Автор работы: l*****@mail.ru, 26 Ноября 2011 в 17:29, реферат
Қазақстан Рсепубликасындағы нарықтық экономикаға өтуiне байланысты нарықтық қатынастар күрделенiп, олардың қызметтерiнiң сан-салалы бағыттары пайда бола бастады. Нарық экономикасының қызмет етуiндегi бiрiншi және өте маңызды элемент - өндiрушiлер мен тұтынушылар болып табылады.
Нарық механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi сұраныс пен ұсыныс болса, ал сол сұранысты тудыратын басты фактор тұтынушылар iс-әрекетi болып табылады. Нарықтық экономиканың ерекшелiгi де сол, онда сұраныс бiрiншi орында тұрады, ал ұсыныстың қызметi сұранысты қанағаттандыру болып табылады.
КIРIСПЕ
I-бөлім. ТҰТЫНУШЫЛАР ТАҢДАУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
МАЗМҰНЫ МЕН ДӘРМЕНСІЗДІГІ
Тұтынушылар рыноктағы сұранысты қалыптастырушы және олардың қалауы
Бюджеттiң шектеулiгi тұтынушылар дәрменсіздігіне және мiнез-құлығына әсер етушi негiзгi фактор ретiнде
II-бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТҰТЫНУ РЫНОГЫ ЖӘНЕ ОНЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРI
2.1 Тұтынушы талғамына әсер ететiн “табыс және баға тұтыну” қисықтары
2.2 Қазақстандағы тұтыну рыногы және тұтынушылар талғамының жағдайы
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Сұраныстың біртіндеп азаюы заңының барлық тауарға қатысы бар. Оның себептерін анықтау қиын емес: олар бәрінен бұрын сатып алушылардың табыстарының шектеулілігіне байланысты. Егер жоғары бағалы тауарды тек бай адамдар ғана сатып алса, бағаның төмендеуі, біріншіден, нарыққа жаңа сатып алушыларды әкеледі. Екіншіден, бағаның әрбір төмендеуі тауарды тұтынушыны қосымша сатып алуға итермелейді. Сонымен бірге мынаны да атап өту керек,осы тұтынушының сұранысының өсуі тоқтағаннан кейін де, бағаның одан әрі де төмендеуінде төмен деңгейдегі табысты адамдардың өз қажеттерін өтей бастауы себепті нарықтағы сатып алу сомасы ұлғая береді. Егер нарықтық жағдайды сатушылар немесе оны ұсыныс жағынан қарасақ, онда кері көрініс орын алады. Барлық сатушылар нарықта ең жоғары баға алуға ұмтылады. Сондықтан баға жоғары болған сайын, олар белсенді түрде көп тауар сатуға тырысады, яғни ұсынысты ұлғайтады.
Басқаша айтқанда, әрбір сатушының ұсыныс көлемі бағаға байланысты өзгеріп отырады, баға жоғары болған сайын басқалар тең жағдайда, осы тауардың нарығындағы ұсыныстың көлемі жоғары болады.
Жоғары бағалы өндірістің ұлғаю тенденциясының болуы бір жағынан, бағаның өсуі бұлсалаға жаңа өндірушілерді тартуына байланысты. Екінші жағынан, баға өскенде кәсіпкер қосымша пайда алады және көп жұмысшылар жалдауға, көп шикізат пен машиналарды сатып алуға, өндірісті ұлғайтуға мүмкіндік алады. Сонымен бірге, әңгіме тек ұсынысты көбейту тенденциясы туралы ғана екенін есте ұстау керек. Белгілі бір шекке дейін бағаның өсуі ұсыныстың өсуін қамтамасыз етеді. Алайда, бағаның өсуі жалғаса берсе, онда өндірушінің өндіріс көлемін азайтуы мүмкін .Бұл әрбір жағынан, табыстың жоғары деңгейі белгілі дәрежеде қарқынды жұмысты жалғастыруға деген ынтаны төмендетеді.
Екіншіден, өндіруші өндіріс көлемін арттырудан сескенді, өйткені тауарлар өтпей қалып, бағалары төмендейді. Әрбір тауардың өз сұраныс пен ұсыныс қисығы бар. Бірақ оларға бір рет және мәңгілікке берілген деп қарау дұрыс емес. Кейбір фактордың әсерімен сұраныс пен ұсыныс қисығынын жылжуы мүмкін. Осыған байланысты сұраныс көлемін сұраныстың өзінен ажырата білудің маңызы зор. Баға төмендегенде сұраныс көлемі өседі, ал сұраныстың өзі сол тауарға қажеттіліктің көрініс ретінде өзгермейді. әрбір (жоғары, төмен) сатып алышылар осы тауарды көптеп сатып алатын болса, сұраныстың ұлғаюы туралы айтуға болады. Мысалы, жаздың ыстық күнінде сусындар мен балмұздаққа сұраныс көбееді. Бұл жағдайда d1 қисығымен қозғалмаймыз, өйткені қисық қозғалып жаңа қалыпта болады d2.
Одан басқа атап өтетін нәрсе, сұраныс көлеміне бағадан басқа табыстар деңгейі, нарық мөлшері, басқа тауарлардың бағасы мен пайдалылығы өз әсерін тигізеді. Мысалы, сатып алушылардың орта табыстары өссе, онда басқа тең жағдайларда сұраныс қисығы д1, оңға жоғары ойысады, ырғаның сол деңгейіне p1сұраныстың өскен деңгейі сәйкес келеді.
Ұсынысқа әсер ететін басты фактор - өндіріс шығындары. Сондықтан, егер техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану нәтижесінде немесе ауыл шаруашылығына қатысты болса, қолайлы ауа райы жағдайында өндіріс шығындарын азайту ұсыныс қисығы оңға төменге ауысады.
Ұсыныстың көлемі тұрақты P1 бағадан Q1-ден Q2-ге дейін өседі. Сұраныс пен ұсыныс қисықтарын алып салыстырғанда, жиынтық сұраныс пен ұсынысты белгілейтін графикті бір-бірімен беттестірсек, онда бізді қызықтыратын тауардың сұраныс пен ұсыныс тәртібін көрсететін график аламыз. Бір нүктеде екі қисық қиылысады. Қиылысу нүктесінде сұраныс сандық жағынан ұсыныспен тең, ал бағасы тепе-теңдік бағаны көрсетеді. Аса жоғары бағада ұсыныстың сұраныстан артығы пайда болады. Бұл артық ұсыныс сатушылардың арасындағы бәсекенің нәтижесінде бағаның бағада сұраныс ұсыныстан арьық болады. Бұл жағдайда сұраныстың артығы мен бәсеке бағаны жоғары көтереді.
Тепе-теңдік бағада тұтынушылар сатып алатын өнімдердің саны өндірушілердің нарыққа шығаратын өнімдердің санына сәйкес келеді. Тек осындай бағада ғана бағаның өсуі және кему тенденциялары жоқ болады. Сонымен, бәсеке және сұраныс пен ұсыныстың тербелуі, нарықта тепе-теңдік орнықтыруға алып келеді. Қоғамдағы осы тауардың шектелген саны оны тұтынуы мүмкін деген тұтынушылардың арасында бөлінеді. Бірақ, бұл жалпы нарықтағы жекелеген тепе-тендік. Нарықтағы бағалардың тауарға сұраныс пен ұсыныстың өзгеріп отыруына байланысты ылғи қозғалыста болатынын есте ұстау керек. Бұл өзгерістер бір-біріне тәуелсіз бола алмайды, керісінше, бәрі өзара байланысты. Тауар бағасының әрбір өзгеруі басқа тауарлардың бағаларының өзгеруіне әкеледі. Белгілі бір мезгілде және белгілі бір уақытта жинақтап қарағанда тепе-теңдікте болуы мүмкін, бағаның бүтін бір жүйесі болады. Бұл жағдайда нарықтың жалпы тепе-тендігін көрсетеді. Кіші экономикалық зерттеудегі талдаудың тепе-теңдік әдісі экономикалық жүйе идеалды тыныштық күйде болатын жағдайды іздеуді қажет етеді. Тепе-теңдік жағдайында сұраныс пен ұсыныс сәйкес келеді. Сондықтан, экономикалық тепе-теңдік жағдайында жүргізуші субъект жеке өндіруші, фирма немесе сатып алушы - өздерінің экономикалық тәртібін өзгертуге ынтасы болмайды. Тепе-теңдік нүктесінде экономикалық қозғалыс тоқтайды.
Ол қайта басталу үшін сыртқы жағдайлар: бағалар деңгейі, технология, өндірушілер мен тұтынушылардың күткендері мен таңдағандары өзгерулері керек. Әрине, сұраныс пен ұсыныстың теңдігі теориялық абстракция,өйткені нақты шаруашылық тәжірибеде мұндай сәйкестік өте сирек кездеседі. Алайда, нақ осы абстракция нарықтық механизмнің қызмет істеуінің аса маңызды заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Сұраныс пен ұсыныстың өзгеруі және тепе-теңдік бағасының құрылу механизмнің заңдылықтарын талдау, экономикалық еркін нарықтық механизмнің заңдылықтарын талдау, экономикалық еркін нарықтық механизмнің қарапайым қызмет етуін жалпы тепе-теңдікке жетудің аса маңызды шарт екендігін сипаттайды.
Экономикалық еркіндік деңгейі, біріншіден, кәсіпкерлік еркіндігі, екіншіден, сатушылар мен сатып алушылардың таңдау еркіндігі, яғни сауда еркіндігі, үшіншіден ресурстарды әр түрлі қолдану сфераларына ауыстыру еркіндігі, төртіншіден, баға құру еркіндігінен тұрады. Нақ осы экономикалық еркіндік нарықта өзгермелі жағдайларға икемді бейімделуге және жекелей де жалпы да тепе-теңдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сұраныс пен ұсыныс бір-бірімен өзара байланыста және қайшылықта болады. Қандай нарықтық экономикада болмасын, сұраным мен ұсыным тепе-теңдігін орнықтыру және ұстап тұру жеңіл міндет емес. Нарықтың тепе-теңдігін, сұраныс пен ұсыныс тең болғанда қалыптасатын нарық жағдайы мен бағаның белгілі бір деңгейі деп түсіну керек.
Енді
сұраныс пен ұсыныс туралы біршама
түсінік алғаннан кейін олардың
бәрін бір кестеде көрсетуге
болады.
Сурет
– 6. Сұраныс пен ұсыныс қисығы.
Сурет – 6 көріп отырғанымыздай, тепе-теңдік нүктесі сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысқан жерінде тұр. Тепе-теңдік нүктесіне сәйкес нарықтық баға – тепе-теңдік баға деп аталады .
Сұраныс
пен ұсыныс өзгеруіне қарай тепе-теңдік
бағасы да өзгереді . Нарықтық тепе-теңдік
бұзылуы экономикада
Бәсекелі нарықта баға тепе-теңдігі «Е» нүктесінде болады. Бұл жағдайда сұраныс мөлшері мен ұсыныс көлемі бірдей болады, яғни:
Енді баға тепе-теңдігінің өзгеруін сұраныс пен ұсыныстың тапшылығы мен артықшылығы түрінде көрсетуге болады. Өндіруге ниеттеліп отырған нарықтық механизм, сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігі принципі бойынша әрекет етеді. Өндіріс барлық уақытта тауарлар мен қызметтерге сұранысты теңестіруге тырысады. Егер де сұраныс ұсыныстан артық болса, ол өндірісті ұлғайтуды ынталандырады, ал керісінше, егер егер ұсыныс мөлшері сұраныстан артып кетсе, онда өндіріс көлемі азаяды. Осындай ауытқуларды тіркейтін барометр – нарықтық баға болып табылады.
Нарықтық бағаның теңдігі қалыптасқан бағалар мен тауарлар саны жағдайында нарықта әрекет ететін күштерді байланыс тепе-теңдік болған кезде, яғни сатып алушылардың алғасы келетін тауардың мөлшерімен саны жағынан теңелген және баға мен тауарлар санын өзгертетін тенденциялар жоқ кезде пайда болады.
Баға теңдігі – ұсыныстың сұранысқа сай келуі. Бәсекелістік нарықтың тепе-теңдігі қисық сызықтары қиылысқан нүктеде пайда болады.
Үш кедергі:
Біріншіден, сұраныс ұсыныс қисық сызықтарын сала отырып, біз басқа факторларды өзгеріссіз деп қараймыз.
Екіншіден, қисық сызық қозғалысымен қисық сызық бойымен қозғалыстың арасында айырма байланысты.
Үшіншіден, сұраныс және ұсыныс теңдік нүктесінде қай мағынада тең болады?
Астық шықпаған кезде оның бағасы өседі, өйткені ұсыныс қисық сызығын астықтың теңдік бағасын көтереді. Теңдік бағасының өте жоғары болуы сұранысты төмендетеді, тұтыну сұраныстың қисық сызығы бойымен қозғалады. Бірақ ешқандай өзгеріс болмайды, өйткені баға сұраныстың азаюына байланысты төмендейді деуге оьбективті негізі жоқ.
3. Теңдіктің мәні. Үшінші кедергіні былай айтуға болады:
Сұраныс ұсыныстың тепе-теңдігі баға теңдігін анықтайды қандай негіз бар? Себебі , біреу қанша тауар сатса, сонша тауарды біреу сатып алады. Бағаға қарамастан, сан жағынан сәйкес келеді.тек осындай бағаға, яғни сатып алғысы келетін мөлшер мен сатылыс болмайды..
Сұраныс пен ұсыныс теңдігі неге әкеледі? Жалпы теңдікке. Тауарлар оларды тұтыну мүмкіндігі барлар арасында бөлінеді. Оны кім істейді?жоспарлаушы орындар ма? Заң шығарушылар ма? Жоқ. Нарық механизмі ғана баға белгілейді.
Нарық механизмі «нені» , «қалай», «кім үшін» өндіру проблемаларын шешеді, оларды көптеген өзара байланысты нарықтар үшін бір мезгілде шешеді, өйткені сұраныс ұсыныс қисық сызығы баға мен асн мөлшерін анықтайды дегенді мойындайды. Баға теңдігі мұндай өзара тәуелділігі нарықтың жалпы теңдігі болады, ол – сұраныс пен ұсыныс арқылы анықтайды.
Сұраныс пен ұсыныстың қисық сызығы нарықтың ойдағыдай көрінісі.
Енді
сұраныс пен ұсынысға негізделген
баға стратеиясын қарайық. Сұраныс
– тұтынушыларға қажетті
Енді нарықтағы жағдайды өндірушілердің,яғни сатушылардың тарапынан қарастырайық. Олардың бәрін ұсыныс біріктіреді: баға төмен сатушы аз тауар ұсынады, немесе тіпті оны ұстап қалад, ал баға жоғары болса - тауарды көбірек ұсынады, ал өте жоғары болса – тіпті сапаға қойылатын талапқа сай келмейтін кез-келген бұйымды өткізуге тырысады. Осылай ұсыныс бағасы, яғни сатушылар өздерінің тауарларын сатуға ынталы болатын шекті төменгі баға құрайды.
Информация о работе Тұтыну тауарларындағы сұраныс пен ұсыныс