Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 13:30, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін шағын және орта бизнесті даму мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Шағын және орта бизнесті дамыту – нарықтық дамудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің маңыздылығын дәлелдейді.
Кіріспе
3
1
Шағын және орта бизнесті дамытуды мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері
5
1.1
Шағын және орта бизнестің экономикалық мәні
5
1.2
Шағын және орта бизнес –мемлекеттік реттеудің объектісі ретінде
7
1.3
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибесі
17
2
Мемлекеттік реттеу – шағын және орта бизнесті дамыту шарты ретінде
22
2.1
Павлодар облысының шағын және орта бизнес қызметінің ахуалы
22
2.2
Павлодар облысындағы шағын және орта бизнес субьектілерін несиелеуді талдау
32
2.3
Павлодар облысындағы шағын және орта бизнес жобаларының инвестициялық тартымдылығы
44
3
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті жетілдіру жолдары
3.1
Шағын және орта бизнестің дамуының қиыншылықтары мен тосқауылдары
3.2
Мемлекеттік реттеу – шағын және орта бизнес дамуының факторы ретінде
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
- шағын және орта бизнесті қолдаудың мемлекеттік емес институттары мен қауымдастық, шағын несие, ақпараттық консалтингтік және оқыту мекемелері, бизнес инкубаторлар, технопарктер және басқа да тиімді ақпарат алмасу тетігімен кері байланыстың жоқтығы.
Сонымен қатар, лицензиялау, мүліктік тіркеу, өнім, жұмыс, қызмет сапасын бақылау және т.с.с. мәселелерде мемлекет шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметін реттеу деңгейінің жоғарылығы шағын және орта бизнестің дамуына кері әсер етеді.
Шағын және орта бизнес мәселелері бойынша кеңестік, құқықтық бухгалтерлік және әртүрлі консалтингтік қызмет ұсынуға негізделген шағын және орта бизнес субъектілеріне көмектің кепілді көлемін қамтамасыз ететін шағын және орта бизнесті қолдаудың өкілетті органдарын қалыптастыру көзделуде.
Қазір елімізде шағын және орта бизнесті қолдаудың белгілі бір инфроқұрылымы әрекет етеді: қауымдастықтар, бизнесті қолдау ортадықтары, бизнес – инкубаторлар, технопарктер және басқа. Алайда, олардың басым бөлігі өзіндік қаржы құралдарының жетіспеуінен өз міндеттерін атқара алмауда. Оларды бұл жұмыстарға белгілі бір тапсырмаларды конкурстық негізде орналастыру арқылы жүзеге асыру көзделуде, оларды кіші және орта бизнесті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жүргізу болжануда. 2007 жылдың соңына дейін облыс орталықтарынан тыс осындай схема бойынша мұндай орталықтарды аудан орталықтарында құру көзделуде.
Көрсетілген шараларды іске асыру нәтижестінде шағын және орта бизнеске құқықтық ықпал мен көмек көрсету бойынша сапалы инфроқұрылымның әрекеттегі нысандарды шағын және орта бизнес дамуының жаңа бағыттарын іске асыруға мүдделі болады.
Салық кодексінде шағын және орта бизнес қызметін салықтық реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған көлемді шаралар қарастырылған. Олардың ең бастысы ұйымдастыру – құқықтық үлгісінде, кіріс деңгейіне, сондай – ақ ауылшаруашылық тауарөндірушілеріне ерекше тәртіп ұсынуды жан – жақты қарастыру болып табылады.
Мәселен, салық кодексінің жекелеген бөлігінде салық салу жүйесі едәуір төмендететін оның ішінде шағын және орта бизнеске, шаруа фермер шеруаларына, ауылшаруашылық өнім өндіретін заңды тұлғаларға қатысты арнайы салық тәртібі қарастырылады. Шағын және орта бизнес субъектілері үшін арнайы салық тәртібі бір реттік талон, патент, жеңілдетілген деклорация негізінде анықталады. 2003 – 2005 жылдар аралығында Салық кодексіне шағын және орта бизнес субъъектілеріне салықтық кедергіні одан әрі төмендетуге байланысты өзгертулер мен толықтырулар енгізілді, оның ішінде:
«Қосымша құн салығы бойынша шекті мән» 10000 айлық көрсеткіштен (8,2 млн. теңге) 12000 айлық есептік көрсеткіште (10,4 млн. теңге) дейін. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау туралы» заңына сәйкес шағын және орта бизнес субъектілерінің бухгалтерлік есебі- есеп берідің жеңілдетілген тәртібі мен үлгісін қарастыратын тәртіпте ұсынылуы мүмкін. Бұл норма акцизделетін өнім өңдеу мен, өткізумен (алкогольдік және темекі өнімдерін бөлшектеп сатуды ескермегенде) айналысатын субъектілерден басқа бардық кіші және орта бизнес субъектілеріне қатысты.
Шағын және орта бизнес субъектілеріне салық салудың әділ жүйесін құрудың негізгі принціпі жалпы экономикалық мүдделердің фискалдық мүдделерден басым болуы тиіс. Шағын және орта бизнес субъектілеріне салық салудың әділ механизімі кәсіпкерлердің табысын анықтаудың байыпты тәртібінің болуын көздеуі керек. Шағын және орта бизнеспен шұғылданушылардың табысына біріңғай жеңілдікті мөлшерлеме енгізу немесе патенттік төлем бизнеспен шұғылданушылардың жұмысын жеңілдетеді. Ағымдағы және аванстық төлемдер төлеудің кәзіргі тәртібін жою керек. Өндірісті дамытуға, бәсекеге түсе алатын экспортқа бағдарланған немесе импорты ауыстыратын өнімдер шығаруға қаржы жұмсайтын шағын және орта бизнес үшін табыс салығын есептеген кезде салық салынатын табысты осы қаржыға кеміту қажет.
Экономиканың аталмыш секторын қолдау барысында біршама шаралардың жүргізіліп жатқаны баршаға аян. Атап айтқанда, олардың іс - әрекет барысында ықпал ететін нормативтік құжаттар қабылданып, жұмыс жасауда; жаңа Салық Кодексі іске қосылып, онда шағын және орта бизнес субъектілеріне салық салудың арнайы режимі қарастырылып, банктер тарапынан әр түрлі мерзімге несиелер берілуде. Осындай қол жеткізген нәтижелерді одан әрі жетілдіру барысында жекелеген қағидаларды басшылыққа ала отырып жұмыс істеу қажет. Атап айтқанда, макроэкономикалық тұрақтылық, яғни мемлекеттік бюджет тапшылығын мүмкіндігінше төмен деңгейге жеткізу, жеңілдікпен несиелендіру, артық ақша эмиссиясын болдырмау болып табыдады. Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету барысында жедел шешуді қажетсінетін мәселелердің бірі – инфляция қарқынын төмен деңгейде ұстау. Бюджет шығысын бюджет кірісінің негізінде қалыптастыру оның негізгі институты – салық жүйесі арқылы іске асырылады. Бұл тұста салық жүйесі идиологиядан тыс және саяси бейтарап болуы шарт. Көптеген елдердің даму тәжірибесі көрсеткендей, салық жүйесі экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Салық саясаты арқылы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін ынталандыруға наме шектеуге, бюджет кірісін қамтамасыз етуге, қоғам мүддесін қолдауға болады. Салық ауыртпалығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым салық төлеушілердің салық төлеуге деген ынтасы мен мүмкіншілігі төмендейді. Сондықтан мемлекет салықтар, салық ставкалары мен жеңілдіктері тәрізді реттеу құралдары арқылы реттеушілік қызметін жүзеге асыру барысында оның экономиканы, өндіріс пен инвестицияны ынталандыруға тигізетін әсерін де басты назарда ұстау шарт.
Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында әзірленген және индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру құралы болып табылады.
2010 жылы республикалық бюджеттен оны іске асыруға 30 млрд. теңге қарастырылған.
Осы бағдарлама үш бағыттан тұрады:
1 Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау.
2 Кәсіпкерлік секторды жақсарту.
3 Экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау.
Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру:
- кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемеге демеу қаржы беру;
- кредиттерге жартылай кепілдік беру;
- өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту;
- бизнес жүргізуге сервистік қолдау көрсету;
- кадрлар даярлау және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру (2011 жылдан бастап жүзеге асырылады) арқылы жүргізіледі.
Осы бағыт шеңберінде демеу қаржы беру жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер бойынша, сондай-ақ өндірісті жаңартуға және кеңейтуге бағытталған, қолданыстағы кредиттер бойынша жүзеге асырылады.
Банктер сыйақы мөлшерлемесін 12%-ға дейін төмендетеді, соның 7%-ын Бағдарламаға қатысушы төлейді, ал 5% - мемлекет өтейді. Қаржыландыру тек жаңа жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер бойынша, сондай-ақ өндірісті жаңартуға және кеңейтуге бағытталған жобалар бойынша жүзеге асырылады.
Бағдарламаны іске асырудың екінші бағыты кәсіпорындарды жақсартуға бағытталған, оның шеңберінде:
Қарызгер кәсіпорынға Банктердің бар кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемеге демеу қаржы беруге және жобаны мақұлданғаннан кейін туындайтын бір кредиттік желі шеңберінде жаңа қарызға;
Қарызгерге салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша (төлем көздерінде ұсталынатын жеке табыс салығын қоспағанда) төлемақы өсімінсіз, 3 жыл мерзімге дейін ұзартуға көмек көрсетіледі;
ҮИИДБ шеңберінде кәсіпорындарды жақсарту бойынша басқа іс-шаралар.
Бағдарламаны іске асырудың
үшінші бағыты сыртқы нарыққа өнімдерін
экспорттайтын кәсіпкерлерді
Жаппай алғанда, Бағдарламаны іске асыру индустрияландыру үдерісінде шағын және орта бизнестің рөлін нығайтуға, өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігін арттыруға, шикізаттық емес экспорттың үлесін арттыруға ықпал етеді.
Бағдарламаның қатысушылары – ҚР Заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілері.
Бағдарламаның үшінші бағытына экономиканың барлық секторында өндіретін өнімдерінің 10%-нан астамын экспорттайтын кәсіпкерлер қатыса алады, мыналардан:
- тау-кен өнеркәсібінен;
- минералдық шикізатты қайта өңдеуді жүзеге асыратын және ҚР Үкіметінің 2008ж.31.12. № 1344 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындарынан басқасы.
Бағдарламаның әлеуетті қатысушылары үшін экономиканың басым секторларының тізбесі:
- агроөнеркәсіп кешені;
- жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндірісі;
- құрылыс материалдарының
және басқа да металдық емес
минералдық өнімдердің өндірісі
- металлургия, металл өңдеу, машина жасау;
- өнеркәсіптің басқа да секторлары;
- көлік және қойма;
- туризм;
- ақпарат және байланыс;
- кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет;
- білім беру;
- денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер;
- ойын-сауық және демалыс өнері;
- қызметтердің басқа да түрлері.
ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің вице-министрі М. Құсайыновтың басшылығымен екінші деңгейлі банктердің, «Даму» қорының, бизнес құрылымдардың, облыс кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшыларының қатысуымен 2010 жылғы 23 сәуір сағат 15.00-де өткен кеңесте «Бизнестің жол картасы 2010» соңғы жобасының тұсаукесері өтті.
Кеңес барысында басты екінші деңгейлі банктер басшыларына «Бизнестің жол картасы 2010» бағдарламасының талаптары мен бағыттарына сәйкесетін бизнес жобалардың тізбесін қалыптастыру тапсырмасы берілді.
Қазіргі уақытта облыс кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы екінші деңгейлі банктерге бизнес жобаларды өңірлік үйлестіру кеңесінде алда қарау үшін сомасын көрсете отырып, олардың тізбесін ұсыну туралы сұраулар жіберді.
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі қаулысына сәйкес «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілді. Бұл бағдарламаны іске асыру тетіктері, тәртібі және шарттары белгіленді.
Осыған байланысты, облыс әкімдігінің қаулысымен Аймақтық үйлестіру кеңесі құрылды. Облыс әкімі жетекшілік ететін консультативті - кеңестік органның құрамына жергілікті атқарушы органдардың, банктердің, кәсіпкерлер бірлестіктерінің, салалық қауымдастықтардың өкілдері және тәуелсіз сарапшылар кіріп отыр.
2010 жылы «Бизнестің
жол картасы» бағдарламасын
Олардың ішінен халықтың саны есебімен Павлодар облысы үшін 657,3 млн. теңге бөлінді, соның ішінде:
1 Жеке кәсіпкерлікті қолдауға – 431,7 млн. теңге. Оның ішінде:
- пайыздық мөлшерлемеге демеу қаржы беру - 206,5 млн. теңге;
- кредиттерге кепілдік беру – 93,8 млн.теңге;
- сервистік қызметтерге– 37,5 млн. теңге;
- экспортқа бағытталған өндірісті қолдауға - 93,8 млн. теңге.
2 Индустриалдық инфрақұрылымды дамытуға 225,6 млн. теңге бөлінді.
Бұл қаражаттар жаңа жобалар
бойынша жетпейтін
«Бизнестің жол картасы - 2020» міндеттерді 3 бағыт бойынша шешеді:
1 Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау.
2 Кәсіпкерлік секторды жақсарту.
3 Экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау.
Бағдарламаны іске асырудың бірінші бағыты: кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемеге демеу қаржы беру; кредиттерге жартылай кепілдік беру; өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту; бизнес жүргізуге сервистік қолдау көрсету; кадрлар даярлау және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру (2011 жылдан бастап) арқылы жүзеге асырылады.
Бағдарламаның іске асырудың екінші бағыты кәсіпорындарды жақсартуға бағытталған, оның шеңберінде:
- қарызгер кәсіпорынға Банктердің бар кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемеге демеу қаржы беруге және жоба мақұлданғаннан кейін туындайтын бір кредиттік желі шеңберінде жаңа қарызға;
- қарызгерге салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша (төлем көздерінде ұсталынатын жеке табыс салығын қоспағанда) төлемақы өсімінсіз, 3 жыл мерзімге дейін ұзартуға, көмек көрсетіледі, Үдемелі индустриалдық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде кәсіпкерлікті жақсарту бойынша басқа да іс-шаралар.
Бағдарламаны іске асырудың үшінші бағыты сыртқы нарыққа өнімдерін экспорттайтын кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Бағдарламаға өндірілетін өнімдерінің 10 пайыздан астамын экспорттаушы кәсіпкерлер қатыса алады.
Ағымдағы жылғы 14 мамырда Экономикалық даму және сауда министрлігі мен облыс әкімдіктері, «Даму» қоры және екінші деңгейдегі 14 банктің арасында келесі бағыттар бойынша ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды.
Қол қойылған Келісімшарттарға сәйкес, жалпы шарт болып кредиттің сомасы табылады, ол бойынша демеу қаржы немесе кепілдік беру – 3 млрд. теңгеге дейін. Екінші деңгейдегі банктердің сыйақы мөлшерлемесі 12 %-дан аспайды. Бұл ретте, кәсіпкердің қаражатпен қатысуы жобаның жалпы сомасының 15 %-ынан кем емес немесе меншік мүлігінің 25 %-ынан кем емес.
Информация о работе Шағын және орта бизнестің дамуын мемлекеттік реттеу