Орталық Қазақстан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2012 в 18:58, курсовая работа

Описание

Орталық Қазақстан экономикалық ауданы еліміздің орталығында орналасқан. Экономикалық аудан республикамыздың халықаралық маңызы бар түсті және қара металл кен орындарының, көмір кенінің, т.б. пайдалы қазбаларына бай. Орталық Қазақстан экономикалық ауданының экономикасындағы жетекші салалар болып табылатын металлургия көмір өнеркәсіптерінің, мал шаруашылығының маңызы зор.

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................................3 – 4
І тарау. Орталық Қазақстан экономикалық ауданының экономикалық-
географиялық жағдайы................................................................................5 - 12
1.1 Орталық Қазақстанның географиялық жағдайына
жалпы сипаттама................................................................................................5 - 7
1.2 Орталық Қазақстанның еңбек ресурстары................................................7 - 9
1.3 Қарағанды облысының қалыптасу тарихы...........................................10 – 12

ІІ ТАРАУ. Орталық Қазақстанның индустриалдық-инновациялық
дамуын талдау..............................................................................................13 – 30
2.1 Облыс индустриясын дамыту жағдайы мен тенденцясы............................13
2.1.1. Кен өндіру өнеркәсібі..........................................................................14 - 15
2.1.2. Өңдеу өнеркәсібі..................................................................................16 - 18
2.1.3. Электр қуатын, газ және су өндіру және үлестіру...................................19
2.1.4. Өнеркәсіп салаларының жалпы проблемалары.......................................20
2.2 Орталық Қазақстандағы жаңа технологиялар салаларын дамыту......21 - 25
2.3 Орталық Қазақстандағы сауда саясаты..................................................26 - 28
2.4 Орталық Қазақстанның инвестициалық саясаты..................................29 - 30
Қорытынды..........................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................32

Работа состоит из  1 файл

орталық Қазақстан курсавой.doc

— 330.50 Кб (Скачать документ)


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Ақтөбе мемлекеттік педогогикалық институты

 

 

Тарих факультеті География кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

 

Орталық Қазақстан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                Орындаған: Тажибаева М.Қ.

Ғылыми жетекшісі: Кенжебаева Р.Ж

             

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтөбе 2012 ж

 

 

Мазмұны:

 

 

КІРІСПЕ............................................................................................................3 – 4

 

І тарау. Орталық Қазақстан экономикалық ауданының экономикалық-

географиялық жағдайы................................................................................5 - 12

 

1.1 Орталық Қазақстанның географиялық жағдайына

жалпы сипаттама................................................................................................5 - 7

1.2 Орталық Қазақстанның еңбек ресурстары................................................7 - 9

1.3 Қарағанды облысының қалыптасу тарихы...........................................10 – 12

 

 

ІІ ТАРАУ. Орталық Қазақстанның индустриалдық-инновациялық

дамуын талдау..............................................................................................13 – 30

 

2.1 Облыс индустриясын дамыту жағдайы мен тенденцясы............................13

2.1.1. Кен өндіру өнеркәсібі..........................................................................14 - 15

2.1.2. Өңдеу өнеркәсібі..................................................................................16 - 18

2.1.3. Электр қуатын, газ және су өндіру және үлестіру...................................19

2.1.4. Өнеркәсіп салаларының жалпы проблемалары.......................................20

2.2 Орталық Қазақстандағы жаңа технологиялар салаларын дамыту......21 - 25

2.3 Орталық Қазақстандағы сауда саясаты..................................................26 - 28

2.4 Орталық Қазақстанның инвестициалық саясаты..................................29 - 30

 

Қорытынды..........................................................................................................31

 

Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................32

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

              Курстық жұмыстың өзектілігі. Орталық Қазақстан экономикалық ауданы еліміздің орталығында орналасқан. Экономикалық аудан республикамыздың халықаралық маңызы бар түсті және қара металл кен орындарының, көмір кенінің, т.б. пайдалы қазбаларына бай. Орталық Қазақстан экономикалық ауданының экономикасындағы жетекші салалар болып табылатын металлургия көмір өнеркәсіптерінің, мал шаруашылығының маңызы зор. Сондықтан өз экономикасын еліміздегі басқа экономикалық аудандарымен, шетелдермен экономикалық байланыс орнатып, дамытып келеді. Мұнсыз қазіргі заманғы шаруашылықты серпінді әрі жан-жақты дамыту мүмкін емес. Нақ осы уақыттағы саяси-әлеуметтік және экономикалық қауырт даму аймақтың табиғат байлықтарына сүйенеді. Оны ұтымды пайдалану ісі мен қорғау ісін қатар жүргізуді заман талабы қажет етіп отыр.

              Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жүйесіндегі аумақтық күрделі үрдістердің (шаруашылықтың дамуындағы әр түрлі бағыттар, экономикалық дағдарыстар мен қарама-қайшылықтар, өсу қарқыны, салалық және аумақтық құрылымдық өзгерістер, т.б.) жылдам өзгеруі соншалықты, әлеуметтік-экономикалық, саяси-географиялық ақпараттардың соңынан уақытында ілесіп жүру қиындыққа түседі. Яғни олар жылдам ескіреді немесе ақпараттық жүйелерге жаңа мәліметтердің жинақталуы кешеуілдеп жатады.

              Орталық Қазақстан экономикалық ауданының шаруашылығы ең алдымен дамыған өнеркәсіпті, көп салалы шаруашылық, көліктің барлық түрлерін, ал өндірістік емес саладан – ірі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, сауданы, денсаулық сақтау, білім беру саласын және тағы басқаларды қамтиды.

              Қазір аудан шаруашылығын дамытуда өңдеуші өнеркәсіптің жаңа салаларын құру жолымен экономиканың шикізатқа бағыттылығын жою, көлік, байланыс желісін одан әрі дамыту, тауар, валюта рыноктарын тағы басқаларды қалыптастыру процестерін барынша жеделдету міндеті тұр. Минералды ресурстарды игеруге шетел инвестициясын тарту мен технологиясын пайдалануға үлкен жұмыстар жүргізілуде.

                            Курстық жұмыстың мақсаты - Орталық Қазақстан экономикалық ауданында тұратын халықтың әлеуметтік ахуалын, материалдық және рухани талабын қанағаттандыру мәселелерін қарастыру. Курстық жұмыс аудандағы шаруашылықтың даму заңдылықтарымен таныстырады.

Курстық жұмыстың міндеттері: Орталық Қазақстан экономикалық ауданының географиялық ерекшеліктері және геодемографиялық жағдайы, өнеркәсіп географиясы, инфрақұрылым кешенінің қалыптасуы мен даму процесі, агроөнеркәсіптік кешенінің даму ерекшеліктерін қарастыру мақсатында төмендегідей міндеттерді қояды:

      Орталық Қазақстан экономикалық ауданының өнеркәсіп географиясы, инфрақұрылым кешенінің қалыптасуы мен даму процесіне баға беру;

      Өнеркәсіп өнімдерінің негізгі түрлері, өндіріс географиясын сипаттау;

      Орталық Қазақстан экономикалық ауданының өнеркәсіп кешенінің даму ерекшеліктерін айқындау.

Курстық жұмыс нысаны. Орталық Қазақстан экономикалық ауданының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері болып табылады.

Курстық жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздерін Орталық Қазақстан экономикалық ауданының әлеуметтік-экономикалық мәселелеріне қатысы бар отандық ғалымдардың еңбектері, сонымен қатар теориялық-әдістемелік сипаттағы материалдар құрады.

                            Курстық жұмыстың ақпарат базасы статистикалық талдау басқармасынан, интернет парақтарынан алынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І ТАРАУ. Орталық Қазақстан экономикалық ауданының экономикалық-географиялық жағдайы

 

1.1 Орталық Қазақстанның географиялық жағдайына

жалпы сипаттама

 

Аумағы – 428 мың шаршы км, Құрамы – Қарағанды облысы, Халқы – 1411,7 мың адам, Халқының тығыздығы 1 шаршы км-ге 3,6 адамнан, Қала халқы – 86%, ҚР халқының 11%-дан астамы тұрады.

Географиялық орны. Орталық Қазақстан республикасының шағын әрі тұйық  Нұра және Сарысу өзендерінің алабы алып жатқан ортанғы бөлігі – ежелгі таулы өлке – Сарыарқаға, батысында Оралдан және шығысында Кузбастан бірдей қашықтықта орналасқан. Бұл ауданның географиялық орнының осындай ерекшелігі Оралдың металлургия кәсіпорындарын кокстелетін көмірмен негізгі жабдықтаушы ретінде мемлекетаралық маңызын арттырады, ал континентті Қазақстанның орталығына орналасуы – климатының Қуаншылықты және тұщы су тапшылығысезінуіне себепші болды .

Табиғат байлықтары. Тас көмір, мыс, темір және марганец кендері , полиметалдар, сирек және шашыранды металдар, әр түрлі отқа төзімді балшықтар, басқы да құрылыс материалдары бар .

Табиғат жағдайлары. Орталық Қазақстанның табиғат жағдайлары ауыл шаруашылығын, әсіресе егіншілікті дамытуға онша қолайлы емес. Жердің климаты республиканың басқа аудандардың климатымен салыстырғанда неғұрлым континентті, жазы ыстық және құрғақ, ал қысы суық, қары аз, күшті жел соғып тұрады. Жауын-шашын аз жауады. Солтүстігінде Қарағанды және Қарқаралы ауданыңда жауын-шашынның мөлшері 300 мм-ге дейін жетеді, бұл суармайтын егіншілікпен айналысуға мүмкіндік береді.

Осы жерден астық тұқымдастар өсетін құрғақ дала зонасының жіңішке алқабы өтеді, топырағы қоңыр қызыл, ал ауданның бүкіл ортаңғы бөлігін ақшыл қызғылт топырағы бар шөл дала зонасы алып жатыр, оңтүстік бөлігі жусанды , күйреуікті шөл зонасына өтеді, бұл зона, негізінен, мал жайылымы ретінде пайдаланылады .

Жер суаруға қажетті өзендер өте аз, ал ауданның оңтүстігі мен батысында көптеген аумақтарда ағын сулар мүлдем жоқ. Сондықтан Орталық Қазақстанды сумен қамтамассыз ету мәселесінің орасан зор халық шаруашылық маңызы бар . Ол ауданның өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын дамыту көп жағдайда осы мәселенің шешілуіне келіп тіреледі. Ауданның сумен жабдықталуынжақсарту үшін көптеген өзендерде бөгеттер салынған .

Мысалы, Нұра, Жезқазған, Қарсақпай бөгендері, ал 70 жылдардың басында ұзындығы 500 км-ден асатын Ертіс-Қарағанды каналы іске қосылды . Ол Павлодар облысындағы Ақсу қаласының маңынан басталады.

Шаруашылық географиясы. Орталық Қазақстанның экономикалық негізін кен өндіру өнеркәсібі мен металлургия құрайды, сонымен бірге машина жасау мен химия өнеркәсібі дамып келеді . Өнеркәсіптік тұрғыдан алғанда, өзара тығыз байланысты ірі кен өндірушіжәне өндеуші өнеркәсіптің дамуы Орталық Қазақстанда бірыңғай аумақтық-өнеркәсіптік кешеннің қалыптасуына себепші болды. Оны, негізінен, 2 өнеркәсіп торап (Қарағанды-Теміртау, Балқаш-Жезқазған) құрайды. Орталық Қазақстандағы өнеркәсіпторабының ең қуаттысы әрі дамығаны – Қарағанды-Теміртау торабы.

Қара металлургия: Қазақстан экономикасының серпінді дамуын айқындайтын факторлардың бірі дамыған тау-кен металлургия кешенінің болуы болып табылады. Бұл ретте өндірілетін қара және түсті металлургияның айтарлықтай үлесі Қарағанды облысының аумағында орналасқан кәсіпорындарға тиесілі. Қарағанды облысы жеткілікті өңдеуші кәсіпорындар жинақталғандықтан металл өңдеу жөніндегі кластерінің кәсіпорындарын ұйымдастыру үшін барынша дайын, бұл олардың арасындағы тиісті ынтымақтастықты ғана емес, өз кезегінде өнім сапасын жоғарлатуға алып келетін бәсекелестіктің қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. «Металлургия» пилоттық кластерін жасау және дамыту жоспарында ұсынылған іс-шаралар металлургияның 4-5 қайта бөліс өнімдерінің, машина жасау өнімдерінің экспорты өсімін ынталандыруға, сондай-ақ экономиканың осы секторына ірі металлургия корпорацияларымен бірігу қағидаты бойынша шағын және орта кәсіпорындардың мүмкіндігінше көбін тартуға бағытталған шойын, болат қорытып, прокат шығаратын Қарағанды-Теміртау комбинаты .

Түсті металлургия: Балқаш-Жезқазған кен металлургия комбинаты, вольфрам мен молибден өндіретін Қайрақты-Көктемкөл кен байыту комбинаты.

Машина жасау: кен шахта және металлургия жабдықтары , электр энергиясы жабдық тарын өндіру .

Химия өнеркәсібі: көмір өнеркәсібі мен қара металлургия бірлесу (кооперация) арқылы өркендеді. Синтетикалық каучук және резеңке-техникалық бұйымдар зауыты. Кокс химиясы өнеркәсібі азот тыңайтқыштарын, тас көмір смоласын, күкірт қышқылын өндіреді .

Жеңіл өнеркәсіп: Қарағанды аяқ киім фабрикасы, жиһаз фабрикасы, сыртқы трикотаж, тігін және шұлық бұйымдары кәсіпорындары .

Тамақ өнеркәсібі: Қарағанды ет комбинаты, Қарағанды кондитер фабрикасы, диірмен комбинаты, Балқаш балық зауыты .

Ауыл шаруашылығы

Егін шаруашылығы: Қарағанды облысының солтүстік аудандарында жаздық дәнді-дақылдар егіледі .

Мал шаруашылығы: қой шаруашылығы жақсы дамыған. Сонымен бірге ірі қара, ешкі, жылқы, түйе және шошқа өсіріледі .

Көлік географиясы. Қарағанды облысының аумағын бойлық (меридиандық) бағытта 1205 км-ге созылатын Петропавлдан Қарағанды арқылы Балқашқа қарай трансконтиненттік теміржол кесіп өтеді . Аса маңызды жүк тиеу мен түсіру станциялары : Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Жарық, Мойынты, Осакаровка және т.б.

Проблемалары:

      Жезқазған кешенін дамыту оны сумен қамтамассыз ету;

      Кен орындарын игеру барысында табиғатта қалатын көң-қоқыс .

 

 

 

 

 

1.2 Орталық Қазақстанның еңбек ресурстары

 

Экономиканың дамуы еңбек рыногына әсер етеді. Облыстың қызмет көрсету құрылымында экономика саласында жұмыс істейтіндердің үлес салмағы өсуде. 01.01.2004 жыл бойынша экономикалық белсенді халықтың саны 747,4 мың адамды құраған (1999 жылмен салыстырғанда өсім 16,9%-ды құраған), жұмыспен қамсыздандырылған халық – 693,8 мың адам (1999 жылмен салыстырғанда 15,6%-ды құраған), тіркелген еңбек рыногында жұмыссыздар саны – 8,1 мың адам. Жұмыссыздықтың тіркелген деңгейі  1999 жылы 3,0%-дан 2003 жылы 1,1%-ға дейін төмендеген, есеп айыру 13,9%-дан 7,2%-ға дейін сәйкесінше.

              Жаңа жұмыс орын құру бағдарлама бойынша соңғы 3 жылда 87 мыңнан астым орын құрылған, оның ішінде 2003 жылы – 21,5 мың жұмыс орны.

              Облысты сақталған тұрақты экономикалық дамытуда еңбек рыногында жағдайды өзгертетін ешқандай айтарлықтай өзгерісі күтілмейді. Еңбек рыногы үшін әлі де мемлекеттік емес секторының пайдасына экономика секторы мен салалары арасында жұмыс күшін қайта бөлуді, жұмыспен қамсыздандырылған халық санын өсіру жалғастыратын жұмыссыздық деңгейін азайтатын тенденция болып қалуда. Алдағы кезеңде негізгі күш кедейлікті азайту жөніндегі белгіленген тапсырмаларды орындауға бағытталады. Қоғамдық жұмыстар түрлерін және пішіндерін жетілдіру, оларға экономикалық мақсатқа сәйкестігін келтіру жөніндегі, еңбек рыногын ішкі қорғау жөніндегі жұмыс жалғасады.

              Осы бөліктегі жұмыспен қамсыздандыру саясаты тоқтап тұрған кәсіпорындарды сауықтыру, жаңа өндіріс ашу, импорталмастыруды дамыту, инвестициялар тарту, уақытша және маусымдық қызметінде жұмыс орындарын, оның ішінде қаржы мүмкіндігі есебімен  кеңейту барысында қосымша жұмыс орындар ашуды сақтау арқылы шешіледі.

             

1-кесте. Облыс халқын жұмыспен қамтамасыз ету

 

Көрсеткіштер атауы

2003ж баға

2004ж. баға

2005ж. баға

2006ж. баға

2004ж  2003ж.

%-бен

2006ж.%-бен 2004ж.

Экономикалық белсенді халық, мың. адам

1332,2

1345,4

1356,2

1388,2

101,0

103,2

Экономикада жұмыс істейтіндер, мың. адам

724,6

725,5

728,9

729,9

100,1

100,6

Оның ішінде

 

 

 

 

 

 

- өнеркәсіп және құрылыс, мың. Адам

195,6

195,4

198,2

198,9

99,9

101,8

- қызмет көрсету, мың. адам

252,0

241,3

242,0

242,4

95,8

100,5

Информация о работе Орталық Қазақстан