Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 16:32, курсовая работа
Курстық жұмыстың міндеті:
- шығындар теориясы және олардың экономикалық мазмұнын анықтау;
- кәсіпорын шығындары және олардың ерекшеліктерін қарастыру;
- шығындарды төмендету жолдарын реттеу;
- экономикалық құрылымда шығындар негізін зерттеу.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді. Курстық жұмысты жазу барысында
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ШЫҒЫНДАР ТЕОРИЯСЫ
1.1 Шығындар теориясы және олардың экономикалық мазмұны..........................5
1.2 Кәсіпорын шығындары және олардың ерекшеліктері.....................................8
II. ШЫҒЫНДАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РӨЛІ ЖӘНЕ ОНЫ ТӨМЕН-ДЕТУ ПРОБЛЕМЕЛАРЫ
2.1 Шығындардың экономикалық рөлі...................................................................13
2.2 Шығындарды төмендету жолдары....................................................................15
III. МЕМЛЕКЕТТІК ШЫҒЫНДАР, МӘНІ, ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕ-КЕТТІК ШЫҒЫНДАРДЫ МИНИМАЛДАУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Мемлекет шығындарының мәні, құрамы және сыныптамасы.......................20
3.2 Мемлекеттік шығындарды шешім қабылдау мен жоспарлау үшін жіктеу...23
3.3 Мемлекеттік шығындарды минималдау мәселелерін шешу жолдары.......... 25
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.....................................................................31
Фифо әдісі – бірінші сатып алу бағасы бойынша қорларды бағалау әдісі, ай соңындағы материалдық құндылықтардың қалдығы соңғы сатып алу құнымен бағаланады, ал ай бойы сатылған материалдардың құны неғұрлым ерте сатып алынған құнмен бағаланады.
Жаппай идентификация әдісі бойынша әрбір тауарлық бірлік бойынша оның нақты бағасын бекітуіміз керек. Орташа құн әдісі материалдық қорлардың орташа өлшенген құнын көрсетеді.
Жалпы осы курстық жұмысты жазу барысында мемлекеттік шығындарға ерекше тоқталып өттім. Себебі, бұл қазіргі таңда өте өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Жалпы әр елде міндетті түрде мемлекеттік шығындар мен кірістер болады. Мемлекеттің шығыстары мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындары болып табылады.
Мемлекеттің шығындары – бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішікі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.
Мемлекеттің шығындары – мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.т. функцияларымен тікелей байланысты.
Мемлекет шығыстарының маңызды бағыты әлеуметтік-мәдени шараларға – оқу-ағартуға, ақпараттық қызметтер көрсетуге (баспасөз, радио хабарын тарату және теледидар), мәдениетке, шығармашылыққа, денсаулық сақтауға, дене шынықтыру мен спортқа, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру болып табылады. Аталған шығыстар қоғамдық тауарларға, игіліктерге, қызметтер көрсетуге жұмсалатын шығыстардың бір бөлігі болып табылады. Оларды мемлкеттік ақшалай трансферт түрінде, сондай-ақ ақысыз (немесе жеңілдетілген) материалдық игіліктер мен қызметтер көрсету түрінде қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке тұтынуына бағыттайды.
Шығыстардың бұл тобын қалыптастырудың негізгі көзі – мемлекеттік бюджет пен арнаулы бюджеттен тыс қорлар. Қалған бөлігін орталықтандырылмаған тәртіппен шаруашылық жүргізуші субъектілер өздерінің табыстары есебінен жасайды.
Соңғы уақытта нарыққа көшу жағдайында елімізде әлеуметтік мәдени шараларды қаржыландырудың жаңа қағидаттары енгізілді: әлеуметтік сфераның мекемелері ішінара қаржыландырудың шаруашылық есеп негіздеріне, сақтандырудың қағидаттарына көшуде. Білім беру сферасында – бұл кепілдендірілген бюджеттік нормаларға қосымша білім және кәсіби машық үшін ақылы оқуды қолдану, денсаулық сақтауда – ақылы медициналық қызмет көрсетуді дамыту, әлеуметтік қоғауда – жинақтаушы зейнетақы қорларына сақтық аударымдар жасау.
Білім беруге жұмсалатын шығыстар мектепке дейінгі ұйымдарға, жалпы білім беретін мектептерге, мектептен тыс ұйымдарға, интернаттық ұйымдарға, даму мүмкіндіктері шектеулі, оқушыларға, тәрбиеленушілерге арналған арнаулы білім беру ұйымдарына, бастауыш кәсіптік білім беру оқу орындарына, орта кәсіптік білім беру оқу орындарына, жоғары кәсіптік білім білім беру орындарына, кадрларлың біліктілігін арттыру және қайта даярлау оқу орындарына бөлінеді. Аталған барлық шығыстар мемлекет кепілдендіретін деңгей бөлігінде бюджет ресурстары есебінен жабылады.
Халықта әлеуметтік қорғауға жұмсалатын шығындар мемлекет шығындарының жүйесінде үлкен орын алады. Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында халықты әлеуметтік қорғау басым бола бастайды және тұтыну тауарлары мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуіне байланысты, сондай-ақ инфляцияның және ақшаның құнсыздануының нәтижесінде өседі.
Біздің мемлекетіміз қазіргі
таңда бәсекеге қабілетті
Қолданылған әдебиеттер тізімі