизнестің экономикалық мәні
5
1.2
Шағын және орта бизнес –мемлекеттік реттеудің объектісі ретінде
7
1.3
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибесі
17
2
Мемлекеттік реттеу – шағын және орта бизнесті дамыту шарты ретінде
22
2.1
Павлодар облысының шағын және орта бизнес қызметінің ахуалы
22
2.2
Павлодар облысындағы шағын және орта бизнес субьектілерін несиелеуді талдау
32
2.3
Павлодар облысындағы шағын және орта бизнес жобаларының инвестициялық тартымдылығы
44
3
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті жетілдіру жолдары
3.1
Шағын және орта бизнестің дамуының қиыншылықтары мен тосқауылдары
3.2
Мемлекеттік реттеу – шағын және орта бизнес дамуының факторы ретінде
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Басқа мәселе жаңа бастаған кәсіпкерде бастапқы капиталды қалыптастыру көздерінің іс жүзінде жоқтығында жатыр. Банктік сектормен берілетін несиелер жоғары пайыз ставкалары және қайтарудың қысқа мерзімділігінен көбіне қолжетімсіз; Өз кезегінде, комерциялық банктер шағын және орта бизнесті несиелендіруге үлкен тәуекел мен кепілдіктердің салдарынан зауықсыз барады. Өз қаржылай ресурстарының жетіспеушілігі мен оларды сатып алу қиындығы сондай-ақ шағын және орта кәсіпорындарды, көп жағдайда өзіне тиімсіз жағдайларда тасадағы экономикамен өсіруге итермелейді.
Тағы да бір тежейтін фактор әділетсіз бәсекелестік, шағын және орта бизнесті шамадан тыс реттеу мен қамқорлық, тіркеу - лицензиялық рәсімдердің шырмалып қалушылығы болып табылады, бұл түрлі әкімшілік барьерлерді, әсіресе дамудың бастапқы кезеңінде ұлғайтады. Қалыптасу кезеңі өз ісін бастаушы кез келген адам үшін ең қиыны шығар. Социологиялық зерттеулердің деректері бойынша он шағын кәсіпорнның ішінде жетеуі өз қызметін бастаған сәттен бастап бір жылдан кейін “Арақашықтықтан шығады”. Сондықтан, мемлекеттік көмегі бұл жерде өте қажет және сезіледі.
Барлық осы жағдайларды ескере отырып, Елбасы соңғы Жолдауында бәсекелестікті – “Біздің экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етуде ерекше миссияны Президенттің тапсырмасы бойынша қайтадан құрылған Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттікпен орындауды бұйырды.
Агенттіктің кеңейтілген өкілеттіктері бағаны келісіп алушылықпен, әділетсіз бәсекелестікпен, нарық субъектілерімен өз үстемдік ету және монопольдық жағдайын асыра пайдаланумен “Күресте”, қазақстандық бизнестің әлемде ұстанымын нығайтуда жетістікті қамтамасыз етуі тиіс.
Елде кәсіпкерлік
Дамыған кәсіпкерлік сектор – бұл кез келген экономиканың негізі.
Осыған байланысты әкімшілік реформа шеңберінде Үкіметке бизнеске әкімшілік жүктемені азайту, рұқсат берушілік жүйені, ең алдымен лицензиялауды, сертификаттауды, аккредитациялауды әрі қарай жеңілдетуді жүргізу тапсырылды.
Шағын кәсіпкерлік ұстанымын қалыптастыру және нығайту ісіндегі мемлекеттің рөлі туралы айтсақ, 2002 жылы күзде Қазақстан мен АҚШ арасында қол жеткізілген – бизнесті дамыту облысындағы Хьюстондық бастама деп аталатын өте маңызды келісім туралы еске түсіру қажеттілігі пайда болады. Осы уағдаластықтар шеңберінде әлемдік нарықтарда өнімді бірлесіп өндіру және өткізу бойынша екі мемлекеттің жекеше секторларын жақындату жөніндегі жұмыс жүретін болады. Алдағы 10 жылда АҚШ үкіметі Қазақстанның түрлі экономикалық жобаларына, соның ішінде шағын және орта бизнесті дамыту облысына 150 - 200 млн. долларды инвестициялауды жоспарлап отыр.
Екі жақты серіктестіктің ең негізгі қорытындысы ҚР бизнес-секторының сыртқы нарықта бәсекеге қабілеттігін арттыру болады. Өндірістің жандана түсуі, сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыру және біздің елдің Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына кіруге дайындығы шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың модельдерін әзірлеу кезіндегі қағидаттары мен көзқарастарын перманенттік жетілдіруді қажет етеді. Тек осылай ғана шағын және орта бизнес субъектілерінің өздерінің белсенділігімен үйлесімінде Азия мен Еуропаның атаулы өндірушілерімен бәсекеге тең түсуге болады.
3 Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті жетілдіру жолдары
3.1 Шағын және орта бизнестің дамуының қиыншылықтары мен тосқауылдары
«Қазақстанның әлемнің неғұрлым бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» халыққа жолдауда Қазақстан Республикасының Президенті кәсіпкерлікті дамытудың жаңа талаптары, 2015 жылға дейін индустриалдық - инновациялық даму стратегиясында салынған алғы шарттарды қалыптастырды. Қазақстан экономикасының сапалы жаңа өсімі Қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттігін арттыруда, сондай-ақ, ақырғы рөлді Қазақстандық бизнесмендер ойнауы тиіс, әлеуметтік бағдарланған қоғамды құруда жатыр.
Әлемдік сарапшылар Республикада шағын бизнесті дамытудың көптеген индекстері бойынша, жаман ұстанымды алып отырғандығын мойындаймын. Мысалға, Қазақстан бизнесін жүргізудің қарапайымдылық дәрежесін кескіндейтін бүкіл әлемдік банктің рейтингісінде әлемдегі 155 елдің арасында 86 - орынды, бизнесті ашу қарапайымдылығының дәрежесі бойынша – 33-орынды және бизнесті жабудың қарапайымдылық деңгейі бойынша - 92 орынды алып отыр. Бизнеске жағдайлар жасау бойынша, біздің Мемлекет кеңестік кездегі көптеген елдерден алда келеді. Қазақстанда бизнес жүргізу үшін, ауыр бөгеттер аз, ал Әзірбайжанда (98 - орын), Грузияда (100 - орын), Белоруссияда (106 - орын), Өзбекстанда (138 - орын). Сонымен бірге, Қазақстанда бизнес бірқатар проблемалардан зардап шегуде. Лицензия алудың қарапайыдылығы бойынша, Қазақстан 112 - орынды, несие алу бойынша 117 - орынды алып отыр.
Бүгінгі күні, іс жүзінде шағын бизнесті салалық қолдау жоқ. Көп жағдайда кәсіпкерлер салалық министрлікке, оларға қандай да бір проблема бойынша көмектесу туралы өтінішпен келгенде, осындай жағдайлар шағын бизнес мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Монополияға қарсы агенттікке итермелейді. Сондықтан, министрліктерге бүгінгі күні шағын бизнесті салалық қолдауды қамтамасыз ету бойынша, шаралар қабылдау тапсырылды. Бұл ретте, уәкілетті органның рөлі нарыққа шығудың тек базалық жағдайларын жасауда жатуы тиіс, ал олардың әрі қарай қызмет етуін қамтамасыз ету салалық министрліктер мен ведомстволардың міндеті болып қалуы тиіс.
Тұтастай алғанда, шағын кәсіпкерлікті салалық қолдау әр министрлік, ведомоство өздерінің бюджеттік бағдарламаларында осы мақсат үшін, соның ішінде, шағын және орта бизнесті несиеленду үшін қаражат көздеуі тиіс.
Өңірлік дамыту. Өңірлік қимада шағын бизнесті дамытуда айтарлықтай диспропорция байқалады. Сонымен, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі жалпы саннан тұтатстай республика бойынша Оңтүстік - Қазақстан облысында 16,6%, Алматыда – 13% және Алматы облысында - 12,4%. Ал, Қызылорда облысында осы көрсеткіш 2,1%-ды, Маңғыстауда – 2,2% - ды, Атырауда – 2,3%-ды құрайды. Бірінші кезекте, шағын бизнестің неғұрлым көп шоғырлануы, сол немесе өзгедей өңірде халықтың жалпы санымен сипатталатын болып шығады, өйткені, осы фактор қызмет көрсету мен сауда саласында қажеттілікті ұлғайтады. Сондай - ақ, алғашқы үш өңірде шағын бизнесті дамытуды экономикалық, сонымен бірге, тарихи және географиялық сілтемелер де сүйемелдейтінін ескеру керек.
Дегенмен де, шағын бизнесті дамыту аталған факторларға байланысты деп те айтуға да болмайды. Мысалға, Қазақстанның батыс өңірлерінде шағын бизнесті дамыту үшін, ірімен біріктіруде үлкен перспктивалары бар. Бұл шағын бизнес субъектілерінің өніміне (жұмысына, қызмет көрсетуіне) мұнай саласында жұмысты жүзеге асырушы ірі шетел және Отандық компаниялардың тапсырыстарының кепілдендірілген көлемін қамтамасыз ету жолымен мүмкін.
Осы кезеңде өңірлердегі шағын бизнесті дамытуды теңгеру қажет.
Көптеген өңірлерде іс жүзінде кәсіпкерлерді оқыту жүзеге асырылмайды, өте проблемалы болып оларды қызықтыратын ақпаратты алу болып табылады. Менеджмент, маркетинг, инженерлік-техникалық және басқа мамандықтар облысындағы шағын бизнес үшін білікті кадрлардың өте тапшылығы байқалады.
Тек бірнеше өңірлерде ғана, мемлекеттік ұйымдар арқылы, несиелік және ақпараттық ресурстарға қол жетімділік қамтамасыз етілген. Елдің өңірлерінде банктік инфрақұрылымның бірдей емес болуы байқалады, барлық берілген несиелердің 46% -ы Алматыға келеді, бұл шағын кәсіпкерлікті қаржылай қамтамасыз етуді және оның қызметінің көптеген түрлерінің дамымаушылығын шектейді. Берілген барлық несиелердің ең төмен сыбағалы салмағы Қызылорда (0,2%), Алматы (0,4%), Маңғыстау (0,6%) облыстарында байқалады.
Аталған проблемаларды жою үшін, өңірлерде шағын бизнесті қолдаудың толыққанды инфрақұрылымын құру қажет.
Президенттің Қазақстан
халқына Жолдауында шағын және орта
бизнесті қолдаудың өңірлік орталықтарын
құру бойынша міндет қойылған. Елбасы
осы орталықтардың негізгі
Қазіргі уақытта, Республикалық деңгейде “Шағын кәсіпкерлік бойынша, Республикалық ақпараттық - көрме орталығы жұмыс істейді және оның филиалдарын ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Бүгінгі күнге, жергілікті атқарушы билік органдарының жүргізуінде шағын және орта бизнесті қолдаудың нақты тұтқалары тұр. Бұл жылжымайтын мүлікті, жер пайдалану, табиғи ресурстарды пайдалану құқықтарын ресімдеу, коммуналдық қызмет көрсетулерді қамтамасыз ету, кәсіпорындарға бос тұрған үй - жайларды беру және т.с.с. Демек, кәсіпкерлік субъектілеріне өз қызметінің үрдісінде әкімдіктермен жиі түйісіп қалуға тура келеді.
Бірақта, шын мәнінде
кәсіпкерлер үшін әкімдіктер қызметкерлері
тарапынан олардың қызметіне
қосымша бөгет жасаулары туады.
Әкімдік қызметкерлері
Осыған байланысты, шенеуліктермен орындарда жасалатын әкімшілік барьерлерді жою қажет. Сондай–ақ, өңірдің әр әкімі үшін, шағын бизнес үшін, рұқсат беру рәсімдерін орындарда жеңілдету бойынша, шаралар қабылдау болып табылатындығы әбден мүмкін.
Содан басқа, шағын бизнесті
қолдау бойынша өңірлік бөлімшелердің
бірдей емес құрылымы байқалады. Сонымен,
бір өңірде жеке департамент құрылған,
ал басқасында қызметінің тағы бірнеше
бағыттары бар департамент
Осылайша, әр өңірде мемлекеттік кепілдірілген көмектің ең аз көлемін қалыптастыру және шағын және орта бизнесті қолдауда сапалы өзгерістер жүргізу керек.
Шағын және орта бизнесті қаржылық - несиелік қолдау. Өз ісін ұйымдастыру және қолданыстағысын кеңейту үшін, бастапқы капиталды қалыптастырудың негізгі көздерінің бірі екінші деңгейдегі банктермен берілетін коммерциялық несиелерді алу болып табылады.
Несиелік ресурстар нарығының қазіргі заманғы жай-күйі шағын бизнес үшін, олардың жеткіліксіз қол жетімдігімен сипатталады. Бұл орташа алғанда жылына шамамен 20% - ды құрайтын жоғары пайыздық ставкалармен, несие берілетін қысқа мерзіммен, сондай-ақ, шағын бизнес субъектілерінде банктердің көз-қарасы бойынша, өтімді кепілдік қамтамасыз етудің жоқтығымен серттескен. Бұл ретте, несиелерді алуда ерекше қиындықтарды жаңа бастаған кәсіпкер зардап шегеді, өйткені, банктер тұрақты кіріс әкелмейтін кәсіпорындарға қаражат салғысы келмейді, сондай – ақ, олардың қызметі бірінші кезеңдерде банкротқа ұшырау тәуекелімен байланысты болады.
Содан басқа, кәсіпкерлерде туындайтын проблемалардың бірі - банктердің кепілдікке салынатын мүліктің бағалау құнын төмендетіп тастау болып табылады, ол нарықтың құнынан 50% - дан 85% - ға дейін құрайды.
Бүгінгі таңда, негізгі міндет өндірістік сала кәсіпорындарымен бөлінетін қаржы-несиелік ресурстардың абсолюттік көлемін ұлғайту болып табылады. Оның оң шешілуі - шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың тиімді қаржы - несиелік жүйесін құруды көздейді. Ол үшін мынадай шаралар қажет:
- франчайзинг, лизинг және тағы сол сияқты ( бұдан әрі т.с.с) жаңа қаржы аспаптарының жүйесін дамыту;
- банктік емес қаржы - несиелік ұйымдар мен мекемелерді кеңінен дамыту үшін жағдай жасау;
- шағын және орта бизнесті қолдаудың халық аралық, қаржы институттары мен шетелдік ұйымдармен тиімді өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
- қаржы институттарының
кәсіпкерлерді несиелендірген
- шағын несиелендіру жүйесін дамыту;
- несиелік ресурстарды алу кезіндегі қызмет көрсетулерді көрсететін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдаудың нарықтық инфрақұрылымын жетілдіру.
Ұлттық банктің банктік және банктік емес қаржы-несиелік мекемелер қаражатының бөлігін мақсатты түрде жаңа істі ашатын жаңа бастаған кәсіпкерлерге жіберуі үшін шаралар қабылдағаны орынды.
Қаржы - несиелік саясатты іске асыру үшін, көптеген елдердің үлгісі бойынша, шағын және орта бизнесті мақсатты несиелендіру үшін арнайыландырылған қаржы - несиелік институтты құру қажет.
Шағын кәсіпорындардың орта санатына көшуін ынталандыру үшін, несиелендірудің нормативтері мен механизмдерін әзірлеу туралы мәселені көңіл аударуға лайықты. Оның негізі бөлінетін несиелердің, олардың өндіріс және алынатын кірістерінің көлемдерін ұлғайтуға қарай ұзақтылығының көлемдерін ұлғайту болып қалады.
Осы механиз өзінің бизнесін жүйелі түрде ұлғайтып отыратын кәсіпкерлер үшін преференциясын саналы түрде кеңейтуді көздейді. Осындай механизмді енгізу, орта класс өкілдерін шағын және орта бизнеске тән экономикалық және әлеуметтік міндеттерді аса тиімді шешуді ынталандыруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда, Республикалық деңгейде шағын бизнесті қаржылай қолдауды қамтамасыз ететін жалғыз кәсіпорын «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» Жабық Акционерлік Қоғам (бұдан әрі ЖАҚ) болып табылады. Дегенмен де, тармақталған инфрақұрылымның жоқтығынан, сондай-ақ, өз қаржылай қаражатының шектелуінен Қордың шағын бизнесті толық қолдау көрсету жүзеге асыруға мүмкіндігі жоқ. 2006 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қордың жарғы капиталы 18,85 млрд. теңге қарыздық қоржынмен 28 млрд. теңгеден аса құрайды. Қордың жұмысының тиімділігін арттыру үшін, министрлік облыстық маңыздағы қалаларда және аудандық орталықтарда өкілеттілік қорын құра отырып, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» Акционерлік Қоғамның (бұдан әрі АҚ) филиалды түрдегі өкілеттілік желісін кеңейтпекші. Қаржы желісін дамыту біздің еліміздің әр тұрғынына қордың қызмет көрсетуін шынайы түрде жеткізуге мүмкіндік береді. Егер, әр Қазақстанның өңірінде, қаласында сарапшы - консультант жұмыс істейтін болса, онда алдағы уақытта тағы да несиелік офицерді тарту жоспарланады. Барлық осы іс-қимылдар шағын кәсіпкерлік субъектілерінің санын ішкі сыбағалы өнімге ұлғайтуға, экономиканың басымды бағыттарын дамытуға, шағын кәсіпкерлік субъектілерімен бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаруға әкеліп соқтырады.
Информация о работе Шағын және орта бизнестің дамуын мемлекеттік реттеу