Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2012 в 18:58, курсовая работа
Орталық Қазақстан экономикалық ауданы еліміздің орталығында орналасқан. Экономикалық аудан республикамыздың халықаралық маңызы бар түсті және қара металл кен орындарының, көмір кенінің, т.б. пайдалы қазбаларына бай. Орталық Қазақстан экономикалық ауданының экономикасындағы жетекші салалар болып табылатын металлургия көмір өнеркәсіптерінің, мал шаруашылығының маңызы зор.
КІРІСПЕ............................................................................................................3 – 4
І тарау. Орталық Қазақстан экономикалық ауданының экономикалық-
географиялық жағдайы................................................................................5 - 12
1.1 Орталық Қазақстанның географиялық жағдайына
жалпы сипаттама................................................................................................5 - 7
1.2 Орталық Қазақстанның еңбек ресурстары................................................7 - 9
1.3 Қарағанды облысының қалыптасу тарихы...........................................10 – 12
ІІ ТАРАУ. Орталық Қазақстанның индустриалдық-инновациялық
дамуын талдау..............................................................................................13 – 30
2.1 Облыс индустриясын дамыту жағдайы мен тенденцясы............................13
2.1.1. Кен өндіру өнеркәсібі..........................................................................14 - 15
2.1.2. Өңдеу өнеркәсібі..................................................................................16 - 18
2.1.3. Электр қуатын, газ және су өндіру және үлестіру...................................19
2.1.4. Өнеркәсіп салаларының жалпы проблемалары.......................................20
2.2 Орталық Қазақстандағы жаңа технологиялар салаларын дамыту......21 - 25
2.3 Орталық Қазақстандағы сауда саясаты..................................................26 - 28
2.4 Орталық Қазақстанның инвестициалық саясаты..................................29 - 30
Қорытынды..........................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................32
Білім беру және кадрлар даярлау. Облыстың кәсіби білім беру саласы 33 кәсіби мектептер және 37 колледжден тұрады. Осы кезде облыстың барлық аудандар мен қалаларында кәсіби мектебі немесе оның филиалы бар, колледждерде жұмыс істейді. Кәсіби мектептер мен лицейлерде 51 мамандық, колледждерде – 80 мамандық бойынша дайындау жүргізіледі.
Кәсіпорынның экономика рыногы шартында – инвесторлар, өнеркәсіп және коммерциялық құрылымдар, орта және шағын бизнес кәсіпорындар рынок шартына тез үйренеді және жаңа технологияға жылдам ауыса алатын бітірушілер біліктілік деңгейінің талабын көтеруді ұсынады. Оқу – бағдарлама құжаттарын қайта бағалау және қайта жасау, оқу – материалдық базасын жетілдіру, өндірістік тәжірибені ұйымдастыру қажеттілігі туады.
КМ (КЛ) және колледждер арқылы жұмыспен қамтамасыз етілмеген халықты дайындау және қайта оқыту жөнінде жұмыспен қамсыздандыратын қызметтер мен жұмыс жүргізіледі, және де жыл сайын жұмыссыздарды мемлекеттік құрылымдар арқылы оқыту өсуде.
2003 жылы жұмыспен қамсыздандыру орталығы арқылы 1234 адам дайындықтан өткен, 2000 жылдан бастап тұрақты өрлеуде.
2004-2006 жылдары кәсіби оқуды бөлмеу одан әрі дамиды, кәсіби бағдар жұмыс жетіледі.
Осыған орай, кәсіби бағдарлы, кәсіби қажетті орталықтар құрылады, оқу кешендері кеңееді: мектеп – кәсіби мектеп – колледж – ЖОО.
Жастарға кәсіби білім беруді дамыту және жұмыссыздарды оқыту үшін негізгі бағыттар:
1. жұмыс берушілер, мектеп жастары және жұмыссыздармен жұмыс;
2. кәсіби білім беру және оқыту оқу-материалдық базасын жетілдіру және педагогика кадрларының біліктілігін жоғарлату;
3. білім беру органдардың жергілікті орындау органдарымен және бөлімшелерімен жұмыспен қамсыздандыру мәселесі жөнінде өзара әрекеттесуі;
4. кәсіби білім беру және оқыту (мазмұны, үлгісі, әдісі және оқу-әдістік базасы).
5. шет елдік тәжірибесін және байланысын пайдалану.
2004 жылы селолық аудандарда 5 кәсіби мектеп, жоғары білікті жұмыс кадрлерді дайындайтын әр түрлі деңгейлі және көп сатты оқытумен 2 кешен филиалдар базасында ашу, жұмыспен қамсыздандыру орталығы арқылы жұмыссыздық деңгейін азайту, сонымен қатар жұмыссыздыққа қарсы күресу бағдарламасын орындау мақсатымен жұмысы жоқ халықтың дайындығын өсіру, бітірушілерді жұмысқа орналастыру деңгейін 85%-ға жеткізу, облыстық білім беру департаменті жанындағы кәсіби мектептер мен колледждерде әдістемелік дайындығын, үздік педагогикалық тәжірибесін жинақтау және оқытуды көтеруге мүмкіндік беретін үздіксіз кәсіби білім беру және кәсіби диагностика орталығын құру, инновациялық оқыту жүйесін енгізу, КМ (КЛ), колледждердің мемлекеттік стандартының оқу-материалдық базасының сәйкестігін қамтамасыз ету, болжамдаудың нақты механизмін, еңбек рыногының және аймақ халқының қажеттілігіне сәйкес жұмысшылар мен мамандарды дайындау мониторинг және реттеуді құру көзделген.
1.3 Қарағанды облысының қалыптасу тарихы
Қарағанды облысының тарихы 1932 жылдан бастау алады. Сол жылы орталығы Петропавл қаласы болып белгіленген Қарағанды облысы құрылды. Арада төрт жыл өткенде ол екіге бөлінді. Біреуі Солтүстік Қазақстан аталып, екіншісі Қарағанды қаласы және 14 аудан қараған жаңа аймаққа айналды
1944 жылдың 31 желтоқсанында Теміртаудағы Қазақ металлургиялық қайта өңдеу зауытының бірінші мартен пешінің қатарға қосылып, қазақстандық тұңғыш болат алынды.
1947 жылы 12 миллион 565 мың тонна көмір өндіріліп, Қарағанды Одақтағы үшінші отын ошағы ретінде танылды. Қазақ металлургия зауытында екінші мартен пеші іске қосылып, экономиканың нығаюы басталды.
1949 жылдың 16-21 маусымы аралығында қалада «Орталық Қазақстанның өндіргіш күштерін зерттеп, игеру проблемалары» жөніндегі Қазақ ССР Ғылым академиясының көшпелі сессиясы өткізілуі аймақ ғылымының дамуына тың қозғау салды. Геология басқармасы құрылып, жаңа кен көздерін іздестіріп табу істерін кең ауқымды жүргізу жолға қойылды.
1949 жылдың 29 тамызында Семей полигонында тұңғыш атом бомбасының сыналуы облыс тарихындағы қаралы таңба болып қалды. Төрт жылдан кейін Дегелең тауы тұсында сутегі қаруы жарылып, Егіндібұлақ аймағы өңірі тұрғындарына тағы ауыр зардап әкелді. 1949-62 жылдары бір кездегі әсем өңірдің ашық аспанында дүлей қарудың 266 жарылысы жасалды. Содан кейінгі уақытта да сынақтар тоқталмай, дала 300 рет ғаламат жарылыстардан сілкінді.
Қарағанады облысының даму тарихына үңілер болсақ, қадау -қадау іргелі істердің куәсі боласын. Аймақтың шапшаң игерілуіне бірден-бір себепкер болған оның мол табиғи байлықтары еді. Сонау жиырмасыншы-отызыншы жылдарда А.А.Гапеев, Н.Г.Кассин, Н.И.Наковник, М.П.Русаков, Қ.И.Сәтбаев тәрізді есімдері бүгінде кеңінен танымал геологтар Орталық Қазақстан аймағының кен байлықтарын зерттеді. Жиырмасыншы жылдардың басында-ақ Қоңырат, Жезқазған, Семізбұғы, Өспен және басқа жерлерде түсті металдардың мол қорының бары анықталған. Соғысқа дейінгі кезең ішінде жаңадан ашылған көмір және түсті металл кен орындарының негізінде Орталық Қазақстанда Қарсақбай, Балқаш мыс қорыту зауыттары салынды. Жезқазған, Қоңырат рудниктері, Қарағанды көмір бассейні игерілді.
Еліміздің экономикасындағы Орталық Қазақстанның алатын орны ерекше екендігі сол кезде-ақ белгілі болған. Аймақтың индустриялық даму қарқынын жеделдетуге ерекше көңіл бөле отырып, КСРО Халық шаруашылығы Жоғарғы Кеңесінің Президиумы 1929 жылғы 28 қарашада "Республиканың "Қазақ көмір құрылысы" тресіне қарасты көмір кәсіпорындарын салу ісін мемлекеттік басқару туралы" ережені бекітті. Трест басқарушысы болып еліміздің көмір өнеркәсібі саласынын ірі мамандарының бірі К.О.Горбачев тағайындалды.
1931 жылғы қәңтарда "Қарағандыкөмір" тресі құрылды. Ол осы өңірге шахта салу мен оларды пайдалану ісін жеделдете түсті.
Қарағанды көмір бассейнін ашу ісін одан әрі жандандыра түсу мақсатында Халық комиссарлары Кеңесінің жанындағы Еңбек және Қорғаныс Кеңесі 1931 жылғы 21 қаңтарда "Қарағанды тас көмір кен орнын дамыту жоспары туралы" қаулы қабылдады. Сол 1931 жылы Карағанды аумағында жаңадан 16 шахта салу көзделді.
Деректер Карағанды өңіріңің аз ғана уақыт ішінде адам нанғысыз қарқынмен дамығандығын көрсетеді. Айталық, 1931 жылды´ басында Қарағанды кенішінде 5600 жұмысшы мен қызметші болса, 1935 жылдың қаңтарында олардың саны 22 мыңнан асқан. Шамалы уақыт ішінде жұмысшы поселкесінің орнына 70 мыңға жуық адамы бар қала орнады. Атап айтқанда, 1934 жылы ақпанда кеншілердің жұмысшы поселкесі Қарағанды қала дәрежесін алды. Қазіргі Қарағандының Жаңа қала деп аталып жүрген орталығын салу сол кезде қолға алынған.
1932 жылғы 10 наурызда Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті Президиумының Орталық және Солтүстігіндегі бірнеше облыстың басын біріктіріп, орталығы Петропавл қаласы болып жалғыз облыс құрылған. Ол болашағы зор ірі өндіріс орнының құрметіне Қарағанды облысы деп аталған.
1936 жылғы 29 шілдедегі БОАҚ Президиумының қаулысы бойынша жалғыз облыс Карағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарына бөлінді. Қарағанды қаласы–Қарағанды облысының орталығы болды.
Өндіріс ошақтары онсыз да дамудың даңғыл жолына түссе, қала атанғанына небары екі жылдан сәл асқан Қарағандының облыс орталығы мәртебесін иеленуі халық ағарту, денсаулық сақтау салалары тәрізді, өңірдің мәдени өміріне де осылайша тың серпіліс келді. Қарағанды қаласы шын мәнісінде іргелі өнер ошағына айнала бастады. Бір кездегі шағын көлемде қалалық газетретінде жарық көрген басылымдар облыстық газеттерге айналды. Бір сөзбен айтқанда Қарағанды қаласының жаңадан құрылған Қарағанды облысының орталығы болуы оның ендігі күнде бір бағытта ғана емес, жан-жақты, түрлі салада дамып, одан ері өсіп өркендеуіне мүмкіндік берді.
Осылайша бүгінгі Қарағанды облысының тарихы әріден басталса да оның қарыштай дамып, өркендеуінің, қалыптасуының бастау көзі 1936 жылы өз алдына жеке облыс атанып, отау тігуінен кейін болды. Біздің облыс алпыс бес жыл ішінде қай жағынан болмасын қарыштай дамыған. Жаңа елді мекендер бой көтерген. Қарағандымен қанаттас Теміртау, Абай, Саран, Шахтинск қалалары бой түзеген.
Қазіргі уақытта облыс 428 мың шаршы километр жерді алып жатыр, бұл республикадағы ең үлкен аймақ. әкімшілік-аумақтық құрылым өзгертілгеннен кейін бұл аймақта 9 селолық аудан мен 11 қала, 39 жұмысшы поселкесі мен 171 селолық округі бар. Халық саны 1 миллион 700 мың адам, яғни республика халқының 10 процентін құрайды. Бұл көрсеткіш жағдайынан біздің облыс Оңтүстік Қазақстан облысынан кейін екінші орын алады.
Облыстың шаруашылық кешендерінің салалық бөлінісі мынадай: Қарағанды-Теміртау өнеркәсіпті аймағына (Абай, Саран, Шахтинск қалаларын қосқанда) көмір, қара металлургия, химия және мұнай химиясы өнеркәсібі, металл өңдеу және машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, көлік, байланыс, тамақ және ұқсату өнеркәсіптері, электр энергиясы, ағаш өңдеу және құрылыс материалдары өнеркәсібі, қызмет көрсету саласының кәсіпорындары шоғырланған.
Жезқазған аймағында тау-кен өнеркәсібі, түсті металлургия басымдау дамыған. Мұнда темір, марганец, алтын, күміс, мырыш, басқа да сирек металдар өндіріледі.
Облыс экономикасын дамытудағы жұмысымыздың негізгі бағыттарының бірі - инвестициялық бағдарлама жасап, инвесторлар іздестіру. Бүгінде біздің аймақта 67 бірлескен және шетелдік кәсіпорындар жұмыс істейді. Облыс экономикасына "Испат-Кармет", "Қазақмыс", "Қарағанды-Пауэр", "Накоста" сияқты кәсіпорындар елеулі үлес қосты.
Облыстың негізінен индустриялды сипатына қарамастан барлық меншік түріндегі 6 мыңнан астам кәсіпорын ауыл шаруашылығы құрылымдары. Қарағанды облысы өзін-өзі ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерімен толықтай қамтамасыз етеді. Облыста сүт өндейтін 16, ет өндейтін 50-ге тарта кәсіпорын және 200 миницех жұмыс істейді.
Қарағандыда экономиканың нақты секторы дамып келеді. Облыстың 137 өнеркәсіп кәсіпорны "Миттал Стил Теміртау" АҚ-мен және "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-мен импортты алмастырушы өнімдерді жеткізіп берудің 17 миллиард теңгелік келісім-шарттарын жасасты.
Қарағанды облысы бүгінде жаңа астанамыздың құылысына да белсене аралысуда. Астана кәсіпорындарымен мердігерлік жұмыстар және қурылыс материалдармен қамтамасыз ету бойынша 3 миллиардтан астам теңгенің келісім-шарттары жасалған. Облыста шағын бизнес өркендеп келеді. 2005 жылында кәсіпкерлер 19 миллиард теңгенің өнімдерін өндіріп, жұмыстары мен қызметтерін атқаруда.
Қарағанды облысында құрылыстар көбейіп, жақсарып, тазарып, көріктене, жаңа заман талабына сай бола түсуде.
ІІ ТАРАУ. Орталық Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуын талдау
2.1 Облыс индустриясын дамыту жағдайы мен тенденцясы
Орталық Қазақстан – Қазақстанның негізгі индустриалдық аймақтарының бірі, жалпы республикалық өндіріс көлеміндегі үлес салмағы бойынша облыс жетекші орын алады. Айтарлықтай минералды-шикізаттық ресурстардың, кен өндіру, металлургиялық және машина жасау қуаттарының, энергия көздерінің және дамыған инфрақұрылымның болуы экономикалық құрылымды және республиканың өнеркәсіп өнімінің өндіріс көлеміндегі аймақтың жетекші салаларының үлес салмағын анықтайды (13,0 %).
ХХ ғасырдың соңғы он жылдары бүкіл Қазақстанның экономикасымен бірге облыс өнеркәсібі бірнеше дағдарыстан өтті. Өндіріс жылына орта есеппен алғанда 15% астым азайған жағдайда 1991 жылдан бастап 1996 жылға дейін өнеркәсіп өндірісі көлемінің айтарлықтай төмендеуі байқалған. Осыған орай облыстың барлық аймақтарында өнеркәсіп өндірісінің азаю тенденциясы бақыланған.
Осы жылдары өндірістің айтарлықтай азаюы мына салаларда байқалған, әсіресе: құрылыс материалдар өнеркәсібінде (1991 жылдың деңгейіне 15 есе), химияда (10 есе), жеңіл өнеркәсібінде (8,7 есе), резина және пластмасса бұйымдарының өндірісінде (6,7 есе), тамақ өнеркәсібінде (5,1 есе), машина жасау және металл өңдеу өнеркәсібінде (3,5 есе), отын өнеркәсібінде (3,1 есе).
2000-2003 жылдары облыс экономикасын дамытуға 216,2 млрд. теңгеден артық қаржы жұмсалған. 2003 жылы негізгі капиталдағы инвестициялардың салалық құрылымын талдау өнекәсіп кәсіпорындарға олардың едәуір бөлігі (80,0%), оның ішінде 51% -ы өнеркәсіптің өңдеу кәсіпорындарына келетінін көрсетеді. Өңдеу өнеркәсібінде негізгі қаражатты жетілдіруге және жаңартуға инвестициялардың негізгі бөлігі бағытталған капиталға негізделген сала, ол қара және түсті металлургия (инвестиция көлемінің 97,0%) болып табылады.
2.1.1. Кен өндіру өнеркәсібі
Кен өндіру өнеркәсібінің өнеркәсіп өнімінің жалпы көлеміндегі үлес салмағы 6,4 % құрайды (2003 ж.).
«Испат-Кармет» КД ААҚ шахтасында жаңа технологиялар енгізілген, дүниежүзілік стандарттарға сәйкес келетін «шахта-лава» схемасы бойынша өндірістің сапалы жаңа деңгейіне ауысуы қамтамасыз етілген.
«Өркен» ЖШС-да («Испат-Кармет» ААҚ кәсіпорны) темір руда өндіру көлемі өскен. Кеңтөбе кен орнында екінші кезектегі байыту фабрикасының құрылысы аяқталуда, ол темір құрамы төмен руданы қайта өңдеуге мүмкіндік береді және даяр өнімнің сапасын жақсартады.
«Батыс Қаражал» шахтасында (Атасу) 1999 жылдан кейін алғашқы рет темір рудасын өндіру көлемін жылына 1 млн. тоннадан асырды. Өндіріс қуатын қайта жаңарту үшін өткен жылы жаңа +44 м. горизонтының, сонымен қатар темір рудалы қойыртпа алу үшін байыту қондырғылар корпусының құрылысы басталған.