Тұтыну тауарларындағы сұраныс пен ұсыныс

Автор работы: l*****@mail.ru, 26 Ноября 2011 в 17:29, реферат

Описание

Қазақстан Рсепубликасындағы нарықтық экономикаға өтуiне байланысты нарықтық қатынастар күрделенiп, олардың қызметтерiнiң сан-салалы бағыттары пайда бола бастады. Нарық экономикасының қызмет етуiндегi бiрiншi және өте маңызды элемент - өндiрушiлер мен тұтынушылар болып табылады.
Нарық механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi сұраныс пен ұсыныс болса, ал сол сұранысты тудыратын басты фактор тұтынушылар iс-әрекетi болып табылады. Нарықтық экономиканың ерекшелiгi де сол, онда сұраныс бiрiншi орында тұрады, ал ұсыныстың қызметi сұранысты қанағаттандыру болып табылады.

Содержание

КIРIСПЕ
I-бөлім. ТҰТЫНУШЫЛАР ТАҢДАУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
МАЗМҰНЫ МЕН ДӘРМЕНСІЗДІГІ
Тұтынушылар рыноктағы сұранысты қалыптастырушы және олардың қалауы
Бюджеттiң шектеулiгi тұтынушылар дәрменсіздігіне және мiнез-құлығына әсер етушi негiзгi фактор ретiнде

II-бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТҰТЫНУ РЫНОГЫ ЖӘНЕ ОНЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРI
2.1 Тұтынушы талғамына әсер ететiн “табыс және баға тұтыну” қисықтары
2.2 Қазақстандағы тұтыну рыногы және тұтынушылар талғамының жағдайы

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

тұтыну тауарлары нарығындағы сұраныс пен ұсыныс 47 б курс.doc

— 328.50 Кб (Скачать документ)

2.2 Қазақстандағы  тұтыну нарығы мен тұтынушылар  талғамының жағдайы 

      Тұтынушылардың iс-әрекетi олардың бюджеттiк шектеуiне, анығын айтқанда табысына байланысты болса, ал олардың табысы ел экономикасының жағдайына байланысты. 

      Елiмiзде  экономиканың даму жүйесi әр түрлi кезеңдерден  өткенi белгiлi. Кезiңдегi Кеңес Одағы  кезiнде тұтынушылардың талғамы  деген сирек кездесетiн ұғым едi, өйткенi ол кезде шығарылған өнiм  бiрдей, табыстарың арасында онша алшақтықтар болмады.

      Ал 1991 жылдан бастап елiмiз егемендiгiн  алып, нарықтық қатынастарға өтуiмен  байланысты бұрынғы экономикалық жүйе бұзылып, әр түрлi реформалар жүргiзiлдi. Елiмiзге шетелдерден көптеген тауарлар импорты ағымы пайда болды. Отандық өндiрiсте жаңадан кәсiпорындар ашыла бастады. Дағдарыс жылдары елiмiзде жұмыссыздар көбейiп, халықтың табысы мардымсыз болды. Сол себептен тұтынушылардың дағдарыс жылдары төмен сапалы өнiмдер алуына тура келдi. Ал 1997 жылдан бастап, елiмiзде экономикалық және әлеуметтiк өсу байқалып, ол халықтың табысының өсуiне, олардың талғамының жоғарылауына алып келдi.

      Бүгiнде  елiмiзде орташа еңбекақы мөлшерi 22600 теңге болып, ал ең минималды еңбекақының  көлемi 5500 теңге болды. 

      Тұтынушылар бағасының номиналды және нақты еңбекақы индексiнiң өзгерiсiн және олардың атаулы жалақыларының мөлшерiн Қазақстан Республикасының аумағы бойынша келесi 3-шi кестеден көре аламыз  / 10 /.

      Бұл кестеден көретiнiмiз, Қазақстан Республикасының 2004 жылдың қыркүйек айы бойынша өңiрлерiндегi атаулы жалақының деңгейi және оның өткен жылмен салыстырғандағы индекстерi көрсетiлген.

      Елiмiзде  жалақыны ең көп алатын облыстарға Атырау (48272), Маңғыстау (44841), Астана қаласы (33014), Алматы қаласы (32714), Батыс Қазақстан (29706) теңге болса, ал ең төмен жалақы алатын аймақтарға Жамбыл (14653), Оңтүстiк Қазақстан (15367), Ақмола облысы (15431), Солтүстiк Қазақстан (15327) теңгенi құрап отыр. Әрине бұл көрсеткiштердiң арасындағы айырмашылық алшақ болып отыр. Өйткенi ел аумағының шарушылығына және ондағы тұрмыс деңгейiне байланысты.

      2005 жылғы Елбасымыздың халыққа Жолдауында ендiгi жерде экономиканың әлеуметтiк салаларға негiзiнен көңiл бөлетiнiн айтты. Жолдауда мемлекеттiк қызметкерлердiң жалақысын 32%-дан астам өсiретiндiгiн, ал оның мөлшерiнiң 2006 жылы тағы да 30%-ға өсетiнiн, сондай-ақ жеке меншiк кәсiпорындардың қызметкерлерiнiң де минималды еңбекақы деңгейiн 9200 теңгеге жоғарылататындығын, елдегi орташа жалақыны 200$-дан асыратындығын ашып айтты. Сонымен қатар, бұл Жолдауда зейнеткерлердiң зейнетақысының минималды деңгейiн 9200 теңгеге өсiретiндiгiн, студенттердiң степендияларын 2 еседен артық өсiретiндiгiн айтты. Сонымен  қоса алдағы уақыттарда мүгедектер мен көп балалы аналарға жәрдемақы деңгейiнде өсiретiндiгiн айтты. Яғни, осыларды зерделей келе, елiмiздiң тұтынушыларының талғамы ұлттық экономиканың дамуы және жүргiзiлген тиiмдi саясаттар негiзiнде жылдан-жылға өсiп келе жатқандығын көре аламыз.

      Халықтың  бiр мезетте табысының осыншама дереу өсуi әрине тұтынушылардың қалауына әсер етiп, олар бұрынғы бюджеттiк шектеу сызығынан оңға қарай жылжиды. Яғни, тұтынушылардың талғамы жоғарылап, олар өз кезегiнде сапалы тауарлар және көп мөлшерде алуға ынталы болады. Бұл жағдайда әрине инфляцияның мөлшерден тыс жоғарылап кетуiнен сақтану керек. Оны мемлекет өзiнiң әр түрлi экономикалық саясаттары арқылы қатаң түрде реттеуi қажеттi.

      Сонымен, халықтың тұтынуы мен талғамы  оның жалақы мөлшерiне тiкелей байланысты болғандықтан елiмiз өңiрлерiндегi осы  атаулы жалақы деңгейi арқылы олардың  тұрмыс деңгейiнде және олардың бюджетiнiң тұтыну қабiлеттiлiгiн де көрiп отырмыз.

      Осы тұтынушылардың өз талғамдарын максималды қанағатандыру үшiн және олардың  құқықтарын қолдау үшiн тұтынушылардың құқығын қорғайтын одақ құрылып, ол жұмыс iстеп келе жатыр. Бiрақ көп жағдайларда елiмiздегi тұтынушылар бұл одақтың қызметiн пайдалана бермейдi. Бұл жағдай тұтынушылардың бұл туралы хабарсыз немесе құқықтық сауатсыздығына байланысты болуы мүмкiн деген пiкiрге келемiз.

      Тұтынушылар қоғамдары мен одақтары өз қызметiн  Қазақстан Заңдарына сәйкес жүргiзетiн коммерциялық емес қоғамдық ұйымдар болып табылады. Тұтынушылар одақтары тұтынушылар құқықтарының бұзылуын жою үшiн келесi шараларды қолданылады:

  • тауарларға, жұмыстар  мен қызметтерге, олардың бағалары мен тарифтерiне тәуелсiз сараптама жүргiзедi;
  • қызмет көрсетудiң әр түрлi салаларында тұтынушылар құқықтарының сақталуын тексередi;
  • құқық қорғау және бақылау органдарына көтерiңкi баға бойынша немесе сапа жөнiндегi белгiленген талаптарға сай келмейтiн өнiм шығарумен өткiзуде бұған кiнәлi адамдарды жауапқа тартады;
  • өнiмге, бағалар мен тарифтерге тәуелсiз сараптамалар жүргiздi;
  • мемлекетпен және стандарттау орталықтарымен бiрлесiп қызметтер атқарады.

      Елiмiзде  осы аталған тұтынушылар одақтарының  қызметтерi заңдастырылғанмен, олардың бүгiнгi таңда толық қанды қызмет теiп отырғандығын көре алмай отырмыз. Ол үшiн елiмiздегi тұтынушылар одақтарының мәртебесiн көтерiп, оның атқаратын қызметтерi туралы халықпен хабардар етуiмiз керек. 
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ 

      Қорытындылай  келе, тұтынушылардың iс-әрекетi нарықтық экономикада бiрiншi орныда болып, ол сондай-ақ субъективтi көзқараста болады. Яғни, нарықта әр тұтынушының талғамы, ұнатымдылығы әр қалай. Оған бiрiншiден тұтынушының субъективтi көзқарасы, екiншiден оның табысының деңгейi әсер етедi.  Осы жоспарды тұтынушылар iске асырса олар өзiнiң қажетiн ең жоғарғы деңгейде қанағаттандыратын едi.

      Тұтынушылар бiрiгiп сұранысты қалыптастырса, онда сұраныс тауардың бағасы мен  көлемiнiң арасындағы тiкелей байланысты көрсетедi. Сонымен, сұраныс – бұл тұтынушының, сатып алушының бiр тауарды сатып алу ойымен жасайтын жоспарын және олардың сатып ала алатын тауар бағасы мен оның көлемi арасындағы тәуелдiлiк.

      Нарықтық  экономикада тұтынушылар сұранысты  қалыптастырушы болып табылады және оның қызмет етуi сұраныстың заңдарымен ұқсас болады. Сонымен тұтынушылардың талғамына екi жағдай әсер етедi. Олар: бiрiншi тұтынушының табысы, екiншi нарықтағы тауарлар бағасының өзгерiсi. Бұлардың ерекшелiктерiн жұмыстың барысынан көре аламыз.

      Сондықтан мен жұмысымның бiрiншi бөлiмiмде сұранысты және тұтынушылардың мiнез-құлығының теориясын қарастырдым, ал екiншi бөлiмде тұтынушылардың талғам моделiн және олардың өзiнiң сұранысын максималдау шартын, сондай-ақ тұтынушыларға әсер ететiн факторларға тоқталдым. Бұл жерде мен “баға және табыс тұтыну” қисықтарын көрсетiп кеттiм.

      Сондай-ақ жұмысымның екiншi бөлiмiнде Қазақстан  экономикасындағы тұтынушылардың талғамын, олардың табыс деңгейiн және осы  халықтың тұрмыс деңгейiн көрсететiн  тұтынушылардың “табыс-тұтыну” қисығының  оңға қарай тиiмдi өсуiн қамтамасыз ету үшiн елiмiздегi қазiргi жағдайды шама шарқым келгенше қарастырып өттiм.  

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 

  1. Хайман  Д.Н.  Современная микроэкономика: анализ и применение. В 2-х т. Т. II. – М: Финансы и статистика, 1992. – 384 с.
  2. Пиндайк Р., Рубинфельд Д.  Микроэкономика. – М.: Экономика, Дело, 1992.
  3. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тлеужанова М.А.  Микроэкономика / Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2000 ж. – 420 бет.
  4. Мұхамедиев Б.М.  Микроэкономика: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университетi, 2003. – 219 б.
  5. Мэнкью Н.Г.  Принципы экономикс. – Спб: Питер Ком, 1999. – 784 с.
  6. Есипова В.Е. Цены и ценообразование. Учебник для вузов. – СПб:. “Питер”, 1999. – 464с.
  7. Есентугелов А.  Долгосрочная стратегия развития экономики и размещение производительных сил в РК  //  Аль-Пари. №6, 2000 г.
  8. Экономическая теория. / А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. Саннк-Петербург 2001.
  9. Аубакиров Я. А.  Байжұманов Б.Б.  / Экономикалық теория .  Оқу құралы. – Алматы. Қазақ университетi.
  10. Әкiмбекеов С., Баймұхамбетова А.С. Жанайдаров У.А. / Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана: 2002. – 464бет.
  11. Ю. К. Шокоманов  Состояние и перспективы экономического развития Казахстана в переходной период  //  Вестник КазНУ, Серия  экономическая, №4, 2001 г. -  с. 38-44.
  12. Қазақстан Республикасының статистика жөнiндегi агенттiгiнiң бюллетенi. 2004 жылғы Қазақстан Республикасының өңiрлерi бойынша. – Алматы. 2004 жыл. – 6 бет.

Информация о работе Тұтыну тауарларындағы сұраныс пен ұсыныс