Тұтыну тауарларындағы сұраныс пен ұсыныс

Автор работы: l*****@mail.ru, 26 Ноября 2011 в 17:29, реферат

Описание

Қазақстан Рсепубликасындағы нарықтық экономикаға өтуiне байланысты нарықтық қатынастар күрделенiп, олардың қызметтерiнiң сан-салалы бағыттары пайда бола бастады. Нарық экономикасының қызмет етуiндегi бiрiншi және өте маңызды элемент - өндiрушiлер мен тұтынушылар болып табылады.
Нарық механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi сұраныс пен ұсыныс болса, ал сол сұранысты тудыратын басты фактор тұтынушылар iс-әрекетi болып табылады. Нарықтық экономиканың ерекшелiгi де сол, онда сұраныс бiрiншi орында тұрады, ал ұсыныстың қызметi сұранысты қанағаттандыру болып табылады.

Содержание

КIРIСПЕ
I-бөлім. ТҰТЫНУШЫЛАР ТАҢДАУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
МАЗМҰНЫ МЕН ДӘРМЕНСІЗДІГІ
Тұтынушылар рыноктағы сұранысты қалыптастырушы және олардың қалауы
Бюджеттiң шектеулiгi тұтынушылар дәрменсіздігіне және мiнез-құлығына әсер етушi негiзгi фактор ретiнде

II-бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТҰТЫНУ РЫНОГЫ ЖӘНЕ ОНЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРI
2.1 Тұтынушы талғамына әсер ететiн “табыс және баға тұтыну” қисықтары
2.2 Қазақстандағы тұтыну рыногы және тұтынушылар талғамының жағдайы

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

тұтыну тауарлары нарығындағы сұраныс пен ұсыныс 47 б курс.doc

— 328.50 Кб (Скачать документ)

      Тауардың  нарықтық бағасы мен сұраным мөлшерінің арасында барлық уақытта да белгілі  бір арақатынас болады. Оны график түрінде- сұраным қисығының сызығы деп атайды. 
 

     

     Сурет 1. Сұраным қисығының қисығы. 
 

      1 Суреттен көріп отырғанымыздай  баға- Р1 сұраным мөлшері- Х1, баға  Р2>Р1 сұраным мөлшері  Х2<Х1  сәйкес келеді. Тауардың бағасы  неғұрлым жоғары болса, оған  деген сұраным соғұллым төмен болады.

     Сұраным заңы бойынша, егер баға төмендесе, әдетте тұтынкшылар тауарды көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарларға баға өссе, онда оларға деген сұраным азаяды. Сұраным қисығының сызығы бір  қалыпты тұрмайды, ол мезгіл-мезгіл  жылжып отырады.

      Қисық сызығының оңға / Д1 Д2/ қарай ойысуы тауардың сұранымның өскенін, ал солға  қарай ойысуы / Д1 Д1/ сұранымның азайғанын  көрсетеді. Оны 2- суреттен көре аламыз:

      Сурет-2. Сұраныстағы өзгеріс. 

      Нарықтық  сұраныс толып жатқан факторлардың әсері арқылы қалыптасады;

  • бағаның деңгейінен;
  • сатып алушылардың ақшалай табысынан;
  • тұрғындардың ұнатуынан және артық бағалауынан;
  • нарықтық шамасынан;
  • жиналған мүліктен;
  • сатып алушылардың санынан және басқалардан.

    Сұраныс көлемінің оны анықтайтын факторлардан тәуелділігі сұранымның қызметі / функциясы/ деп аталады. Оны мынадай формуламен көрсетуге болады: 

     

          Мұндағы:

             -  берілген тауарға сұраным  мөлшері;

            Ғ  -  сұраныстың оны қалыптас-н фактор-н тәуелділік нысаны;

      Б -  берілген және кездескен тауарлардың  бағасы;

       - тұрғындардың ақшалай табысы;

       - тұтынушылардың ұнатуы немесе  артық бағалануы;

      М -  жиналған мүлік

      Тауарға сұраныстың мөлшері тұрғындардың ақшалай табысының деңгейіне тура пропорционалды және баға деңгейіне кері пропорционалды.

      Баға  неғұрлым жоғары  болса, соғұрлым тауарларға сатып алушылар тарапынан болатын  сұраным азаяды. Егер сұраным мөлшерінің бағаға байланыссыз детерлиенаттарын ( басқаша айтқанда бағаға байланыссыз факторларын) өзгеріссіз деп есептесек, онда сұранымның бағадан функциональды тәуелділігін мына формула түрінде көруге болады: 

                                             
 

      Сұраныс жағдайына көптеген, оның ішінде экономикалық (барынша жаңа, пайдалануда тиімді өнімдер); аймақтық (табиғат климаттық жағдайларға байланысты әртүлрлі аймақтардағы сұраным ерекшелігі); психологиялық ( сатып алу кездейсоқтығының шамасыф); демографиялық (әртүрлі жастағы ерлердің, әйелдердің, балалардың ерекше сұранымы);

Кәсібилік ( білім дәрежесі, айналысатын кәсібі мен қызмет түріне байланысты болатын тауарды ұнату мен артық бағалау ерекшеліктері);

Ұлттық  діни сипаттағы және басқа да факторларға әсер етеді.

      Нарықты басқару дегеніміз- осы факторлардың көмегімен сұранымға тиімді және мақсатты бағытта әсер ету болып табылады. Сұраныс икемді және икемсіз болып келеді. Сұранымның икемділігі деп- сұраным жиынтығының тауарлар мен қызметтердің бағасының өзгеруіне жауап ретіндегі сандық өзгеру шамасын айтады. Икемділіктердің сандық көрсеткіштері жоқ, сарапшылар тек қана сұранымның икемділік коэффициенті қолданады (сұраным икемділігі 1-ден көп, яғни Еа>1). Бұл коэффициент сатып алуға алынатын тауар санының салыстырмалы түрдегі өсуін, бағаның салыстырмалы түрде төмендеуіне бөлумен анықталады: 

 

Мұндағы 

Еа - сұраным  икемділігінің  коэффициенті

  • сұраным көлемінің өсу проценті
  • бағаның төмендеу проценті

    Әртүрлі тауарлар тобына сұранымның икемділігі бірдей емес. Бұл коэффициент, берілген және басқа тауарларға сұранымды қанағаттандыру шамасынан, нарықта бар сол сияқты тауарлардан тәуелді болуы мүмкін. Әдетте күнделікті қажетті тауарлар, әсіресе тамақ өнімдерінің өте икемсіз сұраным тисығы болады. Басқаша айтқанда, оларға деген сұранымның бағаларының өсуі себепті айтарлықтай өзгере қоюы екіталай. Мысалы, нанның бағасының 24 тиынннан 10 сомға дейін өсуі оны тағам ретінде тұтынуды күрт қысқарта алған жоқ. Сұраным бұл ретте оңтайсыз, икемсіз болып отыр. Керісінше бағалардың өсуінің әрекетімен хрусталь, зергерлік бұйымдар, жеңіл машиналар секілді бұйымдарға төлем бар сұраным күрт қысқарды. Ал бұл көрсеткіш сұранымның икемділігін сипаттайды.

      Сонымен  сұраным - төлем мүмкіндігі бар қажеттілік, яғни тұтынудың керекті тауарларға төлей алатын ақша соммасы.

      Сұраныс  дегеніміз - берілген бағада сатуға арналған тауардың саны. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының өзгеруі бағаның құн төңірегіндегі тербелуін тудырады. Осы тербелулер арқылы сұраныс пен ұсыныстың тепе- теңдігін, ал түбінде өндіріс пен тұтынудың тепе- теңдігін қамтамасыз ететін деңгей қалыптасады.

  1. Ұсыныс және ұсынысқа әсер ететін факторлар. Ұсыныс заңы.
 

    Ұсыным- бұл нарықта тұрған немесе соған  жетуге болатын, белгілі бір бағасы бар тауарлар жиынтығы.

            Ұсыным, өндірілген тауарлардың ассортименті ( әр алуан жиынтығы) және олардың бағалары арқылы сұранымды құрайды; өз кезегінде сұраным, тауар ұсынымының көлемі мен құрылымы мен белгілейді, себебі тек-қана тұтыну мен танылатын тауар ғана қайта өндіріле алады.

          Нарықтық  бағамен өндірушілердің ұсынғысы келетін тауарлар санының арасында ұсыным қисығының сызығы деп аталатын белгілі бір арақатынас болады.

          Ұсыным  қисығының сызығы, әдетте оңтүстік- батыстан солтүстік-шығысқа қарай  көтеріледі. Оны 3- суреттен көре аламыз.

    3-сурет – Ұсыныс қисығы. 

    Жоғарыда  көрсетілген кесте шығарылатын  өнім көлемінің (х)нарықтық бағадан (Р) тәуелділігін көрсетеді.

          Баға  –Р1, өнім -Х1 сәйкес, ал баға- Рс және Р2 –ге дейін төмендесе онда өнім- Хс және Х2 –ге дейін азаяды. Баға Р1 >Р2, ұсыным көлемі Х1 >Х2-ге сәйкес басқаша айтқанда тауардың бағасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оны өндіру пайдалы, соғұрлым өндірушілер оны көбірек өндіруге және нарықта сатуға дайын болады.

          Ұсыным  мөлшерінің көбеюі ұсыным қисығының  сызығын оңға қарай (S2S2) ал ұсыным мөлшерінің азаюы солға қарай (S1S1) жылжытады. Оны 4- суреттен көре аламыз. 
     

     

    1-сурет  – ұсынымның өзгеруі. 

          Ұсыным  қисығының сызығына қандай факторлар  әсер етеді? Ұсыным шамасы бағасынан  қолданылатын өндіріс технологиясының сипатынан салықтар мен дотациялардан, берілген (нақты) тауар мен оған ұқсас тауарлардың бағасынан, бағаның өзгеруіне күтуден, сатушылардың санынан, табиғат- климаттық жағдайлардан, өндірістік шығындардан тәуелді болады.

          Ұсыным  детерминатикалық: ұсыным қисығы сызығының өзгеруін тудыратын факторлар:

    1-кесте

  Ұсыным қисығы сызығының өзгеруі  
1 
Ресурстар бағасының  өзгеруі 
Материялдық тыңайтқыштарға бағаның төмендеуі бидайдың ұсынымын көбейтеді; жаңбырлатқыш қондырғыларға  бағаның өсуі жүгерінің ұсынуды азайтады.
2 Технологияның өзгеруі Жүгері зиянкестеріне  қарсы тиімді инсектицидті жасау  оның ұсынымын көбейтеді. 
3 Басқа тауарлардың  бағасының өзгеруі Қой еті мен  шошқа етіне бағаның төмендеуі  сиыр етін көбейтеді.
4 Салықтар мен  дотацияларды өзгерту Сигареттерге  акция салығын көбейту олардың  ұсынымын азайтады; институт университеттерге дотацияларды азайту жоғары білімді  мамандарды ұсынуды кемітеді
5 Бағаның өзгеруін күту Болашақта мұнайға  бағаның төмендеуінің күтілуі, мұнай  компанияларының ағымдағы ұсынысын көбейтеді.

     

    Нарықтық  бағаның көтерілуіне жауап ретіндегі  ұсыным көлемінің өзгеру шамасы ұсынымның  икемділігін сипаттайды.(Ұсыным икемділігі 1ден көп, яғни Еs>1) Ұсыным икемділігінің  сандық коэфиценті-ұсынылатын тауарлар санының өзгеру процентінің, бағаның өзгеру мөлшерінің процентіне бөлінетін бөліндісі болып табылады: 

                                    

    Еs-ұсыным икемділігінің коэфиценті

    %Xs-ұсыным  көлемінің өсу проценті

    %P-бағаның  өсу проценті 

          Ұсынымның икемділік коэфиценті, егер нарықтық баға белгілі бір рпоцентке көтерілсе немесе төмендесе, ұыснылатын тауар санының қалай өзгеретінін көрсетеді. Батыс елдернің тәжірбиесі ұсыным икемділігінің өсу тенденциясын растайды, себебі бағаның өсуі өндіріс көлемінің біршама көбеюін ынталандырады.

          Ұсыныстың экономикалық теориясы.

    Соңғы жылдарда сұраныстың экономикалық теориясы сынға ұшырауда. Бұған қарсы балама теория ретінде (экономикалық саясат) ұсыныс теориясы, оның басты белгілері:

    1. Кейнстің доктринасынан бас тарту, яғни қысқа мерзімді экономикалық тұрақтанудан орта мерзімге ауысу. Мұндай экономиканы қалыптастыру дәл және тұрақты болуы мүмкін емес. Жетекші орында экономикаға неоклассикалық басшылық басым болып, ретсіздік орын алады. Бірақ бұл саясаттың соңғы қорытындысы әлі белгісіз.
    2. Ұсынысты ұлғайту күш салады, алайда өндіру мүмкіндігі бар механизм баяу әрекет етуде.
    3. Салықты азайту: бұл еңбек пен қорлануды ынталандырады, соның нәтижесінде өнім шығаруды көбейте алады, Бірақ соңғы бес жылда салықты азайту көбіне ұсынысқа емес, жиынтық сұранысқа әсер етуде.
 

    3.Сұраныс  пен ұсыныстың  өзара байланысы.  Тепе-теңдік баға. 

          Тауардың  бәсекелестік сұраныс пен ұсыныстың  әрекет ету механизмі қалай жұмыс  істейтінін және сұраныс пен ұсыныс тең болған деңгейде нарықтық баға қалай орнайтынын байқайық.

          Нарықтық баға мен оған сұранысқа  ие санының арасында барлық уақытта белгілі бір арақатынас болады, баға жоғары болған сайын,  онысатып алушылардың саны азаяды, яғни сұраныс деңгейі төмен болады (табыстардың сол деңгейінде) және, керсінше, баға төмен болған сайын сатып алушылардың саны мен сатылып алынған тауарлардың саны көп болады.

          Бұл баға мен сұраныс көлемінің арасындағы байланысты график түрінде көрсетейік. 

          Егер  абцисия нарықта сатып алынған  таур саны ал кординатада баға қозғалысын белгілесек, онда осындай нәтиже болады.

      Q – қисығы  экономикалық әдебиетте  сұраныс қисығы деп  аталады.  Бұған бағаны түсірсек, онда баға  өзгергенде сұраныс көлемінің  қалай өзгернін көруге болады. Егер  P бағада сұраныс көлемі  Q болса, баға P дейін төмендегенде сұраныс көлемі Q дейін өседі.

      Пайда болған қисық сұраныстың біртіндеп  азаю заңын бейнелеп көрсетеді, ал ол заңды былай тұжырымдауға болады ; егер қайсыбір тауардың бағасы өссе (ал басқа шарттары тұрақты болса), онда осы тауардың аз санына сұраныс болады. Бұл тәуелдікті басқаша да тұжырымдауғаболады, егер нарыққа қайсыбір тауардың үлкен тобы түссе, онда, тең шарттық жағдайда, ол онша жоғары емес бағамен өткізілуімен мүмкін.

Информация о работе Тұтыну тауарларындағы сұраныс пен ұсыныс