Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 16:32, курсовая работа
Курстық жұмыстың міндеті:
- шығындар теориясы және олардың экономикалық мазмұнын анықтау;
- кәсіпорын шығындары және олардың ерекшеліктерін қарастыру;
- шығындарды төмендету жолдарын реттеу;
- экономикалық құрылымда шығындар негізін зерттеу.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді. Курстық жұмысты жазу барысында
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ШЫҒЫНДАР ТЕОРИЯСЫ
1.1 Шығындар теориясы және олардың экономикалық мазмұны..........................5
1.2 Кәсіпорын шығындары және олардың ерекшеліктері.....................................8
II. ШЫҒЫНДАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РӨЛІ ЖӘНЕ ОНЫ ТӨМЕН-ДЕТУ ПРОБЛЕМЕЛАРЫ
2.1 Шығындардың экономикалық рөлі...................................................................13
2.2 Шығындарды төмендету жолдары....................................................................15
III. МЕМЛЕКЕТТІК ШЫҒЫНДАР, МӘНІ, ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕ-КЕТТІК ШЫҒЫНДАРДЫ МИНИМАЛДАУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Мемлекет шығындарының мәні, құрамы және сыныптамасы.......................20
3.2 Мемлекеттік шығындарды шешім қабылдау мен жоспарлау үшін жіктеу...23
3.3 Мемлекеттік шығындарды минималдау мәселелерін шешу жолдары.......... 25
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.....................................................................31
Шығын көрсеткіштерінің халықараралық тұрғыда танылып, таңбаланған кейбір стандарттық көрсеткіштері қабылданған, олар:
МС (margіnal cost) – шекті шығын;
АС (average cost) – орташа шығын;
FS (fіxed cost) – тұрақты шығын;
VC (varіable cost) – ауыспалы шығын;
Тиісінше:
AVC – орташа ауыспалы шығын
SMC (short-run margіnal cost) – қысқа мерзімді ауыспалы шығын
SAC – қысқа мерзімді орташа шығын
LAC (long-run average cost) – ұзақ мерзімді шығын
1.2 Кәсіпорын
шығындары және олардың
Кәсіпорын шығындарының экономикалық түсінігі ресурстардың сиректігіне және оларды балама пайдалану мүмкіндігіне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың (қандайы болмасын) экономикалық шығындары, оларды өте тиімді пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын немесе айқын емес шығындарға бөленеді.
Осы аталған кәсіпорын шығындарын түр-түрге бөлудің көп классификациялық белгілері мен түрлері болады. Оны келесі 1-ші кестеден көре аламыз.
Айқын шығындар деп өндіріс факторлары мен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрін алатын балама шығындар аталады. Бұлардың болуы ресурстарды тыстан алумен байланысты. Мысалы, жұмысшыларға, менеджерлерге жалақы төлеу, көлік шығындарын өтеу және т.б.
Айқын емес шығындар –
дегеніміз өндірісте
Экономикалық құрылымда шығындарды негізінен тұрақты және айнымалы шығындар деп екіге бөледі.
Тұрақты шығындарға (FC) –өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындарды айтамыз. Оларға мыналар жатады: амортизациялық төлемдер, аренда төлемі, тұрақты салынатын салықтар, сақтандыру төлемдері, дербес басқарудың жалақысы, ренталық төлемдер, еңбекақы және т.б.
Тұрақты шығындарды бастапқы және қалдық шығындар деп екіге бөлуге болады. Қалдық шығындарға өндіріс пен өткізу белгілі бір уақытқа толық тоқтатылғанына қарамастан жұмсалатын кәсіпорынның тұрақты шығындарының бір бөлшегі жатады. Старттық шығындарға өндіріс пен өткізудің қайта басталуымен байланысты жұмсалатын, тұрақты шығындардың бір бөлшегі жатады.
Айнымалы шығындар (VC) дегеніміз шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен бірге өзгеретін өндірістік шығындарды айтамыз. Айнымалы шығындарға: шикізатқа кеткен шығындар, жұмысшылардың жалақысы, салықтар, энергия мен отын ресурстарына, транспорттық қызметтерді төлеуге кететін шығындар және т.б. жатқызамыз. Өнім тіпті өндірілмесе де тұрақты шығыдар өтелуі қажет. Ал өзгермелі шығындарды кәсіпкер өндіріс мөлшерін өзгерте отырып болжап, басқара алады /2 /.
Жоғарыда көрсетілген анықтамаларға негізделіп, олардың графиктерін тұрғыза аламыз. Келесі 1-ші суретте айнымалы және тұрақты шығындардың жалпы кескіндемесі көрсетілген.
C
TC
FC
A VC
Q көлем
1-cурет. Өндірістік шығындар
Экономикада жалпы шығындар мен өнімділік арасында байланыс бар. VC және ТС қисықтарының қысқа мерзім кезеңіндегі түрі шекті өнімділіктің азаю заңы және еңбектің жалпы өнімділігі қисығының түрімен түсіндіріледі.
Еңбек өнімділігінің
артуымен айнымалы шығындардың VC А
нүктесіне дейін төменгі
Фирма бiртектi өнiм шығарады деп есептейiк. Аталған технология үшiн өндiрiс мүмкiндiктерi өндiрiстiк функция көмегiмен берiледi. Өндiрiстiк функцияны кесте түрiнде беруге болады (2- кесте).
2- кесте. Еңбек және капитал шығынының өндiрiстiк функция кестесi
Капитал шығыны, K |
Еңбек шығыны, L | ||||
10 |
20 |
30 |
40 |
50 | |
5 |
8 |
16 |
22 |
26 |
30 |
10 |
16 |
24 |
30 |
34 |
36 |
15 |
22 |
30 |
36 |
40 |
42 |
20 |
26 |
34 |
40 |
44 |
46 |
25 |
30 |
36 |
42 |
46 |
48 |
Кестеден көретiнiмiз еңбек шығыны 10 ( L=10), капитал шығыны (K=15) болған жағдайда өнiм шығару көлемi Q=22 бiрлiк болып табылады.
Фирма белгiлi ресурстарды қолданып өнiм өндiрген кезде белгiлi шығындармен iске асырады. Яғни фирманың өндiрiсi мен шығындары арасында тiкелей байланыс орын алады. Мысалы: нан заводын алатын болсақ, яғни нан өнiмдерiнiң өзгерiсi тек қана жұмыс күшiнiң өзгерiсiне байланысты. Мұнда 1 жұмысшы 50 бөлке пiсiрсе, ал 2 жұмысшы қосылып 90 бөлке пiсiре алады. Егер 5 жұмысшы қызмет етсе деп алсақ олардың өндiрiс көлемi келесi кесте және графиктен көруге болады.
Кестеден көрiп отырғанымыздай жұмысшы саны өсуiне байланысты нақты шығарылған бөлкенiң саны өскенiмен еңбектiң шектi өнiмдiлiгi азаяды. Мысалы кеcте бойынша 1-шi жұмысшынiң шектi өнiмдiлiгi 50 болса, ал соңғы 5-шi жұмысшыныкi 10 ғана бөлкенi құрайды. Мұнда құрал-жабдықтардың шығыны тұрақты, өзгеретiн жұмыс күшiн жалдау шығындары өсiп отыр, сондықтан жалпы жиынтық шығындарда өседi.
3-кесте. Өндiрiс функциясы және жиынтық шығындар
Жұмысшы- лар саны |
Шығарыл- ған бөлке саны |
Еңбектiң шектi өнiмдiлi-гi |
Құрал– жабдықтарға кеткен шығындар |
Жұмыс күшiн жалдау шығындары |
Ресурстар- дың жиынтық шығыны |
0 1 2 3 4 5 |
0 50 90 120 140 150 |
0 50 40 30 20 10 |
30 30 30 30 30 30 |
0 10 20 30 40 50 |
30 40 50 60 70 80 |
Шығару көлемi
150
100
50
0 1 2 3 4 5 Жұмысшы саны
1-сурет. Нан заводының өндiрiстiк функциясы.
Бұл график қолданылған ресурстың көлемi өсуiне байланысты өнiм көлемiнiң өсуiн көрсетiп тұр. Бiрақ бұл функция шексiз өсе бермейдi, өйткенi еңбектiң шектi өнiмдiлiгi азаюына байланысты бiр мезеттен кейiн кемуi мүмкiн. Бұл дегенiмiз егер фирма өндiрiстi қайта ұйымдастырмаса банкротқа алып баратын жағдай. Себебi жұмысшы көбейген сайын олар бiр-бiрiне кедергi жасайды, қосымша құрал-жабдық қажет етедi. Графиктен өндiрiстiк функцияның қисығынан шектi өнiмдiлiктiң кемуiн анық көруге болады.
Жалпы өндiрiстiк функция белгiлi өндiрiс факторларын қолдана отырып максималды өнiм өндiрiсiн сипаттайды. Әдетте өндiрiс теориясында үлгi бойынша екi факторлы өндiрiстiк функция қарастырылады. Яғни капитал (К) және еңбек (L).
Q = f (L K)
Бұл функцияны алдындағы мысалдың функциясы деп айтсақ болады. Әрбiр технологияға арналған осы тәрiздi өндiрiстiк функциялар әрқалай белгiленедi. Егер технология өзгерсе өндiрiс көлемiде өзгередi, сондықтан өндiрiстiк функцияларда қайтадан жасалады.
Кәсіпорынның шығындары туралы түсінік үш маңызды жағдайға негізделеді:
- шығындар белгілі бір кезеңде өнімді өндіру кезінде қанша және қандай қорлар шығындалғанын көрсете отырып, қорларды қолдану арқылы анықталады;
- қолданылған қорлар көлемі ақшалай және натуралды бірліктермен көрсетіледі, бірақ экономикалық есептеулерде шығындардың ақшалай көрінісіне жүгінеді;
- шығындарды анықтау әрқашан белгілі бір мақсаттарға сай жүргізіледі, яғни ақшалай көріністегі қолданылған қорлар көлемін өнімді өндірудің негізгі функциялары және оның жалпы кәсіпорын немесе кәсіпорынның өндірістік бөлімшелері арқылы есептейді.
Кәсіпорынның өндірістік шешімдері нарық жағдайлары мен шығындар арқылы анықталады. Өнім көлемінің өзгеруі фирмалардың ұсынатын тауарлардың мөлшері және оның бағасымен байланысты.
Өндірістің шығындары бухгалтерлік және экономикалық шығындар болып бөлінеді. Бухгалтерлік шығындар бұл өнімнің өзіндік құнының құрамына кіретін нақты шығындар. Бұлар шикізат, материалдар, жалақы, амортизация, салықтар және т.б.
Экономикалық шығындарға барлық шығындар жатады. Соның ішінде кәсіпорынның өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларын пайдаланбағандағы айқынсыз шығындар.
Кәсіпорын табысы екі түрлі көрсеткішке тәуелді болады:
- өнім бағасы;
- өнім өндірісіне жұмсалатын шығындар.
Нарықтағы өнім бағасы сұраным мен ұсыным өзара байланысының нәтижесі болып табылады. Нарықтық баға қалыптастыру заңдарының әсерінен еркін бәсеке жағдайында өндіруші немесе тұтынушы қалауына сәйкес жоғары немесе төмен болмайды, ол автоматты түрде орнатылады. Өнім өндірісіне шығындар — өндіріс шығындарына қарағанда басқаша түрде болады. Олар тұтынылатын еңбектік немесе материалдық ресурстар көлеміне, техника деңгейіне, өндірістің ұйымдастырылуына және басқа факторларға байланысты өсуі немесе төмендеуі мүмкін.
Сәйкесінше, өндіруші шығындарды азайтудың көптеген көздерін қарастырады, ол оны өзінің тиімді басқару қабілетімен жүзеге асыра алады.
Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық тадау болып табылады.
Өндіріс шығындарына және өнім өткізуге төмендегілерге байланысты шығындар қосылады:
- ұдайы өнім өндірісі, белгіленген технология деңгейінде өндірістің ұйымдастырылуы;
- табиғи шикізаттарды қолдану;
- өндірісті дайындау және үйрену;
- өндірісті ұйымдастыру мен технологияны жетілдіру, сонымен қатар өнім сапасын жақсарту, оның сапалығын арттыру, ұзақ тұтыну және басқа да пайдалану қасиеттерін арттыру (капиталды емес сипаттағы шығындар);
- рационалдау және құрастыру, тәжірибиелік жұмыстарын жүргізу, моделдер мен нұсқаларды дайындау және тексеру, авторлық сыйақы төлеу және т.б;
- өндірістік процеске қызмет ету;
- өндірісті шикізат, материал, жанармай,
энергия, құрал-саймандар және басқа да
еңбек құралдары және заттарымен қамтамасыз
ету, негізгі өндірістік қорларды жұмысқа
қабілетті жағдайда ұстау,
санитарлы-гигиеналық талаптарға сәйкес
жұмыс жасау;
- қалыпты еңбек жағдайын және техника қауісіздігін қамтамасыз ету;
- өндірісті басқару: кәсіпорынның басқару
аппараты
қызметкерлерінің, фирма және оның құрылымдық
бөлімшелерін,
іс-сапарларын қаржыландыру, техникалық
басқару құралдарын ұстау және аудиторлық
қызметтерге төлемдер, кәсіпорынның, фирманың
коммерциялық қызметімен байланысты өкілеттілік
шығындар және т.б;