Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 16:32, курсовая работа
Курстық жұмыстың міндеті:
- шығындар теориясы және олардың экономикалық мазмұнын анықтау;
- кәсіпорын шығындары және олардың ерекшеліктерін қарастыру;
- шығындарды төмендету жолдарын реттеу;
- экономикалық құрылымда шығындар негізін зерттеу.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді. Курстық жұмысты жазу барысында
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ШЫҒЫНДАР ТЕОРИЯСЫ
1.1 Шығындар теориясы және олардың экономикалық мазмұны..........................5
1.2 Кәсіпорын шығындары және олардың ерекшеліктері.....................................8
II. ШЫҒЫНДАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РӨЛІ ЖӘНЕ ОНЫ ТӨМЕН-ДЕТУ ПРОБЛЕМЕЛАРЫ
2.1 Шығындардың экономикалық рөлі...................................................................13
2.2 Шығындарды төмендету жолдары....................................................................15
III. МЕМЛЕКЕТТІК ШЫҒЫНДАР, МӘНІ, ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕ-КЕТТІК ШЫҒЫНДАРДЫ МИНИМАЛДАУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Мемлекет шығындарының мәні, құрамы және сыныптамасы.......................20
3.2 Мемлекеттік шығындарды шешім қабылдау мен жоспарлау үшін жіктеу...23
3.3 Мемлекеттік шығындарды минималдау мәселелерін шешу жолдары.......... 25
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.....................................................................31
- кадрларды дайындау және қайта дайындау;
- мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыруға аударымдар.
Кәсіпорын қызметінің нәтижесі (табыс және шығын) өнім өткізуден (жұмыс және қызмет көрсету) кәсіпорынның негізгі құралдары және басқа да мүліктерін өткізуге байланысты емес операциялардан түсім, осы операциялар бойынша шығындар сомасының азаюының қаржылық нәтижесінен құралады.
II. ШЫҒЫНДАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РӨЛІ ЖӘНЕ ОНЫ ҚЫСҚАРТУ ПРОБЛЕМЕЛАРЫ
2.1 Шығындардың экономикалық рөлі
Шығындарды экономикалық элементтері бойынша жіктеу өндіріс шығындары сметасын дайындағанда қолданылады. Бұл жіктеу негізі шығындардың әрбір элементінің экономикалық сипаты бойынша біртекті шығындарда біріктіріледі, олар жиынтық өнімнің өзіндік құнын құрайды. Сонымен қатар шығындардың келесідей элементтері ерекшеленеді:
- еңбекке төлем шығындары;
- әлеуметтік сақтандыруларға аударымдар;
- мемлекеттік қорларға жұмысбастылықтың қатысуымен аударымдар;
- амортизация;
- басқа шығындар.
Қарастырылып отырған шығындар тобы заттай және тірі еңбек шығындары қатынасын бекітуге, өнім өндірісіне барлық шығындар бағасын анықтауға мүмкіндік береді. Шығындардың бұл тобы айналым құралдарын жоспарлауға, материалды шығындар сомасын анықтауға пайдалынылады, ол өз кезегінде таза өнімді есептеуді қажет етеді.
Шығындарды калькуляциялық баптар бойынша жіктеу оларды өз алдына өндірістік бағдары бойынша топтау, яғни өндіріс процесінде пайда болу орны және өнімді өткізуді көрсетеді.
Шығындарды калькуляциялық баптар бойынша жіктеудің негізі ол тікелей шығындарды өз алдына тәуелсіз бірыңғай экономикалық элементтері
шығындар бабы түрінде ерекшеленсе, ал қосымша шығындар кешенді шығындар бабында көрсетілген:
- шикізат және материалдар;
- жартылай фабрикаттар және технологиялық мақсаттағы көмекші материалдар;
- өндіріс жұмысшыларына негізгі және қосымша еңбекақы;
- технологиялық мақсаттағы жанармай және энергия;
- әлуметтік сақтандыруларға аударым;
- цехтық шығындар;
- жалпы шаруашылық шығындар;
- коммерциялық шығындар;
- жалпы өндірістік шығындар.
Шығындарды калькуляциялық жіктеу мағынасы — оның
негізінде әртүрлі өнім түрлері бірлігінің
өзіндік құнын есептеуді білдіреді.
Ол өндірістің әр түрлі учаскелерінде
өзіндік құнды төмендету резервтерін
іздестіруге мүмкіндік береді. Калькуляция
— өнімнің, жұмыстың өзіндік құнын шығындардың
түр-түрі бойынша есептеу. Шығынның түр-түрі
бойынша өндірілген өнімнің бір өлшеміне
немесе орындалған жұмыстың әр түрлі көлеміне
жұмсалған қаржының мөлшерін анықтау.
Өзіндік құнның көрсеткіштерінің маңыздылығымен байланысты ол әртүрлі критерилер бойынша бірнеше түрге жіктеледі. Өйткені осы жіктеулердің кейбіреулері кәсіпкерге өзіндік құнды жақсы игеруге мүмкіндік береді.
Қарастырылатын құбылыстар
мен объектілерді зерттеу, тану әдісінің
бірі жіктеме болып табылады, яғни
объектінің жалпы анықталған жағдайлары мен
олардың арасындағы заңды байланыс негізінде
бөлімдерге бөлу.
Жіктеме белгілері көбейген сайын объектіні
тану деңгейі де жоғарылайды.
Шығындарды есептеу жүйесін тиімді ұйымдастыру үшін анықталған белгілері бойынша экономикалық негізделген шығындар жіктемесін қолдану қажет. Бұл шығындарды тек жақсы есептеп және жоспарлап қана қоймай, сонымен қатар, оларды нақтырақ талдауға көмектеседі. Ол жекелеген шығындар арасындағы анықталған қатынасты шығарады және олардың өндірістік өзіндік құны мен рентабельділік көлеміне әсер ету деңгейін есептейді.
Басқару есебінде шығындар жіктемесінің мақсаты басшыларға дұрыс, негізделген шешім қабылдауға көмектесу. Сол себепті шығындар жіктемесі процесінің мәні — бұл шығындардың басшылар әсер ете алатын бөлігін бөліп көрсету. Басқару есебі көздеген мақсаттарына өзінің функциялары арқылы жетуге бағытталған. Әр бір функцияның өз бағыты, мақсаты, міндеті, сонымен қатар, оларға қол жеткізудің өзіндік әдіс-тәсілдері бар.
Нарықтық экономикада
шығындар нақты (бухгалтерлік), нақты емес (имплицивті)
және қайтарылмайтын шығындар болып бөлінеді.
Шығындарды бұлай бөлу басқару шешімдерін
қабылдауда өте маңызды орын алады. Басқару
үрдісінде шығындарды басқару функциялары
бойынша бөлу 1-ші кестеде берілген.
Экономикалық ғылым және тәжірибе шығындарды
зеттеуді өндірістің дамуымен бір мезгілде
жүргізеді. Қазіргі таңда шығындарды зерттеудің
келесі қадамдарын атап көрсетуге болады.
Шығындарды еңбек құны теориясына негіздей
отырып анықтау, ұлттық шаруашылық және
шаруашылық
жүргізуші субъектілердің шығындары бұл
дегеніміз тек қана еңбек болып табылады.
Тәжірибеде шығындар құрамында кейбір
шектеулі ресурстардың қолданылуы ескеріледі:
- капитал салымлары;
- негізгі және айналым қорлары;
- табиғи байлықтар.
Логистикалық теория тұрғысынан шығынның мәні дегеніміз бұл энергияны жұмсау, яғни адамның физикалық және интеллектуалды энергиясын жұмсауы. Қазіргі таңда шығындарды еңбек құны теориясы тұрғысынан анықтау толық және терең болып табылмайды, оның артықшылығы бар деп айту қиын, ал шығындарды логистикалық тұрғыдан философиялық – теориялық анықтау
толықтай өңделмеген. Сол себепті біз шығындар анықтамасын жалпы қалыптасқан тәжірибелік тұрғыдан қарастырамыз.
2.2 Шығындарды төмендету жолдары
Өндірістік шығындарды талдағанда, жалпы шығындармен қатар орташа және шекті шығындарды да өте жиі қолданамыз. Өндіріс пен сату өзгергендегі шығындар динамикасымен танысайық. Бұнда үш жағдай болуы мүмкін:
Өзгермелі шығындар пропорционалды болады, егер олардың салыстырмалы өзгеруі, өндірістің көлемі мен мөлшерінің салыстырмалы өзгеруіне тең болса 2-ші (а) сурет;
Егер шығындардың салыстырмалы өсуі, өндіріс көлемінің салыстырмалы көбеюінен аз болса, онда дегрессивтік өзгермелі шығындардың болғаны 2-ші (ә) сурет;
Шығындар прогрессивтік өзгерме
Өнімнің жаңа бірлігімен
бірге, жалпы шығындар өзгермелі
шығындардың сомасындай шамаға өсіп
отырады. Өндіріс көлемі жиынтық
шығындардың шамасын
Айнымалы шығындардың жауап ретіндегі коэффицентті өндіріс көлемін өсіру немесе төмендету шешімдерін белгілейтін болғандықтан, осындай шығындарды Батыстың есеп жүйесінде шешуші шығындар деп аатйды. Шығындардың басқа түрлері өндіріс көлемдеріне тәуелді болмайды, мысалы, кәсіпорынның әкімшілігінің және қорғанысқа кететін жалақы, арендаға алынған негізгі құралдар үшін төлемдер және т.б. өйткені бұлар өндірісті қандай көлемде жүргізу туралы шешімдерге әсер етпейді, олар кәсіпорынның тек қызмет ету шарты болып табылады. Бұларды шешім қабылдауды белгілемейтін шығындар деп атайды.
С С
(а) (ә)
VC
VC
Q
(б)
VC
2-cурет. Айнымалы шығындар динамикасы
Кәсіпорынның жалпы шығындары деп ТС – оның тұрақты және айнымалы шығындарының сомасы болып табылады.
ТС = FC + VC
Тұрақты шығындар шарттық қарым-қатынастар нәтижесінде пайда болады. Шығындарды мәні жағынан тұрақты және айнымалы деп бөлуден пайда жоқ. Бірақ барлық айнымалы шығындар өндіріс көлемі туралы шешімдерге әсер етеді, ал барлық тұрақты шығындар оған әсер етпейді деген дұрыс емес. Бір түрге жататын шығындардың өздері де әр түрлі болып келеді.
Шешімдер қабылдаудың белгілі
бір жағдайында өзгермелі көп, ал
басқа жағдайларда тұрақты
Кәсіпкер үшін өнімнің бірлігін шығаруға жұмсалған шығындар, яғни орташа шығындар туралы ақпарат өте маңызды болып табылады.
Орташа шығындар ATC – бұл шығарылған өнімнің бірлігіне жұмсалатын жалпы шығындар. Өндірістің орташа жалпы шығындары өндірілген өнім көлеміне (Q) қатынасымен анықталады да, өнімнің бір данасын шығаруға кеткен жалпы шығынды көрсетеді. Сонымен орташа жалпы шығын келесі формуламен анықталады:
ATC = TC / Q
Берілген көрсеткіш өнімнің өзіндік құнының жақын нұсқасы болып табылады, бірақ ол соңғысынан айқынсыз шығындар шамасымен өзгешеленеді. Осыған сәйкес орташа жалпы шығындарды орташа тұрақты (AFC) және орташа айнымалы (AVC) шығындар деп бөледі. Олар келесідей анықталады:
AFC = FC / Q;
AVC = VC / Q;
Ұзақ мерзімде кәсіпорынның масштабының және оның өндіріс көлемінің орташа шығындар динамикасына ықпалы оң шамада немесе теріс шамада болуы мүмкін. Әдетте, ұзақ мерзім кезеңінде шығындар, кәсіпорынның кеңеюіне сәйкес, алғашында төмендеп минимумға жетеді, осыдан кейін қайтадан өседі. Бұл жағдай қайтарымның кему заңымен емес, өндіріс масштабының өсуінің оң немесе теріс әсерімен дәлелденеді.
Ауқымның оң нәтижесі шығарылым өсуіне сәйкес фирманың ұзақ мерзімдік орташа шығындары кемігенде орын алады.
Ауқымның теріс нәтижесін шығарылатын өнімнің көлемінің өсуіне байланысты ұзақ мерзімдік орташа шығындар өскен жағдайда өндірісті ұйымдастыру мәселелері құрылады. Бұның басты себебі – фирманың әр түрлі буындарының қызметін реттеуге бақылау жүргізудің бәсеңдеп кетуі. Басқарушы аппарат өсіп кетеді, жоғары дәрежелі басқарушылар өндірістік пайыздан алшақтанады. Бұл басқарудың жеделдігінің айқындығын төмендетеді, өндірістің тікелей және үстеме шығындарын өсіреді.
Дағдарыс кезеңінде
бәсекелік сайыста ірі
Iрi өндiрiстiң басымдығы болуы. Бiр фирманың өзiнiң бiр салаға мамандануы соншалық, ол фирманың рыноктағы өндiрiсi максималды тиiмдiлiкте қызмет етуi, яғни бәсекелес фирмаларға қарағанда шығындардың төмен болуы, сапаның жоғарылығы.
Мұндай жағдайда сол фирма рыноктағы монополист фирмаға айналады. Монополиялық өндiрiсте iрi фирмалардың жұмыс iстеуi тиiмдi, себебi iрi өндiрiстiң шығыны, ұсақ фирмалардың шығындарынан төмен болады. Яғни, табиғи монополия өнiм өндiру масштабында үнемдi қызмет етуiнен туындайды. Оны 3-шi суреттен көре аламыз /6 /.
Суреттен көретiнiмiз, орташа шығындар қисығы терiс ылдилы көлбеулiк болып келедi. Монополия үшiн монополист тауарының сұраныс қисығы “D” нарықтық сұраныс қисығымен сәйкес келедi. Әдетте табиғи монополистер болып тұрғын халықты коммуалды қызметпен қамтамасыз ететiн фирмалар жатады.
Мысалы, қала iшiндегi жылу берумен қамтамасыз етушi. Яғни, фирма қала тұрғындарының жылуға деген сұранысын қамтамасыз ету үшiн қала iшiнде жылу беру жүйесiн тартады. Ол осы жүйесi арқылы монополсит болып, халықты жылумен қамтамасыз етедi. Егер рынокқа бәсекелес басқа фирма енуi үшiн ол өз алдына жеке жылу жүйесiн жүргiзуi керек, сонымен қатар бiрнеше фирма болса, олардың жалпы орташа шығындары өсу бағытын алады. Сондықтан мұндай салаларда жалғыз фирманың қызмет еткенi тиiмдi /4/.
Егер ұзақ мерзімдік орташа шығындар шығарылым көлемінен тәуелді болмаса, онда ауқым нәтижесінің қайтарымы тұрақты болады. Кәсіпорынның тиімділігінің барынша төмен көлемі, фирмаға өзінің ұзақ мерзімдік орташа шығындарын барынша төмендетуге мүмкіндік беретін, өндірістің ең аз көлемі.
Шығындар
АС2
АС1 Орташа жиынтық
Q2 Q1 Өнiм көлемi
Өндіріс көлемі туралы сұрақ қаралғанда тек орташа шығындар мен ғана емес, шекті шығындармен де есептесу қажет.
Шекті шығындар (МС) – бұл өнімнің қосымша бірлігін өндіру үшін қажет қосымша шығындарды көрсетеді. Ол келесі формуламен анықталады:
MC = ∆TC / ∆Q
Егер өнімнің қосымша бірлігі оның сату бағасынан арзан түссе, онда шекті шығындар өнімнің бағасымен теңдескенше, фирма өндірісті кеңейте береді. Қысқа мерзімде шекті шығындардың қисық сызығы – доға тәрізді формада болады. Бұл қысқармалы табыстылық заңымен байланысты – еселеп өсіп отыратын қосымша күн шектелген немесе тіркелген өндіріс факторларына қолданылады.
Бастапқы шекті шыығндар азаюы мүмкін, бұл өндіріс масштабының өсуі табыстылықты өсіретін масштабтың әсерімен байланысты. Өнім шығару көлемі өскен кезде тұрақты шығындар өзгермейтіндігі белгілі, сондықтан жалпы шығынның өсуі әрқашан айнымалы шығындардың өсуіне тең болады. Осы айтылғандарды ескере отырып, шекті шығынды былай есептеуімізге болады:
MC = ∆VC / ∆Q
Орташа өнімділік пен орташа шығындар арасында, сонымен қатар шекті өнімділік пен шекті шыығндар арасында кері байланыс бар. Жоғарыда айтылған байланыстарды түсіну үшін, біз еңбекті тұрақты төлем алуымызға болады.