Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2012 в 18:58, курсовая работа
Орталық Қазақстан экономикалық ауданы еліміздің орталығында орналасқан. Экономикалық аудан республикамыздың халықаралық маңызы бар түсті және қара металл кен орындарының, көмір кенінің, т.б. пайдалы қазбаларына бай. Орталық Қазақстан экономикалық ауданының экономикасындағы жетекші салалар болып табылатын металлургия көмір өнеркәсіптерінің, мал шаруашылығының маңызы зор.
КІРІСПЕ............................................................................................................3 – 4
І тарау. Орталық Қазақстан экономикалық ауданының экономикалық-
географиялық жағдайы................................................................................5 - 12
1.1 Орталық Қазақстанның географиялық жағдайына
жалпы сипаттама................................................................................................5 - 7
1.2 Орталық Қазақстанның еңбек ресурстары................................................7 - 9
1.3 Қарағанды облысының қалыптасу тарихы...........................................10 – 12
ІІ ТАРАУ. Орталық Қазақстанның индустриалдық-инновациялық
дамуын талдау..............................................................................................13 – 30
2.1 Облыс индустриясын дамыту жағдайы мен тенденцясы............................13
2.1.1. Кен өндіру өнеркәсібі..........................................................................14 - 15
2.1.2. Өңдеу өнеркәсібі..................................................................................16 - 18
2.1.3. Электр қуатын, газ және су өндіру және үлестіру...................................19
2.1.4. Өнеркәсіп салаларының жалпы проблемалары.......................................20
2.2 Орталық Қазақстандағы жаңа технологиялар салаларын дамыту......21 - 25
2.3 Орталық Қазақстандағы сауда саясаты..................................................26 - 28
2.4 Орталық Қазақстанның инвестициалық саясаты..................................29 - 30
Қорытынды..........................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................32
Бұдан басқа «Испат-Кармет» ААҚ-да өз қаражаты есебінен темір руда базасын кеңейту жұмысы жүргізілуде.
«Қазақмыс Корпорациясы» АҚ-да өндірістік қуаты жылына 4 млн.тонна кен өндіретін Нұрқазған алтын-мыс кен орны іске қосылған. Кен орнында ТМД бойынша алғашқы рет спутниктік байланыспен қамтылған диспетчерлік басқару енгізілген. Кен орнындағы барлық агрегат (эксковаторлар, автосамосвалдар, «Катерпиллер» фирмасының бұрғы қондырғылары және басқа техника) диспетчер дисплейлі спутниктік байланысы бар. Корпорацияның көмір тіліктері көмір өндіру көлемін тұрақты өсіруде (2000 жылы – 6,5 млн. теңге, 2003 жылы – 7,7 млн. теңге). Шикізат базасының қажетті деңгейін қолдау үшін корпорация жұмыс жүргізген жерлер орнына жаңа кен орындарын игеруде.
2003 жылы «Жәйрем КБК» ААҚ-да бастапқы марганецті руданы қайта өңдеу қуаты екі есе өскен және руданы байыту жаңа технологиясы игерілген. Жылына 1200 мың тонна қуатты құрайтын байыту фабриканың жобалық көрсеткіштері игерілген.
Еуразия өнеркәсіп ассоцияциясының кәсіпорындары өндіріс көлемін өсіруде. Осылай «Шұбаркөл Көмірі» ААҚ 2003 жылы 4,3 млн. тоннаға дейін көмір өндірілген, бұл 2000 жылдың көлемінен 2 есе артық. «Тұр» кен орнында 2003 жылы 230,3 мың тонна марганецті қойыртпа шығарылған, 2005 жылдан бастап кен орны 240 мың тонна өнім - жобалық қуатына шығады.
«NOVA-Цинк» БК ЖШС өнімнің негізгі түрлерін шығару сақталады: жылына 38 мың тонна көлемінде мырыш қойыртпадағы мырыш, қорғасын қойыртпадағы қорғасын – жылына 4,35 мың тонна.
2003 жылы кең тараған пайдалықазбаларды өндіруге және/немесе барлауға 16 келісім-шарт жасалған. Келісім-шарттың едәуірі (2003 жылы 10) бірлескен барлау және өндіру үшін жасалған, бұл бүгінгі күнде кәсіпорындардың барлау жүргізу және жаңа кен орындарын іске қосу үшін өз қаражатын біле тұра коммерциялық тәуекелге барудың негізгі көрсеткіші болып табылады.
2.1.2. Өңдеу өнеркәсібі
2003 жылы өңдеу өнеркәсіп өнімінің үлес салмағы 86,8%, өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде (2001ж.-80,0%, 2002ж.-82,7%) құраған. Соңғы жылдары рынок өзгерісі әсер еткенде қалыптасқан өнеркәсіптегі құрылымдық өзгерістер өңдеу салалары өнімінің үлес салмағының өсіуімен сипатталған.
Сонымен қатар химия және тамақ салаларының өнеркәсіп өнім өндірісінің өсу тенденциясы көрінеді.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу. Ауыл шаруашылық өнімдерінің өндіріс және өңдеу көлемі өсуде. Майқұдық және Жезқазған құс фабрикаларының қуаты ұлғайған, бұның арқасында облыс халқы диеталы жұмыртқамен толық қамтамасыз етілген. Ботақара құс фабрикасы «Ақнар ҚФ» ЖШС бройлерлі ет өндіру жөніндегі жұмысы қалпына келді. Абай ауданындағы «Құрма» құс фабрикасында үздік шет елдік технологияларға сәйкес төрт құс қора қайта құрудан өткен, жұмыртқа сапасын анықтайтын зертхана іске қосылған. Тамақ өнеркәсібінің өнім түрлерін көбейту, жабдықтарды және технологияларды жетілдіру жөнінде жұмыс жүргізілуде.
«Қарағанды маргарин зауыты» АҚ 2003 жылы ИСО9000 сериялы халықаралық сапа жүйесінің куәлігіне ие болған.
Саланың үздік және де жылдан жылға өндіріс көлемі мен өнім түрлерін көбейтетін кәсіпорындар «Қарағанды конфеттері» ААҚ, «Қарағанды-Нан Корпорациясы» ЖШС, «Эфес Қарағанды сыра қайнату зауыты» ШК ЖАҚ, «Бидай-Нан» ААҚ сапа жүйесін енгізуде жұмыс жасауда.
Химия өнеркәсібі. 1999-2002 жылдары резинатехникалық бұйымдар өндіретін республиканың жетекші кәсіпорны «Қарағандырезинатехника» АҚ сауықтырудан өткен. Оның негізінде резинатехникалық бұйымдардың негізгі түрлерін шығаратын 4 жаңа кәсіпорын жұмыс істейді: резинаарқан және резинамата ленталары, жең, қалыпты және қалыпсыз резинатехникалық бұйымдар, біліктер және желдеткіш белбеулер, резина клейі, тауар резинасы, гумирлеу валдар.
2002, 2003 жылдары резина және пластмасса бұйымдарының өндірісі 31,0% және 57,1% өскен.
Осы кезде резинатехникалық бұйымдарды сату рыногы Ресей және Орта Азияда игерілуде, Иран және Эстониямен келіссөздер жүргізілуде. Кәсіпорындарда ИСО9000 сериялы сапа менеджмент жүйесін енгізу жұмыстары басталуда. Химия өнеркәсіп өнім көлемінің өсуі 2002 жылы 7,7%, 2003 жылы 2,8% құраған.
2001 жылы облыста Шахтинск СМС зауыты негізінде жуғыш ұнтақтар өндірісі қалыптасқан. Кәсіпорынның («Монета Дитердженс» ЖШС) жаңа иесі синтетикалық жуғыш құралдар цехына күрделі жөндеу және жаңғырту жүргізген, әлемде белгілі “Акма”, “Аллен Брендли”, “Феррари” фирмаларының бүгінгі күннің жабдықтары мен электроникалары қойылған, “Баллестра” италия компаниясының жуғыш ұнтақтар өндірісі бойынша бүгінгі күннің технологиялық Сабиц желісі енгізілген.
Машина жасау және металл өңдеу. Машина жасауды дамытудағы маңызды рөл облыстың бірнеше машина жасайтын кәсіпорындарын іске қосқан «Испат-Кармет» ААҚ және «Қазақмыс Корпорациясы» АҚ келеді.
Соңғы жылдары жүргізген машина жасау кешені кәсіпорындарының қайта құрылымдау және технологиялық қайта құрылысы рынок сұранысына және тұтынушылар тапсырысына сәйкес шығаратын өнім түрлерін кеңейтуге, 4-5 шектегі өнім шығаруын ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Осылай, «Лека» ЖШС 4-шектегі өнім шығаратын швейцар желісі, металлургияда – дүниежүзілік стандартқа сәйкес желдету жүйесіне арналған диаметрі 80-1250 мм шиыршықты- орамдау ауаарна іске қосылған. Өндірістің шикізаты «Испат-Кармет» ААҚ мырышпен қапталған илек болып табылады.
«Казцентрэлектропровод» ЖШС-да америка «ЗМ» фирмасының үздік технологиясы бойынша «Қазақмыс Корпорациясы» АҚ металлургиядағы 5 шек – мыс катанкасын пайдаланатын байланыс сым мен кабельдің өндірісі жөнделген.
Халықаралық сапа жүйе «Имсталькон» ААҚ, «Техол» ЖАҚ Қарағанды металл құрылым зауытында енгізілген.
Түсті және қара металлургия. «Испат-Кармет» ААҚ. Кәсіпорын қара металл және шойын илектің барлық республикалық көлемін өндіреді.
«Испат-Кармет» АҚ ыстық мырыштау желілері енгізілген, диаметрі 20-76 мм, жылына 80мың тонна жобалық қуатты, 175 млн. теңге тұратын электрдәнекерленген құбырлар өндірісінің цехы іске қосылған. Осы өнім коммуналдық қызмет көрсету және құрылыс саласында талап етіледі. Өткізу рыногы - Өзбекстан, Украина, Қырғызстан және т.б. елдер.
Қайта құрылған №3 домна пешті техникалық қайта жарақтандыру нәтижесінде техникалық-экономикалық көрсеткіштері жақсарған: пештің өнімділігі шойын жылына 1450 ден 1520 мың тонна дейін өскен, пайдалы көлемі 2700-ден 3200 текше метрге артқан. Инвестиция көлемі 9360 млн. теңгені құраған.
ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарт сапа жүйесі қарқын енгізілуде. 2003 жылы илек өндірісіне (ЛПЦ-1,2,3 және ЦГЦА) ИСО 9000 сериялы куәлігі берілген, бұған 1 млрд. теңгеге жуық қаржы жұмсалған.
Қосымша құн және шектеу дәрежесін өсіру мақсатымен «Қазақмыс Корпорациясы» АҚ жылына 500 кг зергерлік бұйым өндірістік қуатты БКМК – да зергерлік-сәнді цехы іске қосылған. Бұйымдар толығынан экспортқа жіберіледі.
БКМК шаңтұтқыш цехында 99 % зиянды қатты лақтырындылар аулайтын жеті құрғақ электрсүзгі іске қосылған.
Жылына 100 мың тонна мырыш өндірістік қуатты «Қазақмыс Корпорациясы» АҚ «Балқаштүстімет» ХМК ӨБ мырыш зауыты іске қосылған. Зауытта канада «Дайнатек» фирмасының қоршаған ортаны ластамайтын - жаңа технология қолданған.
Бұдан басқа зауыт рыноктың жаңа сегменті – құрамында 50% мырыш бар мырыш қойыртпасын қайта өңдеуге бағытталған, әлемдегі басқа мырыш зауыттары 50% дан артық мырыш қойыртпаларын қайта өңдейді.
2004 жылы ПВ-2 (Ванюков пеші) жұмысын бастады, бұл құрамындағы мыс көлемі төмен руданы қайта өңдеуге мүмкіндік берді (0,14 %-дан 0,18 % -ға дейін).
2.1.3. Электр қуатын, газ және су өндіру және үлестіру
Қарағанды облысының электр қуатының қажеттілігі 2000 МВт. Қысқы мерзімде шаруашылық кешенін электрмен жабдықтау облыстың 1204 МВт көлемінде өндіретін 8 электр станциясынан басталады, ал облысты қайта бөлудегі ағындар бойынша 790 МВт – қа жуық келеді.
Облыс аумағында Ұлттық энергетика жүйесінің энергия өндіретін кәсіпорындар бөлімдері құрылған, оларға акционерлеу жүргізілген, электр станциялардың жекешелендіруі аяқталған.
Ұлттық электр желісі қалыптастырылған - «КЕГОК» ЦМЭС ААҚ филиалы құрамындағы 500-220-110 кВ электр желілері.
Аймақтарды электрмен жабдықтау міндеттерін атқаратын аймақтық электр желілі компаниялары құрылған.
Облысты сумен жабдықтау «К.Сәтпәев атындағы канал», Теңгіз және Кеңгір су қоймасы, Балқаш көл, жер астындағы тұщы су көздері арқылы жүргізіледі. Халыққа облыс бойынша тәулігіне барлығы 450 мың текше метр көлемінде су беріледі.
Сумен жабдықтау желілерінің ұзындығы 5,5 мың км артық, оның ең ұзыны Қарағанды қ, «Водоканал» ААҚ – 1120,7 км. Су беру қызметін 32 мамандандырылған кәсіпорын атқарады, оның ішінде – 14 мемлекеттік және 18 жеке меншік кәсіпорын.
Су құбырлары ескіргендіктен босқа кеткен, қайтарусыз су шығындары болады, олар орта есеппен облыс бойынша 45-50% құрайды. Ең үлкен шығын «Водоканал» ААҚ-да, тәулігіне 44 мың текше метрді құрайды.
Төмендеген көмірсутекті газ жеткізу жөніндегі қызмет саласында 7 жекеменшік кәсіпорындар тұтынушыларына өз қызметін ұсынады.
2.1.4. Өнеркәсіп салаларының жалпы проблемалары
Облыс өнеркәсібін дамытуға жол бермейтін бірнеше факторлар бар:
негізгі қорлардың тозу жоғары дәрежесі (өңдеу өнеркәсібінде 2002 жылы 42,8%), оларды жаңартуға және жетілдіруге қаражаттың жетіспеушілігі;
шығаратын өнімнің жоғары өлшемдік қуат көлемі (дамыған елдерге қарағанда 3-8 есе жоғары) және осы өнімнің бағасы бәсекеге қабілетсіз екендігі анық («Испат-Кармет» ААҚ – 1$ өнімге 3,53 КВт-сағ, Канада –0,82, Италия, Япония –0,22);
металлургиядан басқа өңдеу өнеркәсіп кәсіпорындарын дамытудағы инвестициялық белсенділіктің төмендігі (2000 жылы – 28,3%, 2001 жылы – 36,3%, 2002 жылы – 29,3%);
өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі (бүгінгі күні ИСО9000 сериялы сапа менеджмент жүйесін 962-ден барлығы 11 кәсіпорын енгізген);
нарық шарттарына ғылымның әлсіз бейімделуі, инновациялық ұсыныстардың төмен деңгейі және ғылым және өндіріс байланысының нашарлығы;
Сондай-ақ, металлургия саласының ахуалына байланысты облыс экономикасын дамудағы тәуелділік өнеркәсіп құрылымындағы басыңқы жағдайына байланысты (өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі металлургияның үлес салмағы – 75,2%).
Облыс экономикасының дамуы өнеркәсіп құрылымының басымдысы- металлургия саласына байланысты.
Өңдеу өнеркәсіптегі негізгі үлесті (85%-дан астым) «Испат-Кармет» ААҚ, «Қазақмыс Корпорациясы» АҚ ұсынған металлургия құрайды. Осыған байланысты осы кәсіпорындар өнімінің 95-98%-ы экспортқа жіберіледі. Бұл облыс экономикасын әлемдік металлдар рыногының бағасына бағынышты етеді. Және де, экспортқа металлургиядағы 3 шектегі ғана өнімі жіберіледі. Сонымен қатар, экспортқа марганецті қойыртпа, қорғасын, мырыш, алтын, күміс былайша айтқанда шикізат жіберіледі.
2.2 Орталық Қазақстандағы жаңа технологиялар салаларын дамыту
Облыс экономикасының басымды саласы- кен өндіру және металлургия салаларын табысты дамыту жоспарланған кезеңде өнеркәсіптің басқа салаларын дамыту үшін негіз болып табылады. Қарағайлы п. жылына 1,5 млн. тонна өнімділікті байыту фабрикасын сауықтыруға және жылына 0,5 млн. тонна қуатты «Абыз» алтын-полиметаллды рудник салуға «Қазақмыс Корпорациясы» АҚ 2,1 млрд. теңге жібереді. 2005 жылы «Қазақмыс Корпорациясы» АҚ БКМК шығаратын зиян газдарды, әсіресе бірінші кезектегі күкірт диоксидін бейтараптандыратын экология цехының құрылысы аяқталады. Сонымен қатар 2004 жылы жаңа ПВ-2 пештің (Ванюков пеші) сынауы және іске қосуы көзделуде. Лондондағы металл биржасында тазартылған мысты тіркеу жоспарлануда.