Шағын және орта бизнестің дамуын мемлекеттік реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 13:30, дипломная работа

Описание

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін шағын және орта бизнесті даму мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Шағын және орта бизнесті дамыту – нарықтық дамудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің маңыздылығын дәлелдейді.

Содержание

Кіріспе
3
1
Шағын және орта бизнесті дамытуды мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері

5
1.1
Шағын және орта бизнестің экономикалық мәні
5
1.2
Шағын және орта бизнес –мемлекеттік реттеудің объектісі ретінде
7
1.3
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибесі
17
2
Мемлекеттік реттеу – шағын және орта бизнесті дамыту шарты ретінде

22
2.1
Павлодар облысының шағын және орта бизнес қызметінің ахуалы
22
2.2
Павлодар облысындағы шағын және орта бизнес субьектілерін несиелеуді талдау

32
2.3
Павлодар облысындағы шағын және орта бизнес жобаларының инвестициялық тартымдылығы

44
3
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті жетілдіру жолдары

3.1
Шағын және орта бизнестің дамуының қиыншылықтары мен тосқауылдары

3.2
Мемлекеттік реттеу – шағын және орта бизнес дамуының факторы ретінде
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Ескендирова Лаура.doc

— 999.00 Кб (Скачать документ)

Бірінші бағыт бойынша  демеу қаржы берілген кезде –  мөлшерлеменің 5%-ын мемлекет өтейді, 7%-ын – кәсіпкер төлейді. Үшінші бағыт  бойынша демеу қаржы берілген кезде – Экспортшы 4 %-ын төлейді, ал мемлекет 8 %-ға дейін өтейді. Бұл экспортқа бағытталған өндірістердің дамуын қосымша ынталандыру болып табылады. Кредиттеу мерзімі - 10 жылға дейін ұзарту құқығымен 1 жылдан 3 жылға дейін.

Тек бірінші бағыт бойынша ғана рұқсат етілетін кепілдік беру кезінде кепілдік көлемі кредит сомасының 50%-ынан аспауға тиіс. Кепілдік беру бойынша мерзім – 10 жылдан аспайды.

Екінші бағытты жақсарту шеңберінде іске асыру Экономикалық даму және сауда министрлігі мен  Қазақстанның қаржыгерлері қауымдастығы арасында жасалған жеке Меморандум бойынша жүзеге асырылады. Бұл бағыт бойынша демеу қаржы берілген кезде – мөлшерлеменің 5%-ын мемлекет өтейді, 7%-ын – кәсіпкер төлейді. Демеу қаржы беру мерзімі 3 жылдан аспайды.

Бағдарлама экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес машина жасау, металлургия, металл өңдеу, фармация, жеңіл өнеркәсіп және тоқыма, туризм, агроөнеркәсіптік кешен сияқты және бірқатар басқа басымдықты бағыттарға қолдау көрсетеді.

Минералдық шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1344 қаулысына сәйкес, Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары Бағдарламаға қатыса алмайды.

Сондай-ақ, келесі кредиттерге демеу қаржы беру қарастырылмаған:

- акцизделетін тауарлар  шығаруды көздейтін жобаларға  берілген;

- кредитор болып мемлекеттік  даму институты табылатын (тұрақтандыру  және дағдарысқа қарсы бағдарламалары  шеңберінде ЕДБ арқылы мемлекеттік қаржылық қолдау алатын кәсіпкерлерді қоспағанда);

- ауыл шаруашылығы  өнімдерін өңдеуге берілген кредиттер  бойынша сыйақы мөлшерлемесіне  демеу қаржы алатын кәсіпкерлер.

«Бизнестің жол картасы-2020»  бағдарламасының Өкілетті органы - Экономикалық даму және сауда министрлігі. Облыс әкімінің қаулысына сәйкес, Бағдарламаның облыс бойынша Үйлестірушісі – облыс кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы. Қаржы Агенті – «Даму» қоры.

Қазіргі уақытта екінші деңгейдегі банктер барлық қажетті  материалдарды алды.

Банктерде аталмыш бағдарлама шеңберінде іске асыруға арналған 30-дан астам жоба қарастырылуда. Жобалардың тізімдемесін құру жөніндегі жұмыстар жалғасуда.

Бағдарламаны іске асыру  бойынша іс-шаралар шеңберінде облыста  БАҚ арқылы ақпараттық-түсіндіру  жұмыстарын жүргізу, кәсіпкерлер үшін екінші деңгейдегі банктердің, «Даму» қорының, қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен қаржыландыру шарттарын, тетіктері мен тәртібін түсіндіру бойынша кездесулер ұйымдастыру жоспарлануда.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Осы дипломдық жұмыста Павлодар облысының шағын және орта бизнесінің дамуына талдау жасап, оның мәселелерімен жетілдіру бағыттарын қарастырдым. Шағын бизнесті дамыту реттеудің тиімділігі бірінші кезекте реттеудің барлық аспектілерін іске асыруды қамтамасыз етуге қабілетті нақты институттық базаға байланысты болады. Нормативтік - құқықтық база сол сияқты болуға әлі жеткіліксіз. Біріншіден, осындай түрде олар шағын және орта бизнес субъектілері үшін операцияларды жасаудың шығындарын ең аз мөлшерге келтірулері үшін реттеу үрдісін әзірлеу қажет. Екіншіден, шағын және орта кәсіпорындаға тиімді қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында барлық реттеуші органдардың қызметкерлері үшін тиімді оқу бағдарламасын әзірлеу қажет.

Павлодар облысының  шағын және орта бизнесін талдауы  шағын бизнестің қалыптасуы нақты бір кезеңнен өтіп болғандығын куәландырады. Қазіргі уақытта, шағын кәсіпкерліктің қалыптасу сатысында орын алған көптеген проблемалар заңнамалық базасы қалыптасып болған, екінші жоспарға шықты, бизнестің рентабельділігінің пропорциональды нормалары анықталды, бизнесті қаржыландыру жүйесі әзірленді. Қазір бірінші орынға сапалы түрде жаңа проблемалар шығады - мемлекеттік органдармен ынтымақтасу, кәсіпкерліктің мәдениетін дамыту, менеджмент сапасы, жаңа технологияларды енгізу және басқа мәселелер, бұл шешімдер шағын және орта бизнестің дамудың жаңа сатысына шығаруға мүмкіндік береді. Бұл үрдіс дамудың әр кезеңінде айқын басқаруды талап ететіндігіні атап өту керек.

Аймақтың экономикалық өсуі мен шағын бизнестің даму базасында жаңа жұмыс орындарын құру бағдарламалары; шағын бизнеске технологиялық көмек көрсету; қазіргі бизнесті кеңейту, оның одан ары қарай өсуі; шағын бизнес қажеттілктері мен мұқтаждықтарын қанағаттандырумақсатында мемлекеттік және аймақтық ресурстарды университеттер мен колледждербазаларымен біріктіру; шағын бизнес кәсіпорындарының сыртқы экономикалық қызметтеріне көмек көрсету; шағын бизнес бағдарламаларын қаржыландырудың мемлекеттік емес көздерін тарту бағдарламалары – шағын кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі бағдарламалары болып табылады.                                             

Сонымен, көріп отырғанымыздай, ойланып ұйымдастырылған шағын  және орта кәсіпкерлік саясаты стагнациялық экономикадан шығудың балама жолы бола алады, өйткені ол екі макроэкономикалық  проблемелармен байланыстырады – жұмыспен қамту және өндірістің жандануы. Шағын кәсіпорындар экономикаға барлық көрсеткіштер бойынша өзгерістер алып келуі мүмкін. Өзін жұмыспен қамтуды ынталандыру және шағын кәсіпорындар ашу ең аз шығынмен жұмыссыздық мәселесінен шығатын жол ретінде қарастырылады. Соңғы он жылдықты дамыған елдердегі экономиканың даму тенденциясы шағын кәсіпкерлік саласына өтумен байланысты. Осы саладағы бәсекелестікті ынталандыру, кәсіпкерліктің жандануы, қоғам ресурстарын толығырақ қолдану және инновациялық процесті күшейту сияқты негізгі үміт арттырған. Батыс елдерінде шағын бизнес тиімді дамуды қамтамасыз ету және мемлекеттік экономикалық саясатты қосу саласына айналған. Мемлекеттік протекционистік шағын бизнестің нақтылануы қажет еткен, адрестілігін, жеңілдіктер тек шағын кәсіпорындарға берілетін. Шағын кәсіпорындарды ажырату барысында сандық сипаты бойынша, әр елдегі экономикалық жағдайға байланысты әр түрлі пікірлер қалыптасқан. Жалпы сипаттамасы ұйымдастырылуының қарапайымдылығы, жаңа өнім шығаруға тез бейімделе алуы, нарыққа қызмет ету, яғни нақты тапсырыстармен сатуға, сондай – ақ шағын кәсіпорындарды басқару және меншікті біріктіру дәрежесі болып табылады.

Сонымен, көріп отырғанымыздай, ойланып ұйымдастырылған шағын және орта бизнес дамуын мемлкеттік реттеу саясаты стагнациялық экономикадан шығудың балама жолы бола алады, өйткені ол екі макроэкономикалық проблемелармен байланыстырады – жұмыспен қамту және өндірістің жандануы. Шағын кәсіпорындар экономикаға барлық көрсеткіштер бойынша өзгерістер алып келуі мүмкін. Өзін жұмыспен қамтуды ынталандыру және шағын кәсіпорындар ашу ең аз шығынмен жұмыссыздық мәселесінен шығатын жол ретінде қарастырылады. Соңғы он жылдықты дамыған елдердегі экономиканың даму тенденциясы шағын кәсіпкерлік саласына өтумен байланысты. Осы саладағы бәсекелестікті ынталандыру, кәсіпкерліктің жандануы, қоғам ресурстарын толығырақ қолдану және инновациялық процесті күшейту сияқты негізгі үміт арттырған. Батыс елдерінде шағын бизнес тиімді дамуды қамтамасыз ету және мемлекеттік экономикалық саясатты қосу саласына айналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы – Алматы: ЮРИСТ, 2000 – 38б.
  2. Жеке кәсіпкерлік туралы Қазақстан Республикасының заңы. – Алматы : Бико, 2006. – Б. 36.
  3. Бердалиев К. Б. Қазақстан экономикасын басқару негіздері. – Алматы : Экономика. – 2001. – Б. 127.
  4. Блинов А. О., Санин И. И. Менеджмент предпринимательских структур. – Подольск : «Сатурн-С». – 1999. – С. 432.
  5. Бисенғазиев Н. О. Кәсіпкерлік негіздері. – Орал. – 2001. – Б. 200.
  6. Есентугелов А., Хубер Г., Дауранов И., Малый бизнес Казахстана: проблемы развития. – Алматы. 2000. – С. 85.
  7. Жумагалиева И. Г. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметін талдау // КазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. – 2004 – №5 (45). – Б. 69.
  8. Ихданов Ж. О., Орманбеков Ә. О. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері: Оқу құралы. – Алматы : Экономика,2002 – Б. 218.
  9. Информация комитета по статистике Павлодарской области, сборник – 48с.
  10. Касенов Б. А., Кәсіпкерліктің дамуының шетел тәжірибелері // Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы. – 2007. – №5. – Б. 100 – 102.
  11. Қошқаров Ж. С. Экономикасы дамыған елдердің шағын кәсіпкерлігі. // КазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. – 2004. – №5 (45). – Б. 69 – 71.
  12. Ламперт Хайнц. Социальная рыночная экономика. Германский путь. М. : “Дело ЛТД”, 1999. – С. 224.
  13. Майминас Е. З. Институциональные корни и особенности институциональных кризисов в России / Под общ. Ред. Т.И.Заславской. – М. : Логос, 2002. – 432 – С.75-78.
  14. Малый бизнес в СНГ и Восточной Европе: трудности роста предпринимательства. Выпуск 3. Ред. Колл.: А.Ю. Чепуренко (общ. Ред.), А.В. Авилова – М.: РНИСиНП, 2001 – С. 392.
  15. Микрокредит в странах с переходной экономикой. Программа развития местной экономики и занятости/ Организация экономического сотрудничества и развития (OECD), – Париж. 1996 – С. 164.
  16. Методика по бизнес-консультированию. Методическое пособие, по материалам А.Цишанг/Павлодар, ОО «Ассоциация Бизнес», 2005 – 54с.
  17. Малое предпринимательство в России: состояние, проблемы, перспективы/ Аналитический сборник. – М. : Институт предпринимательства и инвестиций, 2001 – 160 с.
  18. Масленников В. В. Предпринимательские сети в бизнесе. – М., 2001. – С. 45.
  19. Назарбаев Н. Ә.  Кәсіпкерлік - кемел келешек кепілі. // Өмір. – 2005 – №4. – 8 – 11б.
  20. Наука и бизнес в Павлодарской области/Павлодар. Звезда Прииртышья, №31, март – 2003г.
  21. Осипова Н. П. Экономикалық теория негіздері: Оқу құралы. – Рауан – 2000 – 215 б.
  22. Отчет Департамента науки Павлодарской области за 2003 год.
  23. Ослунд Андерс. Проблемы развития малых предприятий в России/ Политэконом, Российско-немецкий экономический журнал. №1, 2001 – С.21-29
  24. План развития малого предпринимательства Павлодарской области на 2003-2005 года.
  25. Пайл. У., Пантюшин В. Администрация малого бизнеса США (опыт разных стран) / Предпринимательство в России. Ежеквартальный журнал Института стратегического анализа и развития предпринимательства. – №2 (13),2002, – С.57-60.
  26. Пайл. У., Виборг Н. Сравнительная характеристика политики развития Запады и Востока/ Предпринимательство в России. Ежеквартальный журнал Института стратегического анализа и развития предпринимательства. – №6, – 2002 – С.21-28.
  27. Реформирование экономики. Научн. Ред. Д.э.н. Т. Г. Долгопятова. КазГУ – Алматы, 2000 – 208 с
  28. Результаты конференции Бизнес-инкубация в Казахстане/Алматы, 2001г – 126с.
  29. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы: Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 1998 – 320б.
  30. Сборник нормативно-правовых актов Минстерства финансов Республики Казахстан – Алматы: Жеты-Жаргы, 1999 – 64с.
  31. Төлеубаева М. К. Қазақстан республикасындағы кәсіпкерлік  іс-әрекетті мемлекеттік реттеу // ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. – 2003. – №6 (40). – Б. 69 – 72.
  32. Татеиси К. Вечный дух предпринимательства. / Пер. с англ. Шаховой Э. Я., Шахова Г. А. – Киев : “Укринтур”. – 2002. – С. 204.
  33. Чувахина М. В. Стимулирование развития малого бизнеса в Восточной Германии/Вестн.Моск.Ун-та. Экономика,1999 – №6, С. 20-27.
  34. Эффективность государственного управления: Пер. с англ./ Общ. Ред. С. А. Батчикова и С. Ю. Глазьева, – М. : Фонд «За экономическую грамотность», Российский экономический журнал, Изд-во АО «Консалтбанкир», 2002 – 848 с.
  35. Яковец Ю. В., Пирогов С. В. Методологические рекомендации по долгосрочному прогнозированию динамики науки, культуры и образования. / М., Российский фонд фундаментальных исследований, 1999 – 43 с.



Информация о работе Шағын және орта бизнестің дамуын мемлекеттік реттеу