Шығындардың экономикалық рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 16:32, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың міндеті:
- шығындар теориясы және олардың экономикалық мазмұнын анықтау;
- кәсіпорын шығындары және олардың ерекшеліктерін қарастыру;
- шығындарды төмендету жолдарын реттеу;
- экономикалық құрылымда шығындар негізін зерттеу.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді. Курстық жұмысты жазу барысында

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

І. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ШЫҒЫНДАР ТЕОРИЯСЫ
1.1 Шығындар теориясы және олардың экономикалық мазмұны..........................5
1.2 Кәсіпорын шығындары және олардың ерекшеліктері.....................................8

II. ШЫҒЫНДАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РӨЛІ ЖӘНЕ ОНЫ ТӨМЕН-ДЕТУ ПРОБЛЕМЕЛАРЫ
2.1 Шығындардың экономикалық рөлі...................................................................13
2.2 Шығындарды төмендету жолдары....................................................................15

III. МЕМЛЕКЕТТІК ШЫҒЫНДАР, МӘНІ, ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕ-КЕТТІК ШЫҒЫНДАРДЫ МИНИМАЛДАУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Мемлекет шығындарының мәні, құрамы және сыныптамасы.......................20
3.2 Мемлекеттік шығындарды шешім қабылдау мен жоспарлау үшін жіктеу...23
3.3 Мемлекеттік шығындарды минималдау мәселелерін шешу жолдары.......... 25


ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.....................................................................31

Работа состоит из  1 файл

шығындардың экономикалық рөлі.doc

— 293.50 Кб (Скачать документ)

Қайтарылмайтын шығындар (өткен кезең  шығындары) – бұрын  қабылданған шешім нәтижесінде пайда болған, өткен кезеңнің шығындары және оларды болашақта жаңа басқару шешімдерімен өзгерту мүмкін емес. Шешім қабылдаған кезде қайтарылмайтын шығыстар мен есепке алынбайтын шығыстар түсінігін айыра білу керек.

Жүктелген шығындар таңдау жолы іс-қимылдың баламалы бағамының бірі екіншісінен бас тартуды талап еткенде, жоғалған немесе құрбан етуге тура келген мүмкіндікті сипаттайды. Мысал. Кәсіпорын үш ауысым бойы толық қуатымен жұмыс істеуде және айына 5 млн теңге тапсырыс дайындайды. Көтерме сатып алушы кәсіпорынға жаңа айлық тапсырыс ұсынады, бұл 6 млн теңге қосымша өзгермелі шығындар жасауға әкеледі. Шарттың ең аз бағасы қандай болуға тиіс? Тапсырыс қабылдаған соң кәсіпорын бұрын алынатын 5 млн теңге табыстан бас тартады, яғни шын мәнінде 5 млн теңге зиян шегеді. Бұл соманы кәсіпорын шарт талаптарын талқылаған кезде ескеруге тиісті. Шарттың бағасы 11 млн теңгеден (5+6) кем түсе алмайды. Мұндайда 5 млн теңге мойынға жүктелген (болжанған) шығындар немесе кәсіпорынның пайдалана алмаған пайдасы).Шығындардың бұл категориясы ресурстар шектелген жағдайда ғана қолданылады, келтірілген мысалда – өндірістік қуаттың толық іске қосылған кезінде екенін есте ұстаған дұрыс. Егер кәсіпорын жете жұмыс істемей және бос тұрып қалса, есептелінетін шығындар жайлы сөз болмас еді.

Жоспарланатын шығындар – мөлшерлеу, норматив, лимиттеу және смета негізінде белгілі бір өндіріс көлеміне есептелген шығындар. Олар өнімнің жоспарлы өзіндік құнына жатады.

Жоспарланбайтындар – қосымша, жоспарлы өзіндік құн шегінен шығатын, нормативтен тыс шығындар, яғни нақты шығындар. Олар өнімнің нақты өзіндік құнына ғана әсер етеді.

Өсетін және шекті  шығындар мен табыстар – өнімнің  қосымша партиясын дайындау мен  сату нәтижесінде пайда болған қосымша  шығындар. Бұларға тұрақты шығындар кіруі де, кірмеуі де мүмкін. Егер тұрақты шығындар қабылданған шешімдер негізінде өзгерсе, онда олардың өсуі өсетін шығындар ретінде қарастырылады, егер олар өзгермесе, онда өсетін шығындар нөлге тең болады. Бұл әдісті басқару есебінде табыстарға да қолдануға болады.

Шығындарды бақылау  мен реттеу мақсатымен мынадай жіктеу қолданылады:

  • реттелетін және реттелмейтін;
  • тиімді және тиімді емес;
  • мөлшер (норма) шегінде және мөлшерден ауытқулар;
  • бақыланатын және бақыланбайтын.

Жауапкершілік орталықтары  бойынша тіркелетін шығындар мен табыс жауапкершілік орталығының менеджерімен реттелетін және реттелмейтіндер болып жіктеледі.

Реттелетіндер – сомасы менеджер тарапынан болатын ықпалға байланысты, жауапкершілік орталықтарында тіркелген шығындар. Жалпы кәсіпорын бойынша барлық шығындар реттеледі, бірақ нақтылы атқарушы барлық шығындарға әсер ете алмайды. Егер атқарушы шығын деңгейін реттей немесе елеулі әсер ете алса, онда бұл шығындар осы орындаушы реттей алатын болып белгіленеді. Мысалы, кәсіпорын әкімшілігі өндірістік қорлар алуды реттеуге, адамдарды жұмысқа жалдауға және т.б. құқығы бар, өндірістік бөлім басшысы мұндай шығындарға ықпал етпейді. Мысалы, өндіріс цехы материалды артық жұмсауға жол берді. Бұл шығындар цех бастығы үшін реттелетін болып табыла ма? Жауап бір мазмұнда. Егер артық жұмсау цехтағы еңбек немесе технологиялық тәртіпті бұзу салдарынан болса, онда бұл шығындар бақыланатын болып шығады. Егер цехқа келіп түскен материалдардың төмен сапасына байланысты болса, онда өндірістік емес шығындар цех бастығымен реттелмейтіндер болып қарастырылады және жауапкершілік жабдықтау бөлімі бастығына жүктеледі.

Тиімділер – бұлар өнім өндіруге бағытталған шығындар, өткізу нәтижесінде табыс алынады.

Тиімсіздер – өнім өндірілмейтін болғандықтан, нәтижесінде табыс алынбайтын шығындар. Бұлар – негізінде ақаудан, ірілістерден, материалдарды бүлдіруден және т.б. болған шығындар.Шығындарды мөлшер (норма) шегіндегі және мөлшерден ауытқыған шығындар деп бөлуді бөлімшенің жұмыс тиімділігін анықтау үшін ағымдағы есепте нақты болған шығындарды нормативтілермен жалғастыру жолымен қолданады.Сметалық және нақты шығындар арасындағы айырма нормативті (сметалық) шығындардан ауытқу деп аталады. Практикада реттелген шығындарды толық талдау талап етілуі мүмкін. Мысалы, кейде негізгі өндірістік жұмысшылардың еңбегін де, жұмыс категориялары бойынша негізгі материалды да, сонымен қатар әр түрлі типтерге сәйкес пайдаланылатын материалдарды талдауға жүгінген жөн.

 

3.2 Мемлекеттік  шығындарды минималдау мәселелерін  шешу жолдары

 

      Бюджеттің шығыс бөлігін арттыру үшін оның кіріс бөлігін көбейту қажет. Осыған байланысты бүгінгі таңда:

- республикалық бюджетке кірістердің толықтай, уақытылы түсуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеу және жетілдіру;

-республикалық бюджеттің кірістерін жоспарлау кезінде  негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді болжаудың негізділігі  бойынша уәкілетті органдарға қойылатын талаптарды күшейту;

- салықтық есептілікті  ұсынбайтын және «нөлдік» есептілік  пен т.б. беретін  салық төлеушілер санын азайту бойынша іс-шаралар қабылдау;

- бюджетке түсімнің  жеткілікті дәрежеде болмауы  Қаржы министрлігінің бақылаушы органдары  жұмысының тиімсіздігіне, мониторингтің жеткіліксіздігі және салықтық әкімшілендіру тетігінің  жетілдірілмеуіне байланысты  болғандықтан, бюджеттік-салықтық заңнаманы, салықтық әкімшілендіру және  бюджеттік жоспарлау тетіктерін  жетілдіру бойынша іс-шаралар қабылдау;

- трансферттік бағалар  проблемасына дұрыс жол табу  салықтық түсімдер көлемін  едәуір арттыруға  мүмкіндік беретін болғандықтан,  мұнайға деген әлемдік бағаға байланысты  түсім көлемін түзету тәсілдерін жетілдіру;

- қаржының игерілмеуіне  қатаң қарау қажет. Заң бұзушыларға  кейбір алдын алу шараларын  қолдану қажет болар.

       Мемлекеттік бюджет жобасына сәйкес тапшылық 1,1 %-ды құрайтын болады. 2011 жылы Республикалық бюджет туралы заңда  тапшылық 1,4 % -ды құрады. Алайда, соңғы жылдары әлемдік нарықта мұнай бағасының өсуі үрдісінің сақталуынан жыл сайын бюджет профициті байқалуда. Осыған байланысты, 2012 жылға арналған бюджетте бюджеттің шығыс бөлігін арттыру есебінен  тапшылықты 1,4-1,5% мөлшерінде сақтауға болар еді. Осы қаражатты мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруға жұмсауға болады, бұл мемлекеттік сектордың ықпалын күшейту және мемлекеттің инновациялық-инвестициялық саясатын іске асыруға арналған қаржылық базаны қалыптастыру, сондай-ақ, мемлекеттің әлеуметтік және табиғат қорғау бағдарламаларын енгізу үшін қажет. Түскен қаражат есебінен  білім беруге, денсаулық сақтауға, ғылымға, тұрғын үй –коммуналдық шаруашылыққа жұмсалатын шығыстар көрсеткішін дамыған шетел мемлекеттерінің көрсеткіштеріне жақындатуға болады. Бұл баптарда әсіресе өңірлерде мектептер салуға және оларды күтіп-ұстауға  кететін шығыстар; әлеуметтік жәрдемақылар, оның ішінде балаларға жәрдемақы төлеуді өсіру; зейнетақының ең төменгі мөлшерін арттыру және т.б. маңызды орын алады.

        Әлеуметтік шығыстардың басым бөлігінің инфляциялық емес шығыстарға жататынын және келешекте инфляцияның  өсуіне әсер етпейтіндігін атап өткен жөн. Инфляцияның экономикалық өсудегі тежегіш фактор  болып табылатындығы туралы ереже шындыққа жанаспайды.Бұл шарт орындалмаған, дамыған елдерге байланысты мысалдарды көптеп келтіруге болады. Бюджет шығыстарының және оның ішінде еңбекақының өсуі, егер тиісті тауарлық ұсыныс болмаса, тікелей инфляцияның өсуіне әкеп соғады. Біздің көзқарасымыз бойынша, халықтың төлем қабілеттілік сұранысын елеулі өсірудің оң нәтижелері инфляция деңгейінің өсуінен басым болып шығады. Төлем қабілеттілігі сұранысының өсуімен бірге шағын кәсіпкерліктің де белсенділігі арта түсетінін атап өткен жөн. Республикалық бюджет туралы заң жобасының 35-бабында 35,1 млрд. теңге (шамамен 280 млн. долл.) мөлшерінде кепілгерлік беруге лимит белгіленген, бұл қазіргі заманғы инновациялық-инвестициялық саясаттың негізгі міндеттерінің бірі болып табылатын инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға жеткіліксіз.Оның үстіне, Заң жобасында білім беруді дамытуға, жалпы орта және жоғары  білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсартуға арналған трансферттер, сондай-ақ, денсаулық сақтауды дамытуға арналған нысаналы трансферттер ескерілген. Сондай-ақ олар «Білім беру» функционалдық тобында көрсетілген. Сонымен қатар «Ғылым» және «Өнеркәсіп» функционалдық топтарын енгізу қажет. Онда басқа да шығыстармен қоса, осы құрылымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін  даму институттарына бөлінетін шығыстар көрсетілген болар еді. Осы құрылымдарға бір кездері бөлінген қаражаттың қайтарылу тетігін нақтылау қажет. Олар бюджетке қайтарылған жағдайда кіріс бөлігінде осы бөлінген қаражат бойынша сыйақыны бөлек жол арқылы көрсету қажеті

       Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010-2012 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты бойынша шығындар саясаты:

       Орта мерзімді кезеңде жүргізілетін шығыстар саясаты әлеуметтік экономикалық саясаттың ұзақ мерзімді және орта мерзімді басымдықтарына сәйкес, жоспарланатын нәтижелерге байланысты және салалық жоспарлау сапасын жақсарту және өнімсіз шығыстарды қысқарту есебінен бюджеттің инвестициялық құрамдас бөліктерін күшейте отырып, мемлекеттік міндеттемелерді толық орындауды қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Шығыстар саясаты теңгерімділік  және экономиканың өсу қарқынынан аспайтын шекте ағымдағы шығыстардың деңгейін тежеу қағидаттарына сай болады.

        Мемлекеттік бюджет шығыстарының құрылымында 2010-2012 жылдары мыналар басым бағыттар болып табылады:

- адами капиталдың  өсуін қамтамасыз ететін шығыстар  – білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қолдау, республиканың  мәдени әлеуетін дамыту, қоршаған  ортаның сапасын тұрақтандыру  және жақсарту, халықты сапалы сумен жабдықтауды қамтамасыз ету, тұрғын үй саясатын одан әрі дамыту;

- экономиканы одан  әрі әртараптандыруды ынталандыратын  шығыстар – инфрақұрылымды, аграрлық  және индустриялық секторларды,  инновацияларды дамыту.

       Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат және денсаулық сақтауды қаржыландыру тетіктері Қазақстан халқының денсаулығын сақтау жөнінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін барабар қаржылай қамтамасыз ете отырып және осы жүйені басқару деңгейін арттыруға бағытталады.

       Медициналық қызметтердің жоғарғы сапасын қамтамасыз етуге мемлекеттік қаражат есебінен іске асыру көзделіп отырған немесе іске асырылатын мынадай іс-шаралар бағытталған:

- кластердің құрылымына  кіретін мемдициналық орталықтарды  басқару үшін жетекші шетелдік компанияларды тарта отырып, Астана қаласында медициналық кластер құру;

- мемлекеттік-жеке меншік  әріптестік тетігін (100 мектеп, 100 аурухана жобасы шеңберінде) пайдалана  отырып, аурухана секторының қажеттілігін  айқындау әдістемесіне және қайта құрылымдауға сәйкес Қазақстан өңірлерінде денсаулық сақтау объектілерін (ауылда көп бейінді ауруханалар мен емханалар, дәрігерлік амбулаториялар) салу;

- денсаулық сақтау  ұйымдарын, оларды автономдандыру  және шаруашылық жүргізу құқығындағы  мемлекеттік кәсіпорын мәртебесіне кезең-кезеңімен көшіру үшін аккредитттеу;

- «Қазақстан Республикасының  денсаулық сақтаудың бірыңғай  ақпараттық жүйесін» енгізу шеңберінде  емделушілердің электронды медициналық  картотекасын қалыптастыру;

- бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының қолданыстағы желілерінің номенклатурасын мемлекеттік нормативтерге сәйкестендіру.

       Орта мерзімді кезеңде денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуда әкімшілік функцияларын медициналық қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету стандарттарына келтіру бөлігінде маңызды сәтке айналуда. Әзірленіп жатқан «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс денсаулық сақтау жүйесін толық қамтитын және медициналық қызмет көрсету сапасын басқарудың жаңа әдістерін көрсететін құжатқа айналады.

        Бұдан басқа, мынадай бірқатар әкімшілік іс-шаралар жүргізілетін болады ана мен бала өлімін азайту шараларын іске асыру мақсатында ана мен баланың өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі халықаралық тәсілдер енгізіледі, оның ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған бала жасындағы ауруларды ықпалдастырып жүргізу стратегиясының шеңберінде Аурулар мен дәрілік заттардың тізбесі жасалды, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған Балалық жас ауруларын ықпалдасқан жүргізудің стратегиясын енгізу бойынша жұмыстар жалғасатын болады:

- халықты туберкулезден  қорғау жөніндегі, оның ішінде  «Туберкулезбен ауыратын науқастарды  қадағалау жөніндегі ұлттық тізілім»  ақпараттық компьютерлік бағдарламасын  іске асыру жолымен, шаралар  күшейтілді;

- АҚТҚ/ЖҚТБ-мен ауруды  азайту, трансфузиялық көмектің  қауіпсіздігін сапасын және қол  жетімділігін қамтамасыз ету  үшін қан қызметін жетілдіру  бойынша шаралар;

- жеке меншік медицинаны  және ерікті медициналық сақтандыруды  дамытуды ынталандыру бойынша  шаралар әзірленеді;

- денсаулық саласында  пайдаланылатын рәсімдерді одан  әрі стандарттау мақсатында диагностикалау  мен ауруларды емдеудің 450-ден  астам хаттамаларын жасау және  енгізу бойынша жұмыстар жалғасады;

- осы саладағы қазіргі  проблемаларды жүйелі шешу үшін қажет амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етудің жаңа үлгісін енгізу.

      Жалпы мемлекеттің  шығындарын  қаржыландырудың  мақсатты сипаты мемлекеттің қаражаттарын қатаң белгілі бір шараларға пайдалануды талап ететіндігі барлығымызға белгілі. Мұның негізінде ұлттық  шаруашылықтың және өңірдің жекелеген салаларын дамытуда үйлесімдіктерге жету, қаржылардың ең алдымен ғылыми - техникалық прогресті айқындайтын неғұрлым перспективті және прогрессивті салаларға бөлу және аса маңызды әлеуметтік проблемаларды шешу, оларды тиімді қамтамасыз ету өте маңызды болып табылады.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазіргі кездегі өндірістің шығының есептеу ең бастысы кәсіпорынның бюджетін, оның шығыны мен кірісін есептеу және оны басқа немесе бастапқы жылдармен салыстыру, бухгалтерлік есепті жүргізу үшін қолданылады.Есепті ең алдымен бюджет жүйесі жалпы ішкі өнімнің өсуіне және оның басты бөлігі - ұлттық табыста, макро және микроэкономика кәсіпорындарының, фирмаларының және салаларының дамуына және халықтың көптеген хал – ахуалына ықпал жасайды.

Кез келген кәсіпорында  өнімді әзірлеу, шығару және нарықта  оның стандартына сай жүргізу  үшін, ең бастысы оның дұрыс өзіндік  құның шығару немесе анықтау керек  және тауарды шығарған кезде оның стандартына, халықаралық стандартына  және ақаусыз, ысырапсыз жасалуы тиіс. Ал оны анықтау үшін біз калькуляция әдісін қолданамыз.

Тауарды өндірген кезде  біз қосымша және негізгі деп  бөліп қарастырамыз және оның өзіндік  құның шығарған кезде әр деңгейлі қылып шығарамыз. Ал калькуляцияны  қолданған кезде біз оған жоспар құрып немесе кей жағдайда жоспардан тыс калькуляция өткізуіміз керек. Калькуляцияның есебін немесе тауарды өткізген кезде біз барлық тауардың түрін,сапасын және кірісімен шығысын бас бухгалтермен есептеп оны кіріс және шығыс ордеріне енгізуіміз керек. Әр тауарды біз нөмір, серия, атауы, өзіндік құны арқылы тіркейміз және сол арқылы есеп жүргіземіз. Келіп түскен немесе шыққан тауар есебін жыл, тоқсан немесе ай аралығында есепке аламыз. Біз оны Фифо, жаппай идентификация және орташа құн әдістері арқылы есептейміз.

Информация о работе Шығындардың экономикалық рөлі