Шағын және орта бизнестің дамуын мемлекеттік реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 13:30, дипломная работа

Описание

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін шағын және орта бизнесті даму мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Шағын және орта бизнесті дамыту – нарықтық дамудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің маңыздылығын дәлелдейді.

Содержание

Кіріспе
3
1
Шағын және орта бизнесті дамытуды мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері

5
1.1
Шағын және орта бизнестің экономикалық мәні
5
1.2
Шағын және орта бизнес –мемлекеттік реттеудің объектісі ретінде
7
1.3
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибесі
17
2
Мемлекеттік реттеу – шағын және орта бизнесті дамыту шарты ретінде

22
2.1
Павлодар облысының шағын және орта бизнес қызметінің ахуалы
22
2.2
Павлодар облысындағы шағын және орта бизнес субьектілерін несиелеуді талдау

32
2.3
Павлодар облысындағы шағын және орта бизнес жобаларының инвестициялық тартымдылығы

44
3
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті жетілдіру жолдары

3.1
Шағын және орта бизнестің дамуының қиыншылықтары мен тосқауылдары

3.2
Мемлекеттік реттеу – шағын және орта бизнес дамуының факторы ретінде
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Ескендирова Лаура.doc

— 999.00 Кб (Скачать документ)

Мемлекеттік дамыту институттарының  іс - қимылдарын үйлестіру үшін, соның ішінде «ФРМП» АҚ, «Қазына» АҚ орнықты дамыту қоры жұмысына кірісті. Осы басқарушылық компания бюджет қаражатын тиімді пайдалануға, дамыту институттарының мемлекеттік акция пакеттерін басқаруға мүмкіндік береді.

Шаруашылық қызметті жүзеге асырған кезде, пайда болатын әкімшілік барьерлерді жеңу.

Әкімшілік барьерлерді  жою үшін, кәсіпкерліктің өндірістік - шаруашылық қызметінің реттейтін түрлі аспектілерінің заңнамасын сақтауға бақылау жасау мен мониторинг жүйесін әзірлеген орынды. Сонымен бірге, шағын кәсіпкерлік мәселелерін қозғайтын бағдарламалық құжаттар мен нормативтік - құқықтық актілердің жобаларын уәкілетті органмен міндетті келісуді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау туралы мәселені қарау, ол қажет болған жағдайда осы жұмысқа үкіметтік емес құқық қорғайтын ұйымдардың өкілдерін тарта алады.

Бақылау - қадағалау функцияларын орындайтын органдардың қызметін реттеу үшін мыналарды әзірлеу қажет:

- мемлекеттік органдармен  және мекемелермен жүзеге асырылатын  тексерулердің түр - түрлерін жүргізу регламентіне бірыңғай жалпы салалық басқарушылық талаптарды;

- тіркеу, лицензиялау, стандарттау және сертификаттау, ақпараттық қамтамасыз ету және т.с.с. облысында кәсіпкерлерге қызмет көрсетулерді көрсету стандарттары мен регламентін.

Стандарттау жүйесін  жетілдіру бойынша, кәсіпкерлермен өзара тығыз байланыста жұмыс жүргізіліп жатыр, Кеден кодексі әзірленіп жатыр.

Мемлекеттік тіркеу жүйесін  қайта құру «Бір терезе» қағидасы бойынша, кәсіпкерлік қызметті тіркеуге кезең - кезеңмен көшудің арнайы әзірленген бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады. Бұл ретте әділет, статистика және салық қызметі органдарының өзара әсер етуі ақпаратты ведомство аралық алмасу жолымен шешілетін болады.

Кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдарының қызметін белсендіре түсу.

Бүгінгі күнге, Қазақстанда негізгі қызметі кәсіпкерлікті қолдау болып табылатын 200 - ден астам қоғамдық ұйымдар саналады. Бірақ, олардың қызметі істеп тұрған шағын бизнес субъектілерінің жалпы санынан бар жоғы 4% - ды ғана қамтитындығын атап өту керек.

Кәсіпкерлердің қоғамдық қозғалысын белсендіре түсу үшін, кәсіпкерлердің мүдделерін көрсететін үкіметтік емес ұйымдардың мәртебесі мен құқықтарын белгілейтін, кәсіпкерлік қызметтің реттейтін түрлі аспектілерінің нормативтік - заңнамалық актілерін әзірлеу және орындалуына бақылау жасау бөлігіндегі, олардың өкілеттіктерін кеңейтуді көздейтін заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет. Осы шаралар кәсіпкерлік шеңбердің орта классы сияқты, әлеуметтік-саяси маңыздылығын күшейте түсуге мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлердің мүдделерін қозғайтын үкіметтік емес, құқық қорғайтын ұйымдардың билікке әсер - ықпал етуінің негізгі нысандары мен әдістері ретінде мыналар қолданылатын болады:

- бизнестің заңнамалық  және атқарушы мемлекеттік органдарда  мүдделеріне өркениетті ықпал  ету;

- атқарушы органдардың  қызметіне қоғамдық бақылау жасау.

Нормативтік - құқықтық құжаттарда кәсіпкерлердің атқарушы органдардың барлық кезеңдердегі – ақпарат жинаудан бастап шара қабылдауға дейін, үкіметтік емес құқық қорғайтын ұйымдардың тікелей қатысуымен іс -әрекеттерге шағымдарын қараудың тиімді механизмін бұқаралық ақпарат құралдарында шағымдар бойынша және оларды жария ету жөнінде, қабылданған шаралар туралы жұртшылыққа есеп беруді ұсынумен бейнелеп көрсету. Бұл ретте жоғары тұрған инстанция белгіленген мерзімдерде құқық қорғайтын ұйымдарға дәлелді жауап ұсынуға міндетті. Ол үшін, үкіметтік емес құқық қорғайтын ұйымдардың кәсіпкерлік сектордың қызметін және оның мемлекеттік органдармен өзара қарым - қатынасын реттейтін ақпаратқа қол жетімді мүмкіндігін көздеу керек.

Заңнамалық база жеткілікті мөлшерде қалыптасқан, қазіргі кезеңде норма түзушілік жұмысты заңға тәуелді және ведомстволық актілер деңгейінде жүргізу қажет, өз кезегінде мемлекет тарапынан да, сол сияқты кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің өздерінен де, аса кәсіби жұмысты талап етеді. Қорытындылай келе айтайын дегенім, бүгін нақты оң беталыстарға қол жеткізілді, бірақ, қол жеткізген жетістіктерге тоқталып қалмау керек. Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік саясатының жазылған бағыттарын іске асырғанда ғана, Қазақстанның алдынғы қатарлы мемлекеттердің қатарына кіруі байланысты болады. Осы кезеңде бірлесіп күш жұмсай отырып, орталықтың өңірлермен өзара белсенді іс - қимыл жасау жолымен, шағын және орта бизнестің дамудың жаңа әрі сапалы кезеңіне көшеін қамтамасыз етк қажет.

Кәсіпкерлікті дамытуды кадрлық қамтамасыз ету. Менеджерлерді, сондай-ақ, шағын және орта бизнес үшін, инженерлер персоналы мен жұмысшы мамандықтарды даярлау және қайта даярлау жөніндегі шаралар кешенін қабылдау қажет. Ол үшін, мүдделі ұйымдар мен мекемелерге тиісті кәсіптік-біліктілік деңгейдегі қызметкерлерге қажеттіліктерін зерделеу керек. Осының негізінде, жоғары оқу орындары мен колледждер үшін, шағын және орта бизнес секторында жұмыс істеу үшін түрлі мамандықтардың мамандарын даярлауға мемлекеттік мақсатты гранттарды бөлуді көздеу керек.

Инновация. Инновациялық салада шағын және орта бизнес секторын белсендіре түсу үшін, шағын және орта кәсіпкерліктің инновациялық инфрақұрылымын дамытудың институттық- құқықтық негізін жетілдіруге бағытталған кешенді шаралар қабылдау керек.

Инновациялық инфрақұрылым объектілерін құру және тиімді қызмет етуі үшін, тиісті инновациялық әзірлеулерге ықтимал төлемге қабілетті сұраныстың құрылымын зерделеуді жүргізу қажет, бұл құрылатын инфрақұрылымның мамандануы мен қуаттылығын анықтауға мүмкіндік береді.

Нақты инновациялық өнімдегі нарықтың нақты қажеттіліктерін белгілеу технопарктардың және технологиялық бизнес - инкубаторлардың параметрлерін әзірлеуге мүмкіндік береді. Олардың ішіне: материалдық-техникалық базаға, ғылыми және инженерлік - техникалық қызметкерлердің құрамына, тиісті инновациялық инфрақұрылым объектісімен клиенттерге көрсетілетін қызмет көрсетулердің ең аз жинағына талаптар.

Шағын кәсіпкерлікті  қолдау облысындағы қазыналық саясат. Шағын және орта бизнес секторындағы істердің жағдайын түбегейлі жақсарту үшін, салық ауыртпалығын төмендету қажеттілігі бар болады. Сонымен, өңдейтін өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы саласында қызмет ететін кәсіпорындар үшін, сомаланған салық аударымдары кәсіпорынның жылдық табысының жиынтығынан 25 - 30% - дан аспауы тиіс.

Салық каникулдарын немесе жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін, салықтардың бөлігін алып тастауды көздеу қажет.

Белсенді жұмыс істеп  тұрған кәсіпорындар үшін, көптеген елдерде техникалық қаруландыруға, істеп тұрған өндірісті жаңартуға және кеңейтуге жіберілетін салық қаражатын төлеуден босату тәжірибесі бар.

Сондай - ақ, ішкі нарықты фальсифияланған (контрафакттік) өнімің импортынан, соның ішінде, контрабандалық тәсілмен әкелінген, сонымен бірге, Республикада шығарылған өнімдерден қорғау бойынша, пәрменді шаралар қабылдаған орынды.

 

 

3.2 Мемлекеттік реттеу – шағын және орта бизнес дамуының факторы ретінде

 

Республикамызда нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы маңызды міндеттердің бірі –шағын және орта бизнесті дамыту. Шағын және орта бизнес экономиканың құрылымдық қайта құруын жеделдетеді. Республикада шағын және орта бизнесті дамуы мен қызмет жасауына қажетті ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық шаралар жүргізіліп басталды.

Жалпы бизнес бірқатар экономикалық және әлеуметтік проблемаларды шешуде маңызды рөл атқарады.Шағын және орта бизнестің қалыптасуы мен дамуы барысында мемлекеттік қолдауды талап етеді. Себебі ірі кәсіпорындардың монополиялық әрекетінен, экономикалық өзгерістер кезінде шағын және орта бизнес қиын хал- жағдайда болады. Мемлекет бизнестің алдында тұрған кедергілерді жоюға, құқықтық жағынан көмек көрсетуге, өркениетті нарықтық қатынасты орнатуға ықпал етуге тиіс.

Республикада қабылданған «Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау туралы» сәйкес ел экономикасының маңызды саласының бірі – ауыл шаруашылығында бизнесті дамытуда орындалуы тиіс шараларды атап өткен қажет.

Мемлекеттің агробизнес жүйесіне араласуының қажеттілігі бақылау мен реттеуге жататын негізгі параметірлері, тіпті демыған нарық жағдайында да орын алатын объективті факторлармен анықталады.

Кез – келген экономикалық жүйеде нарыққа бағынбайтын, мемлекеттің араласуын қажет  ететін: бюджеттік, несиелік, салықтық, инвестициялық сферада мемлекеттік реттеу мәселелері бар.

Жалпы бизнестің  экономикалық белсенділігі мен әлеуметтік бағдар ұстауының кепілі оның өздігінен  қоғамның орташа топтарына жататындығы  емес, оның дәулеті мен тұрмысының нақты шынайы меншікке негізделуі болып табылады. Қазіргі уақытта шағын және орта бизнес саласы жұмыс істеп тұрған барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің 80 пайызын құрайды. Республикада шағын және орта бизнеспен бір миллионнан аса адам айналысады.

Шағын және орта бизнесті дамыту үшін үш факторлық жағдайды ескеру қажет. Олар:

- бизнеспен  шұғылданушылардың құқығын қорғайтын  жүйе жасау;

- тексеруші  органдардың санын азайту;

- рұқсат беруші  құжаттардың санын азайту.

Шағын және орта бизнестің күрделі проблемаларының бірі несиелік ресурстарды алудың қиындағы. Бизнеспен шұғылданушылар банктен несие алудан бес түрлі себептан бас тартады:

- пайыздық өсімнің  жоғары болуы;

- кепілдік талаптың  тым қатаң болуы;

- ақпараттың  жетіспеушілігі;

- несие алу  мүмкіндігіне сенімнің жоқтығы;

- банктердің бизнеспен шұғылданушылардан аймақтық алшақтығы.

Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қодаудың негізгі қағидалары:

- шағын және орта бизнесті дамытудың басымдылығы;

- шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың кешенділігі;

- инфроқұрылымды  дамытуда шағын және орта бизнестің ұйымдастырушылық формаларын таңдауда жағдай туғызу;

- алдыңғы қатарлы  шетелдік тәжірибені қолдану.

Казақстан Республикасының шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі агенттігігі Экономикалық зерттеулер институты және Кәсіпкерлер форумы кеңесімен бірлесіп, ҚР – да шағын және орта бизнесті дамыту мен қолдаудың 1999 – 2000жж арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы жүзеге асты.   

Бағдарламада  бірқатар шараларды жүзеге асыру  белгіленген болатын:

1 Шағын және орта бизнесті қаржы – несиелік және инвестициялық қолдау. Шағын және орта бизнесті қаржылық қолдау едәуір шығындарды талап етеді, ал мемлекеттік бюджеттің мүмкіндігі шектеулі. Мұндай жағдайда қаржыны пайдаланудың коммерциялық механизімдеріне көшу қажет. Қазір банкирлер сату – сатып алуды несиелейді немесе ірі тауар өндірушілерді несиелеуді қолайлы көреді. Шағын және орта бизнес өтімді кепілдік базаның жоқтығынан несиелік ресурстарға қолы жете алмай тұр. Осыған байланысты кіші және орта бизнеске лизенгтік несиелер, сақтандыру, франчайзингті дамыту қажет.

Шағын және орта бизнесті қаржылай қолдау саясаты орташа және ұзақ мерзімді несиелеуді, аймақтық деңгейде кепілдік қорлар мен несие серіктестіктерін құруға бағытталуы қажет.

2 Кеден саясаты.

Шағын және орта бизнесті қолдаудың басты бағыттарының бірі – кеден баждарын төлеу кезінде шағын және орта бизнеске жеңілдіктер беру. Қазақстанда өндірілмейтін шикізаттарды импорттаған кезде қосымша құн салығын салуды кейінге қалдыру керек.

3 Салалық бағдарламаларын жетілдіру.

Шағын және орта бизнесті дамытудың маңызды жағы салық министірліктері мен ведомстволар, сондай – ақ ірі отандық кәсіпорындар тарапынан қолдау жасау болып табылады. Бүгінгі таңда шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасы транспорт және коммуникация салаларында, содай – ақ шағын және орта бизнес салаларында да жасалынған.

4 Шағын және орта бизнестің қолдаудың инфрақұрылымдарын дамыту.

Шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытудың инфрақұрылымдарын қалыптастыру үшін болашақта шағын және орта бизнесті дамыту қорының жұмысын қайта қарау қажет. Нарық инфрақұрылымын дамыту шағын және орта бизнесті дамытудың маңызды бөлігі болып келеді. Шағын және орта бизнестің тиімді қызмет етуін қамтамасыз ететін нарықтық инфроқұрылымға мынадай элементтер жатады: аудиторлық, консалтингтік, бухгалтерлік және басқа қызмет түрлері, қаржы – несие институттары, сақтандыру компаниялары, әр түрлі оқу орындары жатады.  Сонымен қатар бұл нарық инфра құрылым субъектілерінің өзіндік мәселелерін шешу қажет. Қазақстанда шағын және орта бизнеспен шұғылданушылардың мүддесін қорғайтын жетілген ұйымдар бар. Олар: Қазақстан кәсіпкерлер конгресі, Кәсіпкерлер мен өндірушілер одағы.

5 Лизинг және франчайзингті қалыптастыру.

Бүгінгі таңда шағын және орта бизнесті дамыту саласында жедел және қаржы лизингі іс жүзінде дами алмай отыр. Мұндай жағдайда лизингтің заңдық және нормативтік базасының жоқтығы басты себеп болып табылады. Лизингтік қатынастарды тезірек ендіру мақсатында олардың дамуын қолдау жөнінде бірқатар шараларды қабылдау қажет.

Франчайзинг шағын және орта бизнестік өкілдерінің ірі бизнеспен қарым – қатынасының тиімді үлгісі ретінре өз дамуының зор мүмкіндіктеріне ие. Қазақстанда франчайзингтің дамуы үшін: франчайзинг ассоциациясының, франчайзингтің оқу - консультациялық орталығын құру қажет.

6 Ақпараттық қамтамасыз ету.

Бұл орайда бағдарлама бойынша шағын және орта бизнесті ақпараттық қамтамасыз етудің ұлттық жүйесін жасау жоспарланған. Осы жүйе шеңберінде заңдық - нормативтік актілер, оқу орталықтары, заңгерлік фирмалар, адвокаттық кеңселер, инфрақұрылымның басқа да объектілері бойынша деректердің ақпараттық базасы құралады.Шағын және орта бизнестің Республикалық көрме орталығы бұл жүйені іске асыруға негіз болуы тиіс. 

Информация о работе Шағын және орта бизнестің дамуын мемлекеттік реттеу